Канада (Canada)
Презентация қосу
Канада (Canada) -Солтүстік Америкадағы мемлекет. Британь
Ынтымағының құрамына кіреді. Солтүстік Американың солтүстік
бөлігін және Ванкувер, Короева Шарлота, Ньюфаундленд, Кейп-
Бретон, Антикости, Принс-Эдуард аралдарын, Канаданың Арктикалық
архипелагін алып жатыр. Оңтүстігінде және солтүстік-батысында
АҚШ-пен шектеседі. Солтүстігі – Солтүстік Мұзды мұхит, батысы-
Тынық мұхит, шығысы-Атлант мұхиты. Жері 9976,1 мың. км 2. Халқы
21,8 млн. Астанасы - Оттава қаласы. Әкімш. жағынан 1101
провинцияға (олар графтықтарға, округтарға ажыратылады) және 2
территорияға бөлінеді.
Мемлекеттік құрылысы. Канада-парламентті манархия, Англия
королі (королевасы) формальды мемлекет басшысы болып саналады.
Канада-Ұлыбританияның алғашқы доминиондарының бірі (1867
жылдан).
Конституциясы көптеген заңдар мен әдет-ғұрыптардан құралады. Негізгі
конституциялық заңы (Британиялық Слот. Америка туралы акт) 1867ж. Англия
парламентінде қабылданған. Азаматтық право және бостандық 1960 ж. заңмен
реттелді. Мемлекеттік құрлысы бойынша Канада-федерациясы. Мемлекет
басшысы міндетін Канаданың Премьер-министрінің ұсынысы бойынша Англия
королы 5 жылға тағайындайтын ген.-губернатор атқарады. Формальды мемлекет
басшысы болып саналғанмен, елдің саяси өмірінде ген.-губернатордың ролі мәз
емес. Жоғары заң шығарушы органы - екі палатадан құралатын парламент.
Қауымдар палатасын халық 5 жылға сайлайды. Сенат мүшелерін премьер-
министрдің ұсынысы бойынша ген.- губенатор тағайындайды. Олар 75 жасқа
жеткенге дейін сенат мүшесі болып қала береді. 21жасқа толған барлық
азаматтар сайлауға провалы. Канада үкіметі - кабинет. Ол премьер-министр және
жетекші министрліктер басшыларынан - министрлерден құралады. Премьер -
министрге өте кең өкілдіктер берілген. Ол-Қарулы Күштердің жоғарғы бас
қолбасшысы. Жоғарғы сот органы - Жоғарғы сот. Провинцияларда да жоғары
және жергілікті сот органдары құрылған. Мемлекеттік гербі мен мемлекеттік
жалауын қ. Мемлекеттік герб, мемлекеттік жалау мақалаларының таблицасы.
Табиғаты. Канада арктикалық, субарктикалық және қоңыржай
белдеулерде орналасқан. Оның батыс жағына (таулы бөлігі ) жылы
Тынық мұхит, шығысына (жазық) суық Арктика әсер етеді . Жазық
және үстіртті кепетін Канаданың орта бөлігі мен Канадалық Арктика
архипелагын Гудзон ойпаты, Лаврентий қыраты (биіктігі 1000 м),
Орталық және Ұлы жазықтар алып жатыр. Елдің батыс шеті -
Кордильер таулы жүйесі ( ең биік жері - Логан тауы, 6050 м) ,
оңтүстік - шығыс шеті –Аппалач тауының қыраттары. Геологиялық
құрылым жөнінен Канада территориясы Солтүстік Америка
платформасының құрамындағы Канада қалқанына жатады. Жері
докембреийлік, архейлік, протерозойлық және мезозойлық
жыныстардан түзілген. Пайдалы қазындылары- уран, темір рудасы ,
никель, мыс, мырыш, қорғасын, алтын , көмір, мұнай және газ.
Климаты арктикалық, субарктикалық; оңтүстігінде қоңыржай, континенттік.
Январьдың орта температурасы -35 0 С, - 300 С (солтүстігінде) және -180 С (оңтүстігінде) ,
июльдік 4-70 С (солтүстігінде ), 210 С (оңтүстігінде). Жауын- шашынның жылдық мөлшері
150 мм (солтүстігінде) - 250 мм (бат. жағында). Канаданың Арктикалық архипелагының
солтүстік-шығыс шетін және Кординльер тауын мұз басып жатады. Өзен торы жиі
келеді; олар Атлант, Солтүстік Мұзды және Тынық мұхиттар алаптарына бөлінеді. Аса
ірі өзендері - Фрейзер, Юкон, Колумбия, Макензи, Саскачеван. Барлық өзендердің
жылдық ағынының мөлшері 1207 км, гидроэнергия қоры млн. квт, оның 25 млн-ы
пайдалануда. 200-ден астам ірі көлдері бар. Жерінің ауыл шаруашылығына падаланатын
бөлігі шалғынды-қара, қара және қоңыр топырақты келеді; қалған аймақтары батпақты
тайгалық топырақты. Солтүстігі өсімдік жамалғысына өте кедей, көбіне қына, мүк қана өседі.
Орталық бөлігіне таман тундра, тайга өсімдіктері, оңтүстігінде шырша, қарағай, майқарағай,
көктерек, қылқан жапырақты ағаштар орман өседі. Орманның жалпы ауданы 440 млн. га, 240
млн-ның өндірістік маңызы бар. Жануарлар дүниесінің сипаты жөнінен Канада Неоартикалық
зогиорк. облыс құрамына жатады. Солтүстік бұғысы, мускус бұғысы, ақ аю, сусар, поляр
түлкісі, бизион, қызыл тиын, сүлеусін, таутеке кездеседі. Өзен, көлдері және теңіздердің
жағаға жақын бөліктері балыққа бай. Банф, Вуд-баффало, Глейшер, Жаспер, Йохо, Кеип-
Бретон-Хайлендс, Кутеней, Принс-Алберт, Райдинг-Маунтин т.б. табиғат қорғайтын ұлттық
парктер бар. Табиғат жағдайына байланысты Канада жері 10 табиғи ауданға бөлінеді: олар –
Арктикалық аудан, Лаврентий қыраттарының оңтүстігі, Лаврентий қыраттарының солтүстігі,
Макензи алабы, Атлант мұхиты маңы, Көл маңы, ұлы жазықтардың оңтүстігі, солтүстік
Кордильер, оңтүстік Кордильер, Тынық мұхит маңы.
Халқы. Канада тұрғындарының 2/3-сі ағылшын-канадалықтар (9млн.)
мен француз-канадалықтар (6 млн.).Ағылшын-канадалықтарға - арғы
тегі ағылшындарға, ирландиялықтарға, шотландиялықтарға, валийлерге,
немістерге, голландиялықтарға байланысты канадалықтар жатады.
Немістер (1050 мың), украиндар (473 мың), итальяндар (450 мың);
орыстар (119 мың) т.б. тұрады. 240 мыңдай үндістер (алгонкиндер,
крилер, ирокездер, атапаскалар, селиштер т.б.), 17 мыңдай эскимостар
бар.
Ресми тілі – ағылшын және француз тілдері. Еңбек етуші халық 7919
мың; оның 23,3 пайызы өңдеу өнеркәсібінің, 7,2 пайызы ауыл
шаруашылығының, 2,9 пайызы тау-кен өндірісінің, балық аулаудың, 6,2
пайызы құрылыстың, 8,9 пайызы транспорттың, байланыс
орындарының электроэнергетиканың 16,7 пайызы сауданың, 4,3 пайызы
финанс және қауіпсіздендіру орындарының, 30,5 пайызы халыққа қызмет
ету және мемлекеттік мекемелердің үлесіне тиеді. Қала халқы 70
пайыз. Ірі Қалалары (тұрғындар саны бойынша ) Мокреаль (2720),
Торонто (2610), Ванкувер (1071), Винкиленг (535), Гамильтон (496).
Экономикасы. Канада - капитализм жоғары дәрежеде дамыған,
индустриялы - аграрлы ел. Өнеркәсібінде және ауыл шаруашылығында ірі
капиталистік өндірістің үлесі басым. Канада капит. дүниеде өнеркәсіп
өнімдерін шығарудан 7-орын, ұлттық табыстың жан басына шаққандағы
мөлшері және еңбектің өнімділігі жөнінен 3-орын (АҚШ пен Швейцариядан
кейін) алады. Ол капиталистік елдер арасында никель, мырыш, күміс
рудаларын, калий тұздарын, асбест өдіру және газеттік қағаз жасау жөнінен
1-орында; алтын, платина, ниобий ,молибден рудаларын, табиғи газ, күкірт,
аллюминий өндіру, целюлоза және кесінді ағаш өнімдерін шығарудан 2-
орында; қорғасын, кобальт, магний, кадмий, уран, титан рудаларын өндіруден
3-орында. Тау-кен өнеркәсібінің 70 пайызы, өңдеу өнеркәсібінің 57 пайызы
шетел монополиясының қолында. Канададағы барлық шетел инвестиция
мөлшерінің 81 пайызы АҚШ-тың үлесіне тиеді. Канаданың басқа елдер
алдындағы борышы 1986ж. 38 млрд. канада долларына жетті, оның 4/5-ін
АҚШ-қа қарыз. Экономикасының жыл сайынғы өсу қарқыны 4,5 пайызға
тең. Басқа жоғары дамыған капиталистік елдер сияқты Канада
экономикасына да тұрақты жұмыссыздық тән. Кей кездерде экономикалық
дағдарыстар болып тұрады.
Сыртқы сауда байланысы. Сыртқы сауда айналымы жөнінен Канада капиталистік елдер арасында
6-орын алады. Экспорт құнының 2/3-сі -өндірістік шикізат, жартылай фабрикат, азық-түлік. Басқа елдерге
газет қағазы, бидай, мыс, асбет, уран, калий тұздарын шығарады. Өзі өнеркәсіп өнімдерін, көмір, кофе,
каучук, банан, какао сатып алады. Басты сыртқы сауда серіктестері*АҚШ, Ұлыбритания.Ақшасы- канада
доллары.
Канада жері табиғи және экономиялық жағдайына қарай 5 экономикалық ауданға бөлінеді:
1.Орталық аудан
2.Далалық аудан
3.Қиыр Батыс аудан
4.Атлант ауданы
5.Солтүстік Канада ауданы.
Ауыл шаруашылығы. Канаданың ауыл шаруашылығы -жоғары өнімді, механикаландырылған өндіріс.
Ауыл шаруашылығы жерін иемденуде ірі капиталистік шаруашылықтардың үлесі (3/4-і) басым. 1970 ж.
Канадада 7000 мың трактор, 200 мың комбайн, 400 мың жүк машинасы болды. Басты ауыл шаруашылық
дақылдары – бидай (егісі 7,8 млн. га, өнімі, 14,3 млн. т, 1971), сұлы (3,3 млн. га, 5,9 млн. т.), арпа (6,2 млн.
га, 14,3 млн. т.), жүгері (0,5 млн. га, 2,7 млн. т.), жемшөп (5,6 млн. га, 32,0 млн. т.). негізгі астықты
аудандары – Саскачеван, Манитоба провинциялары. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің 3/5-ін мал
шаруашылығы өндіреді, Канадада етті-сүтті ірі қара, етті-жүнді қой және етті шошқа өсіру жақсы
дамыған. 1970 жылғы мал саны (мың): мүйізді ірі қара 13,69, оның ішінде сауын сиырлар 2551, шошқа
7086, қой 1012, жылқы 324. Сүтті мал шаруашылығы мен құс өсіру - Онтарио, Квебек, Брит. Колумбиясы
провинцияларында, етті-жүнді мал өсіру Брит. Колумбиясы, Альберт провинцияларында дамыған.
Жылына елде 1 млн. т. балық ауланады.
Транспорты. Темір жолының ұзындығы 71 мың км, автомоб. жолдары – 800 мың
км. Теңіз, көл және өзен флотының сыйымдылығы 3,7 млн. брутто рег. т. (1969). Басты
порттары – Ванкувер (жүк айналымы 21,5 млн. т., 1969), Сет-Иль (17,2), Монреаль
(15,9), Тандер-Бей (12,5). Ірі авиапорттары – Монреаль, Торонто, Ванкувер, Виннипег,
Оттава.
Денсаулық сақтау ісі. 1969 ж. Канадада, әрбір 1000 адамға шаққанда, баланың
тууы 17,6, адамның өлімі 7,3, тірі туған әрбір 1000 баладан өлгені – 19,3. Ел ішінде
негізінен жүрек, қантамыр аурулары, қатерлі ісік, орталық нерв жүйесінің зақымдануы,
туберкулез, мерез, менингит сияқты аурулар көбірек таралған. Канаданың солтүстігіндегі
климаты суық, халқы сирек қоныстанған (негізінен үндістер мен эскимостар тұратын)
аудандарында құрқұлақ, психикалық аурулар, туберкулез, өкпе қабынуы, бетеге, асқазан,
ішек аурулары жиі кездеседі. Өндірістік жарақаттану өте жиі болып тұрады. Мыс., 1972
ж. Канаданың өндіріс орындарында 12 мың адам жарақаттанып, оның 5 мыңнан астамы
қаза болған. 1970 ж. Канадада 210,6 мың төсектік (1000 адамға 10 төсек) аурухана
болды. 1969 ж. 30 мың дәрігер (717 адамға 1 дәрігер), 6,5 мың тіс дәрігері, 9 мың
фармацевт, 114,6 мың медсестра жұмыс істейді.
Мед. кадрларын дайындайтын (әр түрлі ун-ттер жанынан ашылған) 15 мед. мектеп
бар. Канадада күкіртсутекпен емдейтін бальнеологиялық курорт, туберкулез ауруларын
емдейтін бірнеше санаторий бар.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz