ІШКІ СӨЛ БЕЗДЕРІ ФИЗИОЛОГИЯСЫ




Презентация қосу
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ІШКІ СӨЛ БЕЗДЕРІ
ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Алматы 2011 жыл
«Ішкі сөл бездерінің физиологиясы»
Мазмұны
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Ішкі секреция бездері;
ә) Организмдегі физиологиялық процесстерді
реттеудегі ішкі сөл бездерінің маңызы ;
б) Ішкі сөл бездерін зерттеу әдістері;
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Қолдынылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Адам денесіндегі көптеген клеткалар (жалпы саны 100
триллионнан астам) арнаулы тканьдер, мүшелер және
жүйкелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және
сыртқы ортамен өте күрделі қарым қатынасы жүйке
және гуморальды реттелуі арқылы іске асады.
Функциялардың гумарольды реттелуінде маңызды
рөлді ішкі сөлініс бездері,- яғни эндокриндік бездер
атқарады. Олар организмнің ішкі ортасына арнаулы
биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі
секреция бездері жасап шығарған заттар гормон деп
атауға ие болады. Ішкі секреция бездеріне гипофиз,
эпифиз, қалқанша, қалқаншасерік бездері, айырша без,
бүйрек үсті,ұйқы және жыныс бездері жатады. Соңғы
екеуі аралас секрециялы бездер. Ішкі секреция
бездерімен гипоталамус құрылымымен және қызметіне
тікелей байланысты болады.
Гормондар үш класқа бөлінеді:

Белоктық- пептидты қосылымдар (инсулин,
глюкагон, срматотропин т.б.);
Стероидтар (бүйрекүсті безі қабығының және
жыныс бездері гормондары);
Амин қышқылдарының туындылары (тироксин,
катехоламиндер - адреналин, норадреналин).
Гормондардың биосинтезі арнайы
эндокриндік клеткалардың генетикалық
аппаратында жоспарланған, сондықтан ішкі
сөлініс бездерінің әрқайсысы тек белгілі бір
гормондарды жасап шығарады.
Гормондардың физиологиялық қасиеттері:
Гормондар қашықтан әсер етеді.
Гормондар организм қызметін гуморальдық реттеуде
аралық роль атқарады.
Гормондардың арнайы әсері бар.
Барлық гормондардың биологиялық белсенділігі жоғары
болады.
Гормондар өте тез, бірақ қысқа мерзімде әсер етеді.
Барлық гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана
емес, олардың құрылымдарына да әсер етеді.
Гормондар ферменттер қатарына жатпайды, яғни олар
клетка жоқ ортада жүретін химиялық процестерге арнайы
әсер етпейді.
Гормондардың әсер ету жолдары:
Гормондардың тканьдер мен ағзаларға тікелей
әсері.
Гормондар ағзалардың қызметіне тікелей ғана әсер
етіп қоймай, олардың қан тамырлары мен
тканьдердің әртүрлі хеморецепторларын
тітіркендіре отырып, рефлекстік жолмен де әсер
етеді.
Гормондардың әсер етуінің үшінші механизмі
орталық жүйке жүйесі арқылы орындалуы.
Кейбір жағдайларда гормондардың шартты-
рефлекстік әсерін байқауға болады.
Гипофиз
Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан,салмағы 0,5 – 0,6 г, алдыңғы,
ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады.Алдыңғысы – аденогипофиз, ортаңғысы –
меланогепофиз, артқы бөлігі - нейрогипофиз деп аталады. Құрылысы және қызметі
жағынан олар әртүрлі, сондықтан олардың әр қайсысын бөлек без деуге де болар еді.
Адам және жануарлар тірлігі үщін қай бездің қандай маңызы бар екенін білу мақсатымен
зерттелетін безді сылып алып тастайды (экстрипация). Гипофизді алып тастаса
(гипофизэктомия) өсімтал жас бала өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек
адамның безін алып тастаса, жыныстық шабыты төмендейді. Белок, май, көмірсу алмасуы
бұзылады, қалқанша без бүйрекүсті бездер кішірейеді, қызметі нашарлайды. Несеп
бөлінуінде тәуліктік диурез күшейеді, шыжыңдық белгілері пайда болады. Сырттан тиетін
зиянды әсерлерге деген төзімділігі кемиді. Осы айтылғандардың бәрі гипофиздің гормон
шығару қызметінің нашарлауының (гипосекретция) салдары. Гипофиздің қызметі күшейсе
,(гиперсекретция) мұндай өзгерістердің сипаты қарама қарсы.
Гипофиздің алдынғы бөлімі – аденогипофиз үш түрлі, атап айтқанда,
ацедофилдік,базофилдік және хромофобтық клеткалардан тұрады. Сонғылары-бас
клеткалары осы бас клеткалардан дамиды. Бастапқы аталған екі клетка бүйрек үстіндегі
бездердің қызметін күшейтіп ,құрылымдық сипатын жақсартады.Гипофизде соматроптық
СТГ (соматотропин),тиреотроптық ТТГ (тиреотропин), аденокортикотроптық АКТГ
(аденокортикотропин), гонадотроптық ГТГ (гонадотропин),фоллитропин ФСГ,
лютеиндейтін ЛСГ, лютропин, пролактин гормондары түзіледі.
Гипофиз
Гипофиз
Гормондардың физиологиялық әсері
Соматотропин жәй белок ацидофилдік клеткаларда түзіледі,денеде биосинтезді
күшейтеді, барлық органикалық заттардың алмасуына,минералдық алмасуға
әсер етеді , әсіресе белок түзілуін , айталық РНҚ,синтездік қасиетін
күшейтеді,аминқышқылдардың қаннан ткань клеткаларына өтуін ,сіңуін
тездетеде,сөйтіп клнткалар мен тканьдердің өсіп дамуын қамтамасыз етеді.
Гормон сондай ақ азот тепе теңдігін өзгертіп денеде азот көбейеді,кальций
фосфат,натрий тұздарының сақталуына себепкер, бүйрек тканінің өсіп дамуын
қатаюын тездетеді. Коллагендер түзілуін де үдетуі мүмкін.
Соматотропин гликогеннің ыдырауын гликогенолиз, глюконеогенез процестерін
тездетеді. Сондықтан СТГ гормоны шектен тыс көп шығатын болса қанда
глюкоза, қант деңгейі жоғарлайды гипергликемия. Бұл көбінесе гипофиздік
диабет ауруына тән. СТГ липоидтар мен май ыдырауын әсіресе бауырда бета –
тотығуын күшейтеді, қанда кетоденелерді көбейтеді де, бұл өнімдердің дене
еттеріне сіңуін үдетеді, сөйтіп сан еттерінің тонусын, күшін өсіреді. Осы айтылған
әсерлерді жүзеге асыру үшін денеде СТГ ғана емес басқа бездердің гормондары
да әсіресе глюкокортикоидтар, тироксин және инсулин жеткілікті болуға тиіс.
СТГ әдеттегіден аз түзілетін болса адамның бойы өспей қалады, ол тіпті бір
метрден аспауы мүмкін. Мұндай адамды гипофиздік ергежейлі дейді.
Ергежейлінің дене бітімі дұрыс қалыптасқан: бастың көлемі, аяқ- қолдың, кеуде-
көкіректің ұзындық өлшемдері бір- біріне сәйкес болады, жыныс мүшелері
өспейді, жыныс белгілері айқын емес, жетілмеген. Мұндай адам індет ауруларға
төтеп бере алмайды, көбінесе оның ғұмыры қысқа болады.
СТГ шектен тыс көп болса, адамның бойы тез өсіп 240-250 смге, ал салмағы
150 кг дейін жетуі мүмкін. Оны гипофизралық дейді алып гигант дейді.
Өсуі тоқтаған ересек адамда СТГ гиперсекрециясы акромегалия дертіне әкеліп
соғады. Адам денсінің өсіңкі, шығыңқы жерлері ( иегі, мұрны, ерні, жағы,
маңдай төмпешіктері, бармақтары) өседі, гипофизбен қызметтес бездердің
жұмысы өзгереді. Мәселен, жыныс бездерінің қызметі нашарлап, ұйқы безінің
инсулин бөліп шығару қабілеті төмендеуі мүмкін. СТГ үзілместен өмір бойы
шығарылады Бұл процессті гипоталамус реттеп отырады. Пролактин, лактоген
гормоны ацидофилдік клеткаларда түзіледі, емшекте сүт түзіліуін, оның сыртқа
Қалқанша без
Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан қалқанша
без( glandula thyroidea)- біршама ірі без. Ересектердің қалқанша безінің
салмағы 20-30 гр. Балаларда (2 жасқа дейінгі )- 1,5-2 г. қартайған шақта,
басқа да ішкі сөлініс бездері секілді, оның салма,ы кішірейеді. Қалқанша без
тіні дәнекер тіннің жұқа қабаттарымен қоршалған көлемі 25-200 мкм
болатын фолликулалардан тұрады. Оның эпителий жасушалары құрамында
йод бар гормондар түзеді. Бұлар трийодтиронин(T3) және тетрайодтиронин
(T4) немесе тироксин. Олар белокпен қосылып, йодтиреоглубулин деген
тұтқыр коллоидты зат түзеді. Ол зат фолликулада көпке дейін сақталады.
Кейін керек кезде коллоидты заттан гормондар бөлініп қанға өтеді.
Эпителийлі беткей тіндерінде протоеаздардың әсерінен йодтиреоглубулин
ыдырыйды, белсенді гормон босатылады. Қан плазмасында гормондар
альбумин және глубулинмен қосылады, ал нысаналарда бұл комплекстер
ыдырап, тироксин мен трийодтирониндерді босатады. Бұл гормондардың
жасалуына аминқышқылдар, тирозин және йод қажет
Қалқанша безінің қызметі
Қалқанша без қанмен өте жақсы қамтамасыз етіледі. Мұндағы қан ағысының минуттық
мөлшері бездің өз көлемінен 3-7 есе көп. Қанның мөлшері жағынан ол организмде бірінші
орын алады. Бұл оның ішкі секрециялық қызметінің белсенділігін көрсетеді. Қалқанша без
жүйке талшықтарымен торланған, оның жүйке қызметінің реттелуі симпатикалық,
парасимпатикалықжіне денелік жүйкелер арқылы жүзеге асырылады

Қалқанша без гормондары жүрек қызметін жоғарлатады. Олар орталық жүйке жүйесінің
дамуына және қызметіне елеулі әсер етеді. Иттердің безін алып тастағаннан кейін, оларда
шартты рефлекстердің қалыптасуы өте қиын болады. Қалыптасқан шарты рефлекс келесі
күні жойылып кетеді де, оны жаңадан қалыптастыруға тура келеді. Ал без қызметінің
жоғарлауынан орталық жүйке жүйесінде қозу тежелуден басым болады. Бұл – гипертиреоз
кезінде аурулардың өте эмоциялы болуының себептері. Қалқанша без қызметінің
бұзылуынан зейінінің бірқатар көрсеткіштері өзгереді

Қалқанша безінің сөл бөліну қызметінің гипо- немесе гиперсөлініс жағдайларында түрлі
бұзылулар салдарынан әртүрлі патологиялық жағдайлар және аурулар туады.
Гипертиреоз, әсіресе Базед ауруы немесе табиғаты басқаша тиреотоксикоз кезіндегі
патологияның мынадай өзіне тән белгілері байқалады. Без көлемінің ұлғаюы( зоб),
тахикардия ( жүрек соғуы жиіленуі), көздің шарасынан шығуы ( эезофтальм), зат
алмасудың елеулі жоғарылауы және осымен байланысты организмнің көптеген
вегетативтік қызметтерінің бұзылуы.
Қалқансерік бездер

Қалқансерік бездер (glandula parathyroidea) аса үлкен емес эпителилі
құрылым,саны 2-6,салмағы 20-50 мг.Әдетте олар қалқанша безінің артқы
жағында,жоғарғы және төменгі ұштарында жұптап орналасқан.Бездер өте
жақсы тамырланған.Қан мен лимфа тамырларының бойымен оларға
симпатикалық және парасимпатикалық жүйке талшықтары енеді.
Қалқансерік безінің гормоны паратгармон деп
аталады.Паратиреоидэктомия - қалқансерік бездерін алып тастаудың
салдарынан пайда болған өзгерісті иттерден айқын көруге
болады.Бездерді алып тастағаннан кейін,алғашқы күндері тәбеті
төмендеп, қатты шөлдеу сезімі пайда болғанын байқауға
болады.Операциядан кейін 1-3 күн өткен соң, әуелі кейбір жеке
бұлшықеттер тартылып, одан соң жалпы дененің барлық
бұлшықеттерінің ұзақ уақыт тартылуының дайындығы басталады.Оны
паратиреоидты тетания деп аталады.
Арқа мен мойын еттері дененің алдыңғы жағындағы бұлшықеттерге
қарағанда күштірек болғандықтан,жануарлар басын артқа қарай
тартады.(опистотонус )
Кейбір бірыңғай салалы және көлденең жолақты еттердің кернеуі
жоғарылап жиырылуы, тыныс алу бұлшықеттері, қарынның төменгі
жағындағы 12 – елі ішекпен жалғасқан бөліміндегі еттері жұтқыншақ
және басқада да бұлшықеттердің ұзақ уақыт күшті түйілуі пайда болады.
Айырша без
Айырша без- көптеген бөлікшелерден тұратын қос без. Төстің
ішкі бетінде жүрек ұясыныі(ортаңғы қабырғаның). Астыңғы
жағы жүрек қабы – педикардпен, артқы жағы ірі қан
тамырларымен шектескен.Айырша безін көзбен көріп, қолмен
ұстау қиын сондықтан ол ойдағыдай зерттелмеген. Без екі –
қабық және ми қабаттардан тұрады. Онда екі түрлі клетка бар-
лимфоид клетка(ұсақ микроциттер) негізінен қабық қабатта,
торлық клетка астыңғы қабатта орналасқан. Олар бірігіп
селдір торға айналады, торда лимфоциттер орналасады.
Ғылыми деректерге қарағанда өсу барысында атап айтқанда
жеткіншек жасқа келіп, жыныс жетіле бастаған кезде айырша
без ұлғаяды. Жыныс жетіліп болған соң, ол кері
дамиды(инволюция) құрамында безді құрылымдар азаяды да,
олардың орнын дәнекер ткань басады.
Айырша без қызметі
• Тәжірибе жүзінде алынған деректерге жүгінсек айырша без жыныс бездерінің дамуын тежейді. Айырша
безі алып тасталған не шала жетілген жас малдың жынысы тез, мерзімінен бұрын жетіледі, ондай мал
өспей қалады,өссе де баяу өседі.
• Айырша без қызметі жағынан жыныс бездерімен қатар басқа да бездермен тығыз байланысты.Мысалы:
Бүйрек үсті безін алып тастағанда айырша безде инволюция болмайды.
Демек айырша без бен бүйрекүсті без де қызметі жағынан тығыз байланысты, байланыс сипаты көбіне
қарама қарсы.
• Айырша без денеде кальций алмасуын реттеуге қатысады , жануар денесіне инемен айыіырша без
сығындысы енгізілсе, сүйек тканінде көп мөлшерде кальций жинала бастайды, оның есесіне кальций
қанда азая түседі.Айырша безді алып тастаса кері әсер туады, яғни кальций сүйекте азаяды да, қанда
көбейеді
• Айырша без денеде стеройдтар, нуклеин қышқылдары С витамині, алмасуын реттеуге қатысады.
• Түбегейлі зерттеулерге қарағанда айырша без адам(жануар) денесінде жүріп жатқан иммундық,
қорғаныс,бейімделу реакцияларына да қатысады..
Мысалы жаңа туған жануардың айырша безін алып тастаса ол өспейді, және арықтайды. Айырша безін алып
тастаған жануар лимфоциттерінде иммунды дене түзілу қабілеті төмендеп кетеді.
Кейбір қолайсыз факторлардың( жұқпалы ауруға шалдығу,қатты тоңып шашырау,оттегі жетіспеуі, т.б.)
әсерінен айырша без қызметі нашарлап кетсе, қан құрамындағы лимфоциттер саны азаяды, уақытша сөл
түйіндері мен бездің көлемі кішірейеді.
Сонымен айырша без өсу процесіне қатысады, лимфоцит түзілуін үдетіп, антидене қалыптасуын
жеделдетеді.Демек, ол денеде иммунобиологиялық қорғаныс реакцияларын тудыруда үлкен роль атқарады.
Сонымен қатар жыныс бездері қызметін тежейді, яғни адамның жынысын жетілдіру процесіне ықпал етеді.
Айырша без сығындысы: тимозин
А) Лейкоциттердің фагоциттік қызметін жақсартады;
Ә) Гормон бөлініп шығуын үдетеді;
Б) Иммундық қабілеті бар лимфоциттердің түзілуіне септігін тигізеді.(Т-лимфоциттер).
Айырша безі
Ұйқы безі
Ұйқы безі аралас сөл бездеріне жатады. Ол әрі ішкі, әрі сыртқы сөл қызметін
атқарады. Сыртқы сөл қызметіне ас қорыту сөлін өндіру жатады. Ішкі сөл
қызметін Лангеранс арлшықтары атқарады. Лангеранс аралшықтары негізінен
ұйқы безінің үш жағында және аздап басқа бөлімдерінде орналасқан ерекше
ткань. Аралшық клеткалардың тканьдерінде өзектері болмайды. Аралшық
тканьдерінің салмағы аз болғанымен организмнің тіршілігіне өте қажетті. Оның
гипофункциясы қантты диабет ауруын тудырады.
Инсулин гормонының физиологиялық маңызы:
• Бауырдың гликоген түзу қызметін күшейтеді, бұлшықеттерде қордың жиналуын
арттырады;
• Клеткалардың қантты пайдалануына әсер етеді;
• Көмірсулардың майға айналуына әсер етеді,
• Гликонеогенезді, яғни май мен белоктан көмірсулардың пайда болуын тежейді.
Инсулиннің әсер ету механизмі: басқа да гормондар тәрізді инсулин организмде
тікелей әсерр етеді. Жеке кесіп алынған бауырдан инсулинді айдаса гликоген
пайда болады.
Бүйрекүсті безі
Бүйрекүсті бездері бүйректің жоғарғы жағында
орналасқан. Олардың салмақтары 6-12г. Әрқайсысы
қыртысты және милы қабаттардан тұрады. Қыртысты
қабат без салмағыныңбестен төрт бөлігін, милы қабаты
бестен бір бөлігін алып жатыр.
Милы және қыртысты қабаттардың шығу тегі, құрылысы
және қызметі жағынан әртүрлі. Олардың қанмен
қамтамасыздануы ерекше.
Бүйрекүсті бездерінің салмағы аз болғанымен тіршілік
маңызы өте зор.
Ұйқы безі
Жыныс бездері
® Жыныс бездері – гонадалар (грекше «gone» – пайда
болу, «aden» – без) аралас сөлініс бездері болып
есептеледі. Олардың сыртқы секрециялық қызметі –
жыныс клеткаларын (гаметоциттерді) жасау және
шығару. Аталық организмдегі ұрық жолында
сперматозоидтар, ал аналық организмдегі аналық
безде жұмыртқа клеткалары пісіп жетіледі. Демек,
жыныс бездерінің негізгі қызметтерінің бірі – көбею
немесе репродуктивтік қызметі. Сонымен қатар, бұдан
кем түспейтін эндокриндік қызмет атқарады. Зат
алмасу, көбею жыныс белгілерін ажыратуынан
(диференция) бастап, ұрықтың пайда болып, дамып,
тууына дейінгі көптеген процесстерді реттейтін
жыныс гормондарын бөліп шығарады.
Жыныс бездері
Аталық жыныс бездері

♂ Аталық жыныс гормондары ұрық жолының
интерстициалды тканьдерінің ерекше – Лейдиг
клеткаларынан жасалады. Бұл гормондар
андрогенді деп аталады (грекше «andros» – еркек).
Нағыз еркек жыныс гормоны – тестостерон.
Бұдан басқа да бұған қарағанда белсенділігі сәл
төмен гормондар бар – андростерон,
эпитестостерон. Андрогенді гормондармен
қатар, ұрық жолында аздап аналық жыныс
гормоны – эстероген де түзіліп, бөлініп
шығарылады.
Аталық жыныс безі
Аналық жыныс бездері
♀ Жыныс жұмыртқаларының негізгі құрылымы –
фолликулалар, оның ішінде жұмыртқа клеткасы
пісіп жетіледі. Пісіп жетілген фолликулада
граафты көпіршік деп атайды. Ол жарылғанда,
одан жұмыртқа клеткасы шығады. Бұл – овуляция
деп аталады.
♀ Жұмыртқа клеткасы → жұмыртқа жолы → жатыр
түтігі → жатыр (ұрықтанғаннан кейін түседі).
♀ Овуляциядан кейін фолликула клеткалары
қабырғасында сары пигмент жиналып, сары дене
түзіледі. Ұрықтанғанда сары дене ұзақ уақыт
болады. Оны жүктіліктің сары денесі деп атайды.
Аналық жыныс безі
Жұмыртқа клеткасы пісіп жетілген
кезеңде фолликула – эстроген гормонын
бөліп шығарады. Бұл гормондарға
эстродиол және белсенділігі сәл төмен
эстрон, эстриол жатады. Сол жерде аздап
тестостерон жасалады. Жыныс
жұмыртқасының сары денесінде
гестогендер жасалады. Сары дененің
негізгі гормоны прогестерон.
Эпифиз

(пинеальды без)
Эпифиз жеткіліксіз зерттелген безге жатады. Төменгі
сатыдағы жануарларда (кесіртке, сүйекті амфибия,
қосмекенділер)эпифиз бастың төбе аймағында орналасқан.
Оның үстінде тек жұқа дәнекер тканьмен жабылған тесік
болады. Рецепторлық қызмет атқаруына байланысты оны
төбе көзі деп атайды. Сүтқоректілердің эпифизі орта мидың
сыртқы бөлімінде 4 төмпешіктің жоғарғы аралығындағы
тереңдікте орналасқан. Бездің салмағы 100-180 мг.Эпифиз
бірнеше биологиялық белсенді заттар – мелатонин,
серотонин,адреналин, гистамин т.б. бөледі.Олардың ішінде
әсіресе мелатонин күшті әсер етеді.

Ұқсас жұмыстар
Аталық жыныс безі
Асқорыту бездерінің гормондары
Ас қорыту бездерінің физиологиясы
Ішкі сөлініс бездерінің гормондары
Эндокринді және эндокринді емес функциялары бар ағзалардың физиологиясы және олардың организм жұмысына әсері
Эндокринді жүйе гормондары
Қалқанша маңы безі
Аталық малдың жыныстық ағзаларының атқаратын қызметі
Сыртқа шығару физиологиясы
Қарын - іші қуыс қалың бұлшықетті мүше
Пәндер