ЕҢБЕК РЕСУСТАРЫ




Халықтың еңбектік әлеуеті, ел (аймақ) халқының шаруашылық саласында жұмыс істеуге қажетті білім деңгейі бар, дене күші толысқан және дені сау бөлігі; елдің экономикалық әлеуетінің маңызды элементі. Еңбек ресурстарының өлшемі халықтың санына, оның өсіп өнуінің режіміне, демографиялық құрылымына байланысты барлық демографиялық процестерінің қарқындылығына сәйкес болады. Қазақстанда оған I және II топтағы мүгедектерден басқа барлық еңбек жасындағы адамдар
(16-63 жастағы ерлер, 16-58 жастағы әйелдер) және жеңілдік жағдайда жасы бойынша зейнетақы алатын зейнеткерлер, еңбек жасынан жоғары және төмен тұрған жұмыс істейтін адамдар жатады. 1999 жылғы халық санағы бойынша, Қазақстанда Еңбек ресурстары бүкіл халықтың 56%-дан астамы болды.


Еңбек ресурстарын басқару мемлекеттің қандай жүйе бойынша дамып келе жатқандығына қарамастан, оның шешуші қызметі болып табылады. Әрине, бұл Қазақстанға да қатысты мәселе. Сондықтан мамандарды басқарудағы әдістемелік жолдарды білген жөн. Дамыған елдерде бұл мәселені зерттеуге үлкен көңіл бөлінеді. Мысалы, АҚШ-та «мамандарды (қызметкерлерді) басқару» пәні 200-ге жуық ЖОО-да оқылады. Ірі корпорациялардағы мамандардың 30%-на жуығының магистр дәрежесі бар. Жапондықтар өздерінің өмір сүруін табиғи ресурстарға емес, адам ресурстарына байланысты деп түсінеді және де олар өздеріндегі ең басты байлық адам деп есептейді. Қолданылған ресурстардың көп түрлілігіне қарамастан оларды әдетте негізгі 3 топқа бөледі: -натуралды немесе табиғи (жер, т. б. ) ; -материалды (капитал) ; -адам ресурстары (еңбек) .

Ресурстарды басқару ұйымды басқаруға негіз болады. Адам ресурстарын басқару кез келген ұйым үшін материалды және табиғи ресурстарды басқарумен қатар, жалпы басқарудың бір құраушысы болып табылады. Алайда өз қасиет белгілеріне қарай адам ресурстары басқа ресурстардан өзгешеленеді де, басқарудың ерекше әдістерін қажет етеді. Басқару процесінде адам ресурстарының өзіндік ерекшелігін ескерген жөн. Оның мәні мынада: Біріншіден, өндіріс құралдарына қарағанда (машиналар, шикізат) адамдардың сапасы бар, соған сәйкес олар сыртқы әсерге сапалы түрде жауап бере алады. Яғни, ұйым мен қызметкер арасындағы өзара байланыс процесі екі жақты болып табылады.
Екіншіден, сапалы болғандықтан адамдар үнемі жаңарып дамып отыруға қабілетті. Технологиялар мен оған қоса кәсіптік білім бірнеше жылдың ішінде ескеріп отыратын ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі жағдайында қызметкерлердің үнемі дамып, жаңарып отыру қабілеті кез келген ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың аса маңызды да ұзақ мерзімді көзі болып табылады. Үшіншіден, қазіргі заманғы қоғамдағы адамның еңбек ету өмірі 30-50 жылды құрайды, осыған байланысты ұйым мен адамның ара қатынасы ұзақ мерзімді сипат алады. Төртіншіден, материалды және табиғи ресурстарға қарағанда адамдар ұйымға белгілі бір мақсаттармен, саналы түрде келеді де, ұйымнан осы мақсаттарына жетуде көмек күтеді.

«ПетроҚазақстан» - өзі жұмыс істейтін аймақтардағы аса ірі жұмыс беруші. 2010 жылы компанияның қызметкерлер құрамының жалпы саны 3453 адам болды, олардың 95% - жергілікті қызметкерлер. Компания қызметкерлерді оқыту мен білімін жоғарылату ісін өзінің басымдықтарының бірі ретінде қарастырады. Оқыту стратегиясы компанияның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттерін іске асыруға және қолдауға бағытталған. «ПетроҚазақстан» компаниясының бұл саладағы серіктестері қазақстандық және шетелдік жетекші университеттері, институттары мен тренингілік орталықтары болып табылады.

ПетроҚазақстан» компаниясында сондай-ақ «Қызметкерлердің жұмысын бағалау бағдарламасы» қолданылады, оның мақсаты компанияның әр жұмыскерінің әлеуетін бағалау, осындай әлеуетті іс жүзіне асыру үшін қажетті тренинг бағдарламаларын айқындау мен өткізу болып табылады. «ПетроҚазақстан» компаниясының басшылығы еңбек саласында ҚР заңнамасын толық орындауды, сондай-ақ Ұжымдық шарттың барлық талаптарын орындауды алдына мақсат етіп қояды. Бұған жылдық демалыстарды заңнамамен белгіленген нормалардан асырып беру; зенет демасылына шыққан кездегі төлемақылар; жерлеуге жұмсалған шығындарды төлеу, соның ішінде қосымша демалыс беру; жүктілік және босану бойынша заңмен белгіленген нормалардан асатын төлемақылар; профилактикалық-сауықтыру мекемелеріне жолдамалар беру; мәдени-спорттық шаралар өткізу; мейрамдар қарсаңындағы сыйлықақылар; мерейтойларға байланысты сыйлықақылар, сондай-ақ көлікпен қамтамасыз ету кіреді.


Құрметті Ербол Турмаханұлы!
Құрметті алқа отырысына қатысушылар!
Мемлекет басшысы өзінің биылғы Жолдауында Қазақстан дамуының басты бағыты ретінде әлеуметтік-экономикалық жаңғырту мәселесін белгілей отырып, біздің алдымызға бірқатар міндеттерді жүктеді.
Елдің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының бірінші бағыты - Қазақстандықтарды тиімді жұмыспен қамту болып айқындалды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz