ЭМБРИОЛОГИЯНЫҢ ҚАТЕРЛІ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ


Slide 1

Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина Университеті Сарсенбаева Ұлжан ЖМ-07-072топ студенті.

Slide 2

ЭМБРИОЛОГИЯНЫҢ ҚАТЕРЛІ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.

Slide 3

Жоспар.

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Адам ұрығының дамуының қауіпті кезеңі.

2. Даму ақаулары.

3. Хромасомалық аурулар.

ІІІ. Қорытынды.

1. Медико-генетикалық кеңес

Slide 4

Кіріспе

Эмбриология (грекше embryon-ұрық, logos-ілім) -

Ұрықтың даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым,

Сүтқоректілер мен адамның эмбриональдық дамуын

зерттеу, бұлардағы жалпы ұқсастықтарды байқауға,

сонымен қатар адам ұрығының даму ерекшеліктерін

анықтауға жол ашады. Ұрықтану, бөлшектену, имплантация, гаструляция процестерін, сондай-ақ планцентаның, ұрықтың тыс мүшелердің және ұрықтың ішкі мүшелерінің

даму ерекшеліктерін білудің медицинада маңызы зор

Slide 5

КАЛЫПТЫ ЭМБРИОН

Slide 6

Ананың жүктілік кезіндегі әсер ететін факторлар:

1. Құрсақтағы балаға арақ-шараптын әсері.

Маскүнем әйелдерден туған балалардын 30-50%-ында алкогольдік эмбрио, -фетопатиялар байқалады. Мастық кезде біткен балалардың мектеп жасына келгенде ақылы толмайды, оларда невроздар, энурез, көз көруінің және құлақ естуінің қалыптыдан ауытқулары жиі байқалады. Болашақ ата-аналардың арақ-шарапты ұдайы қабылдауынан оладың жыныстық жасушаларында дегенерациялық өзгерістер болып, гаметопатиялар пайда болады. Жүктіліктің алғашқы аптасында арақ-шарап ішкен әйелдерде этанол мен оның уытты өнімі ацитильдегид баласының, ең алдымен, бас миының қалыптасуына қажетті белоктар, оның ішінде ферменттер мен ДНҚ малекуласының, түзілуін тежеп, эмбриоуытты әсер етеді. Арақ-шарап плацента арқылы ұрыққа тез және жеңіл өтеді. Ұрықтың қанында этанолдың мөлшері анасының қанындағы деңгейінің70-80%-ын құрайды. Бұл кезде анасының шамалы ғана масайған кезіндегі қанындағы этанолдың мөлшері ұрық бүліністерін туындатуға жеткілікті болады. Маскүнем ата-аналардан туған балалардың арасында қояншық т. б психикалық аурулар жиі кездеседі, аурушандықпен балалардың ерте шетінеуі кездеседі.

Slide 7 Slide 8

3. Құрсақ ішінде бала дамуына химиялық және дәрілік заттардың әсері

Дәрі-дәрмектердің бүліндіруші әсерінде олардың бала жолдасы арқылы ұрыққа өту қабілетінің маңызы үлкен. Ол төмендегі келтірілген жағдайлардан байланысты:

•жүкті әйелдің организміне дәрінің ену жолдары мен мөлшерінен;

•анасы мен баласының денелерінде дәрінің алмасу жолдарынан;

•дәрінің организм нәруыздарымен байланысу және жинақталу мүмкіншіліктерінен;

•дәрі молекуласының мөлшерінен;

•дәрі иондарының электр зарядынан;

•майларда дәрінің еру қабілетінен;

Дәрі-дәрмектер ұрықтың организмне кіндік көктамыры арқылы түседі және олрдың 60-80%-ы ғана бауырға жетеді, ал қалған мөлшері аргенциев өзегі арқылы төменгі қуыс көктамырға түседі.

Slide 9 Slide 10

4. Құрсақ ішінде ұрық дамуына биологиялық ықпалдардың әсері

Жаңа туған нәрестелердің шетінеуінде құрсақ ішінд е дамитын жұқпалардың

маңызы зор. Құрсақ ішінде дамитын дерттердің паида болуында әртүрлі жұқпалардың маңызы әртүрлі. Бұл кезде анасыныңжұқпалы аурулармен сырқыттану жиілігімен ұрықтың бүліну жиілігі бірдей болмайды.

Ұрықтың жұқпаларымен бүліністерінің түрлері мен дәрежелері жұқпа аусу кезіндегі құрсақ ішінде ұрық даму сатысына көп байланысты. Осы себептен инфекциялық эмбриопатиялар мен фетопатияларды ажыратады.

Slide 11

Іштегі ұрыққа иондағыш сәулелердің әсері

Иондағыш сәулелердің іштегі ұрық жасушалары мен тіндеріне әсер ету жолдары туғаннан кеиінгі әсерлермен бірдей болады. Бірақ ұрық пен жаңа туған нәрестелердің оларға сезімталдығы өте жоғары болды. Өйткені жасушалардың бөлініп көбеюі және зат алмасу қарқыны өте жоғары деңгейде өтеді.

Ұрық пен жаңа туған нәрестелердің гемолиздік аурулары

Анасы мен ішіндегі баланың эритроциттерінде антигендік айырмашылық болуынан ұрық пен жаңа туған нәрестелерде дамитын гемолиздік ауру дуйді. Бұл кезде іштегі бала эритроциттерінің антигеніне қарсы анасында антиденелер өндіріліп, олар бала жолдасы арқылы өтеді де, ұрықтың эритроциттерін бүліндіреді. Жиі оң резус факторы бар баланың Д антигеніне қарсы резус факторы жоқ анасының организімінде антиденеде өндіріледі. Кейде баланың А немесе В қан топтарының антигендеріне қарсы нол қан тобы бар анасында антидене өндірілуі мүмкін .

Slide 12

Геморрагиялық диатездер.

Жас балалардың дерттерінің ішінде гемостаздың бұзылыстары ерекше орын алады. Олар балаларда жиі болып қана қоймай, басқа көптеген аурулардың даму жолдарына енеді. Гемостаздың бұзылыстарында 3 патогенездік фактордың маңызы бар екнеі белгілі. Оларға: 1) қан тамырлары қабырғаларының жағдайы, 2) тромбоциттердің жалпы саны мен сапасы, 3) қан ұйытқыш, ұюға қарсы және фибринолиздік жүйелердің жағдайлары жатады.

Slide 13

Визопатиялар

Нәрестелерде қан тамырлары қабырғаларының бүліністері туа біткен және жұқпалыуыттардың әсерлерінен, гипоксиядан, дәрі-дәрмектерден, кейбір тағамдық заттар қабылдаудан, екпелер жасаудан пайда болған иммундық кешендердің ықпалдарынан дамитын, жүре пайда болатын болып ажыратылады.

Slide 14

Нәрестелердегі тамыр ішіндегі шашыранды қан ұю синдромы (ТШҚҰ)

Нәрестелерде ТШҚҰ-синдромының 70%-дан астамы шашыранды жұқпалардың және сепсистік соның ішінде туылу кезіндегі сепсистік, жағдайлардың әсерлерінен:

Бала жолдасының тым ерте жатырдан айырылуы және оның жатыр ернеуіне жақын орналасуы.

Нәрестелердегі даму жолдары мен көріністерде біршама ерекшеліктер болады. Бұл ерекшеліктер туылғаннан кейінгі эритроциттердің гемолизімен және нәрестелерде байқалатын тромбоцитопениямен байланысты болады. ТШҚҰ-синдромы туылғаннан кейінгі кезеңдегі болатын туылу жарақаты, шала туылу, тыныс алу бұзылыстары, вирустық және бактериялық жұқпалар, гемморогиялық синдром дертінің нәтижесінде дамиды.

Slide 15

Тұқым қуалайтын аурулар (хромасомалық аурулар, тұқым қуалайтын ферментопатиялар) .

Тұқым қуалайтын аурулар деп этиологиялық тегі мутациялардан болатын ауруларды атайды. Туа болатын аурулаға бала дүниеге келгенде бар кеселдерді жатқызады.

Тұқым қуалайтын аурулар екі үлкен топқа бөлінеді: хромосомалық және гендік . Бірінші топ хромосомалық және геномдық мутацияларға қатысты болса, екіншісі -гендер мутацияларының салдары.

Хромосомалық аурулар түрлері: Даун, Шереневский-Тернер, Патау, Мысық

айқайы. Клайнфелтер.

Slide 16

Ұрықтық дамудың үшінші қауіпті кезеңі

Бұл кезең жатыр ішілік дамудың 39-40 апталары, яғни нәрестенің туылу кезеңі. Нәрестенің туылу кезінде әсер ететін қауіпті факторларға:

● Кіндік жібінің бала мойнына оралып қалуы;

● Баланың теріс келуі;

● Плацентаның толық түсуі;

● Плацентаның жатыр қабырғасынан ажырауы;

● Таксикоздар;


Ұқсас жұмыстар
Гистологияның дамуы
Гистология, цитология және эмбриологияның даму тарихы
Жүктілікпен байланнысты гипартензиялар
Дамудың қауіпті кезеңдері
Дамудың қатерлі кезеңдері туралы түсінігі (П.Г.Светлов). Адам ұрығының дамуындағы негізгі қатерл кезеңдер
Гистология даму тарихы
Адам эмбриогенезі. Дамудың қауіпті кезеңдері
Дамудың қатерлі кезеңдері
Эмбриогенез кезеңдері
Дамуының қауіпті кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz