Іс-қағаздар және олардың түрлері




Презентация қосу
Тақырыбы: Іс-қағаздар
және
олардың түрлері

Іс-қағаздар жалпы 3 түрге бөлінеді:
1.Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздары
2.Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін іс-қағаздары
3.Басқару, өкім шығаруға қатысты іс-қағаздары
Іс-қағаздарының қызметтері:
-жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;
- жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;
-әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;

- мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;
- жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;
- мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;
-тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;
-мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;
-мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

Іс қағаздарының сипаттары:
- саяси ( мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);
- әлеуметтік ( қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);
ұйымдастырушылық ( басқару қызметі жүйесінде); құқықтық ( заңдық
және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда); - тарихи ( әр дәуірдің,
қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда).
- ресмилік ( міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде).
Мінездеме - түрлі мекеме, ұйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды
өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі
жазылатын іс қағазының бір түрі.

Қызметтік мінездеме — мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы.

Қызметкерді объективті әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды
бөлімі еркін стильде жазылады және құжат мазмұнын түйіндейді. Мінездеме қызметкерді
басқа бір вакансияға я болмаса оқу орнына ұсыну мақсатында да жазылады. Мұнда
ұсынылған адамның аталған вакансияға қажет деген мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі
айтылады.
Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарып отырған қызмет орнына лайық,
лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация қорытындысына орай
жазылады. Мұндай мінездеме корытындысында "атқарып отырған қызметіне лайық",
"қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық" немесе "атқарып отырған қызмет
орнына лайық емес" деген сияқты түйінді сөздер жазылады.
Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін,
икемділігін және т.б. сипаттай отырып жазылады. Қорытынды бөлімінде мінездеме не
мақсатпен жазылғандығы атап корсетіледі. Мысалы, "Еңбек келісімін ұзату ум/ш" т.б.
Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме
мәтіні жазу машинкасында басылады я компьютерде теріліп, кейін принтерден
шығарылады. Тақырыпты, өмірбаяндык мәліметтерді, қортынды мен негізгі түйінді
үлкендеу шрифтімен беруге болады. Кейде мінездеме жоғары жағында мекеменің аты,
логатипі, фирмалық белгісі көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Әр данасы есепте
түратын арнайы бланкілерге жазылған мінездемелер мінездеме беруші адамның және үйым
жетекшісінің қолымен расталады. Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады.
Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мәтін баяндауышы ашық райлы
етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті).
Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

1) тақырыбы;
2) мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
3) негізгі мәтін;
4) қорытынды;
5) мінездемені талап етуші ұйымның аты;
6) мінездеме берілген күн, ай, жыл;
7) мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;
8) қосымша (егер болса).
Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.
Аттестациялық мінездеме Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәліметке мыналар кіреді: фамилия, аты-жөні, туған
жылы, білімі, мекемедегі жұмыс стажы (-жылдан бастап қызмет етеді), қазіргі атқаратын қызметі. Басқа да кейбір мәліметтер
қосымшы берілуі мүмкін (мысалы, диплом бойынша мамандығы немесе білім түрі т.б.)- Негізгі мәтінде атқарып жүрген
қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгеретіндігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі
мен кемшілігі жазылады. Қысқаша әлеуметтік-психологиялық портреті беріледі. Әріптестерімен карым-қатынас жағдайы,
отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, сын көтеру қабілеті жазылады. Кей жағдайда (оқуға немесе іссапарға жіберу)
денсаулық жағдайы да айтылады. Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерттеу жұмыстары, өз
бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастыру қабілеті де кіргізіледі. Мәтін көбіне жай сөйлемдермен,
қалыптасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт терминдерді қолдана отырып, басы артық қысқартуларсыз
жазылады. Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген, жиынтықталған бөлігі болып табылады. Мұнда мінездеме беріліп
отырған адамның перспективалық қызметіне байланысты бір-екі накты ұсыныс енгізіледі. Негізгі мәтіннен кейін
(қорытынды) сөзін азат жолдан, бас әріптермен жазып, негізгі түйінді немесе ұсынысты атап көрсетуге болады.


Хаттама - жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда жоне алкалық органдардың
мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім кабыүрінде жлдаудың барысы туралы
мәлімет беретін құжат. Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография,
фонография, конспект тәне сойлеген сөздердің мазмұны жазылмаған ықіпамды түрде
болып келуі мүмкін. Қысқа хаттамаларда күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні,
сөилеген сөздердің тақырыбы және кабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген
сөздердің толық мәтіні келтірілмейді. Толык хаттамаларда сөилеген сөздердің барлыгы
көрсетіледі. Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі айкындайды. Бүл
жағдайда құжаттың заңдылық жарамдылыгын қамтамасыз сту қажст. Құжаттын
заңдылық жарамдылығы барлык қажетті дсректермен, олардың дүрыс толтырылуымен
және хаттамадагы мәліметтердің шындыққа сәйкестігімеп аныкталады. Мысалы,
жиналысқа катысушылардьщ саныныц көрсстілуі маңызды, ол кабылданған шешімнің
жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.
Хаттаманың деректемелері: мекеменің атауы; күжаттын атауы; мәжілістің өткен күні;
индексі (нөмірі); мәжіліс өткен орын; бекіту грифі (егер қажет болса); тақырыбы
(жиналыстың, алқалық органның атауы); мәтін.
Мәтіннің кіріспе бөлігінде катысушылардың қүрамы, күн тәртібі; негізгі бөлігінде
тыңдалган мәселе, сойлеген сөздер және қабылдантан қаулы көрсетіледі. Құжаттың
соңында төраға мен хатшының қолы койылады.
Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Күнделекті қызмет барысында ақпарат немесе
мәліметтің кейбірін екінші адамға я мекемеге жедел жеткізу қажет болатын жағдай жиі кездеседі.Қазіргі заманда
ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен жеделхаттар да өз маңызын жойған жоқ.
Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбаттау, оның үстіне біз чертеж я фотография жібермейтін болсақ
факсты қолдану міндетті емес. Телефон арқылы жүргізілетін әңгімені іске тігіп қоя алмайсың, сондықтан ең
ыңғайлысыжеделхат болып табылады. Жеделхаттың тағы мынадай артықшылықтары бар: • Мекеменің кез келген

қызметкері жеделхат мәтінін құрастырыпжібере алады. • Виза қою, келісу, корректуралау, редакциялау сияқты формальды
нәрселердің қажеттігі болмайды. • Жеделхат қолмен жазылғанына қарамастан әркез жіберуші мен алушы туралы
мәліметті қамтиды. • Қажет болған жағдайда жеделхат мәтіні мен онда берілген мәліметті растауға болады. • Жеделхаттар
қалай тез жіберілсе, солай тез жеткізіледі. Телеграфбайланысы басқа байланыс түрлерімен салыстырғанда арзан және
сенімді. Жеделхат жібере отырып оның белгілеген жеріне ең ұзақ дегенде 10-12 сағаттан соң, қажет болса 1 сағаттан соң
да жеткізілетіндігіне 100% сенімді болуға болады. Жеделхатты дұрыс жазу үшін мыналар есте болғаны жөн: • Жеделхат
мәтінінде кіріспе сөз, шылау сөздер қолданылмайды. • Кейбір сөздерді қысқартып жазуға болады, керісінше шатасып
кетпес үшін цифрлар жазбаша беріледі. • Мынадай ретпен жазылады – алушы мекен-жайы, мәтін, жіберуші мекен- жай. •
Жеделхат мәтіні анық оқылатындай болып жазылу керек және ешбір түзетулер (әсіресе мекен-жай мен цифрлар жазылған
бөлігінде) болмағаны жөн. Жеделхаттар ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі жеделхаттарға мемлекет ішінде
жіберіліп қабылданатындар, ал халықаралық жеделхаттарға шет елдерге жіберілген немесе шет елдерден келгендері
жатады. Ішкі жеделхаттар «өкіметтік», «жедел», және «жай» болып үшке бөлінеді. Жедел белгісімен жіберілетіндерге
өкіметтік және жедел жеткізілу үшін арнайы жоғары тарифпен төленген жеделхаттар жатады. Қызметтік жеделхат мәтіні 2
дана етіп дайындалады. Аралығы 1,5 интервал. Жеделхат мәтінің басы ғана азат жолдан басталады. Екінші азат жол тек
қол қойылғанда ғана беріледі. Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз реквизиттері болады. Олар: жеделхаттың
категоиясы мен түрі, номері, датасы, жіберілген уақыты, алушының аты мен мекен-жайы, мәтін, қол. Бұл реквизиттер
сызықтың жоғарғы жағына жеделхаттың формуляр деп алатын бөлігінде жазылады. Сызықтың сыртына төленбейтін
реквизиттер, яғни, жеделхатқа қол қоюшы адамның қызметі, дата, жіберушінің мекен- жайы. Әрбір мекемеде
жеделхаттарды тіркейтін арнайы журнал (А4 форматты қатты мұқабалы дәптер) болуы керек. Журнал екі бөліктен тұрады.
Бір бөлігі келіп түскен жеделхаттарға арналады, мұнда мекемеге келген жеделхаттар тігіледі я желімденеді. Төменгі
жағына алушының танысқаны жөнінде белгі, қол қойылады, бұрыштама жазылады. Жіберілген жеделхаттар бөлігінде
жеделхат мәтіні жазылады. Ол жіберушінің қолымен расталады. Мұнымен қатар жеделхаттың стандарт бланкілерінен
тұратын арнайы журналдар болады. Бұл журналдар жеделхат стандарт бланкісімен және келесі беті мәтін көшірмесін қара
қағаз арқылы қалдыру үшін таза беттен тұрады. Мұндай журналдың ыңғаылы жағы жеделхат мәтіні бірден мекемеге
толтырылып, арнайы сызылған жерден жыртылып алынып, почта арқылы жіберіледі де көшірмесі қалдырылады.
Сенімхат (ағылш. warrant; power of attorney; proxy;— сенім білдірушінің өз атынан өкілдік ету үшін
екінші тұлғаға берген жазбаша уәкілдігі. С. жазбаша нысанда және нотариаттық куәландыру арқылы
жасалынады. Егер сенімхат мүлікті басқару үшін және нотариаттық куәландыруды талап ететін мәміле
жасауға берілсе, оны міндетті түрде нотариат куәландыруға тиіс. Сенімхаттың мерзімін сенім білдіруші
өзі белгілейді, бірақ заң бойынша ең ұзақ мерзім — 3 жыл. Сенімхатта мерзімі көрсетілмесе,
толтырылған күнінен бастап 1 жыл мерзімге жарамды болып саналады.

Сенімхат мынадай әрекеттер жасау үшін берілуі мүмкін: 1) мәміле жасау;
2) акционердің атынан қоғамның жиналысына қатысу;
3) белгіленген уақыт ішінде сенім білдірушінің атынан әрекет ету;
4) сенім білдірушінің мүліктік кешенін басқару, т.б.
Сенімхат мына негіздер бойынша тоқтатылады: 1) мерзімінің өтуі;
2) көзделген әрекеттің орындалуы;
3) Сенімхат. беруші тұлғаның cенімхат күшін жоюы;
4) Сенімхат берілген адамның одан бас тартуы;
5) Сенімхат. берілген заңды тұлғаның таратылуы;
6) Сенімхат берген не алған адамның қайтыс болуы немесе әрекет қабілеттілігі жоқ, шектеулі не хабар-
ошарсыз кетті деп танылуы.
Сенімхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі :
-құжат атауы;
- күні, айы, жылы, мекен-жайы ;
- сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
-сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);
- қайтарылатын нақты уақыты;
- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;
- нотариалдық мекеме мөрі.
Келісім-шарт - сыртқы саудада бір жақ (сатушы, лицензиар) келісімшартта көрсетілген мүлікті (тауарды),
ғылыми-техникалық білімді екінші жақтың меншігіне (алушы, лицензиат) беруге міндеттенетінін, ал
екінші жақ өз кезегінде бұл мүлікті немесе білімді көрсетілген мерзімде алып, белгіленген бойынша
төлеуге міндетгенетінін көрсететін құжат. Халықаралық саудада «шарт» деген термин қолданылады.
Тараптар қолданымдағы тарматтардьщ бәрі бойынша талап етілетін формада келісетіндігін бір-біріне
білдірген жағдайда ғана шарт жасалды деп танылады. Сыртқы сауда қатынастарында шарттардың

мынадай түрлері таралған: халықаралық, монополиялық, консигнациялық, комиссиялық, т.б. Аралас
шарттар, яғни бір өзінде шарттың бірнеше типтерінің элементтері үйлесім табатын түрлері де кездеседі.
Шарт мынадай жағдайларда жасалады:
1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:
а) тұрғын үйді сатып алу — сату туралы;
ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;
б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.
2. Жер учаскелері туралы мәмілелер:
а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісім-шарт;
ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісім-шарт;
б) жер учаскесін сатып алу - сату туралы келісім-шарт.
3. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер:
а) автокөлікті сатып алу — сату жөніндегі келісім-шарт;
ә) автокөлікті залогқа беру жөніндегі келісім-шарт;
б) автокөлікті сыйға беру жөніндегі келісім-шарт.
4. Ақша қаражатын заемға алу — заемға беру жөніндегі мәмілелер:
а) процент төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт;
ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт.
Шарт (ағылш. agreement, contract; — екі және одан көп тараптардың
азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту, тоқтату туралы ерікті
келісімі. Тауар-ақша қатынастарының құқықтық нысаны болып табылады,
азаматтар, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар (фирмалар) мен ұйымдар

материалдық-техникалық қамтамасыз ету, күрделі құрылыс, сауда, жүктерді
тасымалдау салаларында, қарыздарда, басқа жағдайларда кеңінен қолданады.
Ауызша, жазбаша нысанда не нотариалдық жолмен жасасылады, олардың
кейбіреулері мемлекеттік органдарда тіркеуден әткізілуге тиіс. Халықаралық
шартта — тең құқықты екі немесе бірнеше мемлекеттердің арасындағы немесе
халықаралық ұйымдардың арасындағы олардың саяси, экономикалық, мәдени
немесе өзгедей ынтымақтастық саласындағы өзара құқықтары мен міндеттерін
белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға қатысты ерікті келісім. Ресми құжат, оның
мазмұнынан мәміленің мәнін айқындайтын және бухгалтерлік есеп пен салық
есебінде көрсетілетін бірқатар шаруашылық операциялары туындайды. Олар,
әдетте, жазбаша нысанда жасасылады және атаулары алуан түрлі болып келеді
рактат, хартия, пакт, келісімшарт,шарт, хаттама, декларация, мазмұндама, келісім
, т. б., бірақ олардың заңдық күші бірдей.

Тапсырыс– (ағылш. order; command)
1. Сатып алушы сатушымен мәміле жасап, шарттарға сәйкес
алдын ала келісілген тауарларды жеткізуді көздейтін құжат.
2. Импорттаушының нақты жағдайда мәміле жасау туралы
ұсынысы көрсетілген коммерциялық құжат.
3. Клиенттің биржада белгілі бір тауарды сатып алу ниеті
туралы делдалға қуаттау ретінде жөнелтетін құжаты.

Орындаған: Абенов Мақсат

Алматы, 2012

Ұқсас жұмыстар
Құнды қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу
Бағалы қағаздар нарығын реттеу
Сынып жұмысы
Стиль түрлері
Стиль және оның түрлері
ҚАРЖЫ РЫНОГІ
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Ауызекі Көркем сөйлеу стилі әдебиет стилі
Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі және құрылымы
Мемлекеттік бағалы қағаздар
Пәндер