Пародонт тіндерін бағытты жүйеде қайта құрылуын қалыптастыру әдісі




Презентация қосу
Орындаған:
Тексерген:
Неге қиықты операция кезінде пародон тіндері қалпына
келмейді деген сұраққа жауап берсек, ақауды қызыл
иекпен жапқан кезде, сол жерде қуысқа альвеолярлы
сүйек, перидонт байламдары өсуі қиындап, регенарция
уақыты ұзарады немесе регенерация болмайды. 1982
жылы Nyman целлюлозды сүзгінің көмегімен периодонт
клеткаларының регенерациясын дәлелдеген. Олар
маймылдың алдың тістерінің вестибулярлы аймағынан
цементті, периодонт талшықтарын және альвеолалық
өсіндіні алып тастап, бетіне целлюлозды сүзгіні жауып
қойды. 6 айдан кейін қарағанда цементтің жаңа
түзілгендігін, оған перидонт тіндерінің өсіп шыққанын
және оның үстіне альвеолалық сүйектің шыққанын көрді.
Сол себепті олар қорытынды жасап, қызыл иекпен ақауды
жабуға болмайтындығы туралы шешім жасады. 1982
жылы Nyman бұл әдісті адамға қолданды. Гингивотомия
жасап, қызыл иекті сырғытып кюретаж жүргізіп, оның
үстіне целлюлозды сүзгіні жауып қояды. 3 айдан кейін
гитологиялық зерттеу нәтижесінде цеметтің жаңадан
түзілгенін, периодонт тіндерің кюретаж жасалған
апикальді шекарасынан 5 мм өсіп шыққандығын көрсетті.
Бағытты түрде қайта қалыптастыру әдісін
имплантологияда қолдану.
Бұл әдіс имплантология саласында да
қолданылада басталды. Себебі
имплатантты орналастырған кезде
айналасындағы сүйек тіндері жеткілікті
болуы керек, сол себепті мембрананы
имплатантпен қызыл иекті ажыратып,
сүйекпен имплатант арасында қан
ұйындысының түзілуіне мүмкіндік жасап,
имплантант берік орналасады немесе
имплатант орналасатын жерде сүйек тіні
жетіспесе.
Мембрана түрлері
Сорылмайтын мембраналар (нерезорбируемые) -- 1982
жылдан W. L. Gore & Associates, Inc политетрафторэтиленан
(ПТФЭ) жасалатын мембраналарды зерттей бастады. Олар
эпителидің миграциясын тоқтатады деген шешімге келді. Бұл
мембрана тіс түбірімен дәнекерлеуші тінді және эпителиді
байланыстырмайды.

Сорылатын мембраналар (резорбируемые) – олар коллаген
түрінде қолданылады. Ең бірінші сорылатын мембрана ретінде
комбинирленген көп қабатты матриксиер қолданылады. Соңғы
кездері бір қабатты матрикстер қолданылып жүр, олар сүт
және гликолид қышқылдарының тазартылған түрлерінен
алынған полимерлер. (RESOLUT). Аталған екі мембранада өте
жақсы нәтижелер көрсетті ешқандай асқынулар болған жоқ.
Мембраналдың кемшіліктері
Құрамында коллагені мембраналарды қолданған кезде,
адамда антигенді сәйкездік туу мүмкін. Организмге өзге
денені енгізгенде иммунды жауап туу мүмкін. Сорылатын
мембраналар жарақат аймағында тұрақсыз
Мембраналарға арналған материалдар
Мембраналарға арналған
материалдар ретінде целлюлоза,
политетрафторэтилен (ПТФЭ), сүт
және гликолид қышқылдарының
тазартылған түрлерінен алынған
полимерлер,силикон қоданылады.
Материалдарға қойылатын
талаптарға: тіндік интеграциясының
болуы, тіндерді өткізбеуі керек, қуыс
жасауға мүмкіндігі, өте ыңғайлы
және биосәйкестігі болуы керек.
Коффердаман немесе пончо әдісімен бекіту – мембрананы
тіске арнайы тесіктері бойынша кигізеді, мембрананың жиегін
сүйекке винтпен бекітеді. Мембрананы дайындау барысында
оны коффердам тескішімен тесіп алады. Одан мембрананың
жалпы контурын жасап тіске кигізеді. Мембрананың
жиектерін титаннан жасалған винттармен бекітеді. Ұзындығы
4мм және диамеирі 1,2 мм винттарды көп қолданылады.
Мысалы Ресейдің КОНМЕТ фирмасы шығарады. Ол үшін
алдымен сүйекте арнайы тесіктер жасап алады, олар
винттердің диаметріне сай келетін фрездермен жасалады.
Мембраналардың қасиеті элластикалық, сол себепті оларды
кез келген күрделі аймақтарға орналастыруға болады.
Транспланттық затты енгізу
Мембраналарды бекітер алдында, оның астына
транспланттық затты оны дәл ақаудың үстіне
орналастырады, келесі ретте мембрананың
элластикалық қасиетін ескере отырып, оны тістен сәл
ғана ажыратып, қосымша транспланттық затты енгізеді.
Мембрана жұқа әрі шыны тәрізді болғандықтан, біз істеп
жатқан әрекеттерді толығымен бақылауымызда болады,
ал оперциядан кейінгі уақыттада ол жерде болып
жатқан өзгерістерді көруімізге болады. Егер біз
транспланттық затты тығыз немесе шамадан тыс енгізіп
жіберсекте, мембрана созылғыш болғанымен де, бұл
қатеге жатпайды, себебі шамадан тыс енгізгенде
транспланттық затты ақауға жақсы тығыздалып
транспланттық заттың отырып қалмауын қамтамасыз
етеді. Мебраналарды транспланттық затты
материалдарымен қолданғанда өте жақсы
көрсеткіштерге жетті әсіресе остеотропты заттармен.
Клиникалық зерттеулер бойынша ең жақсы
көрсеткіштер остеоплатикалық препарат "BIO-OSS"
("Geistlich", Швейцария). Қортынды бойынша
отырызлған материалдың 100% жағдайда "BIO-
OSS" өзінің көлемін сақтап, альвеолярлы сүйекке
айналды. Егер біз қанның ұйындысына тура
осындай жағдай жасап берсек, қортысында науқас
толығымен жазылылып шығады деуге
мүмкіндігіміз бар. Транспланттық затты енгізгенде,
біз оларды бір бірімен жабыстырамыз, сол себепті
мембрананы алығанның өзінде, олар бірігіп блок
құрап, түсіп қалмайды және остеотропты қасиеті
сақталып қалады. Материалды енгізгенде біз
винттардың беріктігін тексеріп қиықты
мембрананың үстіне жауып, оларды тіс аралық
кеңістік арқылы, тығыз етіп тігеміз. Оның үстіне
емдік байламдар қоямыз, мысалы "Солкосерил",
"Диплен-Дента" және т.б. Бақылауды және
медикаментозды өңдеуді басқада қиықты
операциялардағыдай жүргізіп отырады.
Мембраналарды клиникалық көрінісіне қарай аламыз
және егер транспланттық зат толығымен тығыздалған
кезде, ол оның құрылысын сақтауға мүмкіндік береді.
Мембрнаны алатын уақыт 7 күннен 150 күнге дейін.
Рентгенограммада транспланттық заттың сүйекке
ауысуы жұқа сызық ретінде көрінеді, ол сүйекпен
транспланттық заттың түйіскен жерінде көрінеді.
Мембрананың резорбциясымен оның құрылысының
өзгеруі, транспланттық заттың түріне байланысты.
"BIO-OSS" та бұл 0,5 жылдан 4 жылға дейін.
Қиықтың рецессиясы – операциядан кейінгі уақытта
қиықтың жиектерінен бастап, толығымен рецессия
байқалуы мүмкін. Бұл қиықты алып тастауға көрсеткіш
емес, себебі мембраналардың микробты қақты
контаминациясы тек сыртынан ғана болады, ал ішкі
жағы қақтармен шөгінділерден бос.
Мембраналарды алып тастағаннан кейін,
транспланттық заттың үстінен эпителидің және жаңа
сүйек тінің контуры байқалады. Бұл кезеңде қосымша
ем әдістерін жүргізіп, жалпы және жеогілікті
гигиенаны сақтау керек.
Құрамында силиконы бар мебраналарды клиникада қолдану
•Операцияға дейінгі клиникалық жағдай. 12
тіс аймағында пародонт қалтасының
тереңдігі 8-10мм

•Шырышты қабатпен сүйек үсті қабатының
қиығын көтергенде

•Мембрананы пончо әдісімен бекіту:

Кофердам тескішінің көмегімен мембранада, тістің көлеміне сай
ойық жасалады. Мембрананы тіске кигізіп, титаннан жасалған
винттармен бекітеді. Остеотропты материал ретінде "BIO-OSS"
қолданылды.Мембранаы бекіткеннен кейін қосымша
транспланттық затты тістің мойнының бойымен, мембрананы
тартып, 2 тегістегіштің көмегімен енгізеді.
Қиықты мембрананың үстіне жауып, бірақ
тікпейді. Мебрананың жиегінде аздаған
рецессия байқалады.

Мембрананы алып тастағанда, оның
астында тығыз сүйек тіні қалыптасты

Операциядан 4 ай өтті.
1. Quinones C.R., Cafesse R.G.Current status of guided periodontal tissue regeneration // Periodontology 2000. - 1995. - P. 55-68.

2. Cafesse R.G., Quinones C.R. Guided tissue regeneration: biologic rationale, surgical technique, and clinical results // Compend. Contin. Educ. Dent. -
1993. - Vol.13, ?3. - P.166-178.

3. Gellin R.G., Mishkin D.L. Regeneration of the periodontium utilizing the principles of guided tissue regeneration // Clinical dentistry. - 1990. - P. 1-29.

4. Karring T., Warrer K. Development of the principle of guided tissue regeneration // Scientific. - 1992. - Vol. 85, - P. 19-24.

5. Gottlow J. Guided tissue regeneration using bioresorbable and non-resorbable devices: initial healing and long term results // J. Periodontol. - 1993. -
Vol. 64, - P. 1157-1165.

6. Scantlebury T.V. 1982-1992: a decade of technology development guided tissue regeneration // J. Periodontol. - 1993. - Vol. 64, - P. 1129-1137

7. BeckerW., Becker B.E. Periodontal regeneration updated // JADA. - 1993. - Vol. 124, - P. 37-43.

8. Linde A., Alberius P., Dahlin C., et al. Osteopromotion: a soft-tissue exclusion principle using a membrane for bone healing and bone neogenesis // J.
Periodontol. - 1993. - Vol. 64, - P. 1116-1128.

9. Dahlin C., et al. Generation of new bone around titanium implants: an experimental study in rabbits // Dent. J. Oral Maxillof. Implants. - 1989. - Vol. 4, -
P. 19-25.

10. Polson A.M., Southard G.E., Dunn R.L., et al. Periodontal healing after guided tissue regeneration with ATRISORBR barriers in beagle dogs // Int. J.
Periodontics Restorative Dent. - 1995. - Vol.15, ?6. - P. 575-589.

11. Polson A.M., Garret S., Stoller N.H., et al. Guided tissue regeneration in human furcation defects after using a biodegradable barrier: a multi-center
feasibility study // J. Periodontol. - 1995. - Vol. 66, - P. 377-385.

12. Nyman S., Lindhe J., Karring T., et al. New attachment following surgical treatment of human periodontal disease // J. Clin. Periodontol. - 1982. - Vol.
9, - P. 290.

13. Gottlow J., Nyman S., Lindhe J., et al. New attachment formation in the human periodontium by guided tissue regeneration // J. Clin. Periodontol.. -
1986. - Vol. 13, - P. 604.

14. Чупахин П.В. "Использование нерезорбируемых мембран для направленной регенерации тканей пародонта", Москва 2001, диссертация на
соискание ученой степени кандидата медицинских наук

15. Лосев Ф.Ф. "О методе направленной тканевой регенерации", "Стоматология для всех" №1(2)/98

16. Островский А.В. "Развитие и применение вмешательств с целью направленной тканевой регенерации", "Клиническая стоматология"
№3/май 1999 г.

17. Островский А.В. "Остеогенные материалы в современной пародонтологии и имплантологии", "Российский стоматологический портал" -

Ұқсас жұмыстар
Пародонт тіндерінің зақымдалуының таралуы мен қарқындылығын бағалау
Пародонт ауруындағы иммунологиялық аспектілері
Негізгі стоматологиялық аурулардың біріншілік профилактика әдісі
Пародонтоз емі
Ауыз қуысындағы ауруларды анықтау
Минералдар алмасуының бұзылыстары
Пародонт ауруларының иммунологиялық аспекттері
ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Анамнез жинау
ЕВГЕНИКА ҰҒЫМЫ
Пәндер