Туберкулез патоморфозы




Презентация қосу
Тақырыбы: Туберкулез
патоморфозы.
Орындаған:Мырзақұлова А.
Сейдалиева А.
012топ 1курс.
Қабылдаған:Сүлейменова Г.
Жоспар.

Туберкулезге сипаттама.
Этиологиясы. Патогенезі.
Патологиялық анатомиясы.
Біріншілік туберкулез, гематогенді
туберкулез және екіншілік туберкулез.
Туберкулездің асқыну түрлері.
Туберкулез патоморфозы.
Сипаттама.
Туберкулез- созылмалы инфекциялы сырқат,
ол өкпеде және басқа ағзаларда өзіне тән
белгілі бір өзгерістердің дамуымен
сипатталады. Туберкулез латынша-tubercula –
томпақ,бұдыр деген мағынаны білдіреді. Осы
аурумен сырқаттанған кісілерді жарып
көргенде өкпесінде әртүрлі томпақшалар
табылған. Туберкулез қазіргі күнге дейін кең
тараған жұқпалы аурулардың бірі болып
отыр,оның Қазақстан үшін маңызы өте зор.
БДҰ мәліметтері бойынша дүние жүзіндегі
туберкулезбен аурушылар саны 15-20 млн.
Этиологиясы.
• Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет француз дәрігері
Вильмен (1865ж) анықтаған болатын. Ол теңіз шошқалары үй
қояндарына туберкулезден өлген адамдардың ағзаларынан
алынған материалдарды егіп, осы жануарларда туберкулезге тән
өзгерістер дамитындығын көрген. 1882 жылы Р. Кох науқас
қақырығынан туберкулез қоздырушыларын тапты.
Микробактериялардың адамда, ірі қара малдарда, құстарда және
салқын қандыларда туберкулез қоздыратын түрлері бар. Адам
туберкулезін осы бактерияладың бірінші және екінші түрлері
қоздырады. Инфекцияның қайнар көзі науқас адам. Ауру негізінен
тыныс жолдары арқылы да жұғады. Тамақ арқылы да жұғуы
мүмкін. Қазақстанның солтүстік аймақтарында және Батыс
Сібірде ірі қара мал арасында туберкулездің кең таралуына
байланысты осы аурумен аурутындардың 10-15 пайызы
жоғарыда айтылған алиментарлы жолмен жұғады. Кейбір
жағдайларда кәсіпке байланысты туберкулез организмге
жарақаттанған тері арқылы өтеді. Өте сирек жағдайда анадан
бала жолдасы арқылы балаға өтуі мүмкін.
Патогенезі.
Туберкулез патогенезі макро және микроорганизмнің өзара қарым
– қатынасына байланысты. Микробактерияның
вируленттігінің,оның организмге көп мөлшерде түсуінің маңызы
зор болғанымен де организмнің иммунды жағдайы шешуші роль
атқарады. Организмнің қорғаушы күшімен микроорганизмнің
патогендігі арасындағы тепе-теңдік бұзылғанда ғана туберкулез
дамиды. Кейбір жағдайларда туберкулез микробактериялары
жергілікті өзгерістер шақырмай-ақ организмге енуі мүмкін. Бұл
күйді латентті микробизм деп атайды. Клиникада туберкулез
интоксикациясымен көрінеді. Егер организмнің реактивтігі
жеткілікті болса, туберкулез микробактериялары бүтіндей
жойылып, ауру әрі қарай дамымайды. Қорыта айтқанда,
туберкулезде кездесетін морфологиялық өзгерістердің бәрі де
иммундық жүйенің тікелей қатысуы арқылы өтеді. Оның ішінде
тимустың, тимусқа тәуелді лимфоциттердің маңызы зор. Осы
тимусқа тәуелді иммунды реакция, организмнің туберкулезге
қарсы күресінің орталығы болып есептеледі.
Патологиялық анатомиясы.
А.И Струков (1947) туберкулездің төменгі
клиникалық – анатомиялық түрлерін
ажыратады: біріншілік туберкулез,
гематогенді туберкулез және екіншілік
туберкулез.
Біріншілік туберкулез.
Организм туберкулез инфекциясымен алғаш рет кездескенде пайда болады. Әдетте ол әлсіз
балаларда және әртүрлі созылмалы сырқаттармен ауыратын ересек кісілерде кездеседі. Балалар
туберкулезі негізінен біріншілік туберкулезге жатады. Микробактерияның организмге енген жерінде
біріншілік туберкулез жиынтығы дамиды. Ауру көбінесе ауа арқылы жұғатындықтан ол өкпеде, кейде
ішекте, бадамша бездерде, ортаңғы құлақта, көздің шырышты қабатында кездеседі. Біріншілік
туберкулез комплексі үш құрамнан тұрады:
Өкпедегі алғашқы ошақ (алғшқы аффект);
Әкетуші лимфа тамырларының қабынуы(лимфангит);
Аймақты лимфа бездерінің қабынуы(лимфаденит);
Алғашқы аффект әдетте өкпенің ііі сегментінде, плевра астында пайда болады. Өкпеге түскен
туберкулез микробактерияларын әуелі лейкоциттер, одан соң макрофактор обып алады. Осы жерде
эпителоидты, кейін көпядролы алып клеткалар пайда болады. Осылайша дамыған туберкулез
төмпешіктерінің арасында, микробактериялар өнімдерінің улы әсері нәтижесінде некроз ошағы пайда
болады. Демек, алғашқы аффект деп казеозды пневмония ошағын және оны қоршаған арнайы емес
қабынуды түсінеміз.
Біріншілік аффектен туберкулез лимфа жолдары арқылы таралады. Лимфа тамырларын бойлай
туберкулез төмпешіктері – туберкулезді лимфангит пайда болады.
Аймақтық лимфа бездерінде алғашында реактивті арнайы емес экссудативті реакция дамиды, олар
тез арада некрозбен және казеозды лимфаденитпен алмасады.

Біріншілік туберкулездің нәтижелеріне:
Оның толық жазылуы;
Әрі қарай өршуі;
Созылмалы түр алуы кіреді.
Гематогенді туберкулез.
Біріншілік туберкулезден кейін дамитын құбылыс . Туберкулез
организмде гематогенді, лимфогенді немесе бронхогенді жолдармен
тарайды. Сондықтан клиницистер, кейбір морфологтар туберкулездің
бұл түрі көбінесе лимфа түйіндеріндегі тірішілігін толық жоймаған
микобактериялар есебінен дамиды, деп есептейді, бірақ генерализация
процесі олардың қанға өтуіне байланысты. А.И.Струковтың жіктеуі
бойынша гематогенді туберкулездің:
Генерализацияланған
Өкепе зақымдануының басымдығымен сипатталатын
Өкпеден тыс ағзалардың зақымдануымен сипатталатын түрлерін
ажыратады.
Клиникада гематогенді туберкулездің генерализацияланған түрі аса
ауыр, сепсис түрінде өтеді. Бұл кезде әртүрлі ағзаларда өте майда
некрозданған төмпешіктер, тары үлкендігіндей немесе ірі ошақты
туберкулездер көрінеді.
Туберкулездің аса қауіпті асқыну
түрлерінің біріне туберкулезді менингит
жатады. Әдетте мидың қабықтарының
төменгі бөлігі қабынып қалыңдап, сарғыш-
жасыл түрге кіреді, кейде осы жерде
туберкулез төмпешіктері көрінеді.
Сирек жағдайларда мида көптеген
туберкулема ошақтары пайда болып,
олардың көлденеңі 2-3см-ге жетеді.
Клиникада ми ісігінің белгілерімен
көрінеді.
Екіншілік
туберкулез.
• Біріншілік туберкулезден жазылған, осы
ауруға қарсы шартты иммунитеті бар
адамдарда дамиды. Оның туберкулездің
басқа түрлерінен айырмашылығы
патологиялық процесс өкпеде болады, яғни
бұл өкпе туберкулезі. Екіншілік
туберкулездің дамуын түсіндіретін екі теория
бар.
• Біріншісі- сытқы фактор. Туберкулез
суперинфекция түрінде яғни организмге
туберкулез инфекциясы түскенде дамиды.
• Екіншісі- ішкі фактор. Туберкулез организмге
ішкі ошақтарда “қалғып” жатқан біріншілік
туберкулезден қалған инфекцияның қайта
қозуынан дамиды.
Екіншілік туберкулездің бірнеше клиникалық
–анатомиялық түрлері бар, олараға:

Ошақты туберкулез;
Фиброзды- ошақты туберкулез;
Сіңбе тәрізді туберкулез;
Туберкулема;
Жіті каверналы туберкулез;
Фиброзды-каверналы туберкулез;
Циррозды туберкулез; және
Плевра туберкулезі кіреді.
Ошақты туберкулез.
Жоғарыда айтылған Абрикосов
ошақтарына сәйкес келеді. Олар көне
ошақтар жанында эндо-және
перибронхит түрінде басталып, тез
арада жақын жатқан альвеоларға өтіп
ацинозды немесе лобулярлы казеоз
пневмония ошағы пайда болады.
Туберкулездік қабыну жазылғанда осы
жерлерге Са тұздары тұнып, олар
Ашофф-Пауль ошақтарына айналады.
Фиброзды ошақты туберкулез.

Капсуламен қоршалған ошақты туберкулездің қайта
қозуы нәтижесінде өрістейді.Осыған байланысты
экссудация құбылысы күшейіп казеозды некроз
ошағы пайда болады.
Сіңбе тәрізді туберкулез.
Сіңбе тәрізді туберкулез ошақты туберкулездің әрі
қарай даму кезеңі болып есептеледі. Бұл түрдің
ерекшелігі ошақтарының айналасында арнайы емес
экссудативті қабыну процесінің басым болуы. Олар 1-
2 сегменттің шекарасынан шығып кейде өкпенің бүтін
бір бөлігін басып алады. Осы экссудат сорылып
кеткенде өкпеде бірнеше казеозды ошақтар көрінеді,
кейінірек олар әктеніп және капсуламен қоршалып
фиброзды-ошақты туберкулезге айналып қалады.
Туберкулема.
Ірі, көлденеңі2-5см, жұқа капсуламен
қоршалған,казеозды туберкулез ошақтары.
Ол негізінен сіңбе туберкулезден кейін
дамитын процесс. Кейде туберкулема
көлемі өте үлкен алғашқы туберкулез
ошағының орнында немесе бірнеше
туберкулез ошақтарының бір-біріне
қосылып кейін капсуламен оралып қалуы
нәтижесінде де пайда болады.
Казеозды пневмония- Жіті каверналы
деп қабыну ошағында туберкулез сіңбе
некроз процесінің туберкулезден кейін
басым болуына немесе туберкулеманың
байланысты казеозды массаларының
туберкулездің өкпе іріңді ыдырауы және
сегменттерін, тіпті сұйылуы нәтижесінде
бүтіндей бір бөлігін дамиды. Осы массалар
басып алуды айтады. бронх арқылы бөлініп
щыққанда өкпеде бос
қуыстар пайда болады.
• Фиброзды- каверналы туберкулез • Циррозды туберкулез
жіті каверналы туберкулезден соң, каверналы туберкулезден
олардың айналасында қатты кейін, өкпеде склероз
капсула пайда болуына
байланысты дамиды. Бұл кезде
процесі басым болғанда
кавернаның қабырғасы үш дамиды. Склерозға
қабаттан тұрады. байланысты өкпе өз
• Оның ішкі қабаты казеозды формасын жоғалтып,
заттардан түзілген. плеврамен өкпе арсында
• Ортаңғы қабаты туберкулезге тән фиброзды жабыспалар пайда
грануляциялы тканьнен тұрады. болады, пневмосклероз,
• Ал сыртқы каверна айналадағы бронхоэктаз, эмфизема
өкпе тканінен шекаралап тұратын процестері пайда болады.
қабаты дәнекер тканьмен
қоршалған.
Туберкулездің асқыну
түрлері.
Алғашқы туберкулездің асқыну түрлері
дегенде әдетте туберкулездің басқа
ағзаларға тарауын түсінеді. Екіншілік
туберкулездегі асқыну кавернаның пайда
болуымен байланысы. Оған туберкулездің
өкпеден басқа ағзаларға өтуі, кавернадан қан
кету немесе каверна тесіліп күтпеген
пиопнев моторакстың дамуы жатады.
Туберкулезбен ұзақ ауырған науқастарда
өкпелік жүрек немесе жалпы амилоидоз даму
мүмкіншілігі де көбеюде.
Ауру өлімі жоғарыда айтылған асқыну
түрлерімен немесе өкпеге операция
жасағаннан кейін асқынулардан болады.
Туберкулез патоморфозы.
Өткен ғасырдың аяғында туберкулезді “Ақ оба”
деп атаған, себебі ол кезде үш адамның біреуі
туберкулезден өлетін. Қазіргі кезде туберкулез
ересек адамдардың өлігінің себебі ретінде 9-11
орынға ығысты, ал балаларда- ең соңғы
орында. БҚЖ егуге және әлеуметтік жағдайының
жақсаруына алғашқы туберкулез ересек
кісілердеде кездесе бастады. Туберкулездің ең
қауіпті тез дамитын түрлері қазір өте сирек
кездесетін болды. Жас балаларда туберкулездің
негізгі түрі бронхоаденит.
Туберкулезбен ауырған науқастар туберкулездің
өзінен емес, осы ауру нәтижесінде өрістейтін,
арнайы емес себептерден өледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Абдуллаходжаева М.С “Основы
патологи человека.1997
2.Ахметқалиев С.Г ,Қамбаров Ж.А
“Клиникалық морфологияға кіріспе”
1999
3.Саркисов Д.С,Пальцев М.А
Хитров Н.К Общая патология
человека.1997

Ұқсас жұмыстар
Туберкулез белгілері
ЖИТС - жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ
ТУБЕРКУЛЕЗ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТУБЕРКУЛЕЗ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ
Туберкулёз
Туберкулез тарихы
Қант диабетімен ауыратындарды өкпе туберкулезіне күдіктену
Туберкулездің жұғу жолдары
Туберкулез ошақтарында қорытынды дезинфекция
Пәндер