Пиелонефрит: анықтамасы, жіктелуі, этиологиясы және визуальды диагностика әдістері


Slide 1

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Slide 2

Жоспар:

Пиелонефрит туралы түсінік

Пиелонефриттің жіктелуі

Этиологиясы

Визуальды диагностикасы

Негізгі және қосымша әдістер

Slide 3

Пиелонефрит-бүйрек тостағаншаларының, түбегінің, аралық тінінің және өзекшелердің зақымдануымен жүретін инфекциялық-қабынулық процесс.

Ол бүйректің ең жиі кездесетін ауруы болып табылады. Жас және орта жастағы әйелдер еркектерге қарағанда 5 есе пиелонефритпен жиі ауырады.

Slide 4

Клиникалық ағымдарына қарай жіктелуі:

Slide 5

Этиологиясы:

Slide 6

Пиелонефриттің диагностикасы келесі әдістермен анықталады:

Жалпы зәр анализі және Нечипоренко бойынша зәр анализі

Зәр себіндісін жасау

УДЗ

Экскреторлық урография

КТ және МРТ

Slide 7

- Бүйректің УДЗ және рентген әдістерін арқадағы қатты ауыру сезімінде, бүйректік түйілуде, антибиотиктерді 1-2 тәулік қолданғанда нәтижесі болмағанда қолданады.

- УДЗ және рентген әдістерінің көмегімен тастарды, құрылысындағы аномалияларды және пиелонефриттің басқа белгілерін анықтауымызға болады.

- Нақтылық тексерулер пиелонефритпен үлкен жастағы ер кісілер ауырғанда, бірақ ол сирек кездеседі және қосымша бірге жүретін аурумен ауырғанда.

Slide 8

Ультрадыбысты зерттеу әдісі

Бүйректердің өлшемдерінің ассиметриясын, зақымдалған бүйректің өлшемдерінің кішірейгенін көреміз;

эхо-тығыздығының өзгергенін; паренхимасының жұқарғанын және тығыздалғанын;

Тостағанша-түбекше жүйесінің кеңейгенін және деформациясын көреміз;

Несеп жолдарының обструкциясында - гидронефроз, конкременттерді көреміз.

Slide 9

УДЗ әдісінің көмегімен науқастардың түбекшелерінің кеңейгенін, тостағаншалардың контурының қатаңдығын, паренхимасының біркелкі еместігін, мүйізденген аймақтарының болуын анықтай аламыз. (мүйізденуі көбіне тек созылмалы пиелонефриттен кейін бірнеше жыл өткеннен кейін анықталады) . УДЗ әдісі бірге жүрген уролитиаз, нейрогенді қуық, бүйрек поликистозы, обструктивті уропатия және тағы басқа да пиелонефриттің себебі болатын немесе созылмалы ағымдағы пиелонефритті қолдаушы ауруларды анықтауымызға мүмкіндік береді. Пиелонефриттің соңғы белгілеріне:бүйрек контурларының деформациясын, сызықтық өлшемдері мен паренхимасының қалыңдығының өзгеруін көреміз, бірақ ол белгілер бүйректің басқа да ауруларында кездесетіндігін естен шығармауымыз керек.

Slide 10

в, г - 2 жасар баладағы жедел пиелонефриттің инфильтративті формасы. Бүйректің төменгі фрагментінің проекциясында шеттері анық емес, диаметрі 5 см болатын эхогенділігінің гетерогенді жоғары аймағы анықталған, бүйректің контуры тегіс емес, қыртыстық - милық аймақтың дифференцировкасы анықталмаған.

Slide 11

Рентгендік зерттеу әдісі:

Созылмалы пиелонефриттің рентгенологиялық көрінісі түбекшелердің дилатациясымен және гипотониясымен, емізікшелерінің тегістелгенімен, тостағаншалардың мойнының тарылуымен және саңырауқұлақ тәрізді формасыммен, бүйрек контурының деформациясымен және паренхимасының жұқаруымен көрінеді.

Ретроградты пиелоуретерограмма. 48 жастағы ер кісі. Тостағаншаның және несепағардың лейкоплакиясы . Созылмалы пиелонефрит.

Slide 12

Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) бүйректің біріншілік жедел пиелонефритінің серозды қабыну фазасында патологиялық өзгерістерді анықтай алмаймыз, тек бүйректің үлкейгенін және тыыныс алу кезіндегі қозғалысының азайғанын көреміз.

Апостематозды пиелонефритте ультрдыбыстық көрінісі қабынудың серозды фазасындағыдай.

Бүйрек карбункулында контуры анық емес гипоэхогенді аймақтың болуы.

Бүйрек абсцесінде УДЗ әдісімен анық контуры бар гипоэхогенді аймақ (абсцесс капсуласы) анықталады, кейде ортасында анэхогенді аймақтар анықталады (сұйық ірің) .

Slide 13

Экскреторлы урография

- Контуры тегіс емес және зақымдалған бүйректің өлшемдерінің кішірейуі;

Ходсон симптомы және бүйректік - қыртыстық индекстің азаюы. Ходсон симптомы - бүйрек паренхимасының қалыңдығының ортаңғы аймақпен салыстырғанда кішірейуі;

Тостағанша - түбекше жүйесінің деформациясы және оның тығыздалуы;

Тостағанша - түбекше жүйесінің тонусының бұзылуы.

Slide 14

КТ және МРТ

Компьютерлік томография (КТ) және магнитті-резонансты томография (МРТ) қолданылады, егер УДЗ әдісі қанағаттанарлық ақпарат бермесе немесе ісік болуы мүмкін деген жағдайда .

УДЗ - ге қарағанда компьютерлік томография бүйректен тыс қабыну процестерінің жайылуын және осы үрдіске басқа ағзалардың қатыстығын визуальды анықтауда мүлтіксіз мүмкіншіліктерге ие;

Семіздік қатар жүретін науқастардағы висцеральды ағзаларының көріністерін көруге болады.

Slide 15

Радионуклеидті әдіс

123I-натрий йодогиппураты (гиппуран), 99mTc-димеркаптосукцин қышқылы (DMSA) и 99mTc-диэтилентриамин пентауксус қышқылы (DTPA) қолданамыз.

Радионуклеидті әдістер қалыпты паренхиманы мүйізделген аймақтардан бөліп алуға мүмкіндік береді деп есептеледі. Ал ол дифференциальды-диагностикалық және болжауда үлкен мәнге ие.

Slide 16

Қалыпты жағдайда:


Ұқсас жұмыстар
Полигенді аурулар: анықтамасы, этиологиясы, жіктелуі және клиникалық көрінісі
Психопатия: анықтамасы, жіктелуі, этиологиясы, диагностикасы және емдеу
Ішек өтімсіздігі: анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, жіктелуі, диагностикасы және емі
Тәрбие әдістері: анықтамасы, жіктелуі және таңдау шарттары
Балалардағы пиелонефрит: патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емі
Өкпе ісігі: эпидемиологиясы, этиологиясы, жіктелуі, клиникалық белгілері және емдеу әдістері
Тәрбие әдістері: анықтамасы, жіктелуі және педагогикалық қолданылуы
Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруының визуалды-эндоскопиялық диагностикасы
Ісіктер: анықтамасы, морфологиясы, патогенезі, жіктелуі және зерттеу әдістері
Тәрбие әдістері мен тәсілдерінің анықтамасы, жіктелуі және құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz