Ауыл шаруашылығының даму процессі


Slide 1

Министерство образвания и науки Республики Казахстан Алматинский Аграрный колледж

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі.

Алматы Аграрлық колледжі

Жетекшісі : Акимжанова А. У

Пәні: Жерге орналастыру.

Орындаған: Алмас Тұңғышбаев

Тобы :Жерге орналастыру 211

Ғылыыми жұмыс

2012 ж

Тақрыбы“Ауыл шаруашылығының даму процессі”

Slide 2

Сабақтың мақсаты.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек.

Республиканың экономикалық дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола отырып, ауыл шаруашылығы зор потенциалы мен ірі резервтерімен ерекшеленеді. Қазақстанның әрқилы климат жағдайы біркелкі жылы белдеудің барлық мәдениетінің дамуына және мал шаруашылығының дамуына әсер етеді.

Қазақстан Республикасы бидай мен ұнның ірі экспортшысы болып табылады (экспортшылардың әлемдік ондығына кіреді), елдің ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы экспортында мақта (15 %) мен жүн (25%) де айтарлықтай орын алады.

Республикадағы ауылшаруашылық жерінің жалпы ауданы 222, 6 млн. га құрайды, оның ішінде 24 млн. га егістік (10, 8%), 5 млн. га шабындық жер (2, 2%), жайылымы 189 млн га. (85%) алып жатыр. Қазақстанның ауылдық жерін мекендейтін халықтың саны 7, 3 млн адам немесе елдегі жалпы халық санының 47, 2% құрайды. Ауыл экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жыл ішінде байсалды қаржы ресурстары негізінде бекітілген агроөнеркәсіптік кешен мен ауылды дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар қабылданған.

.

Slide 3

Еліміздің агроөнеркәсіптік кешені 20 жылдың ішінде дағдарыс кезеңдерін еңсере отырып, нарық қатынастарына әбден бейімделді. Бұл саладағы өнім өндіру жыл сайын артып келеді. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 1991 жылғы 77, 8 млн теңгеден 2010 жылы 1, 4 трлн теңгеге өсті. 20 жылдың ішінде 11, 5 трлн теңгенің өнімі өндірілді. ЖІӨ-дегі сала үлесі ұлғайып, 9, 6 пайызға жетті. Осы орайда әр аймақтың ауыл шаруашылығын өркендетуге қосқан үлесін атап айтуға тұрарлық

Ауыл шаруашылығының дамуы

Slide 4

Ауыл шаруашылығының 4 облыстағы көрсеткіштері

Slide 5

Ауыл шаруашылығы экономикасы - экономика ғылымының ауыл шаруашылығындағы өндірістік қарым-қатынастарды зерттейтін саласы. Қазақстанда ауыл шаруашылығымен 50 мыңнан астам фермерлік шаруашылық, 8 мыңдай ауыл шаруашылығы кооперативтері, 500 акцион. қоғам және 50-ден астам ұжымшар айналысады (1997) . Осындай шаруашылық құрылымы аймақтық ерекшеліктерді жүйелеуді, өндіріс көлемін анықтауды, шоғырландыру дәрежесін белгілеуді, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды, экономикалық көрсеткіштерді саралауды, ғылыми нәтижелер мен озық тәжірибелерді талдауды, теориялық-практикалық мәселелерді шешуді қажет етеді. Нарықтық экономика қатынастардың дамуы жаңа ауыл шаруашылығы экономикасы ғылымының алдына жаңа міндеттер қойып отыр (мысалы, жерді иеленудегі жеке меншік қатынастар т. б) .

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЭКОНОМИКАСЫ

Slide 6

Алматы облысы

Алматы облысындағы ауыл шаруа­шылығы жалпы өнімінің көлемі 20 жыл ішінде 227, 8 млрд теңгеге жетіп, 1991 жылмен салыстырғанда 69 есеге артты. Биыл 264, 8 млрд теңгенің өнімін өндіру көзделген. Облыс бойынша 1 млн 177 мың тонна көлемінде рекордтық астық жиналды. Өткен жылмен салыстырғанда, картоп, көкөніс, жеміс пен жидек егістері алқабын тамшылата суару 1, 9 есеге өсті. Сондай-ақ биыл 17 мың тонна жеміс пен көкөніс сақтайтын заманауи қойма салынды. 106 жеміс-көкөніс қоймасының сыйымдылығы 120 мың тоннаны құрады. Бүгінгі күні облыста көлемі 36 гектар аумақ­тағы 473 жылыжай бар. 19 гектар аумақта 112 жылыжайдың құрылысы жүріп жатыр. Оның жалпы көлемі 70 гектарға жеткізіледі

Slide 7

Жамбыл облысында 1992 жылы небәрі 193 шаруа қожалығы болған. Содан бері олардың саны 16 мыңнан асты. Қазір ауылшаруашылық өнімдерінің 40 пайызы солардың үлесінде. Одан басқа 100-ден астам ірі шаруа қожалықтары құрылған. Тұтас алғанда, аймақтағы ауыл шаруашылығының үлес салмағы 17, 5 па­йыз­ды құрайды. Алдағы уақытта шағын қожалықтардың басын біріктіру ісі қолға алынады. Өйткені бәсекеге қабілетті, халықаралық стандарттарға сай өнім шы­ғару­ға уақ қожалықтардың шамасы жете бермейтіні айқын. Облыс әкімшілігі ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 1994 жылы мұндағы жалпы ішкі өнім көлемі 5 млрд теңгені құраса, 2010 жылы 68, 5 млрд теңгені құрады. Алдын ала ақпар бойынша, биыл ЖІӨ көлемі жеті пайызға көбейіп, 70 млрд теңгені құрауы тиіс.

Жамбыл облысы

Slide 8

Ақмола облысы - еліміздегі ірі агроөнеркәсіптік аймақ. Мұндағы жалпы өнім бүкіл елдегі өндірілетін өнімнің 16 пайызын құрайды. Тәуелсіздік жылдары өндірілген өнім көлемі 1993 жылғы 14, 2 млрд теңгеден 2010 жылға дейін 7, 7 па­йыз­ға көбейіп, 109 млрд теңгені құрады. 1999 жылы әр гектардан 8 центнерден дәнді-дақылдар алынса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 17, 1 пайызға жетті. Биылғы жылы дәнді-дақылдардың рекордтық өнімі жиналды - 7, 5 млн т. Экспорт үлесі 4 млн тоннаға жетті. Астана қаласының айнала­сында азық-түлік белдеуін құру үшін 2008 жылдан бері ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және сақтауға ар­налған 43 инвестициялық жоба жүзеге асты. 27, 4 млрд теңгенің 27 жоба және жү­зеге асып жа­тыр.

Ақмола облысы

Slide 9

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында Үдемелі индус­трия­лық-инновациялық бағдарлама шең­бе­рінде Индустрияландыру картасына ауыл шаруашылығы бойынша 2, 5 млрд теңгенің сегіз жобасы енген. Оның жарты­сынан астамы игерілді. Бұлар - 500 сиырға арналған «Анди» сүт-тауарлы фермасы, 5 гектар жердегі «ӘлемТағам» жылыжай кешені, 8 мың тонналық үш көкөніс сақтау қоймасы және көкөніс терминалы, еділбай қойының «Еділбай-Элит» тұқымдық база­сы және т. б Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім өндіру көлемі 1995 жылғымен салыстырғанда 15, 6 есеге артты. Бәсекеге қабілетті өнім шығару және ірі қараның етін экспорт көлемін ұлғайту мақсатында «Сыбаға» республикалық бағдарламаға сәйкес, облыстағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 2383 бас мал сатып алып, міндеттемені 103, 6 пайызға орындады.

Slide 10

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысында 1991 жылы жалпы аймақтық өнім 8, 8 млрд теңгені құраса, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында бұл көрсеткіш 1270 млрд теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 7 есе артып, 153 млрд теңгеге жетті. Соңғы үш жылда 14 мыңнан астам шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Slide 11

Қостанай облысы

Қостанай облысында 1993 жылмен салыстырғанда жалпы аймақтық өнім 226 есе өсіп, жан басына шаққанда 975, 4 мың теңгені құрады. 1993 жылдан 2010 жылға дейін ауыл шаруашылығы жалпы өнімдері 112 есе өскен. Атап айтқанда, 1993 жылы 1, 9 млрд теңге болса, 2010 жылы 213, 5 млрд теңгеге жетті.

Slide 12

Оңтүстік Қазақстан облысы

Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласында соңғы жеті айдың ішінде ғана ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 68, 3 млрд теңгені құрады. Бұл - 1995-2002 жылдардағы көрсеткіш­тен жоғары. Соңғы екі жылдың ішінде су шаруашылығы нысандарын қалпына кел­тіру есебінен 77 мың г суармалы жер қол­да­нысқа енгізіліп, 9 мың жұмыс орны құ­рыл­ды. Бұл бағыттағы жұмыс әрмен қарай жалғасып, 2011 жылдың соңына қарай қалған 26, 7 мың га жер пайдалануға бері­леді. Бүгінгі күні оның 19, 1 гектары қолда­нысқа енді, 6 мың адам жұмыспен қамтыл­ды. Солтүстік Қазақстан облысында ауыл­ша­руашылық өнімі бүкіл республикалық көле­мі­нің 12 пайызын құрайды. Биылғы жылы облыс диқандары гектарынан 21 центнерден өнім жинап, 8 млн тоннадан астам астық жинады. Мал шаруашылығы да өркендеп келеді. Соңғы бес жылдың ішінде өнімділік пен сапаны арттыруға 4 млрд теңге бөлінді, асыл тұқымды мал шаруашы­лығын қолдауға 854, 4 млн теңге бөлінді.

Slide 13

Павлодар облысы

Павлодар облысында Тәуелсіздік жылдары ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге арналған 300-ден астам кәсіпорын құрылды. Осы саладағы жалпы аймақтық өнім соңғы жылдары 73 есе өсіп, 60, 7 млрд теңгені құрады. Азық-түлік өнімдері­нің өндірісі 185 есе өсті. Ақшаға шаққанда 26, 4 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі күні облыс өз тұрғындарын етпен, сүтпен, жұ­мыртқа, ұн, жарма, көкөніс пен картоп­пен қамтамасыз ете алады. Құрылым саны 618-ден 4120-ға жетті.

Slide 14

Атырау облысы


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық өнімін сапасын жақсарту проблемалары
Ауыл шаруашылығын дамыту
Ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігі
Ауыл шаруашылығының даму бағыты
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ
Жер қатынастары мен жерге орналастырудың даму кезеңдері
Мал шаруашылығының маңызы
Биотехнология және ауылшаруашылығы
Қазақстанның экономикалық картасы, Оңтүстік Қазақстан экономикалық көрсеткіштері көрсетілген таблица
Оңтүстік Қазақстан аймағының шаруашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz