Ақша: түрлері, негізгі қызметтері және айналымы


Slide 1

Ақша - айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ.

Slide 2

Ақшаның түрлері өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:

толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) ;

толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері) .

Slide 3

Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар)

Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) - номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.

Slide 4

Толық құнсыз ақшалар

Толыққұнсыз ақшалар (құнның белгілері) - номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

Оларға мыналар жатады:

құнның металдық белгілері-арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т. б. монеталар;

Slide 5

Ақшаның экономикадағы рөлі

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы үдерісінен туындайтын тауар өндірушілердің нысаны ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.

Slide 6

Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:

құн өлшемі және баға масштабы;

айналыс (айырбас) құралы;

төлем құралы;

қорлану және қор жинау құралы;

дүниежүзілік ақша.

Slide 7

Ақша айналысы

Ақша айналысы - шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.

Slide 8

Ақша айналысының кұрылымына колма-қол ақшалар айналысы мен қолма-колсыз ақшалар айналысы кіреді.

Slide 9

Қолма-қол ақшалар айналысы

Бұл нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір белігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене белігі (10-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.

Slide 10

Қолма-қолсыз ақшалар айналысы - қолма-қолсыз ақшалар айналымы ақшаларының қозғалысы.

Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар - чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары (депозиттер) .


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ақша айналымы мен ақша-несие саясатын реттеу
Ақша: шығу тегі, функциялары, сұранысы және ақша айналымы мен жүйесінің құрылымы
Ақша жүйесі: элементтері мен қызметтері, тарихи және қазіргі түрлері
Ақша: тарихы, мәні, қызметтері және экономикадағы рөлі
Қоғамдық шаруашылықтың түрлері және тауар-ақша қатынастарының мәні мен ақшаның қызметтері
Ақша: түрлері, функциялары, мәні және ақша агрегаттары
Ақшаның шығу тарихы, түрлері, қызметтері және ақша массасы мен инфляция факторлары
Ақша: шығу тегі, экономикалық мәні және қызметтері
Қазақстандағы ақша айналымы мен эмиссия: банк жүйесі, реттеу және бухгалтерлік есеп
Ақша: мәні, қызметтері және нарықтық экономикадағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz