Орта ғасырлық қала Сығанақ
Презентация қосу
Орта ғасырлық қала
“Сығанақ”
Сығанақ қаласы туралы алғашқы дерек X ғасырдағы «Худуд
әл-Әлемде» деген парсы шығармасында бар Қала 982 жылы
түзілген «Худуд ал-Алам мин ал-Машрик ила-л-Магриб»
(«Шығыстан батысқа дейінгі әлем шекаралары») атты авторы
белгісіз еңбекте «Сунах» атымен алғаш белгілі болды.
Тарихшы Зардыхан Қиянатұлының пікірінше, «Сығанақ»
атауы түрікшеден аударғанда «қамал, қорған» деген мағына
береді. Х ғасырда өмір сүрген араб географы әль-Мұкаддаси
(Макдиси) Сығанақты Отырармен кіндігі бір егіз қала деп
көрсеткен.
. Сығанақ өз тарихында талай қияметті басынан кешірді. Ақ Орда хандары
мен Темір ұлысы арасында, кейінірек қазақ хандары мен (Бұрындық, Қасым
хан) Мұхаммед Шайбани, оның ұрпақтары арасында Сығанақ үшін талай
кескілескен ұрыстар болды. Сығанақты 1446 жылы шайбанилік Әбілқайыр
басып алса да, Орыс ханның ұрпақтары Әбілқайыр билігін мойындамады.
1456 жылы Әбілқайыр мен қалмақ Енге төре арасында Сығанақ үшін болған
ұлы шайқаста Әбілқайыр жеңіліс тапты. Орыс ханның шөбелері Жәнібек пен
Керей бастаған, Ақ Орда хан ұрпақтары Әбілқайырдың әлсірегенін
пайдаланып стратегиялық шегініс жасап, ел ордасын Шу бойындағы
Қозыбасына әкеліп тігуі Сығанақтың саяси маңызын әлсіретті. Бірақ,
Сығанақ өлкесі территориялық тұрғысынан қазақ мемлекетінің қарамағында
қала берді. Кейін қазақ ханы Бұрындық Сығанақты алуға келгенде қаланың
әкімі Қазы Садыр әл Ислам, тағы да басқа көрнекті адамдар, ақылдасып, бұл
қала бұрыннан Бұрындық ханның ата-бабаларының қолында болған,
сондықтан қаланы оған берсек тыныштық болады деп, беріледі.
Кемал Ақышев пен Карл Байпаковтар
Сығанақ қаласының топографиялық тарихына
да назар аударып, бұл қала ортағасырлық
қалалардың ішінде Отырар қаласынан кейінгі
атақты екінші қала деген қорытынды
жасайды. Сығанақ жерінде халық салдырған
мешітті шамамен 1937-1938 жылдары
«Авангард» колхозының корейлері қиратып,
мешіттің кірпіштерін үй, монша, т.б. құрылыс
материалдарына пайдаланған. Ел аузындағы,
аңыздар бойынша мешіт қабырғасына балта
шапқан адамдар сол жерден құлап өлген. Ал
кейбірі ауруға шалдыққан. Қаланың қазіргі
орны 10 га жерді алып жатқан үлкен бес
бұрышты төбе. Бұл жер Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданының Төменарық темір жол
станциясынан 8 шақырым жерде орналасқан.
Сығанақ қаласы ертеректе еліміздің үлкен мәдени ошағымыздың бірі
болды. Х ғасырда Сығанақ – ғұндар мен қаңлылар тайпасының ал ХІ
ғасырдың екінші жартысында әлемге әйгілі қазақ халқының құрылуына
ұйтқы болған қыпшақтар мемлекетінің Шығыс бөлігінің астанасы ХІІ
ғасырдың монғол шапқыншылығы, қазақ даласының ойран- топыранын
шығарды. Сол ойран топанға ұшырағандардың бірі- Сығанақ болды. 1219
ж Жошы хан әскері Сығанақты жаулап, оның қорғанын қиратады. 100
жылдан соң Сығанақ қайта қалпына келіп гүлденеді. Онда талай
ошақтарының бірі болған. Қала Х-ХІІ ғасырларда Сунақ деп аталса, кейін
Сығанақ қаласы болып өзгерген.
1219 ж Сығанақ қаласы моңғол шапқыншылығына ұшырайды. Шыңғысханның
үлкен ұлы Жошы қаланы шаппас бұрын ең алдымен жергілікті саудагер Хасан
қожаны қала тұрғындарын берілуге көндіру үшін, Сығанаққа жібереді. Бірақ
Сығанақтар сатқын Хасан қожаны өлтіріп, өздері жауға қарсы күреске шығады.
Жошының әскерлері қаланы қоршап алады. Қала халқы жеті күн бойы берілмей,
қарсыласып бағады. Бірақ күші басым Жошы қаланы басып алып, халқын
қырып-жойып, қаланың күл -талқанын шығарады Х ғасырдан бастап Сығанақ
қаласы қайта салынып, қалпына келтіріледі. Қала жандана түседі. Қала
біртіндеп Сыр бойындағы саяси эканомикалық орталыққа айналады.
Монғол шапқыншылығынан кейін, XIV ғасырдың басында алғашқы феодалдық
Ақ Орда мемлекеті Жайықтан Ертіске дейінгі, Арал теңізінен бастап
Сырдарияның оң жағалауынын Сығанаққа дейінгі аралықтарды қамтиды.
Астанасы Сығанақ қаласы болды.
Шығыстан келген қара дүлей Моңғол шапқыншылығы 1219 жылы күзінен бастап қала
тұрғындарын өз қолына алған. Сонымен 1219 жылы Сығанақ қаласы күйреу жылы болды.
Осы бір қатты соғыстан соң XIV ғасырға дейін яғни 100 жылдай қалпына келе алмады. Қазір
Қазақстанның бір заманғы мәдениет ошағы мақтанышы болған Сығанақ қаласының қираған
қаласы жатыр.
XIV ғасырда Сығанақ қаласында Дешті Қыпшақ ұлысының ақша монеттері басылып тұрды.
Сығанақ үлкен білім орталығы болған. Оның топырағында сан қилы ғалымдар, ақындар
қолбасшылар шыққан. Соның бірі әйгілі ақын жазушы Хисамиддин Әл Сығанақи “Хихаиа”
деген кітабы да, осы Сығанақ қаласында жазылды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz