Түрік қағанаты


Slide 1 Slide 2

Этникалық ортаның өзгеруіне байланысты біздің заманның 1-ші ғасырында Еуроазия далаларында басымдық түркі тілдес тайпаларға ауысты. Бірінші түрік қағанаты мемлекетінің құрылуымен Қазақстанның орта ғасырлық тарихы басталады.

1968 жылы Монғолияда Орхон алқабында түркі руналық жазуның ескерткіші табылды, әзірше бұл түркі қағанаты дәуірінің алғашқы ескерткіші.

Ерте ортағасыр дәуірінде Римнің құлауынан оңала алмай жатқан Еуропаға қарағанда Орта Азияда күрделі өзгерістер болды. Санаулы онжылдықта Ұлы Дала кеңістігінде Рим империясының аумағынан кем емес мемлекет құрылды. Дала империясы - түркі қағанатының тууы - түркі әлемі туралы ұғым туғызды, Қазақстан тарихында және басқа да Еуроазия елдеріндегі ежелгі түркі деп аталатын жаңа дәуірді ашып берді

Slide 3

Түркілер тарихы - Қытай жылнамашыларының жазып алған ежелгі түркі аңызына сүйенсек, Шығыс Тянь Шань - Турфаннан басталады. Бұл аңызға қарасақ түркілер ата- бабалары жау тайпаларымен түбімен жойылған, тек бір ғана 10 жастағы ер бала аман қалған, оны бір қасқыр өлімнен аман алып қалып, өзі асырыған, кейіннен оған әйел болып, 10 ер бала туған. Олардың бәрі Түрфан әйелдеріне үйленген. Осы Тарланның Ашина есімі бір немересі жаңа тайпаның көсемі болып, оған өз есімін берген. Кейіннен Ашина руының көсемдері өз туысқандарын Алтайға шығарады, онда олар жергілікті тайпаларды игеріп, түркі есімін қабылдайды. Сондықтан да қасқыр - көптеген түркі халықтарының ең қасиеттейті хайуаны. Сол қасқыр терісі - ішінде қолдары мен аяқтары шабылған адам жатқан қасқыр фигурасы каған стеласындағы барельефте бейнеленген.

Slide 4

551 жылы түркі билеушісі Бұмын “қаған” титулын алды, яғни ол император дегенді білдіреді. VI ғасыр ортасында тарихи аренаға жаңа тұлға - Түркі қағанаты келді.

Мұған қаған (553-572) 553 жылы Оңтүстік Батыс Манчжуриядағы моңголдардың қидан тайпаларын және Енисайдағы қырғыздарды жаулап алып, түрік елінің Орта Азияның Оңтүстік Сібірдегі өктемдегін біржола орнықтырды. Бірінші Түрік қағанаты атанған осынау мемлекеттік құрылым 630 жылға дейін сақталған.

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Батыс Түрік қағанаты - Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 - 704) . Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыс Түрік қағанатының негізін Торэмен қаған қалаған деген ғылыми дерек те бар.

Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, СуйҚытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581-618 жылдар), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс Түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болды.

Slide 8

Батыс түрік қағанаты «ежелгі үйсін жерлеріне» ірге тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияғадейінгі жерді алып жатты. Қағанатгың негізгі этникалык-саяси ұйытқысы - «он тай-па» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқан, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырықшы-егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхарада да қағанның өкілдері болды.

Slide 9

Шаруашылық-экономикалық жағынан алғанда, қағанат екі негіздің - мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғамның және бұл кезде феодалдық қатынастар едәуір дамыған отырықшы-егіншілік қоғамның ұштасуы болды. Бұл кезде феодалдық қатынастар Византия мен сасанилер Иранында дамыған болатын.

Транзит сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналысын туғызды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының вассалдық шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналыс өрісіне тартылды.

Slide 10

Қағанатта қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы Еуразияның басқа аудандарындағы осы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығу арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды.

Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы

1. Қаған

2. Жоғарғы билеуші

3. Билеп-төстеуші

4. Әскербасы

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Түрік дәуіріндегі мемлекеттер (қайталау)
Шығыс Түрік қағанаты
ЖЫЛЫ ШЫҒЫС ТҮРКІ БАТЫС ТҮРКІ
Батыс Түрік қағанатының әлсіреуі, ыдырауы
Батыс Түрік қағанаты Шығыс Түрік қағанаты
Түрік қағанатының негізін салушы
Қарақытай мемлекеті
Түркі қағанаты
Түргеш қағанаты (699­756)
Батыс түрік қағанатының саяси тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz