Картоптың халық шаруашылығындағы маңызы және таралуы
Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Өсімдік шаруашылығы технологиясы факультеті
Орындаған: Қайрат Ш.
Тексерген: Оразбаев С.
Картоптың халық
шаруашылығындағы
маңызы және таралуы
Қазақстанда картоп кең таралған ауыл шаруашылық дақылы.Қартоптың
түйнегінде 75−80% су, 25%-ға дейін құрғақ заттар болады. Құрғақ зат 14-22%
крахмалдан, 2-3% белоктан, 1% шамасында клетчаткадан, 0.2-0.3% майдан және
0.8-1.0% күлді элементтен тұрады. Сонымен қатар әр түрлі дәрумендер (A1, B1,
B2, B6, C1, K) болады. Міне осы қасиеттеріне байланысты картопты адамдар
пайдалы тағамдар ретінде пайдаланады. Тіпті оны ел арасында “екінші нан” деп
те атайды.
Картоп техникалық дақыл. Ол крахмал, спирт, глюкоза, каучук және басқа
өнеркәсіп салаларына пайдаланады.
Картоп құнды мал азықтық дақыл. Малдарға жем ретінде картоптың түйнегімен
қатар крахмал және спирт өндірісінен қалған қалдықтар пайдаланылады.
Картоптың шыққан отаны Оңтүстік Америка, ол біздің жыл санауымыздан 1-2
мың жыл бұрын өсіріле бастаған. Картоп Республиканың барлық облыстарында
өсіріледі.
Биологиялық ерекшеліктері
Картоп жылу сүйгіш дақыл. Оның тұқымы өсіп-өнуі үшін топырақ қыртысында кем дегенде
7-8 0C жылылық болуы керек. Бірақ мұндай температурада картоп жер бетіне 30-35 күнде
көктеп шығады. Топырақтың тұқымы отырғызылған тереңдігіндегі температура жоғарылаған
сайын картоптың көктеп шығу кезеңі қысқарады. Аталған тереңдіктегі топырақтың
температурасы 18-25 0C болғанда 13-15 күнде көктеп шығады.
Картоптың сабағы күшті өсуі үшін қолайлы температура 17-22 0C шамасында болуы
қажет. Температураның жоғарылауы немесе төмендеуі өсімдіктің өсуі мен дамуына кері
әсерін тигізеді. Көктемде -3 0C суықта картоптың жас өркені, ал күзде -2 0C болғанда түйнегі
үсіп кетеді.
Картоп өсімдігінің суды қажет етуі оның өсуі мен дамуы процесіне қарай өзгеріп отырады.
Ол алғашқы өсу кезеңінде ылғалды онша қажет етпейді. Бірақ осы мезгілде шамадан тыс
құрғақшылық болса, картоп тамырының дамуы нашарлайды. Картоп үшін топырақтың ең
жақсы ылғалдылығы оның толық су сиымдылығының 70−80%-на тең. Топырақта ылғал көп
болсада қолайсыз, өйткені бұл дақылға залалын тигізеді. Картоптың транспирациялық
коэффиценті 600-650-ге тең.
Картоптың жақсы өсуіне ауа қажет. Топрақта ауа жетпеген жағдайда, оның жер астындағы
сабағы бұтақтанып кетеді, түйнектіде кеш байлайды, баяу өседі және кешігіп піседі.
Сондықтан картоп қара, қызыл−қоңыр топырақтарда жақсы өседі. Оған жақсы тыңайтылған
құмдақ және саздақ топырақтар да жарайды.
Тыңайту
Картоптың қоректік заттарға қоятын талабы үлкен.Бұл дақыл бір тонна өнім және сол
шамалас сабақ құрау үшін топырақтан 5кг азот, 2кг фосфор және 9кг калий
элементтерін пайдаланады.
Республиканың суармалы аймақтарында күзде жер жырту алдында әр гектарға 40-50
тонна көң, 6,5 центнер фосфор және 1,5 центнер калий тыңайтқыштарын РУН-15БМ,
РОУ-6, РМГ-4,РУМ-5 машиналармен шашып,түренді плулттармен жыртып, топыраққа
сіңіреді. Картоп отырғызылған мезгілде тұқыммен брге әр гектарга 0,3-0,5 центнер
аммиак селитрасы мен 1,0 центнер түйршікті суперфосфат сіңіргенде, жақсы өнім
алуға болады.Қазақстанның Солтүстік облстарда жерді жырту алдында әр гектарға
50-100 тонна коң,әсерлі заттар есебімен алғанда 140 кг фосфор және 160 161кг
калий тыңайтқыштарын ПРГ-16,ПРТ-10, РУМ-8, РУМ-5, құралдармен
шашып,плуктармен жыртып топырақа сіңіреді,ал азот тыңайтқыштарының 2/3 бөлігін
картоп отырғызу алдында және 1/3 бөлігін үснеме қоректендіру кезінде береді.
Топырақ өңдеу
Топырақ өңдеуге күзде алғы
дақылдарды жинап алғаннан кейін кіріседі. Күздік дәнді дақылдардан
соң танаптағы аңызды ЛДГ-10 сыдыра жыртқыштармен 10-12 см
тереңдікте өңдейді.Арам шөптер көктеп шыққаннан кейін жерді ПНЛ-8-
40, ПЛН-6-35, ПЛН -35, ПЛН -4-35 түренді плугтарының бірімен 27-
30см тереңдікте сүдігер жыртады.
Отамалы және көкөніс алғы дақылдарынан кейін топырақты сыдыра
өңдемей-ақ бірден терең жыртуға кіріседі. Қазақстанның солтүстік
аймағында қыста СВУ-2,6 құралымен қар тоқтатады. Көктемгі топырақ
өңдеу танапта БЗСС-1,0 тырмаларымен ылғал жабудан басталады.
Содан кейін сүдігерді 20-22 см тереңдікке ПЛН-4-35 түренді плугымен
БЗСС-1,0 тырмасынан тұратын құрама агрегатпен жыртады.
Түйнекті отырғызуға
дайындау және
отырғызу
Егісте зиянды жәндіктермен зақымдалмаған,
сапалы тұқым отырғызылуы керек. Ол үшін
тұқымдық түйнектерді картоп сорттайтын
КСП-25 пункттерінде іріктеп, үш фракцияға бөледі. Майда фракцияға
салмағы 30-50г, орташаға 50-80г және ірі -80г-нан ауыр
түйнектерді кесіп отырғызады. Бүтін және кесілген түйнектердің
ара қатынасын 1:3 есебімен араластырып отырғызған дұрыс.
Картоп түйнкетерін отырғызуға 5 -7 күн қалғанда ТГ-1A двигателін
пайдаланып, ауа қыздырғыш қондырғымен +25-27 0C шамасында
қыздырады. Отығызар алдында жуылып және іріктелген
түйнектерді концентрациясы 0,002%-дық амин тұзы +1,0%-дық
бор қышқылы қосындысынан тұратын қоректік-дезинфекциялық
ерітіндісімен дәрілейді. Бұл ерітінді 1 тонна тұқымға 30-50 л
мөлшерінде жұмсалады.
Картоп үйнегін отырғызу
Картопты отырғызудың жақсы мезгілі торылақтың 10 см тереңдігі
+6-8 0C-қа дейін қызған көзі болып саналады. Отырғызуды
қысқа мезгілде, яғни 10-12 күннің ішінде еяқтау керек, өйткені
ары қарай түйнектер өнім сапасын жояды. Картопты ең
алдымен механикалық құрамы жеңіл торырақта отырғызады.
Мұнда алдымен ерте пісетін сорттарды отырғызады. Өсірілетін
түйнектердің өскіні 4 мм-ден ұзын болмаса, оларды КСМ-4,
СН-4Б-1 картоп отырғызғыштерымен, ал өскіні 4 мм-ден ұзын
болғанда арнайы САЯ-4 машинасымен отырғызады.
Картоп отырғызудың негізгі әдісі қатар аралығы 70 см кең қатарлы
әдіс. Суармалы жердерде картоп жиі отырғызылады –
кегтарына 50-57 мың, ал суармайтын жағдайда 35-40 мың
өсімдік отырғызылады. Отырғызу тереңдігі 8-10 см болады.
Егістікті күтіп - баптау
Өсімдік көктеп шыққанға дейін шөптерді жою үшін танаптағы
ылғалды сақтау мақсатымен БРУ-0,7 ротациялық тырма тіркелген
КОН-2,8ПМ культиваторымен топырақты 1-2 рет өңдейді, ал
картоп көктеп шыққаннан кейін, өсімдіктің биіктігі 5-6 см-ге
жеткенше тағы 1-2 рет топырағы қопсытылады.
Картоп көктеп шығуға 3-4 күн қалғанда арам шөптерге қарсы ОВТ-1В
машинасымен әр гектарға 3-5 кг прометрин гербицидін шашады.
Қатар аралығын бірінші култивациялау өсімдіктердің биіктігі 5-10 см
болған кезде КОН-2,8ПМ, КНО-2,8, КНО-4,2Г культиваторымен
түптейді. Бұл агротехникалық шара түйнектер айналасындағы
топыоақты жақсы қопсытып, үлкеюіне мүмкіндік туғызады. Өсу
кезінде картопты орташа есеппен 5-7 рет суарады. Суару мөлшері
балдық жерде бірдей емес. Ол топырақтың ылғалдығына, ыза
суының тереңдігіне, өсірілетін аймақтың ауданына байланысты
өзгеріп отырады.
Картопты жинау
Картопты жинауға 10-15 күн қалғанда суару тоқтатылып, егер солып
қалмаса жинау алдында КИР-1,5Б машинасымен оның сабағын
шауып алады. Қазіргі кезде картоп түйнегін үш тәсілмен жинайды:
1. тасқынды жинау немесе тікелей комбайнмен жинау тәсілі – топырақ
қанағаттанарлық деңгейде еленгенде және ылғалдылығы 12-23%-
дан аспайтын жеңіл және механикалық құрамды топырақтарда
қолданылады. Ол үшін Е-686, ККУ-2А комбайнмен жинап, КСП-15Б
сорттау пункттеріне жеткізеді.
2. Бөлектеп жинау тәсілі – ауыр және ылғалды топырақтарда тікелей
комбайнмен жинау мүмкіндігі болмағанда қолданады. Түйнектерді екі
қатардан дестетүзгіш УКВ-2 құралымен дестеге салынады да кейін
комбайнмен жиналады.
3. құрама жинау тәсілі екі кезеңді: бірінші кезеңде УКВ-2 құрылғысымен
қазылады да қазылмаған екі көрші қатар аралыққа салынады. Екінші
кезеңде түйнектер комбайнмен жиналады, бір мезгілде басқа
қатардағы түйнектер де қазылады.
Картопты сақтау
Картопты сақтау тәртібі көп жағдайларға, оның ішінде
түйнектердің сапасына, ауаның температурасы мен
ылғалдығына және басқа факторларға байланысты.
Картоп қоймаға сақталуға салынғаннан кейін алғашқы
15-18 күн ішінде ауаның температурасы +15-18 0C,
ылғалдылығы 95% болуы шарт. Тәулігіне 5-6 рет 30-
35 минут бойы әрбір 1,5-2 сағаттан кейін картоп түйнегі
желдетіліп тұруы керек. Көрсетілген уақыт өткеннен
кейін қоймадағы ауаның температурасын +2-4 0C-қа
дейін төмендетеді. Әрі қарай қоймадағы ауаның
температурасын +2-3 0C шамасында бүкіл картоп
сақтау мерзімінде тұрақты болуы керек.
Картоптың сорттары
Ерте пісетіндер: Весна, полет, ақкөл, просвит, фреско,
ярла.
Ортадан ерте пісетіндер: Невский, мурманский, огенек,
никита, тамаша, эскорт, романо, розара.
Орташа мезгілде пісетіндер: ақсор, гатчинский, ресурс,
тамыр.
Ортадан кеш пісетіндер: ақжар, курант1, лорх.
Пайдаланған әдебиеттер
“Өсімдік шаруашылығы” Қ. К. Әрінов, Қ. М.
Мұсынов, А. Қ. Апушев, Н. А. Серекпаев, Н.
А. Шестакова, С. С. Арыстанғұлов
“Өсімдік шаруашылығы” (Оқулық) Можаев Н.
И., Әрінов Қ. К., Нұрғалиев А. Н., Можаев А.
Н.
WWW.GOOGLE.KZ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz