Картоп өсіру және сақтау технологиясы




Презентация қосу
Тәжірибе-8
Картоп өсіру және сақтау технологиясы
Жоспар:
1. Картоптың халық щаруащылығындағы маңызы
2. Биологоиялық ерекшклігі және
агротехникалық өңдеу
Картоптың халық щаруащылығындағы маңызы
Мал азықтылық құндылығы жөнінен көптеген дақылдардан соның ішінде қант
қызылшасынан да асып түседі. Картоп сабағы мен жапырағын мал онша сүйсініп
жемейтіндіктен оны басқа дақылдарға қосып сүрлем жасайды. Картоп түйнегінде
әсіресе қабығында соланин улы заты кездеседі. Таммаққа пайдаланылатын картоп
құрамында ол 0,02% ауыспауы қажет, ал түйнек өсіп,жарықта көгерсе оның мөлшері өте
көп болады. ондай түйнектерді тек мал азығы ретінде қайнатып беру арқылы
пайдаланады.
Шығу тегі және жіктелуі: Картоп Орталық және Оңтүстік Америкада бұдан 2 мың
жыл бұрын екпе дақыл ретінде өсірілген, ол жерлерде қазірдің өзінде де жабайы
түустары кездеседі.
Картоп Solanaceae тұқымдасына, Solanum туысына жатады. Түйнек
жемістілер.Картоп түйнек арқылы олардың бөліктері, бүршіктері, қалемшалары
селекциялық жұмыстарда тұқымдарымен көбейеді.
Картоп- бағалы азықтық, жемшөптік және техникалық дақыл. Оның түйнегінде
25% құрғақ зат, 14-22% крахмал. 1,4-3,0% белок. 1% минералды тұздар, 11,4 -26,5 %
мг\ кг аскорбин қышқылы, С,В, (В1,В2,В6), РР, К витаминдері бар. Қазақстанда
картоп тағамдық өнім ретінде күнделіктті пайдаланылады, сондықтан оның түйнегі
зор коммерциялық сұранысқа ие. Картоп түйнегі жеке қожалық бақшасында,
саяжай учаскесінде, фермерлік шаруашылықтарда көптеп өндіріледі. Картоптың
шыққан жері -Оңтүстік Америка. Өз отанында қоректік элемменттермен және
сумен жақсы қамтамасыз етілген таулы жерлер етегінде өсіп дамыған.
Биологоиялық ерекшклігі және агротехникалық өңдеу
Тамыр жүйесі шашақты топыртың
жыртылатын қабатында орналасады. Өсе
бастаған сабақ түйнегінде көп кідірмей-ақ екінші
және негізгі тамыр жүйелері пайда болады да,
артынан жыланбұтақ тамырлар пайда болады.
Сабағы тік бұтақтанған немесе бір жаққа
бұрылып өсуі, биіктігі оның 45 см-ден 120 см- ге
дейін бойлап өседі. Бұтақтануы 6-дан 8-ге дейін,
сабақтары жапырақты. Ерте пісетін сорттары
бұтақты емес, ал кеш пісетін сорттар өте қатты
бұтақтанады. Бұтақтағы сабақ саны түйнектерде
өскен көзшелер санына,түйнектің мөлшерімен
өсіру тәсілдеріне байланысты. Сабақтың жер
астындағы бөлігінде түрі өзгешелеу ұзындығы 5-
40 см-ге жететін сабақ бұтақтар –столондар пайда
болады.
Картопты қамбада жинау және сақтау. Картопты қоймаға түсірерде
түйнектердің түсу биіктігі 21см аспау керек. Қамбадағы картоптың биіктігін
ТЗК-30 қондырғысы арқылы 5 м биіктікке дейін көтеруге болады. Құлашынның
ұзындығы 8м жететін ТЗК -30 қондырғысы 20 адамды алмастырады. Ол сағатына
30 т дейін картоп тиейді.
Картоптың сақталуын қысқартатын негізгі себептерінің бірі - ол түйнектердің
зақымдануы. Түйнектердің зақымдалған жеріне әр түрлі аурулардың
қоздырғыштары еніп, соның салдарынан шіріп кетеді. Ғылыми деректерге
қарағанда, зақымдалмаған түйнектердің ұзақ мерзімде сақталғандығы барлық
шығыны -4,7% дейін болса, зақымдалған түйнектердің шығыны - 19,5 % жететіні
мәлім болған.
Сақталуы жақсы. Түйнек түсі ақ домалақтау келген, көздері қызғылт.
Гүлдерінің түсі ақ және ұзақ гүлдейді. Өсімдігінің түбі тік және биік өседі,
сабағының бұтақтауы орташа, жапырағы көп ашық жасыл түсті. Бұл сорт
Гатчинский сортынан клетка технологиясы тәсілімен алынып , ғарыш
кеңістігінде сақталған. Картоп және көкөніс шаруашылығы зерттеу орталығы
мен М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия
институтының мамндарымен бірлесіп шығарылған. Нақты тұқым иесі: Картоп
және көкөніс шаруашылығы зерттеу орталығы.
Картопты қоймаға саларда,
оларды М-1 припаратымен (құрамында
3,5% метилды эфирдің дусты бар)
өңдейді. Зақымдалған картоп
түйнектерін осы препаратпен
тозаңдатып өңдегенде, олардың
сақтау мерзімі ұзарады, шығыны
кемиді.
Қоймалар, картоп түсерден бұрын
5%CuSO4 қосқан әкпен ақталады.
Одан соң қойманың әр шаршы
метіріне 40% формалин ертіндісінің
0,25 л шашып залалсыздандырады.
Қойманың дайындығын арнайы
комиссия қабылдап, паспорт береді.
Құйылған картоптың дәл мөлшерін
анықтап , оның сапасын тексеру
үшін, түйнектерге сұрыптау
жасалынып акт жазылады.

Ұқсас жұмыстар
Картоп. Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері
Қызанақ өсіру технологиясы. Қызанақ өсіру
Майбұршақ өсіру технологиясы. Республиканың Оңтүстік-шығыс жағдайында жоғары өнім алу шаралары
Өсімдіктерді сауықтыру
ГЕНДІК МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ӨСІМДІКТЕРДІ ӨСІРУ
Латона сорты Романо сорты
Жаздық бидайды өсіру, күтіп-баптау және жинау ерешеліктері
Вегетативті көкөністерді сақтау ерекшеліктері
Май бұршақ
Қызылша зиянкестерімен күресу шаралары
Пәндер