Оқыту процесінде инновациялық технологияларды пайдалану




Презентация қосу
ДОСБЕРГЕНОВА ӘСЕМ
ТОРҒАЙБЕКҚЫЗЫ
Тақырыбы:
Оқыту процесінде инновациялық
технологияларды пайдалану

1-9
Оқу- тәрбие үрдісінде теориялық және әдістемелік
білімді ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденіп, өз
мамандықтары бойынша білімдерін жетілдіріп және
психология мен педагогика ғылымдары
жайындағы жаңалықтар мен озық тәжірбиелерді үнемі
пайдалану ұстаздар қауымы үшін таптырмас
қажеттілік. Сонда ғана олар өз еңбегінің жемісін көріп,
оқу- жұмыстарының нәтижесіне бүгінгі күннің көтеріңкі
талабына сай үн қосады деп ойлаймын. Үздіксіз іздену –
бүгінде мұғалім жұртшылығына қойылып отырған
басты талаптардың бірі.
Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады әрі
сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді.
Оқушыларға терең білім беру үшін мұғалім мына төмендегі қағидаларды жетік меңгергені
абзал:
Біріншіден: Мұғалім пәнді жетік терең меңгеріп, оны оқушыларға ғылыми
тұрғыдан негіздеп, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып бере білуі қажет.
Екіншіден: оқушылардың жас ерекшіліктеріне қарай жеке бастарының
психологиясын, жан дүниесін жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі керек.
Үшіншіден: Әрбір оқушыға, бүкіл сыныпқа қатаң талап қоя білуі қажет.
Төртіншіден: Ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі
пайдаланып, отыруы тиіс. Бесіншіден: Мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды
топтап жеке блоктар түрінде топтастырып өткізе білуі керек.Алтыншыдан:
оқушыларға ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа сабақты, әсіресе,
заңдылықтар мен құбылыстарды тірек белгілері мен тірек конспектілері бойынша берген
жөн.
Жетіншіден: Оқушылардың сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бөлім, әр тақырып
бойынша олардың білімдерін тексеріп отырған жөн. Мұнда әсіресе, оқушылардың
білімдерін тексеруде мына төмендегідей әдістерді қолданған тиімді: 1) тестік жүйе
бойынша2)өзін-өзі тексеру3)көршісін тексеру және тағы басқа. Сегізіншіден: Сабақта
халықтық педагогика элементтерін пайдалану қажет. Ол үшін:
а) халық ертегілерінен , аңыз әңгімелерінен, өлең жырларынан үзінді келтіріп, олардың
мағынасын түсіндіруге; б) Әр түрлі табиғи құбылыстарға байланысты жұмбақтар шешіп,
сөз жұмбақ, бейне сөз құрастыруға болады.Тоғызыншыдан: Сабақта оқушыларды таң
қалдырып, себебін білгілері келетін әр түрлі қызықты тәжірибелер мен физикалық
фокустарды ұдайы қолданған қолайлы.
Оныншыдан: Ең бастысы әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.
Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі сабақ бүгінгі сабақтан
жақсы болуы тиіс.
Жалпы физика сабақтарын мынадай төрт топқа бөлуге болады:-Жаңа
сабақты меңгерту сабағы;-Жаңа тақырыпты бекіту сабағы;-Оқушылардың алған
білімдерін қолдана білуге үйрететін сабақтар;-Тақырыпты қайталау-пысықтау сабағы.
Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы
Әрбір жаңа тақырыпты түсіндіргенде оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай тірек
белгілері мен тірек конспектілерін пайдаланған жөн. Сондай-ақ, физикалық заңдылықтар мен
құбылыстарға арнап жеке тірек белгілерін құрастыру қажет. (Сабаққа керекті мәліметтерді
интерактивті тақтамен түсіндіруге болады.)Мысалы, сегізінші сыныпта ішкі энергия
тақырыбын өткенде, ішкі энергияның физикалық мағынасын толық ашу үшін төмендегідей
тірек белгілерді пайдаланған жөн: Е=N(E+E)
Мұндағы Е- дененің ішкі энергиясы,
Е- молекулалардың потенциалдық энергиясы,
Е- молекулалардың кинетикалық энергиясы,
N- молекулалар саны.
Яғни, бұл – тірек сигналы «Дененің ішкі энергиясы денені құрайтын бөлшектердің
кинетикалық энергиясы мен осы бөлшектердің молекулалық өзара әсер күштерінен пайда болатын
потенциалдық энергиясының жиынтығынан тұрады.» деген мағынаны білдіреді.
Сегізінші сыныпта «Зарядтардың екі тегі, зарядталған денелердің өзара әсері» тақырыбын
өткенде, зарядтың өзара әсерлесуін мынадай тірек белгісімен беруге болады:
аттас заряд + g +

әр аттас заряд + g -
9-сыныпта «Бернулли заңын » өткенде бұл заңдылықты , төмендегідей тірек белгісімен беруге
болады.VV>Бұл тірек белгісі «Газдар мен сұйықтардың ағысының жылдамдығы өздері өтетін
трубаның көлденең қимасының ауданына байланысты болады. Трубаның ауданы үлкен болса,
онымен өтетін газдар мен сұйықтардың ағысының жылдамдығы аз болады және керісінше »
дегенді білдіреді. Негізгі заңдылықты тірек белгілері арқылы беру оқушыларды есте сақтау
қабілетін арттырады. Физикалық заңдылықтар мен құбылыстардың мәнін ашу үшін тақырыпты
тірек конспектісімен бергенде, 1 тірек конспектісіне 2-3 тақырыпты біріктіріп топтап, блок түрінде
берген қолайлы
Тірек конспектілері:
-оқушылырдың жинақылыққа, көркемдікке
баулуға;
-Оқушылырдың сабаққа дайындалу
мүмкіндіктерін арттыруға;
-Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыруға;
-есеп шығаруға немесе тақырыпты бекітуге
бөлінетін уақытты үнемдеуге;
-Оқушылардың білімдерін дұрыс бағалауға;
-Мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты
нығайтуға;
-оқушылардың ойлау қабілетін арттырып,
оларды шығармашылыққа баулуға мүмкіндік
береді.
Жаңа тақырыпты бекіту сабағы. Жаңа сабақты меңгерту сабақтарында көбінесе
сандық және сапалық есептер шығару , әр түрлі қызықты тәжірибелер мен физикалық
фокустар көрсету оқушылардың ой-өрісін дамытып, олардың шығармашылығын
арттыруға бағыт беру мақсат етіледі.
Сапалық есептер шығарғанда халық даналығының , нақыл сөздерінің, мақал-
мәтелдерінің тәрбиелік мәнін физика тұрғысынан түсіндіруге дағдыланып, көбінесе
сабақты: «Алдар Көсе бізде сабақта»
«Жиренше ата не дейді?»
«Кім жүйрік?»
«Кім тапқыр?»
«Физика үйде»
«Физика көктемгі құбылыстарда»
«Төрелігін айтыңыз»
«Физика өлеңмен»
«Суретті физика»
«Қызықты физика» деген сияқты аттармен атап, оқушыларды сапалық есептердің
мағынасын дұрыс түсініп, табиғаттағы құбылыстардың мән-мағынасын дұрыс аша білуіне
жол ашуға көмектеседі.8-сыныпта «жылу өткізгіштік » тақырыбына шығарылатын сапалық
есептердің барлығын түптеп «Алдар Көсе бізде қонақта» деген рубрикасымен өткізген
қолайлы. Оқушыларға мынадай сауал қоялық:Бір күні аты әлемге әйгілі Аладр Көсе шық
бермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Алдар Көсе ұзақ әңгіме айтып, көп отырып қалады
да, бай оны шайға шақырады. Шайға байдың қызы бикеш темірден өріліп жасалған
бауырсақты салып әкеліп дастарханға қойып жатып былай дейді:Бауырсақты ыстық кезінде
жеген дәмдірек, сондықтан да бауырсақ тез суып қалмас үшін мына темірден өріліп жасалған
ыдысқа әдейі салып әкелдім.Дәмнен ауыз тиіңіздер.Сонда көпті көрген Алдар Көсе былай
деп жауап қайтарады:-Жоқ, қарындасым, сіз қателесесіз. Темір ыдыста бауырсақ тез суыйды
ал, бауырсақ тез суымасын десеңіз, оны ағаштанөріліп жасалған ыдысқа салғаныңыз жөн
болар еді.Осы тұрғыда оқушыларға мынадай сұрақ қоюға болады.

Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарында инновациялық іс- әрекеттерді қолданудың жаңа бағыттары
Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары
Smart білім берудің мақсаты
Ақпараттық технологиялар
Инновациялық технологиялар
Ақпараттық технологиялар арқылы инновациялық әдістерді қолдану бойынша сабақты өту әдісі
Инновациялық технологиялар түрлері
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану
АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТКІЗУ
Бүгінгі заман талабына сай информатика мұғалімінің кәсіби құзреттілігі
Пәндер