Қазақстандағы еңбек нарығы және оның жұмыс істеу




Қазіргі кезде Қазақстанның еңбек нарығында қалыптасқан жағдай жұмыссыздық деңгейінің азайғандығын және бос орындар санының артқандығын көрсетеді. Әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс әсерінің қиын шарттарында, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, алғаш рет қызметкерлерді жаппай жұмыстан босатуды ескертудің, жұмыссыздарды жұмыспен қамтудың және әлеуметтік қорғаудың жаңа әдістері мен бағдарламалары - Аймақтық жұмыспен қамту стратегиясы немесе «Жол картасы» әзірленді. Оны қаржыландыруға 2009 жылы 191, 5 млрд. теңге және 2010 жылы 145 млрд. теңге бағытталды. Жол картасын іске асыру аясында кадрлар даярлауға және қайта даярлауға 145 мың адам жіберілді, олардың 64, 6 мыңы жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасы аясындағы жұмыс орындарына 192 мыңнан астам адам орналастырылды. Жұмыссыздық деңгейі азайып келеді: 2005 жылғы 8, 1 пайыздан 2008 жылғы 6, 6 пайызға дейін және ағымдағы жылғы қыркүйекте 5, 6 пайыз. Ресми түрде 2010 жылдың қыркүйегінің соңында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында - 60, 9 мың адам тіркелген. Экономикалық белсенді халықтан тіркелген жұмыссыздар үлесі 0, 7 % құрады (2009 жылы қыркүйекте 1, 0 % болған) .

Аудан бюджетіне 2677, 4 млн. теңге және жоспармен 101, 5 % кіріс түсті.
Жұмысқа орналастыру бойынша іс шараларды іске асыру шеңберінде жаңа жұмыс орындарын жасау бойынша жұмыстар өткізілді, оларға жұмысқа орналасқандар 2733 адам, соның ішінде тұрақты жұмыс орындарына - 476 және уақытша- мерзімді жұмыс орындарына - 2257 адам.
Әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың мақсатты топтарынан 71 жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналастырылды, игерілді - 3471, 7 мың теңге.
«Жастар практикасы» бағдарламасын іске асыру барысында әр түрлі колледждер мен ЖОО 5 түлегінің жұмысқа орналастырылуы үшін республикалық бюджеттен - 929, 0 мың теңге бөлінді.

Жұмысқа қабылдауды рәсімдеу
Жұмысқа қабылдау жасалған келісім-шарт негізінде шыққан жұмыс берушінің актісімен (бұйрығымен) рәсімделеді.
Жұмыс беруші үш күндік мерзімде жұмысшыны актімен (бұйрықпен) таныстыруы тиіс. Жұмыс берушінің актісімен танысу жұмысшының қолымен куәланады.
Жұмысшының талабы бойынша жұмыс беруші актінің бекітілген көшірмесін беруі тиіс.
Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші жұмысшыны ұйымның ішкі еңбек тәртібі ережесімен, жұмысшының
қызметіне қатысты басқа да жұмыс берушінің актілерімен (еңбек функциясы), ұжымдық келісім-шарттармен таныстыруы тиіс.
Жұмысшының еңбек қызметін анықтайтын құжаттар:
1. еңбек кітапшасы;
2. жұмыс берушінің оның күні мен тоқтаған негізі туралы белгі белгіленген еңбек келісім-шарты;
3. еңбек келісім-шартын бекіту және тоқтту негізіндегі еңбек қатынастарының тууы мен тоқтағанын анықтайтын жұмыс беруші актісінен көшірме үзінді;
4. жұмысшыларға жалақы беру ведомостінен көшірме үзінді;
5. жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйым мөрімен немесе нотариуспен бекітілген қызметтік тізім (жұмыс туралы, жұмысшының еңбек қызметі туралы мәлімет тізімі) ;
6. жұмысшының еңбек қызметі туралы мәліметтер бар мұрағаттық анықтама.


Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі.
Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде іріктеу тән. Ол жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалылығына, қозғалысына, ширақтығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі.
Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің сатып алушылары болады. Бір сөзбен айтқанда, еңбек нарығын мойындау жұмыс күшінің әлеуметтік-экономикалық табиғатын және оның өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде біздің қоғамымызда жұмыс күшінің тауар табиғаты жөніндегі ғылыми дау негізінен аяқталды деуге болады.

Жұмысшыларына 3000 теңге жалақы төлеген кәсіпорын табылды
Айлық жалақысы 3 мың теңге! Қызылжарда тігін фабрикасы 40-қа жуық жұмыскеріне айлар бойы осындай мардымсыз жалақы төлеп келген.
фото с сайта amurmedia. ru
Бүгінде кәсіпорын қарызы 15 миллион теңгеге жетті.
Осы мәселе бойынша жергілікті құқық қорғау мекемесі өткен жылы-ақ іс қозғапты. Алайда бұл әрекет нәтиже бермеді, қарыз еселене түскен. Тігін фабрикасының басшылығы тапсырыс болмағандықтан берешектен құтыла алмай отырмыз деп ақталуда.

Еңбек нарығы және халықтың еңбекпен қамтылуы
Оның 2/3 бөлігі нағыз жұмысқа жарамды жаста (25-49 жас аралығы), жартысынан астамы жоғары білімді жөне арнайы мамандығы бар адамдар. Жартысынан астамы ер адамдар. Жұмыс күшіне деген сұранысты Қазақстан экономикасының тірегі, ірі жөне орташа кәсіпорындар орындайды. Оларда 3, 5 млн жұмыс орны бар. Қалған 5 млн экономикалық белсенді халық жұмыссыз қалған сияқты. Бірақ нарықтық экономика - экономикалық, еңбек етуге бостандық берілген (заңға қайшы келмесе кез келген жұмыс түрімен шұғылдануға болады) . Нәтижесінде адамдарда алға ұмтылыс, кәсіпкерлік нышандары қалыптасады. Бұрынғы кеңестік өкіметтегі жоспарлы экономикадағыдай емес жұмыстың басқа түрлері, әсіресе орта жөне кіші кәсіпкерліктер қалыптасады. Бұл салада 2 млн адам жұмыс істейді (жеке кәсіпкерлер, фермерлер, кіші кәсіпорын жұмысшылары) .


Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру
Анықтама алуға қажетті құжаттар мен талаптар тізімі:
жеке куәлік (паспорт)
ЖКК
СТН
еңбек қызметін куәліндыратын құжаттар
Тіркеуді тоқтату немесе тіркеуден бас тарту төмендегідей негізде жұмыссыздар есебінен алып тастағанда жүргізіледі:
ұсынылған қолайлы екі жұмыстан жазбаша түрде бас тартса
жұмысқа жолдама берген күннен бастап бес күн ішінде себепсіз келмеген жағдайда
жұмысқа жолдама алу үшін Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама департаментіне шақыру бойынша себепсіз жағдайда екі жұмыс күн ішінде келмесе
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің жолдауы бойынша жұмыссыз қоғамдық жұмыстар немесе оқуға келуді себепсіз доғарса
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне келу мерзімін жұмыссыз белгісіз себептермен бұзса
тұратын жерін ауыстырса
жұмыссызды бас бостандығынан айыру түрінде айыптау
зейнетақы тағайындау.
Анықтамаларды тіркеу және беру Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды координаттау жөніндегі қалалық департаменттерде, аудандық бөлімшелерде жүргізіледі.


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz