Күздік бидайды қарқынды технологиямен өсірудегі негізгі элементтердің алатын орны




Презентация қосу
1-тәжірибе
Күздік бидайды қарқынды технологиямен өсірудегі негізгі
элементтердің алатын орны
Тыңайтқыш беру
Күздік бидайдың түпену кезеңі аяқталып,
сабақтану кезеңі басталған кезде көптеп
сіңіреді. Күздік бидай өсе бастаған кезде
топырақта азот аз болса алынатын өнім
кемиді, ал дән толар кезінде азоттан
тапшылық көрсе астықтың сапасы
төмендейді, белоктың мөлшері азаяды.
Фосфорды күздік бидай өркені жер бетіне
шыға бастағаннан гүлдену кезеңіне дейін
өсіреді. Фосфор күздік бидайдың тамырының
жылдам өсуіне және тез пісуіне әсерін
тигізеді.
Калийді бидай өніп жер бетіне шыға
бастағаннан бас тартқанға дейін сіңіреді. Бұл
қоректік заттың да өсімдік өмірінде маңызы
зор. Біздің республикамыздың топырағы
калийге өте бай болғандықтан дақылға көбіне
бұл тыңайтқыш берілмейді.

Азот тыңайтқышына дейін Азот тыңайтқышынан кейін
Жер өңдеу
• Күздік бидайға жерді дайындау жүйесі алғы дақылға байланысты өзгеріп отырады.
Дақыл егілетін қара парды өңдеуді алғы дақыл орынып алғаннан кейін дереу сыдыры
жыртудан бастайды. Шамамен екі апта өткеннен кейін бұл жерді терең етіп аудара
жыртады. Жыртылғаг жер біртегіс, майда ірі кесексіз болуы тиіс. Сонда ғана
топырақта ылғал жақсы сақталады.
• Көктемде парды тырмалайды. Содан кейін жер бетіне арам шөптер шыққан сайын
культивация жүргізіп тұруы керек. Бірінші 10-12 см тереңдікке, келесі
культивациялардың тереңдігін бірте-бірте азайтып, соңғысын 4-6 см тереңдікке
жүргізеді. Жаз бойы ауа-райына байланысты 3-5 рет культивация жасалады.
Қазақтың ғылыми зерттеу егіншілік институтының деректеріне қарағанда танапта
арам шөптер болмаса сапалы өңделіп тұрған парда көктемгі ылғалдың 50 %-дан көбі
күздік бидай егілетін кезге дейін сақталады екен.
• Егер күздік бидай масақты дақылдардан кейін егілетін болса танапты тездеп
сабаннан жыртқыштармен өңделеді. Сабан тасылған соң дереу жер дискілі сыдыра
жыртқыштармен өңделеді. Бұл сыдыра жырту кезеңінде арам шөптердің тұқымы
жерге сіңіріледі, тұқым беріп үлгермеген арам шөптер жойылады, жер беті қопсып,
топырақтағы ылғалдың булануы азаяды.
• Күздік бидай отамалы дақылдардан (қант қызылшасы, жүгері және т.б.) кейін
себілетін болса, тереңдеп аудара жыртудың қажеті жоқ. Егер аймақта жер эрозиясы
болса, соқаның орнына жайдақ жыртқыштар қолданылады. Бұл жағдайда күздік
бидай аңызға бірден себуге бейімдеоген арнаулы СЗС-2,1 маркалы сеялкамен
себіледі.
Тұқымды дайындау және себу.
• Интенсивті тәсілмен себу кезінде тек өте сапалы бірінші класты тұқым
қолданылады. Қаракүйе, тамыршірігі ауруларымен күресу үшін төмендегі
препараттардың бірін қолдану керек: 1 т тұқымға фунзоланың 2-3 кг,
витовакстың 2,5-3 кг, ТМД-ның 1,5-2, гранозаның 1-2 кг кетеді.
• Күздік бидайдың жақсы қыстап шығуына оның себу мерзімі қатты әсер етеді.
Суықтың әртүрлі мерзімде түсуіне байланысты әр жерде себудің календарлық
мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Күздік бидай суық түсерден 50 күн бұрын
себілуі тиіс. Сонда ғага ол суық түскенге дейін түптену фазасынан асып кетсе
де, не жетпей қалса да аман шығуы мүмкіндігі азаяды.
• Себудің ең ыңғайлы Алматы, Талдықорған облыстары үшін қыркүйек айының
1-20 жұлдызы, Оңтүстік Қазақстан облысы үшін қазақ айының бірінші
жартысы болып есептеледі.
• Күздік бидайды әртүрлі тәсілмен себуге болады: кәдімгі қатарлы әдіспен
(қатар аралығы 15 см), тар қатарлы әдіспен (қатар аралығы 7,5 см) және
тоғыспады әдіспен. Мұның ішінде ең көп тарағаны кәдімгі қатарлы әдіс.
Егінді күтіп баптау және жинау
• Күздік бидай егілетін республикамыздың және оңтүстік-шығыс аймақтарында
тамыз, қыркүйек айларында жауын-шашын өте аз жауады. Сондықтан күздік
бидай себіле салысымен танап ауыр тығыздатқыштармен өңделеді, тұқым
топырақпен жанасуы жақсарған сайын оның тездеп топырақтағы бар ылғалды
тез сіңіріп, бірден өркен беруіне мүмкіндік туады.
• Егер күздік бидай кеш себіліп, көктемде түптену фазасына жетпесе, не
әртүрлі себептермен тамырлары жер бетіне шығып тұрса, онда тырмалауға
болмайды.
• Егер егістіктің ішінде қос жарнақты арамшөптер көп болса, танапта 2,4 Д
гербицидтердің туындылары қолданылады. Бұл гербицидтер күздік бидайдың
түптену фазасына берілуі керек. Гербицид суға ерітіліп беріледі. 1 га кететін
ерітінді мөлшері трактор бүркігіштерін қолданғанда 300-500 литр, ұшақпен
шашқанда – 25-50 литр. Әр гектарға 2,4 Д 40% амин тұзы – 1,5-2,5 кг, 2,4 Д
бутил эфирі (бутапон) – 0,7-1,2 кг (43% эмульсия концентраты).
• Орақ кезіндегі ең басты мақсат – астықты шашпай, төкпей жинап алу.Күздік
бидай көп себілетін республикамыздың оңтүстік-шығыс аймақтарында бұл
дақыл жаздың ортасында – шілде айында толық пісіп үлгереді. Сондықтан
жұмысты жеңілдету үшін көбіне комбайнмен тікелей шабылады. Танапта
арам шөптер көп болса, комбайнмен жинаған кезде әртүрлі себептермен астық
ысырабы көбейебі. Сондықтан мұндай танаптарды алдымен дестеге салып
барып 3-4 күн өткен соң, десте кепкен кезде жинап алған дұрыс. Бұл жағдайда
астықты дестеге салу жұмысы күздік бидайдың дәнінің қамырлануы кезінде
басталады.
Тікелей себу технологиясына бейімделген Отандық жаңа сорттар

Светлая Смолина

Узынагашская
Күздік бидайды жинау

Ұқсас жұмыстар
Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000 - 5000 жылдары
Астық биттері
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ
Бидай және қара бидай қамырын дайындау сxемасы
Майлы дақылды биоотын және биодизельге пайдалану мүмкіндіктері, қоршаған ортаны сақтауда перспективалы дақылдар (мақсары, рапс,) тұқымын биоотынға өсіру ерекшеліктері
Ұн өндірудің негіздері
Ауыспалы егістік
Жаздық бидайды өсіру, күтіп-баптау және жинау ерешеліктері
Егіс тәжірибесінің түрлері
Ауыл шаруашылық дақылдарының егу жолдары
Пәндер