Қауынның биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері




Презентация қосу
Жоспары
Кіріспе
Қауын – ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды,
біржылдық өсімдік. Дәрумендер мен қант құрамы бойынша
қауын тіпті қарбыздан да асып кетеді. Қауынды да жаңа
піскен күйінде жеңсік ас ретінде қолданады. Жемістері
қайта өңделген күйде кеңінен қолданылады. Қауыннан бал,
цукаттар, тосап, мармелад дайындайды. Оларды кептіреді
және қақтайды. Қақталған қауындарды «қауынқақ» деп
атайды, олар ұзақ уақыт бойы сақталады. Дәндерінен
жоғары сапалы тағамдық май өндіреді. Қауын халық
медицинасында белгілі бір мағынаға ие. Оның құрамында
фолий қышқылы болатындықтан, қан аздық ауруларында
кеңінен қолданады. Жемістерін туберкулез, бронхит,
ревматизм ауруларында қолданады және жүрек-қантамыр
ауруларында, бүйрек пен бауырдың дерттерінде қолдану
ұсынылады.
Ежелден-ақ қауын шырынын ішек құрттарына қарсы ем
ретінде, тамақ аурулары мен созылмалы жөтелге қарсы
қолданады. Құрамында қант (негізінен сахароза), белок,
клетчатка, пектин заттары, ароматтық заттар, 20 мг
пайыз С дәрумені, каротин (А провитамині) минералды
тұздар бар. Қауынды 6-7 ай сақтауға болады. Қауын
несепті көбейтіп, оны тазарта түседі. Ірің бөлінуін
тоқтатады, бүйректі қыздырып, қуық жолдарын да
тазартады, бүйректегі тасты шығарады. Нақты
деректер бойынша, біз б. 3 –мыңыншы жылдары – ақ
Ежелгі Қытай, Мысыр, Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим
көкөністер өсірумен айналысқан.
Жеміс – жидектерде де, көкөністер де дәрумендерге,
шипалық қасиетке, азық–түліктік құндылықтарға өте
бай.Ол – негізінен шырынды өнімдер, жапырақты
өсімдіктер, тамыр – жемісті өсімдіктер, баданалар, т.б.
Көкөністердің 80 тұқымдасының 600 – ден астам түрі
өсіріледі.
Өсіру технологиясы.
• Қауынға арналған жер суық желден қорғалған болуы керек. Өсімдік
органикалық заттарға бай құмды және құмайт топырақты жерлерде
жақсы өседі. Жерді егін егуден 7-10 күн бұрын дайындайды. Егілетін
аймақ 10 гектардан кем болмауы керек
• Қауын өсіруге арналған жерлерді асқабақтық өсімдіктерді өсіруге
арналған жер секілді дайындайды. Жоғары көлемде өнім жинаудың
міндетті шарттарының бірі – жерді терең жырту (немесе қазу).
Жерді тереңірек өңдеу өсімдіктің жақсы өсуі мен олардың жемісті мол
салуына мүмкіндік береді.
• Қауынды Қазақстанның оңтүстік аймағының қолайлы климаттық
жағдайында өсіреді. Тұқым отырғызуды 8 - 10 см. тереңдіктегі
топырақ 15 - 17° С –ге дейін қызған кезде сәуір айының соңына қарай
бастайды (кеш түсуі мүмкін көктемгі үсік есепке алынады). Жекелеген
кішігірім, желден жақсы қорғалған, күн түсетін учаскелерде және
аулаларда тұқым отырғызуды 5 - 6 күн ерте бастауға болады.
Ашық учаскелерде тұқым егуді кулиспен отырғызған дұрыс. Қарбыз
бен қауынды бұлай отырғызу барлық аймақтарда мол өнім алуға
мүмкіндік береді. Кулистік өсімдіктердің жұптасқан қатарын (жүгері,
қонақ жүгері) әрбір 10 - 15 м сайын басым болатын желдің бағытына
көлденең отырғызады.
Қауын өсіру үшін 2-3 жыл сақталған тұқымды пайдаланған дұрыс.
Былтырғы егіннен қалған ұрықты 2 сағат бойы 40 - 50° С. қыздырып
барып отырғызады. Егінді кеш еккен кезде оны көктетіп барып
отырғызған жөн. Ұрықты термикалық өңдеуден өткізеді. Ол үшін
ұрықтарды ыстық суға (60-65°С) 3 - 4 минутқа салады, одан кейін 3 - 4
күн бойы 25°С температурада мақталы төсеніште, ылғалды жабын
астында ұстайды. Қарбызды дәннің ұрығы пленкалы қабығынан оңай
бөлінетін болғанда, ал тұқым жарнағы оны жеңіл үйкеген кезде түсіп
қалатындай болған кезде отырғыза бастайды.
Тұқым отырғызуды ұялық тәсілмен, бір ұяшыққа 5-6 ұрықтан сала
отырып егеді. Ұяшықты сортына қарай қарбыз үшін 2 x 0,3 м. қауын
үшін 1,5 x 0,3 м. болатындай етіп отырғызады. Егу нормасы тиісінше
гектарына 4-5 және 3-4 кг. Тұқым жерді жарып шыққаннан кейін әр
ұяда тек бір ғана мықты әрі жақсы дамыған өсімдікті қалдырады.
• Нағыз егіндік жапырақтары шыққаннан кейін көшеттер
көтеріледі. Қатараралық өңдеуді кетпенмен немесе көпсіткішпен
іске асырады. Өсімдікті көпсіте отырып, оны көпсіген ылғал
топырақпен жабады.
• Кеберсіген топырақты 2-3 рет суғарады. Алғашқы суғаруды
тұқымның өсуі алдында не тұқым шыға салысымен жүзеге асырады,
екіншісін –сабақтары шыққан кезде, үшіншісін – жеміс пісуінің
алдында. Суғару жыртылған жер жанында өсіп жатқан өсімдіктер
бойынша жасалады, алайда судың көп мөлшерде болмауын қадағалау
керек.
• Қауынды ыстық күндері піскендерін іріктеп жинайды. Дақылдарды
жинауды ауа-райы суымай тұрғанға дейін аяқтайды.
• Қауындарды қолайлы жағдай жасай отырып, қоймаларда,
қораларда, гараждарда сақтауға болады.
Аналық гүл
Тегіс қауын Сегменттеліген қауын
Енді жолақты Үзік жолақты

Шимақты Нүкктелі
ДЕЛАНО F1 (Delano) РОКСОЛАНА F1 (Roxolana/686
Ерте пісетін будан (көшетпен 6ME)
отырғызғаннан кейін 53-55
күнде піседі) ананасты қауын «Колхозницаның» дәмдік
өнімділігі өте жоғары. қасиетін қайталаған ерте
пісетін қауын буданы. Жемісі
домалақ мүсінді, айқын
байқалатын торлы, салмағы
1,5-2
Орындаған:Жармухамбетұлы Е.
Аг-302

Ұқсас жұмыстар
Қауын дақылының маңызы, ерекшелігі
ҚАУЫННЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ ҚАУЫН СОРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қауынның егістіктегі алатын орны
Қауынның Қазақстанда таралған сорттары
Қауынды егістікте күту және тыңайтқышты қолдану
Шығыс ешкішөбі: биологиялық, морфологиялық ерекшеліктері, таралуы, шаруашылық маңыздылығы
Морфологиялық белгілері
КӘДІМГІ ҚЫШАБАС
Жатаған бидайық (Пырей ползучий, Elytrіgіa repens)
Алғы дақылдар
Пәндер