Ара балы туралы
Презентация қосу
Ара
балы
Ара балы, бал – жоғары калориялы диеталық тағам.
Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан
өңдеп шығарған өнімі, қоймалжың, тәтті сұйық. Ара балы бір
шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды
бал – тек өсімдіктің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны
өсімдіктің түріне (қарақұмық балы, жөке ағаштың балы, т.б.)
қарай атайды. Көпшырынды бал – өсімдіктердің бірнеше
түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін
өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т.б.) әр
түрлі атайды. Балдың химиялық құрамы шырын жинаған
өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына
және балдың түрлеріне байланысты болып келеді. Ара
балының сапасын негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы,
ылғалдылығы, қоректік және жабысқақтық қасиеттері арқылы
ажыратылады. Бал –қуаты жоғары тамақтық азық. Оның 1 кг-
ы 3250 кал. қуат береді. Бал адам организмін витаминдермен,
белокпен, ферменттермен, т.б. тіршілікке қажетті заттармен
байытады. Сондай-ақ балды асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек,
өкпе, жүйке ауруларын емдеуге және суық тигенде
қолданады. Ара балын косметикада, дәрі жасау өндірісінде
пайдаланады. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5оС-
Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок,
0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты,
сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К
дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-
ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор,
күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі.
Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тә-різді
қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен,
хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік,
жабысқақтық қасиет-тері арқылы анықтайды. Ара
балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат
береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен,
белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке
қажетті заттармен байытып, қамта-масыз етеді. Балды
құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10
градусқа дейінгі температурада сақтайды
БАЛ ЖИНАУ
Бал жинау — ара ұясының жылы маусымдағы гүл шірнесі мен тозаңын жинап, бал
өндіруі; табиғи процесс. Аралардың ішінде бал жинауға тек ерекше балауыз
бездері бар, “жұмысшы” аралар (қ. Ара) ғана қатысады. Ара өзінің “бал сауытына”
(артқы екі аяғында болатын арнайы қуыс) өз салмағының жартысындай шірне (
нектар) жинай алады. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араға қалдырып,
қайтадан ұшып кетеді. Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады, желдетіп,
артық ылғалын жояды. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны
балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін, ара оны балауыз
қақпақшамен жабады. Мұндай бал ұзақ сақталады. Араның Бал жинауы ара
ұясының күйіне, ауа райына, өсімдік түріне және оның омартаға қашықтығына,
шірненің бөліну дәрежесіне байланысты. Бір маусымда ара ұясы 100 — 200 кг бал
жинайды. Араның Бал жинауы өсімдіктердің жаппай гүлдеуіне тұстас келеді,
сондықтан оны үш кезеңге бөлуге болады. Көктемгі жинау—өсімдіктің алғашқы
гүлдеу кезеңінде басталады. Ерте көктемде, тал, үйеңкі, алма, алмұрт ағаштары
гүлдеген кезде аралар екі аптадай тынымсыз (күніне 5 — 6 кг) бал жинайды.
Көктемде жиналған балдың сапасы өте жоғары болады. Жазғы жинау 2—3 аптаға
созылады. Бұл кезде бал (күніне 6—7 кг), негізінен, жөке ағашынан жиналады.
Өйткені жөке ағашы маусымның аяғы, шілденің басында гүлдейді. Жөкеден
алынатын бал қоңыр түсті, хош иісті келеді. Ең көп бал — қарақұмықтан
жиналады. Қарақұмық бір айдан артық гүлдеп тұрады. Күн ашық, ылғалды болса,
бір ара ұясы маусымына қарақұмықтан 50—60 кг-ға дейін бал жинай алады. Күзде
аралар балды аз, негізінен, күнбағыстан (күніне 3 — 4 кг) жинайды. Одан
алынатын бал ашық сары түсті, иіссіз болады.
Жинау мен өңдеу – жаз және күз
айларында омарта ішіне жиналған
балды алу әдістері бойынша сауып
алады. Дәрілікке жасалатын балды
отқа жылытып, сұйылған сүзгіден
өткізіп әзірлей-ді. Бал ақ және
сарғылт түсті болады. Жаз, күз
мезгілдері тұнық өсімдік майы тектес
сұйықтау болып, қыс мезгілінде
қоюланып, шекер өңдес іріткі
кристаллға айналады. Балы – тәтті,
дәмді, усыз болады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz