Мәнерлеп оқу қабілетін дамыту
Презентация қосу
Сабақтың мақсаты:
1) М. Әуезовтың еңбегі, өмірі жайлы мағлұмат беру.
Ұлы шығарма «Абай жолы» романы арқылы қазақтың
ұлы перзенті Абайды әлемге танытқан кемеңгер
жазушы ретінде таныстыру; оқушыларға Абайдың
балалық шағынан мәлімет беру. «Бала Абай»
әңгімесінің мазмұнын түсіңдіру.
2) Оқушының сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін
дамыту. Өздігінен жұмыс істеуге, оқығаннан
қорытынды шығаруға үйрету.
3) Адамгершілікке, ғылым-білімді сүюге, өлең, әңгіме,
ертегіні саналы оқып, тындап түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабак.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай Алтынсарии, Абай
Құнанбаев, Мұхтар Әуезов суреттері, Сөзжұмбақ
«Абай», ребус, үнтаспа, «Абай жолы» романының 2
томы, Абай туралы атақты адамдардың сөздері.
Ұйымдастыру кезеңі.
Ойнап, күліп аламыз,
Оқып, білім аламыз.
Сөзжұмбақтар шешеміз,
Жетілсін деп санамыз.
(қимылмен қол соғып, екі рет қайталап, балаларды
көңілдендіріп аламын).
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Ғафу Қайырбековтың «Алғашқы қоңырау» өлеңін мәнерлеп
окыту.
Үй тапсырмасын қорыту: (Өлең кім жайлы?)
Ең алғаш қазақ даласында қоңырау соққан, мектеп ашқан
кім?
«Қазактың даласына білім келді» - дегенді қалай түсінесің?
Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгіме, өлеңдерін білесіңдер?
(Ыбырай өлеңдерінен оқушыларға жатқа айтқызу).
Ыбырай Алтынсарин туралы басқа акындар не деген?
(«Ыбырай» өлеңін айтқызу. Әбдіралиев Ж.)
мектеп ашқан
Ыбырай “қазақ
хрестоматиясын” ашқан
Алтынсарин тұңғыш ағартушы
ұстаз
аудармашы
Сөзжұмбақ “Абай”
1 1. Қадірлі жан
2 2. Үздік оқушы бағасы
3 3. Қасиетті тағам
4 4. Жылқы төлі
Абай кім? Ол кісі жайлы не білеміз? Абай Құнанбаев 1845
ж. тамыз айында қазіргі Семей облысы, Абай ауылында,
Шыңғыс тауы бауырында дүниеге келді. Әкесі —
Құнанбай, шешесі — Ұлжан, әжесі — Зере. Абай жасынан
зерек, ынталы болды. Ол ертегі, әңгіме, өлендерді тез
жаттап алатын.
Абайдың әртүрлі тақырыпта жазған көптеген влендері
бар. Өлендері жас ұрпакты адамгершілікке, ғылым —
білімді сүюге шақырады. Мысалы: «Жасымда ғылым
бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба»,
«Әсемпаз болма, әрнеге» т.б.
Абай атамыздың 160 жыл толуын еліміз кеңінен атап
өтті. Салтанаты мәжілісте ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев Ұлы Абай туралы былай деген сөздері бар:
Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамзаттың
баласы болуын армандағаны белгілі. Бұл жолғы тойдың
төріне сол көксеген мұратына жетіп, барша әлемге аса
қадірлі, сөзі өтімді, пікірі қымбат адамзат ардағы,
адамзат ақыны, адамзат ақылманы болып көтеріліп
отыр.
«Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап
тіршілігіміздің дұрыс-бұрысын сарап тай аламыз» - деген сөздері бар.
Абай тек кана өлең жазып қоймай, оған ән шығарған. Әндері ән
табиғаттың, бір әсем көрінісіне арналған. Мысалы: «Желсіз түнде жарық
ай», «Айттым сәлем Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Бойы бұғаң». Бұл
әндерін әлі күнге дейін өзіміздің эстрада әншілеріміз сахнада орындап
жүр. (Үнтаспадан «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдату).
Ал, біз үлкен ақын, жазушы, ойшыл, философ, аудармашы, әнші-
композитор Абай туралы не білеміз. Ал енді сол Абай, бала кезінде қандай
болды екен? — деген сұрақ көбіміздің көкейімізде жүрген болар.
Еңдеше балалар бүгін М. Әуезовтың «Бала Абай» деген әңгімесін окимыз.
(Дәптерлерін ашқызып ай, күнді, жаңа сабак такырыбын жаздыру).
М. Әуезов жайлы сендерге кыскаша мағлұмат бере кетейін.
М. Әуезов 1897 ж. Шығыс Қазакстан облысының Семей өңірі,
Шьщғыстау бауырыңда, ұлы Абай ауылыңда дүниеге келді. Мұхтар
атасы Әуездің тәрбиесінде болды. Кіп-кішкентай немересінің зеректігін,
алғырлығын байкаған Әуез ата Мұхтардың сауатын әліппемен емес,
Абай өлеңдерімен ашты, сөз кадірін үйретті. Бала Мұхтар Абай рухымен
ержетті. Ал кейін барлык емірін Абайға арнады. Абай арқылы әлемге
қазақ деген халық барын танытты.
М. Әуезов ұлы ақын Абайдың өздеріндей бала кезінен бастап, өмірден
кеткеніне дейінгі ғұмырын жазып шықты. Онысы «Абай жолы» романы,
эпопеясы — ғасырдын ұлы туындысы. Оны дүние жүзі халықтары оқып
«ғажап» деп таңғалысты. Романда 240 мың сөз қолданған. 20 тілге
аударылған.
Мәтінді оқып мазмұнын түсіндіру. Үш бөлікке бөлу:
1) Әжесі Зере мен шешесі Ұлжанның әңгімелері.
2) Құтты қонақтар.
3) Барлас ақынның Абайды бағалауы немесе ақын,
жыршылармен достасуы.
Абай неге үйден көп шықпайтын болды?
Абай әжесінен әңгіме тілегенін қалай біддіруші еді?
Абайға тағы кім әңгіме айтатын?
Бірде Абайлардікіне кімдер келді?
Барлас ақын Абайға неліктен ұнады?
Акын қандай жырды жырлады?
Жыр Абайға қалай әсер етті?
Қонақтарды неліктен жібергісі келмеді?
Барлас ақын Абайдың зеректігін қалай бағалады?
(тауып окыту)
V. Ой толағныс
Мәтіннен Абайдың сыртқы түрін
сипаттайтын жерін тауып оқы.
Әңгімеден Барлас ақынның бала Абайға
берген бағасын тауып оқы.
Бала Абайға мінездеме беріп көр.
Мәтіндегі нақыл сөзді тауып, дәптеріңе
жазып ал. (Шындасаң, шыңға жетерсің).
Мәтіндегі тапыс емес сөздерді жаздыру.
Қажай беруші, салғаннан, оңай шешілді,
салмақ салып (мағынасын түсіндіру).
а) Бала Абай жайлы айтайықшы.
Ерке Өнер
Ұғымтал сүйгіш
Бала
Ынталы
Абай
Қонақ
жай Зерек
Тез
жаттағыш
ә) Ребус шешу. Қыс. Күз.
Абайдың «Қыс», «Күз» өлеңдерін оқушыларға
жатқа айтқызу.
VII. Үйге тапсырма.
«Бала Абай» әңгімесін түсініп оқып,
мазмұнын әңгімелеу.
Әңгіме, ертегі, елтіп тындады, үғымтал, зерек,
ойлы-сөздерін пайдаланып, сөйлем құрап
жазып келу.
VIII.Білімдерін бағалау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz