Қызыл қауданды, Совойя капусталардың биологиялық ерекшеліктері
Презентация қосу
Қызыл қауданды, Совойя
капусталардың биологиялық
ерекшеліктері
Орындаған:
Тексерген:
Капуста емдік касиетте тән. Оның даңқы ғасырлар бойы қалыптасқан, Біздің
елдегі ескілікті емдік кітаптарында, сонымен қатар Батыс Еуропа және Азия
елдерінде қырыққабатпен емдеуге болатын бауырдың және буындардың жара, және
т.б. аурулардың ұзақ тізімі келтірілген. Капустаның емдік қасиеттерін ғылымда қазір
дәлелдеп отыр, ал Ресей медицина академиясының қоректендіру институты бір
адамға жылына 34 кг капустаны жеуге ұсынады.Капустаның шырыны өте пайдалы.
Елімізде тараған капуста түрлеріне ақ қауданды, қызыл қауданды, савой, брюссель,
гүлді, брокколи, кольраби, жапырақты, қытай капусталары біріктірілген. Сондай-ақ
мал азықтық және сәндік капусталары да өсіріледі.
Ең кеңірек таралғаны — ақ қауданды капуста. Ол Солтүстік Қазақстанда көкөніс
егістігінің 50%-тен астам жеріне егіледі. Бұл жоғары дәмдік қасиеттеріне және
тағамға алуан түрлі пайдалануына байланысты. Шикі, пісірілген, қуырылған,
ашытқан және маринадталынған күйінде пайдаланылады. Тасымалдауға қолайлы.
Ерте пісетін және сақтауға шыдамды, кеш пісетін сорттары жыл бойы жас күйінде
пайдалануға мүмкіндік береді.
Ақ қауданды капуста сорттары
Өсу-даму кезеңінің ұзақтығына қарай капустаның сорттары 6 топқа бөлінеді, бірақ
Солтустік Қазақстанның көкөніс шаруашылығында сорттардың 3 тобын ажыратады:
ерте (95-120 тәулік), орташа (130-145), кеш пісетін (150-170 тәулік). Ерте пісетін
капуста қарқынды өсуімен, дамуымен және қауданының жедел қалыптасуымен
ерекшелеңеді. Жас күйінде пайдалануға өсіріледі. Сорттары: Точка (Гном), Грибовский
147 бірінші нөмірі.
Орташа және әсіресе кеш пісетіп сорттары ірі жапырақтарынан үлкен дегелек
қалыптастырады. Қаудандары ірі, жақсы сақталады, ашытуға қолданылады. Орташа
пісетін сорттары: Слава грибовская 231, Слава 1305; кеш пісетіндері: Лебяжинская
местная, Подарок, Столичная, Русиновка, Қырыққабат адам азығында үлкен мәнге ие,
өйткені оның құрамында ағзаға қажетті көмір суы, минералды тұздар, азотты және
басқада заттар бар.
Совойя капустасы – екі жылдық өсімдік.
Совойя аты италяндық граф Совойя атына
арналған. Россияда совойя капустасы 19
ғасырда белгілі бола бастады. Сыртқы
бейнесіне қарай Совойя капустасы ақ
қауданды капустадан бүршіктелген
жапырақтарымен , тығыз емес қауданымен
ерекшеленеді. Совойя капустасы өте дәмді
және ақ қауданды капустаға қарағанда
құрамында нәруыз көп. Совойя капустасынан
көптеген салат түрлері жасалады.
СОВОЙЯ КАПУСТАСЫ
• Қызыл қауданды
капуста
Қопсытқан кезде капустаны қосымша қоректендіреді:
бірінші рет көшет отырғызғаннан 10-15 тәулік өткен соң,
екіншісін жапырақтар күшті өсер кезде, үшіншісін қаудан
қалыптасар алдында. Бірінші қоректендіргенде гектарына 1ц
аммиак селитрасын, 2ц суперфосфатты және 0,3ц хлорлы
калийді, екінші және үшінші реттерде 2 ц аммиак селитрасын,
2 ц суперфосфатты және 0,5 ц хлорлы калийді енгізеді.
Орташа және кеш пісетін капуста жүйелі түрде суаруды
қажет етеді. Қаудан байланғанша капустаны 8-10 тәуліктен
кейін суарады, ал пісіп жетілген кезінде әрбір 10-12 тәулік
сайын. Суландыру аралықтарында ұзақ үзілістер болмағаны
дұрыс. Ол қаудандардың толуын тежейді, өнімді кемітеді және
ең бастысы қаудандардың көптеп жарылуына әкеп соғады да,
бұл тауарлық өнімнің децгейін күрт төмендетеді. Өнімді
жинауға 2 жұма қалғанда суландыруды тоқтатады. Жалпы өсу-
даму кезеңінде 10-12 рет суарылады.
Қызыл қауданды капуста ақ
қауданды капустаның бір түрі.
Ол озінің қауданының кызғылт
болуымен ерекшеленеді. Қызыл
қауданды капуста кеш жетіледі.
Ерте жетілетін түрлері
климат пен топыраққа
байланысты. Қызыл қауданды
капуста өте пайдалы.
Қызыл қауданды капуста витаминге өте
бай. Тұз, темір, калий, магний
құрамында өте көп.
• Құрамында белок, клечатка, фермент,
фитонцид. Қызыл қауданды капустада С
витамині ақ қауданды капустаға қарағанда 4
есе көп. Құрамындағы антоциан адамға өте
жақсы әсер етеді. Аққандық пен радиация
әсерінен сақтайды. Ақ қауданды капустаға
қарағанда қызыл қауданды капуста құрғақ
болады, бірақ витаминге өте бай.
Ерте пісетін капустаны жеңіл, жақсы
жылынатын топырақтарда орналастыру керек.
Ең жақсы алғы дақылдар —- қияр,
тамыржеміетілер, қызанақ, ерте пісетін картоп.
Сүдігерді жыртқан кезде гектарына 40-50 т
орташа шірігеп көңді немесе 15-20т жақсы
шіріген қарашірікті және 4-5 цсупер-фосфатты
енгізеді. Топырақта калий жетіспегенде
суперфосфат-пен бірге 1,2-1,5 ц хлорлы калий
енгізеді. Қөктемде культивацияның алдынан
гектарына 3,0-3,5 ц амиакселитрасын енгізеді.
Ерте көктемде танапқа тырма жібереді, содан
кейін культивациямен бірге тырмалап,
топырақты шығыршықты таптағыштармен
тығыздайды.
Ерте пісетін капустаны тек көшетпен өсіреді. Ауа райы жағдайына қарай аймақтың оңтүстік
аудандарында көшеттерді ашық жерге мамырдың бірінші онкүндігінде, солтүстігінде—
мамырдың орта кезінде отырғызады. Отырғызуды кешеуілдету оның өнімділігін кемітеді және
өнім жинау мерзімін кешеуілдетеді, бұл ерте пісетін қырыққабат технологиясының
экономикалық тиімділігін төмендетеді. Қыш құмырада және құмырасыз өсірген көшеттерді
«Беларусь» немесе ДТ-75 тракторларына тіркелген СКНБ-4А немесе СКН-6А машиналарымен
отырғызады. Қолмен отырғызғанда (кішірек алаңдарда) танапты алдын ала қашау табанды
культиватормен, танаптың ұзын бойына 13-14 см тереңдікке қарықтар жыртады. Қөшет
отырғызар алдында дайындалған учаскенің гектарына 200-250 м5 су жіберіп суарады.
Қазіргі кезде ерте пісетін капустаны төмендегі тәсілмен-отырғызады: қатараралығы — 70 см,
қатардағы аралық 30 см. Бір гектарға 47,6 мың өсімдік отырғызады.
Алдын ала дайындалған саңылауларға отырғызу -- тиімді әдіс: КРН-4,2 культиваторының
табанының орнына қоректендіру пышақтарын қойып тереңдігі 18-20 см, бірінен-бірі 70 см қа-
шықтықта саңылаулар жасалынады. Саңылаулар қарық тәрізді болады, тереңдігі 7-8 см, ені 10-12
см. Содан соң учаскені суарады — 150-180 м3 га. Көшетті суарудан 1-2 сағат өткен соң
отырғызады.
Адам қорегіне пайдаланатын көкөніс дақылдарының ішінде қызыл
капустаның алатын үлесі едәуір. Ол егіс көлемі және жалпы түсімі
бойынша бірінші орында тұр. Қазақстанда көкөніс дақылдарын кеңінен
өсіріп-өндіріп отыр. Мұнда капуста өндіру жер көлемі бойынша
жоғары болып отыр.
Капуста өсіруде өзық технологияларды енгізіп өнімді арттыру
жағын қарастыру шарт. Сапалы тауар алу үшін ауру зиянкестермен
күресуді уақтылы жүргізу, агротехникалық шараларды дұрыс және
мерзімді орындау аса маңызды.
Капустаның қоректік құрамы жоғары болғандықтан халық
тұрмысында оны жоғары бағалайды. Шаруашлылықта нарық
айналысында өз орнын тауып отыр .
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz