Өсімдіктерді қорғауға арналған машиналар
Презентация қосу
Жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктердің де
ергежейлі өте майдалары мен алыптары
бар. Мысалы, тұщы сулардың бетінде
қалқып жүріп тіршілік ететін
көпжылдық кіші балдыршөптің жапырақ
тақтасының диаметрі 5-10 мм болса, су
өсімдігі вольфияның жапырақ тақтасы 1-
1,5 мм-дей ғана. Бұларға қарама-қарсы
құрлық өсімдіктерінің ішіндегі ірісі —
секвойядеңдронның биіктігі 100 м-ден
асса, діңінің диаметрі 10 м-ге жетеді.
Өсімдіктердің мұндай алуан түрлілігі
өте ұзақ әрі күрделі эволюциялық даму
барысыңда үнемі өзгеріске түсуден және
орта жағдайларына бейімделуден болса
керек.
Ғылыми деректерге сүйенсек тіршілік
алдымен суы бар ортада — дүниежүзілік
мұхиттарда пайда болған. Олар:
тіршіліктің қарапайым формалары
клеткаланбаған, «ядросыздар», сол
сияқты ядролылар - бір клеткалылар
және колониялылар. Бұлардан кейін
құрылымы едәуір күрделі көп
клеткалылар пайда болды.
Өсімдіктер әлемі әр түрлі ортада тіршілік етуге
бейімделген басқа тірі организмдер сияқты
тіршілік-тынысы, пішіні, көлемі жағынан алуан
түрлі. Өсімдіктер шөлдерде, ағысы қатты
өзендердің, теңіздер мен мұхиттардың түбінде, сол
сияқты биік таулардың қар жамылғысы
белдеулерінде де өсе алады. Бұлардың
әрқайсысының өзіне тән тіршілік нысаны бар.
Өсімдіктер көлемі жағынан да әр түрлі. Ең майда
тірі организмдерге вирустар мен фагтар жатады.
Оларды 100-300 мың және одан да артық есе
үлкейтіп көрсететін электрондық микроскоп арқылы
ғана көруге болады. Таяқша тәрізді бактериялардың
кейбіреулерінің ұзындығы 1-10 мкм ені 0,2-1 мкм (1
мкм – 10-6м). Темекіде теңбіл (мозайка) ауруын
туғызатын вирустың ұзындығы орташа есеппен 300
нм (1 нм -10-9 м), ені 15 нм. Ал бактериофагтардың
көлемі 50-100 нм аралығында.
Тыңайту
жүйесі
Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер бір
орында бірнеше жыл бойы өсірілгенде
топырақта гектарына 150 – 300 кг азот
жиналады. Жоңышқаның бір тонна шөбінің
құрамында 25 кг азот, 4,9 кг фосфор, 35 кг
калий болады. Көп жылдық бұршақ тұқымдас
шөптер топырақта фосфор мен калийдің мол
болуын қалайды. Ал азот оларға өте аз
мөлшерде қажет болады.
Жалпы жоңышқа калий элементін жақсы
көретін өсімдік. Гектарына 60кг есебінде
калий қолдану өнімді 8 – 11% ке
арттырады. Калийдің жылдық мөлшері 100 –
270 кг/га аралыыығында болуы керек.
Фосфор мен калийдің жылдық мөлшерін
сүдігер жыртар алдында береді. Екінші
және үшінші жыл өсіп тұрған көпжылдық
бұршақ тұқымдас шөптерге фосфор мен
калий тыңайтқыштарын қолданудың қажеті
жоқ. Тұқымды себу кезінде гектарына 20 –
30 кг фосфор тыкңайтқышын пайдаланудың
маңызы зор, өйткені ол өсімдік тамырының
тез өсуіне, тереңдеуіне көмектеседі.
Жердің даму тарихын бес эраға бөлу
қабылданған. Олар: архей, протерозой,
палеозой, мезозой, кайнозой. Өз ретінде әрбір
эра геологиялық кезендерге бөлінеді және
олардың, әрқайсысы біздің планетамызды
мекен еткең өсімдіктердің, жануарлардың
тасқа айналған қалдықтарымен, шөгінді тау
жыныстарымен сипатталады. Осы
мәліметтерге сүйене отырып жүргізілген
зерттеулер нәтижесінде тірі табиғат әлемінің
дамуы туралы көріністі анықтауға, сондай-
ақ кейбір жер бетінен жоқ болып кеткен
жануарлар мен өсімдіктердің құрылыс
ерекшеліктерін білуге мүмкіндік туды. Жер
бетінде алғашқы өсімдіктердің қашан пайда
болғаны әзірше беймәлім. Мұньң өзі көне
заман өсімдіктері құрылысының
қарапайымдылығынан, олардың тасқа
айналған қалдықтарының біздін дәуірімізге
жете алмай құрып кетуінен деп түсіңдіріледі.
Біздің планетамызда тіршілік бұдан 3,5
млрд. жылдай бұрын архей эрасында пайда
болған. Архей тау жыныстарынан
бактериялар мен балдырлардың тіршілік
өнімдерінің табылуы осының дәлелі.
Бұған дейінгі катархей эрасында (шамамен
4,5 млрд. жыл бұрын) дүние жүзінде
физикалық-химиялық процестер жүріп,
тіршіліктің пайда болуына қажетті орта
жағдайлары қалыптасты.
Өсімдіктерді қорғау
Қорық ұйымдастыру ісіне біздің республикамызда соңғы жылдары көп көңіл
бөліне бастады. Қазірдің өзінде 9 мемлекеттік қорық, 5 ұлттық парк, 17
ботаникалық, 40 зоологиялық 2 ботаникалық-геологиялық қорық қорлар
құрылған. Алматы, Шымкент, Қарағанды, т.б. ірі қалаларда ботаникалық
бақтар жұмыс істейді. Осының бәрі сиреп бара жатқан өсімдіктерді қалпына
келтіру жұмыстарымен айналысады. Орман мен өсімдіктерді қорғау
ересектермен қатар мектеп оқушыларының да міндеті. Көптеген аймақтарда
жастардың белсенділігін арттыру мақсатымен "Жас орманшылар", "Жасыл
патрульшілер", "Жас экологтер", "Жас патурадистер" атты үйірмелер
ұйымдастырылған. Олар - едіміздегі орман шаруашылығыны? белді
көмекшілері.
Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз
дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар кебінесе Ілс Алатауы, Жонғар Алатауы,
Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе
алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз,
бәйшешек, тартар жапырақ, түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ
тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр, т.б. өсімдіктер медицинада
кеңінен қолданылады. Мәселен, Шымкент қаласында осындай дәрілік
өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын формоцевтік зауыт жұмыс істейді.
Гүлденсе ауыл,гүлденеміз
бәріміз!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz