Клетка органоидтары


Slide 1

Клетка органоидтары

Орындаған: мпБТ 106

Тексерген: Сапаров. Қ.

Slide 2

Жоспар

Клетка органоидтары

Мембранасыз органоидтар

Мембраналы органоидтар

Эукариот және прокариоттың клеткасы

Slide 3

Органоидтар клетканың құрамында болатын компоненттер. Олар клетканың ішінде өз қызметтерін атқарады және өмірге маңызды процестерді синтездейді.

Slide 4

КЛЕТКА ОРГАНОИДТАРЫ

Мембранасыз

Рибосомалар

Клетка орталығы

Микротүтікшелер

Микрофиламенттер

Хромосомалар

Мембраналы

Бір мембраналы

Екі мембраналы

Slide 5

Тірі клетканың шар тәрізді формадағы маңызды органоиды, диаметрі 100-200 ангстрем, кіші және үлкен суббірліктерден тұрады

Функциясы- белок синтезі

Құрамында рРНК бар

Slide 6

Рибосоманың құрылысы

1 -кіші суббірлік

2 - аРНК

3 - тРНК

4 - амин қышқыл

5 -үлкен суббірлік

6 - эндоплазмалық тордың мембранасы

7 -синтезделуші полипептидтік

Slide 7

Рибосома (лат. rіbes - ағыс және грек. some - дене) - белок синтезін жүзеге асыратын клеткаішілік органоид.

Рибосома тірі организмдердің барлығынан дерлік табылған. Әр клеткада шамамен 1000-нан 1-ға дейін рибосомалар болады. Шамамен диам. 20 нм-дей. Рибосомалар екі класқа бөлінеді: 70S және 80S (S-седиментация коэфф., Сведберг бірлігі) . 70S Рибосома ядросы жоқ прокариоттар клеткаларында, ал 80S Р-лар эукариоттардың цитоплазмасында болады. Химиялық құрамы жағынан Р-лар РНІ-нан және белоктардан тұратын нуклеопротеид болып саналады. 70SBold text Рибосомасының 60 - 65%-ы РНҚ және 35 - 40%-ы белоктан, ал 80SРибосомасының 50%-ы РНҚ-дан, 50%-ы белоктан құралады. Құрылымы жағынан Рибосомалар үлкен және кіші суббөліктерден тұрады.

Slide 8

Клетка орталығы (центросома)

Екі микротүтікшенің 9 триплетінен түзілген толық цилиндрді қамтиды.

Клетканың митотикалық аппаратының құрамына кіреді .

ДНҚ және РНҚ бар. центриолден құралады, әрқайсысы

Slide 9

Флеминг (1875 ж) және Венеде (1876 ж. ) жарық микроскопының көмегімен ұсақ тығыз денешік ретінде әр түрлі клеткалардан клетка орталығын ашты. Клетка орталығы ядроға тақау орналасады. Ол екі ұсак тығыз денешіктен (центроли) және оларды қоршаған цитоплазма ақшыл аймағынан (центросфера) және олардан бөлінген жіңішке жіпшелерден тұрады. Клетка орталығыжануарлар клеткаларында, кейбір өсімдіктерде кездеседі, бірақ жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде, төменгі сатыдағы саңырау құлақтарда және карапайымдыларда кездеспейді. Центрольдер сателлиттерімен «аяқшалары» арқылы жалғасады. Әр центрольдердің сыртында құрылымсыз немесе жұка талшықты матрикс және центросфера құратын қосымша микротүтікшелер болады.

Slide 10

МИКРОТҮТІКШЕЛЕР

Клетканың цитоқаңқасын Цилиндрлік құрылым.

түзеді.

Slide 11

Микрофиламенттер

Цитоқаңқаның актин жіпшесінен және басқа белоктан түзілген қысқартылған элементі.

Клетканың цитоқаңқасының түзілуіне қатысады.

Нуклеин қышқылы жоқ.

Slide 12

Эндоплазмалық тор

1. Эндоплазмалық тор (ЭПТ) - (гр. эндо - ішкі, гр. плазма - жапсырылған) - жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі.

Slide 13

Хромасома

Эукариотты клеткаға тән, әрбір храмасома бір молекула ДНК және белок моекуласынан құралған.

Гендік информацияны тасымалдаушы.

Slide 14

Хромосомалар ДНҚ жіпшелерінен және нәруыздан тұратын ядроның аса маңызды бөлігі. Хромосома дегеніміз - ДНҚ-ның жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік. Хромосоманың құрамында ДНҚ, гистон, қышқыл нәруыз және өте аз мөлшерде РНҚ болады. ДНҚ тұқым куалау ақпаратын, жасуша және организмнің қызмет етуі мен дамуының бағдарламасын сақтайды. Гистон дегеніміз - хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын нәруыз. Гистондар оң зарядталған негіздік нәруыз болғандықтан, ДНҚ молекуласымен берік байланыс түзеді. Сол себепті олар ДНҚ-ға өзінің жұмысын атқаруға мүмкіндік бермейді. Гистондардың реттегіштік қасиеті осыған негізделген. Сонымен катар бұл нәруыздар хромосомалардағы ДНҚ-ның кеңістіктегі ұйымдасуын қамтамасыз етіп, құрылымдық қызмет атқарады. Ол шиыршықталудың

Slide 15

Плазмолемма

Клетканың сыртынан қоршап, оның сыртқы ортамен тікелей байланысуын қамтамасыз етеді.

Клетканың ішкі құрылымының құрамын реттейді.

Slide 16

Плазмолемма - жасуша протоплазмасын қоршаған ортадан бөліп, зат алмасу, тасымалдау, рецепторлық қызметтер атқаратын жасуша қабықшасы. Плазмолемма - плазмалық жарғақтан, жарғақшаүсті кешеннен және жарғақасты тірек-жиырылғыш аппараттан тұрады. Плазмалық жарғақтың негізі бимолекулалы липид қабатынан түзілген. Бұл қабатқа толық немесе жартылай протеин және гликопротеид молекулалары еніп, протеинді-липидті жарғақты түзеді. Оны 40% липид, 59% протеин, 1% көмірсу құрайды. Жарғақшаүсті кешен плазма жарғағы протеиндерімен байланысып, тармақтала орналасқан гликопротеидті құрылым - гликокаликстен тұрады. Бүның құрамындағы протеинді ферменттер жасуша қабықшасынан тыс жатқан заттарды ыдыратып қорытып, мономерлер ретінде жасушаға сіңіреді. Процесс - эндоцитоз (пиноцитоз, фагоцитоз) деп аталады.

Slide 17

Эндоплазмалық тор (ЭПТ)

Каналдардан, көпіршіктерден, цистерналардан тұратын мембрана жүйесі.

Плазмалемамен және ядролық мембранамен байланысқан.

Клеткадағы заттардың тасымалы

Slide 18

Гольджи комплексі

Гольджи кешенінің мембраналары үш қабаттан тұрады.

Гольджи кешенінің барлық функциялық және морфологиялық айырмашылықтары ядроның бақылауында болады

көпіршіктер

цистерналар

Slide 19

КАММИЛО ГОЛЬДЖИ

Алғаш рет Гольджи аппараты деп аталатын органоидты 1898жылы мишықтан Пуркинье клеткаларынан тауып ашқан итальян ғалымы КАММИЛО ГОЛЬДЖИ.

Slide 20

Гольджи аппаратын ішкі тортәріздес аппарат депте атайды. Электронды микраскоп арқылы зерттеулер бойынша Гольджи аппараты үш компонненттен тұрады;

Қатар орналасқан жазық мембарналыадан тұратын қатырмаланған қапшықтар жүйесі.

Екінші компонент-белок секретін эндоплазмалық тордан тасымалдайтын диаметірі 300-500А болатын көпіршіктер.

Үшінші компонент-диметрі 0. 2-0. 3мкм болатын ірі вакуольдер.

Slide 21

Гольджи аппаратының қызметі.

Эндоплазмалық торда өндрілетін секреттерді қалыптастыру және сыртқа шығару.

Көмір синтезіне қатысу және көмір суларды полипептид тізбектерінде жалғастыру.

Лизосомалар құрастыруңа қатысады.

Сперматозоидта Гольджи аппаратынан акрасом қалыптасады.

Slide 22

Орталық вакуольдің ерекшеліктері.

Тонопластпен жабылған

Клеткалық шырынға толы

ЭПТ негізінде түзіледі

Нуклеин қышқылдары жоқ

Slide 23

МИТОХОНДРИЯ.

Митохондриялардың формасы әр түрлі организмнің клеткалары мен бір организмнің бір органдары мен тканьдарында ғана әр түрлі болып қоймайды, бір клетканың өзінде оның тіршілігінің түрлі кезеңінің өзінде де әр түрлі болады. Түрлі әрекеттердің әсерінен митохондриялардың формасы өзгереді. Мысалы, ортаның Рн, осмостық қысым, температура өзгергенде митохондриялардың бір формасы екінші формасына айналады. Кейде бір клетканың өзінде де оның түрлі участогінде түрлі митохондрия түрліше болады. Мысалы ішек эпителийі клеткаларының жоғарғы және ядро мңындағы участоктерінде митохондриялардың формасы таяқ тәрізді болса, клетканың негізінде дән тәрізді болады.

Slide 24

МИТОХОНДРИЯ

Сопақша формалы екі мембраналы органоид

Клеткадағы энергия көзі

Құрамында ДНК мен РНК болады

Slide 25

ҚЫЗМЕТІ.

Митохондриялардың сыртқы және ішкі мембраналары құрамы және физикалық қасиеттері жағынан бірінен бірі өзге. Өткізгіштік жағынан да айырмашылықтары бар. Митохондриялардың ішкі мембраналарында белгілі заттарды активті түрде тасымалдайтын система бол мембранаады. Мембраналар қасиеттерінінң бірдей болмауы, олардың құрылысында айырмашылық болуының салдарынан. Ішкі мембранасының липидтерінде қаныққан май қышқылдары қалдықтары көп болады. и митохондриялардың сыртқы мембрананың құрамында тотықтырғыш ферменттер аз. Мембрана аралық кеңістікте де бұл ферменттер көп емес. Оның есесіне ішкі мембрана мен митохондриялық матриксте олар өте көп. Фернандес-Морган митохондриялар ішкі мембранасының ішкі бетінде саңырауқұлақ тәрізді денешік деп аталған, саңырауқұлақ пішінді структураларды анықтаған

Slide 26

ПЛАСТИДТЕР:

Пластидтердің үш түрі белгілі: хлоропласт, хромопласт, лейкопласт

Құрамында ДНК мен РНК болады

Slide 27

ПЛАСТИДТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.

Slide 28

Пластидтер (грек тілінен plastides - жасайтын, тузейтін) - эукариотты өсімдік жасушасының органоидтары. Әрбір пластидада кос мембраналық құрылысы бар. Олар пішіні, мөлшері, құрылысы мен қызметтері бойынша әртүрлі. Түсі бойынша жасыл пластидтер, (хлоропласттар), сары-ашық қызыл және қызыл. (хромопласттар) және түссіз, (лейкопласттар) ажыратылады. Пластидтер меристемалық жасушалардың пропластидалардан онтогенезде біртұтас шығу тегі бар. Пластидалардың өзара айналулар мүмкін. [1]

Қысқаша мәлімет.

Slide 29

ЛИЗОСОМА.

Гольджи аппаратынан 2-экзогенді заттардың еруі (лизис) . Құрамында гидролаза ферменттер бар лизосоманың бірінші түрі мен пиноцитоз және фагоцитоз көпіршіктерінің қосылуының нәтижесінде лизозосоманың екінші түрінің пайда болуы, 3 - эндогеміді заттардың еруі (лизис) Аутофагоцитоз вакуолінің пайда болуы, 4 - қорытылмаған заттардың жиналуы - "қалдықты денешіктер", 5 - экзоцитоз жолымен қорытылмаған заттардың шығуы болады. 400px] ]

Мембраналы органоид, оны 1955 жылы биохимик Де Дюв ашты. Бұл органоидтың кұрамында гидролаза ферменттері көп мөлшерде кездеседі. Лизосомаларды липопротеидтерден тұратын мембрана қоршап жатады. Осы мембрана бұзылған жағдайда ғана лизосомадағы ферменттер сыртқы ортаға әсер етеді. Лизосоманың құрамындағы гидролаза ферменттері белоктарды, нуклеин қышқылдарын, полисахаридтерді ыдыратады. Қазіргі уақытта лизосоманың құрамында 60-ка жуық гидролаза ферменттерінің болатыны анықталды. Лизосомалардың құрамындағы ферменттерді гистохимиялық әдістер арқылы да байқауға болады. Ол үшін қышқылды фосфомоноэстера ферментін таңба ретінде қолданып, гистохимиялық әдіспен жарық және электронды микроскоптарды пайдаланса жеткілікті.

Slide 30
Ұқсас жұмыстар
Пластидтер және эргастикалық заттар
Клетка және органоидтардың құрылысы
Жасуша қабықшасы
Клетка циклындығы ДНҚ репликациясының орны мен құбылыстары
Прокариоты клетка
Жасуша ұғымы
Эндоплазмалық тор Метехондриялар Жасуша орталығы
ЖАСУША БИОЛОГИЯСЫНА КІРІСПЕ
Жасушалар және тіндер патологиясы
Жасуша органоидтары Ядро Ядролық мембрана
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz