Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы
Презентация қосу
Мердігерлік шартының
жалпы сипаттамасы
Кіріспе
Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша
мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың)
жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердiгерлiк бұл қызмет, оның нәтижесi заттай мiнезде болып
келедi (белгiлi мүлiк пайда болады). Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат
емес) нәтижелерi болуы мүмкiн, бiрақ бұл мердiгерлiк қатынастарының мәнiсiн жоққа
шығармайды, себебi оларда қол жететiн нәтижемен қатар белгiлi қызметтiң өзi де (оның
барысы) маңызды болып келедi. Осы қызметтi негiзiнен (жалпылама) оңды (пайдалы)
қызмет деп мiнездеуге болады, сондықтан мердiгерлiк шарттарында тараптардың өзге
қатынастарымен бiрге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледi.
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметi жалпы түрде реттеледi, өйткенi ол тұлға
мердiгерлiк шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына жауапты
болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса, тұлғаның
қызметiнiң нәтижесiнде оны беру бойынша мiндеттi де қамтиды. Сондықтан мердiгерлiк
шарты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетiлген қызметтi реттеу бойынша
ережелерiмен елеулi ерекшеленсе де, жасалған мүлiктiң өзi және оны беру сұрақтары
туралы айтсақ, онда мердiгерлiк шартының тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
бойынша сатып алу-сату шартымен ортақтығы болып келетiнiн тануымыз мүмкiн.
Азаматтық құқықтық әдебиеттер еңбек және мердiгерлiк қатынастардың жақындығы
жөнiнде айтылады. Бiрақ негiзiнен мердiгерлiк қатынастарды сатып алу-сату және еңбек
қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының
қатысушыларының құқықтары және мiндеттерi жүзеге асырылатын шарттардың
мазмұнынан айқын көрiнедi.
Мердігерлік шартының түсінігі.
Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының)
тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның
нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап
алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттi.
Мердiгерлiк шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшiн белгiлi
уақыт керек, сондықтан мердiгерлiк шарт бойынша шарт жасалу кезi және оның орындалу
кезi сәйкес келмеуi мүмкiн. Өз кезегiнде бұл оларға тәуелдiлiкке мердiгердiң жұмыс орындары
қойылатын мерзiмдерге әсер етедi. Кейбiр мердiгерлiк шарттардың орындалуы және жасалуы
бiр уақытта болуы мүмкiн, мысалы, суретке түсiру шарттары “тез” фотосуреттер
дайындаумен байланысты мердiгерлiктiң осындай мерзiмдерiнiң ерекшелiгi олардың барынша
қысқалығы болады, және осы мердiгерлiк жасайтын шарттың тапсырысшының себептенушi
негiзiнде болуы мүмкiн.
Мердiгерлiкке арналған нормалар, көбiнесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде
(616-683-б) ұстанылып келедi. Одан басқа Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық
қызмет ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк комитетiнiң 22.09.1996ж. №9/7-
қаулысымен бекiтiлген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртiптерiнде
қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн Ерекше бөлiмiн
қабылданғаннан кейiн құрылыс аясында мердiгерлiк қатынастарда бұрын қолданған,
Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлiгiнiң 3 наурыз, 1994. №5-5-өкiмiмен
бекiтiлген, Қазақстан Республикасының күрделi құрылыста мердiгерлiк шарттарының
уақытша тәртiптерi, Қазақстан Республикасының Құрылыс Министрлiгiнiң 30.06.1994ж. №7-
5-Қаулысымен бекiтiлген, бас мердiгерлердiң ұйымдарының қосалқы мердiгерлiк
қатынастарымен өзара қатынастарының ережелерi күшiн жойды.
Мердігерлік шартының элементтері
Мердiгерлiк шартының тараптары болып мердiгер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы – екiншi тарапқа – мердiгерге шарт бойынша келiсiлген белгiлi-бiр жұмысты орындауға
тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретiнде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола
алады. Мердiгерлiк шарттарда мемлекеттiң қатысу ерекшелiктерi жеке заң актiлерiмен белгiленген, мысалы,
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация ми-нистрлiгiнiң 18.01.1998ж. №123-бұйрығымен
бекiтiлген, жол жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердiгерлiк саудалар) ұйымдастыру және өткiзу
тәртiбiнiң ережелерi.Мердiгер – шарт бойынша белгiлi жұмысты орындауға мiндеттенетiн тұлға, көбiнесе
кәсiпкерлiк қызметiнiң субъектiсi, жеке тұлға немесе жеке кәсiпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бiр реттi (жүйелi
емес) негiзде мердiгерлiк жұмысты кез келген әрекет қабiлеттiлiгi бар жеке тұлға атқара алады. Кейбiр
жағдайларда, “Лицензиялау туралы” 17.04.1995ж. Қазақстан Республи-касының заңына сәйкес, (содан кейiнгi
өзгерiстер мен және толықтырулармен) мердiгерлердiң қызметi лицензиялануы тиiс. Мысалы, жобалау-iздестiру,
құрылыс-монтаждық жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек.Кейбiр жұмыстарды орындау үшiн арнайы дағды,
дәрежелi мамандық қажет. Сондықтан мердiгер, мердiгерлiк шартты жал-пы жасап, шартты орындауға басқа
тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердiгер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердiгерлiк
шарттарында мүмкiн.Бүкiл жұмыстың мөлшерiн орындауға алғашқы шарт жаса-ған және басқа тұлғаларды
тартқан тұлға бас мердiгер деп аталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 619-б. 1-тармағы).
Тартылған тұлға (тұлғалар) қосалқы мердiгер болып табылады. Алғашқы мердiгер оның алдында тапсырысшы
болады. Жалпы тәртiп бойынша қосалқы мердiгерлiк шартты жасауға тапсырысшысының келiсiмiнiң керегi жоқ.
Бас мердiгер тапсырысшысының алдында мердiгерлiк шартының толығынан орындалуына жауапты болады.
Бас мердiгердiң келiсiмiмен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшiншi тұлғалармен шарт жасасуға
құқылы. Мердiгердiң келiсiмi барлық жұмыс орындайтын тұлғалардың iс әрекеттерiн үйлестiру қажет болғасын
талап етiледi, болмаса бас мердiгердiң құқықтары мен мүдделерi тiкелей немесе жанама зиян шегуi мүмкiн.
Алғашқы мердiгер және үшiншi тұлға тапсырысшысының алдында iс жүзiнде ортақ (немесе үлестi) борышкерлер
болып келедi, себебi олардың жасаған барлық әрекеттерiне (орындаған жұмыстарына) жұмыстың ақырғы
нәтижесi де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине, олар бөлек, бiр-бiрiне байланысты (тәуелдi) емес
құқықтық қатынастардың субъектiлерi, өйткенi олардың әрқайсысымен бөлек (дербес) мердiгерлiк шарттары
жасалады.
Тапсырысшы ең басында бiрнеше тұлғалармен бiр шарт жасасуы мүмкiн, осы жағдайда тұлғалардың
көптiлiгi орын алған бiр мiндеттемелiк құқықтық қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және
осы жағдайлардың кейбiр айырмашылықтары орын алады. Бiр мердiгерлiк шартын жасаудың себебi болып
мiндеттеме затының бөлiнбейтiнi келуi мүмкiн (ҚР АК 287 ба-бының 1 тармағы), сондықтан мердiгерлiк,
кәсiпкерлiк қызметiмен байланысты болуы себебiнен бiрнеше борышкер тапсырысшысының алдында
ортақтасқан борышкерлер болып келе алады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 287
бабы, 2 тармағы).Бiрнеше мердiгерлер өзара қосымша (акцессорлық) келiсiмдер жасауы мүмкiн және
олардың мәнi де төмен емес, өйткенi оларсыз жұмыстарды орындау тәртiбiнде түсiнiспеушiлiктер пайда
болуы мүмкiн. Басқа жағынан, акцессорлық (қосымша) келiсiмдер, олар аталғандай мәселелердi шешуге
көмектесетiнiне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердiң пайда болуына әкелуi мүмкiн. Ю.Г.Басин
мынадай мысал келтiредi: Төрелiк сот тә-жiрибесiнде үш жеке орындаушы тапсырысшы үшiн ортақ
төлем ақыны алып бiр жұмысты орындауға келiскен соң пайда болған дау орын алды. Алғашқы (негiзгi)
шартты жасасқан соң мердiгерлер алынатын ақыны өзара бөлуге байланысты келiсiм жасасқан болатын.
Көп кешiкпей, тапсырысшы мердiгерлердiң бiреуiнiң қызметiнен бас тартқан бiрақ сол мердiгер басқа
мердiгерлерден соманың 35 пайызын құрайтын өз үлесiн берудi талап еткен. Бұны ол ақыны бөлу туралы
мердiгерлердiң өзара келiсiмiне сүйенiп жасаған және шарт бойынша төлемақыны бөлу туралы келiсiмде
сол шарттың бiреуге қатысты тоқтатудың салдары қарастырылмағанға сiлтенген.Келтiрген мысалды
талдай отырып бұндай талаптарды, олар ақыны бөлу туралы акцессорлық келiсiмге негiзделген соң негiзгi
шарт тиiстi бөлiгiнде тоқтатылғасын негiздi деп тануға болады.1 Қосымша мердiгерлер өзара
келiсiмдермен тапсырысшының құқықтық жағдайын өзгерте ала алмайтыны туралы қорытынды жасай
аламыз.Мердiгерлiк шартының нысанасы – бұл мердiгер мен орындаған жұмыстың нәтижесi.
Мердiгерлiктiң нәтижесi әрқашан олармен жұмыс жүргiзiлетiн белгiлi заттармен, материалдармен
байланысты, оларда өзiнiң бейнеленуiн табады.Мысалы, бұл мүлiктiң құнын көбейтетiн күрделi жөндеу,
тек заттың тиiстi халiн қалпына келтiретiн ағымды жөндеу болуы мүмкiн. Сол сияқты кейбiр өзге
жұмыстар да мысалы, көгал алаңдарды қию, киiмдердi химиялық тазалау, мүлiктiң тиiстi күйiн қалыпқа
келтiруге және оны күтiп ұстауға бағытталған.
Мердiгерлiк жұмыстар кезiнде мердiгердiң қызметiнiң өзi де реттелiнедi. Кейбiр жағдайларда
мердiгер мердiгерлiк жұмыстарды өзi орындауға мiндеттенедi. Тапсырысшы жұмыстың жүргiзiлуiн
бақылай алады, демек оларды орындауға қойылатын белгiлi талаптар да бар. Бақылау жасалмаса
мердiгер жұмысты орындау технологиясынан ауытқып кетуi, материалдарды арзанға ауыстыруы
мүмкiн және т.б. бұзушылықтарға жол беруi мүмкiн. Мердiгер бұзушылықтарының нәтижесi
көрiнбеуi де мүмкiн, кейде олар оларға қатысты наразылық ұсыну мерзiмдерiнiң шегiнде
анықталмауы мүмкiн. Мердiгердiң қызметiнiң өзi реттелетiнiн растайтын келтiргеннен өзге де
мысалдарды келтiруге болады. Жалпы аталған қызметтiк реттелуi жұмыстың соңғы нәтижесiне
де өз әсерiн тигiзетiнi түсiнiктi.
Шарттың бағасы орындалған жұмыстың құнына сәйкес келуi керек. Баға әр кезде ақша сомасымен
белгiленедi, бiрақ төлеудiң нысандары әртүрлi болуы мүмкiн. Мердiгерлiк шартында орындалатын
жұмыстың бағасы немесе оны анықтау тәсiлдерi көрсетiледi. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған
және тараптар баға туралы келiсiмге келмеген жағдайда бағаны, әдетте осыған ұқсас
жұмыстарға қолданылатын бағаларды негiзге алу арқылы сот белгiлейдi. Бағаны есептеу үшiн,
тараптарға келтiрiлген шығындар еске алынуы қажет. Егер, шарт негiзiнде орындалатын
жұмыстың күрделi құрамы болса, яғни сол жұмыстың өзi бiрнеше олардың түрiнен құрылса, бiрнеше
кезеңдердi қамтыса және т.б. жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгiленуi мүмкiн. Смета
бұл мердiгерлiк шарты бойынша орындалатын бар-лық жұмыстың құнын жұмсалатын
материалдарды (олардың құнын) анықтайтын құжат.
Мердiгер жұмыстың және материалдардың құндары жөнiнде бiлiктiлеу болған соң смета көбiнесе
онымен дайындалады. Сонымен қатар, тапсырысшының өзiнiң де сметаны жасауына шек
қойылмайды. Мердiгермен жасаған смета, тапсырысшымен бекiтiледi және шарттың ажырамас
бөлiгiне айналады. Өз кезегiнде тапсырысшы дайындаған смета мердiгердiң келiсiмiн талап етедi.
Жалпы смета жөнiнде келiсуде оны шартты жасасу тәртiбiмен салыстырғанда ешқандай жаңалық
жоқ.
Мердігерлік шартындағы тараптардың
құқықтары мен міндеттері
Мердiгер шартта келiсiлген жұмысты өзiнiң тәуекелiмен орындауға мiндеттi. Яғни мердiгердiң мойнында
ол кәсiби субъект болған соң, оның жұмысты орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып
келедi. Мердiгердiң осы мiндетiнiң мазмұны тапсырысшының орын алған заңсыз мiнез құлығы ескерiлiп
тиiстi дәрежеде өзгертiлуi мүмкiн. Оған жұмысты орындамағаны үшiн немесе дұрыс орындамағаны үшiн
мердiгердi жауапкершiлiктен босататын жағдайлар да әсер етедi.
Мердiгер жұмысты өз материалдарымен, күштерiмен және құралдарымен орындауға мiндеттi. Егер
материал онымен берiлсе, ол тапсырысшының алдында материалдардың сатушысы болып табылады және
олардың тиiстi сапасы үшiн жауапты болады. Жұмыстың өзi тапсырысшының тапсырмасы бойынша
орындалады және оған сәйкес болуы керек, яғни ол да сапалы орындалуы керек. Мердiгерлiк шарт бойынша
орындалатын жұмыс заттарды сериялық жасауға жатқызылмайды, сондықтан оның тиiстi орындауының
негiзгi белгiсi ретiнде тапсырысшының нұсқаулары болып табылады. Мердiгер мемлекеттiк
стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртiптерiн сақтауға және нормативтi-техникалық
құжаттарда көзделген талаптарды сақтауға мiндеттi. Осындай талаптар бiрiншi кезекте кәсiпкер
ретiнде жұмыс жасайтын мердiгерлерге қолданылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң
632-б. 2-тармақ), бiрақ кәсiпкер емес мердiгердiң де жұмыс орындау кезiнде мiндеттi қойылған
талаптарынан шегiнуiне құқығы жоқ, егер мiндеттi талаптарды орындамаса оның қызметiне тиым
салынуы тиiс. Бұл жаңа заттарды жасау мен байланысты емес жұмыстарға да қатысты.
Егер жұмыстың сапасына қойылатын талаптар шартта белгiленбесе немесе толық болмай шықса, онда
басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар негiз ретiнде алынады. Мердiгер белгiленген
мiндеттi талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетiн
жұмысты орындау мiндетiн шарт бойынша өзiне алуы мүмкiн.
Мердiгер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиiстi күйiнде (түзеу) болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ол өзi жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының оның күнделiктi шаруашылық қызметiне кiрiсуiне
құқығы жоқ. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер үшiншi тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ
материалдар мен құралдарды беруге мiндеттi.
Кейбiр жағдайларда, мердiгер жұмысты тапсырысшының материалдарымен де орындайды.
Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен пайдалануына
мiндеттi. Сонымен қатар, мердiгер оларды дұрыс пайдалану үшiн жауапты болады. Жұмыс
аяқталғаннан кейiн мердiгер тапсы-рысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге
мiндеттi. Егер материалдардың қалдықтары болса, мердiгер оларды тапсырысшыға беруге
мiндеттi. Мердiгер тапсырысшының келiсiмiмен, қалған пайдаланылмаған материалдың
құнына сәйкес жұмыстың бағасын кемiтiп сол материалды өзiнде қалдыруға құқылы.
Материалдарды тапсырысшы берген болса, мердiгер сол материалдарды сапасына қарай
қабылдап алуға мiндеттi. Мердiгер тапсырысшы берген жабдықтарды, техникалық
құжаттарды және өңдеуге берiлген заттың өзiнде қабылдап (бағалауға) алуға жауапты
болады. Тапсырысшымен берген нұсқауларды және тағы да басқа жұмыстың орындау
жағдайларын, мердiгер өзiнiң кәсiби тәжiрибесiне байланысты бағалайды.
Мердiгер:
1) тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық құжаттаманың немесе
өңдеуге берiлген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы;
2) оның жұмысты атқару әдiсi туралы нұсқаулармен орындаудан тапсырысшы үшiн болуы
ықтимал қолайсыз салдарлар;
3) орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң жарамдылығына немесе берiктiгiне қауiп туғызатын
не оны мерзiмiнде аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн мердiгерге қатысты емес өзге де мән-жайлар
аяқталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертiп, одан нұсқау алғанға дейiн жұмысты
тоқтата тұруға мiндеттi.
Мердiгер жұмысты атқарған соң, оған тапсырысшы шартты орындау үшiн берген құралдарды
қайтаруға мiндеттi. Сол сияқты тапсырысшы мердiгер жұмысты орындауға кiрiспегенi немесе
тым баяу орындағанына немесе орындалған жұмыста елеулi және жойылуы мүмкiн емес
кемшiлiктерi болғаны себебiнен шартты бұзса (одан бас тартса), онда мердiгер тапсырысшымен
берiлген материалдарды, жабдықтарды өңдеу үшiн берiлген затты немесе өзге мүлiктi қайтаруға
мiндеттi. Мүлiк тапсырысшы көрсеткен тұлғасына қайтарылуы мүмкiн. Егер мүлiктi қайтарып
беру мүмкiндiгi жоқ болса, мердiгер материалдардың құрал-жабдықтарды және тапсырысшыдан
алынған басқа мүлiктiң бағасын қайтаруға мiндеттi (ҚР АК 639 бабы).Тапсырысшыға мердiгерге
жәрдемдесу мiндеттерi жүктеледi. Бұл тапсырысшы мердiгермен бiрге белгiлi бiр жұмыстың
бөлiгiн iстеу керектiгiн бiлдiрмейдi. Жұмыс мердiгердiң қамқорлығымен орындалса, онда
тапсырысшының материалдарды беру мiндетi болмайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексiнiң 629 бабының мағынасы бойынша, тапсырысшы мердiгердiң мiндетiн тиiстi орындауға
қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асыруы керек, егер осы шаралар тапсырысшының
әрекеттерiне байланысты болса. Мысалы тапсырысшы салынып жатқан объектiге жолды
тазалауға, тиiстi мерзiмде,егер бұл шартта қарастырылса, жабдықтарды, бөлмелердi (жайларды)
беруге мiндеттi. Мердi-герге көмектесу мiндетi тапсырысшы оған жұмыстарды орындаудың бұдан
бұрын бекiтiлген тәртiбiн қайта құруды талап етпеу керек екенiн, оған жұмыстың орындалуында
өзге кедергi жасамау керек екенiн, керiсiнше онымен ынтымақтастықта болу керек екенiн бiлдiредi.
Тапсырысшы осы мiндеттерiн орындамаған жағдайда, мердiгер зиянды, соның iшiнде жұмыстың
тоқтап қалуына, жұмысты орындаудың мерзiмдерiнiң өзгеруiне немесе жұмыс бағасы көбеюiне
байланысты келтiрiлген шығындарды (қосымша шығындарды) өтеудi талап етуге толық құқылы.
Егер мердiгерлiк шарты бойынша жұмысты орындау тапсырысшының әрекеттерiнiң
(қателiктерiнiң) мүмкiн болмай қалса, мердiгер жұмыстың орындалған көлемiне сәйкес келетiн
мөлшерде жұмыс үшiн ақыны алу құқығын сақтап қалады.
Егер тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн тексерiссiз қабылдаса, онда ол қабылдаудың
кәдiмгi болып келетiн тәсiлдерiн қолданғанда анықталуы мүмкiн болған кемiстiктерге
(айқын кемiстiктерге) сiлтеме жасау құқығынан айырылады. Егер тапсырысшы жұмыс
нәтижелерiн қарап қабылдағаннан кейiн қарапайым қарағанда көрiнбейтiндей
кемiстiктердi (жасырын кемшiлiктердi) сол сияқты оларды мердiгер қасақана жасырған
кемiстiктердi анықтаса, онда тапсырысшы бұл туралы мердiгерге қисынды мерзiмде
хабарлауға мiндеттi. Тапсырысшы мердiгерге оның орындаған жұмысының кемшiлiктерi
туралы хабарлаудың ең ақырғы мерзiмi кемшiлiктер табылғаннан, яғни жұмыс нәтижесi
қабылдағаннан кейiн бiр жылды құрайды. Мердiгерге ғимараттардың, құрылыстардың
кемiстiктерi туралы немесе мердiгер қасақана жасырған кемiстiктер туралы
хабарлаудың ең ақырғы мерзiмi үш жылды құрайды. Көрсетiлген мерзiмдердi кепiлдiк
мерзiмдерi ретiнде бағалауға болады. Аталған мерзiмдер заң актiлерiмен немесе
шарттармен ұзартылуы мүмкiн. Сапа кепiлдiгi, егер шартпен өзгеше қарастырылмаса,
жұмыс нәтижесiнiң барлық құрамаларына тарайды. (ҚР АК 633 бабы 2-тармағы). Егер
мердiгерлiк шартында бұл өзгеше көзделмесе, кепiлдiк мерзiмi тапсырысшы жұмыс
нәтижелерiн қабылдағаннан кейiн бас-тап немесе тапсырысшы оларды қабылдауы керек
сәттен кейiн бастап есептеледi.Егер тапсырысшы мен мердiгер арасында жасалған
жұмыс кемшiлiктерi немесе оның себептерi туралы тартыс болса, олардың
әрқайсысының талабы бойынша сараптама жүргiзiлуi мүмкiн. Сараптау шығындарын
мердiгер өтейдi. Егер сараптау шарт бұзылмаған деп тапса немесе мердiгердiң жасаған
iс-әрекеттерiнiң және табылған кемшiлiктердiң өзара байланысы жоқ деп тапса
мердiгер осы шығындардан босатылады. (ҚР АК 630 бабы 6-тармағы). Бұл жағдайларда
шығындарды кiм сараптау жүргiзудi қаласа, сол өтейдi. Егер сараптауды тараптар
келiсiмiмен жүргiзсе, онда екi жақ тең шығынды өтейдi.
Жасалған жұмысқа ақы төлеу мiндетi – тапсырысшының негiзгi мiндетi. Бұл
мiндет жалпы тәртiп бойынша мердiгер жасаған жұмысты толығынан
тапсырған соң орындалуы тиiс. Шартта алдын-ала жұмысқа ақы төлеу немесе
жеке жұмыс кезеңдерiнде ақы төлеу мiндетi қарастырылуы мүмкiн. Ақы
төлену үшiн жұмыс уақытылы орындалуы керек. Жұмыс мерзiмiнен бұрын
аяқталса, оған алдын алу құқығы алдын ала төлеу тараптар келiсiмiне бұрын
кiрсе, немесе тапсырысшы содан соң алдын ала төлеуге келiссе пайда болады.
Аванс төлемiн жасау немесе кепiлпұл беру осылар шарттарда немесе заңнамада
қарастырылған жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Аванс төле-мiнiң,
кепiлпұлдың мөлшерi де шарттармен немесе заңнамамен
анықталады.Мердiгерге тапсырысшыға қатысты құқықтарын өз бетiмен
қорғау құқығы берiледi. (ҚР АК 9 бабы, 3-тармақ). Бұл құқық затты ұстап қалу
құқығы болып келедi (ҚР АК 624 бабы).Тапсырысшы белгiленген бағаны немесе
шартпен белгiленген өзге соманы төлеу мiндетiн орындамаса, мердiгер шарт
нысанасын (жұмыс нәтижесiн) орындамағанымен байланысты ұстап қалумен
қатар тапсырысшыға тиесiлi құрал-жабдықтарын да, жұмысты орындау үшiн
берiлген пайдаланылмаған материалдар қалдығын да және тапсырысшының
өзге мүлiктерiн тапсы-рысшы керектi ақша соммасын төлегенше бермеуге
құқылы. Бұл құқық шартта қаралмаса да жүзеге асырыла бередi.Мұндай
жағдайлар шартта қаралса, тапсырысшыға да сондай құқық берiледi, ол
мердiгерге тиесiлi сыйақы мөлшерiнен өз уақытылы анықталған кемшiлiктердi
жоюға арналған шығындарды өтеу үшiн ұстап қалуға құқылы.
Егер тапсырысшы жасалған жұмыс нәтижесiн қабылдауды жалтарып, жұмыс үшiн
төлемесе мердiгер жұмыс нәтижесiн өз бетiмен сатуға (өткiзуге) құқылы болады. Бұл
тапсырысшы жұмысты қабылдау уақыты өтiп кеткеннен кейiн бiр айдан соң және
тапсырысшыға екi рет ескертiлгеннен кейiн жүзеге асады. Мердiгер жасалған жұмыс
нәтижелерi егер шартта басқаша қарастырылмаса сатады, өзiне тиесiлi ақысын алып
қалғанын егер шартпен өзгешелiк көзделмесе тапсырысшы депозитiне салады.
Мердiгерлiк шарты бойынша тараптарда тиiстi көлемде тәуекелдер болып келедi. Егер
шартта немесе заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе мүлiктiң кездейсоқ жойылуының
немесе бүлiнуiнiң тәуекелiн шарт бойынша келiсiлген жұмысты тапсырудың мерзiмi
келгенше мердiгер көтередi. Егер мердiгерлiк заты тапсырылғанға дейiн кездейсоқ
жойылса немесе жұмысты аяқтау мүмкiндiгi болмаса, онда тараптар кiнәсi болмаса,
мердiгердiң жасал-ған жұмысқа ақы төлеудi талап етуге құқығы болмайды. Яғни
жұмыстар орындалмауының тәуекелi барлық жағдайда мердiгерге жүктеледi. Затты
қабылдауды немесе берудiң мерзiмiн өткiзiп алу болса егер шартта немесе заңда басқаша
көзделмесе тәуекел мерзiмдi өткiзiп алған тарапта болады. Сондықтан тапсырысшы
затты қабылдаудың мерзiмiн өткiзiп алса мердiгер сыйақы алу құқығын сақтайды.
Мердiгерлiк шарттағы тараптардың арасындағы тәуекелдердiң қайта бөлiнуiне
әкелетiн жағдайлардан тараптардың бiреуiнiң кiнәлi iс-әрекеттерi болатын
жағдайларды айыра бiлу қажет. Мысалы тапсырысшының кiнәсi болуы мүмкiн. Егер
мердiгерлiк затының жойылуы немесе жұмысты орындаудың мүмкiнсiздiгi тапсырысшы
берген материалдың санасыздығынан болса, немесе оның берген жұмысты орындау
туралы нұсқауына байланысты болса және осының салдары туралы мердiгер алдын ала
ескертсе, онда мердiгер орындалған жұмыс үшiн ақы алу құқығын сақтап қала бередi.
Мердiгерлiк шарты бойынша жауапкершiлiк өзiнiң мiндеттерiн орындамаған немесе
тиiстi орындамаған шарт тараптарының бiреуiнiң кiнәлi жүрiс тұрысының
салдары болып келедi. Егер мердiгерлiк шартындағы мiндеттемелердiң кәсiпкерлiк
сипаты болса немесе осы шартта арнайы көзделсе, тарап шарт бойынша
мiндеттемесiн тиесiлi орындамауы үшiн оған кiнәсiз жауапкершiлiк жүктеледi.
Жауапкершiлiктiң мөлшерi азаматтық заңнамамен немесе шартпен белгiленедi,
әдетте зиянды өтеу мiндетiн атқарады. Көбiнесе, залал егер жұмысты мердiгер
жұмысты нашарлататын ауытқулармен немесе оны шартта көзделген не шартта
тиiстi ережелер болмаған кездегi – әдеттегi пайдалану үшiн оларды жарамсыз
ететiн өзге де кемшiлiктермен орындаса тапсырысшыға келтiрiледi.
Осыған қарай, Азаматтық кодексте жұмысты сапасыз орындауы үшiн мердiгердiң
жауапкершiлiгi көзделген (635-б.). оның нормалары мердiгер – бұзушыға
жауапкершiлiк туралы жалпы нормалармен жүктелетiн қолайсыз нәтижелермен
бiрге тапсырысшыға өзiнiң құқықтарын арнайы тәртiпте қалпына келтiру
мүмкiншiлiгiн бередi. Тапсырысшы өз таңдауы бойынша мердiгерден:
1) қисынды мерзiмде жұмыстың кемшiлiктерiн өтемсiз жоюды;
2) жұмыс үшiн белгiленген бағаны тиiстi мөлшерде азайтуды талап етуге құқылы.
Осымен бiрге тапсырысшы кемшiлiктердiң өзiнiң қаражаттарымен мысалы, басқа
мердiгердi жалдау жолымен жоюы мүмкiн. Бұл үшiн мердiгерлiк шартында
тапсырысшының жұмыстың кемшiлiгiн өз iс-әрекеттерiмен жою құқығы көзделуi
керек.
Мердiгер өзi жауап беретiн жұмыстың кемшiлiктерiн жоюдың орнына,
тапсырысшыға орындаудың мерзiмiн өткiзiп алу арқылы келтiрген зиянды
өтей отырып, жұмысты тегiн қайта орындауға құқылы. Бұл жағдайда
тапсырысшы, егер жұмыс сипаты бойынша ондай қайтарып беру мүмкiн
болса, оған бұрын тапсырылған жұмыс нәтижесiн мердiгерге қайтарып
беруге мiндеттi.Сонымен қатар, егер жұмыста шарттың талаптарынан
ауытқу немесе жұмыстың өзге де кемшiлiктерi елеулi болғанда және жоюға
келмейтiн болса не анықталған кемшiлiктер тапсырысшы белгiлеген
қисынды мерзiмде жойылмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және
келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.Кейбiр жағдайларда,
жұмысты орындау жоғарланған қауiп-қатермен (тәуекелмен) байланысты
болса, шартта белгiлi бiр кемшiлiктерi үшiн мердiгердi жауаптылықтан
босату көзделуi мүмкiн.Шартты бұзғаны үшiн мердiгердi жауапкершiлiкке
тартудың тәжiрибелiк мүмкiншiлiгi талап қою мерзiмiн сақтауға
байланысты болып келедi. Мердiгерлiк шарттан талаптарға талап қоюдың
жалпы – үш жылдық мерзiмдерi тарайды.Мердiгерлiк шарт бойынша
орындалған жұмыс сапасының лайықсыз болуынан туындаған кемшiлiктер
туралы талап бойынша талап қою мерзiмi, олар туралы тиiстi мерзiм
шегiнде тапсырысшы мердiгерге хабарлаған болса, кемiстiктер анықталған
күннен өз ағымын бастайды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz