Арал теңізі мен Арал ойысының физико-географиялық құрылымы, гидрологиялық режимі және экологиялық өзгерістері


Slide 1 Slide 2 Slide 3

Арал

теңізі

Slide 4

Теңіз суының түсі қара көк, мөлдірлігі 25 м. Теңіз суы тұнық. Бұндағы органикалық дүние Каспий теңізіне қарағанда әлдеқайда кедей. Теңізде балықтың 20-дай түрі бар. Кәсіпшілік жөнінен құндылары: бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа ауланады. Жерсіндірілген балықтардан каспий шоқыры мен балтық салакаласын атауға болады.

Slide 5

Арал теңізінің

тартылуы

1957 ж

1987 ж

1998 ж

2002 ж

Slide 6 Slide 7

Арал ойысы - Арал теңізі ойпатын және оның солтүстігін, шығысы мен оңтүстік-шығысын алып жатқан мезозой-кайнозой шөгінділерінен құралған тектоникалық құрылым; геоморфология тұрғыдан алғанда солтүстік Қызылқұмға жалғасып жатқан ойпат. Тұран плитасының құрамына енеді. Ауданы 350 мың км2 шамасында. Арал ойысының солтүстік-шығысы, Тұран шығысы, оңтүстігі жайпақ жазық, ал Үстіртке жалғасатын батыс жағы тік жарлы болып келеді.

Арал ойысы солтігінде Торғай ойысының оңтүстік шетімен, шығысында Аққырқақұм қыратымен, оңтүстігінде төменгі Әмудария мегаантиклиналімен шектеседі. Ойыстың оңтүстік-шығысындағы Бозкөл қырқасы оны шығыс Арал және Тәжіқазған қазаншұңқырларына бөледі.

Арал ойысы табанының жоғары бөлігі палеозой мен триас шөгінділерінен түзілген. Оның үстін мезозой мен кайнозойдың қалыңдығы 1800 - 2000 м шөгінді жыныстары (саз, құмтас, әктас, мергель) жауып жатыр. Арал ойысының юра мен бор шөгінділерінде мұнай мен газ, палеоген жыныстарында қоңыр көмір, темір кендері кездеседі, сондай-ақ жер асты суының мол қоры бар.

Slide 8 Slide 9

Табиғат жағдайының әр түрлілігі өзен алабын бірнеше бөліктерге бөлуде анықтаушы факторлар болып табылады. Сырдария өзені алабы жазық аумағының климаттық жағдайы жазда ауа температурасының жоғарылығымен, ұзақ жылы кезеңмен сипатталады. Негізінен қыс, коктем мезгілінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның аздаған ғана мөлшері қолдан суландыруды қажет етеді. Соңғы уақытқа дейін Арал теңізіне суы толық екі ірі өзен - Сырдария мен Әмудария өзенінің суын бұрып әкету, суармалау мен суландыруға пайдалану бұл өзендердің гидрологиялық режіміне әсер етіп қана қоймай, Арал теңізі алабының экологиялық жағдайын тудырды. Арал маңының барлық аумағында жауын-шашын жеткіліксіз. Жазда мұнда бірнеше ай бойы жауын-шашын мүлде түспеуі мүмкін. Мұнда оңтүстікте жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері - 90 мм, ал солтүстікте - 125 мм. Қазақстан аумағынан шыққан кезде Сырдария өзеніне Келес, Арыс өзендерінің солтүстік жағасының салалары құяды. Оның барлық су жинау алабының ауданы - 462000 км2.

Slide 10

АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл. ) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 - 70 ж. ) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53, 0 м биіктікте жатқан (кестені қ. ) . Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66, 1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16, 1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд. 69000 км2 болған. Алабындағы шаруашылык мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997) . Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға - Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. А. т. көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі (Окс - Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент т., Кердері т. сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ. ), Әбу Исхақ әл-Истахри (10 ғ. ), Әбу Абдал-лаһ Мүхаммед ол-Идриси (12 ғ. ), Әбу-л-Фида (14 ғ. ), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874, -1889) И. А. Стрельбицкий анықтады. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нотюкесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі теренд. 20 - 25 м, А. т-нде жалпы ауд. шамамен 2235 км2 (айдынның 3, 5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлықка қосылған.


Ұқсас жұмыстар
Каспий және Арал теңіздері: физико-географиялық сипаттары мен экологиялық мәселелері
Қазақстандағы экологиялық апаттар: Семей полигоны, Арал теңізі, Балқаш және Каспий мәселелері
Қазақстанның экологиялық мәселелері: Каспий теңізі, Арал апаты, Балқаш, ластану және Семей полигонының салдары
Қазақстанның экологиялық проблемалары мен апатты аймақтары: Семей полигоны, Каспий теңізі, Арал және Байқоңыр
Арал теңізінің геологиялық-тарихи эволюциясы және экологиялық дағдарысы
Балқаш көлі: географиялық сипаттамасы, гидрологиялық режимі және антропогендік экологиялық проблемалар
Арал теңізінің экологиялық дағдарысы және қалпына келтіру шаралары
Арал теңізінің физикалық географиясы, тұздылық өзгерістері және балық ресурстары
Арал теңізінің тартылуы: экологиялық салдарлары және халықаралық басқару шаралары
Арал теңізінің экологиялық дағдарысы: тарихы, себептері және қалпына келтіру шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz