Стиль және оның түрлері




Презентация қосу
Стиль және оның түрлері
Ғылыми-көпшілік стиль. Бұл стильдің пайда болуы ғылым
мен техниканың дамуымен тікелей байланысты. Бұған қазақ
тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми
шығармалар жалпыхалықтық әдеби тілде жазылады.
Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік- сөз тек өзінің
негізгі мағынасында жазылады. Сөздің көп мағыналығы, образды
сөздер аз кездеседі. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр
саланың арнайы термин сөздері болады. Сонымен бірге белгілі бір
ғылымның саласында қолдану аясына байланысты жалпылама
лексиканың кейбір сөздері термин сөздерге айналады.
Ғылыми стильдің негізгі ерекшелігі - ой күрделі баяндалып,
анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделуі. Сонымен
бірге, әрбір ғылым саласының ерекшелігіне қарай баяндау
тәсілінде кейбір өзгешеліктері болады. Мысалы, қоғамдық
ғылымдарда тіл еркін және мәнерлі қолданылады.
Публицистикалық стиль. Публицистика латын сөзі,
“көпшілік, әлеумет” мағынасын білдіреді. Қазір қоғам өмірі
үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жасалады.
Публицистикалық стильге газет-журнал тілінің, әдеби сын
мақалалар тілінің, әлеуметтік памфлет, очерктер тілінің стилі
жатады. Публицистикалық стиль өзіне тән дербестік,
ерекшеліктерімен қалыптасып келеді.
Публицистиканың қоғам өмірімен тығыз байланыстылығы
оған үгіт-насихаттық сипат береді. Публицистиканың жанры әр
алуан. Сол жанрдың түріне, өзгешелігіне қарай оның тіл
ерекшелігі болады (бас мақала, информациялық хабар, очерк,
халықаралық шолу, памфлет, радио мен теледидардан берілетін
хабар, т.б.).
Публицистикалық стильге көркем әдебиет, ғылыми-
техникалық әдебиет, ресми іс қағаздар тілдеріне тән стильдік
элементтер кездесе береді, бірақ оның өзіндік ерекшеліктері
сөз қолданудан да, сөйлем құрылысынан да анық байқалады.
Көркем әдебиет стилі. Тіліміздегі басқа стильдерге
қарағанда көркем әдебиет стилінің аясы кең. Барлық стильдердің
элементтері кездеседі. Тілдік тәсілдер көркемдік мақсатта
жұмсалады. Образды сөздер жиі қодданылады. Әр жазушының
өзінің талғамына қарай тіл ерекшелігі, қолдану тәсілі болады.
Ол ерекшеліктердің бәрі бір-бірімен ара-қатынаста болып, басқа
стильдерде қайталанбайтын айрықша жүйе жасайды.
Көркем әдебиет стилі – ойды және сезімді образ арқылы
бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше
эстетикалық қызмет атқарады. Көркем шығармалар жазушының
өмір тануына, дүние сезінуіне, көзқарасына, өмір фактісін
жинақтап, бейнелі тілмен жазу мәнерінен болады. Сөйлеу
тілімізде сөздер бұрыннан машықталған үйреншікті қалыпта
жұмсалады. Көркем шығармада сөздер сараланып, белгілі
стильдік мақсатта қолданылады.
Ауызекі сөйлеу стилі. Сөйлеу стилі белгілі бір жағдайда
тікелей жасалатын қатынас стилі болғандықтан, ол сөйлеудің
ауызша формасымен тығыз байланысты. Ауызша сөйлеуде
еркіндік басым келеді. Сөйлеу лексикасының өзіндік
ерекшеліктері бар. Сөйлеу стилінің лексикасында тұрмыстыұ
қарапайым лексика да, варваризмдер де, әдеби сөйлеу
лексикасына тән сөздер де болады.
Ауызша әдеби сөйлеу адамдардың әр түрлі тақырыпта өзара
сұқбаттасуынан басқа лекция оқыған кезде, интервью бергенде,
теледидардан сөйлегенде қолданылады. Ауызша әдеби сөйлеу
лексикасының қолданылу реті оның жазба түрімен бірдей
болмайды. Ауызша әдеби тілде жазба әдеби тілде көп
кездесетін абстракт сөздер мен арнаулы терминдер аз
қолданылады. Ауызша сөйлегенде сөздердің орын тәртібі жазба
тілдегідей қатаң сақтала бермейді. Сөйлемнің толық айтылмай
қысқарып, ықшамдалып, толымсыз түрде айтылуы жиі
кездеседі.
Ресми іс қағаздар стилі. Ресми іс қағаздар стилінің
ерекшелігі факт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазылуға мән
беріледі. Бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын жүргізумен
байланысты. Ресми іс қағаздарының түрлері қазір 2 тілде
пайдаланылады. Дегенмен, ресми іс қағаздарының түрлері
көбінесе орыс тілінде жазылады. Олардың ішінде жарлық, заң,
жарғы, т.б. мемлекеттік құжаттар орыс тілінен қазақшаға
аударылып, газетке басылып отырады.
Көптеген сөздер белгілі бір стильге тәуелді болады да,
қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы,
тағайындалсын, міндеттелсін, қаулы етеді, түсініктеме сияқты
сөздер мен сөз тіркестері ресми іс қағаздар стиліне жатады.
Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы
қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, ресми
құжаттарда адам - азамат, жолдас, ауруханада - науқас,
санаторияда - демалушы, транспортта - жолаушы , т.б. болып
айтылады.

Ұқсас жұмыстар
Киім сұлбасы
Публицистикалық стиль
Стиль түрлері
Спорттық стиль
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері
Ауызекі Көркем сөйлеу стилі әдебиет стилі
Классицизмге тән негізгі ерекшелік - көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру
Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері
Киімдегі сән бағытының көрініс табуы
Іс –қағаздарының стилі
Пәндер