Каспий теңізі жайлы




Презентация қосу
Тексерген: Абильжанова Н.М.
Орындаған: Дарменкулова Ж.М. ЮП 109
Каспий теңізі — Еуразия
құрлығының орталығында,
мұхиттардан алыста, оқшау
жатқан тұйық су алабы. Дүние
жүзіндегі ең ірі тұйық су
айдыны, үлкендігіне қарап теңіз
деп атайды. Ауданы 376 000 км2.
Меридиан бағытында 1200 км-ге
созылған, орташа ені 300 км.
Жағалау сызығының ұзындығы
7000 км, оның Қазақстанға
тиесілі ұзындығы 2340 км
(солтүстік жағалауының басым
бөлігі және шығыс жағалаудың
солтүстік жартысы), қалғаны
Ресей, Әзербайжан,
Түрікменстан және Иран
жерімен шектеседі.
Ірі түбектері Маңғыстау,
Апшерон, Аграхан,
Красноводск, Шелекен.
Ойпатты тегіс жағалау басым.
Жағалауында теңіз суының
бұрыңғы жоғары тұрған
кезеңін дәлелдейтін теңіз
террасалары көп. Каспий
теңізінің қалыптасуы ұзак
геологиялық мерзімде өгті.
Осы уақыт ішінде теңіз суы
бірде жағалауды басты
(трансгрессия), бірде суы кейін
қайтып отырды (регрессия).
Судың беткі қабаты жаз айларында
солтүстігінде 24 -26°С, оңт-нде 27 -
28°С-қа дейін жылынады. Қыста
солтүстігінің тайыз бөлігі қатады,
оңтүстігінде судың температурасы
10°С-қа жуық болады. Каспий
теңізіне 130-дай өзен құяды. Ағын су
көлемінің 80%-ін Еділ, 5%-ке
жуығын Жайык өзендері берсе,
Терек, Сулак, Са-мур өзендері 5%-тен
астам, Кура өз. 6%-тін береді. Иран
жағалауындағы өзен мен Кавказдың
кіші өзендері 4%-ке жуығын береді.
Жалпы жер беті суының теңізге келіп
құятын ең көп жөне ең аз жылдық
айырмасы жүз жыл ішінде 260 км3-ді
құрады.
Теңізден келген әрбір км3 су шығанаққа 13 —
15 млн. т әр түрлі минералды тұздар алып
келеді. Қарабұғазкөл теңіздің буландырғышы
рөлін атқарады. Каспий теңізінің тұздылығы
Еділ мен Жайық өзендері сағасына жайдын
маңында 0,1 — 0,3%о, оңтүстік -шығыс-та
13%о-ге дейін көтеріледі. Теңізде желдің, өзен
суының және жағалау сызығының әсерінен
циклондық айналма ағыс пайда болады.
Каспий теңізінде балық аулау көсібі жақсы дамыған.
Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, табан,
торта, көксерке, сазан, килька көптеп ауланады.
Каспий теңізінде қара уылдырық өндірілетін су
айдындары арасында дүние жүзі бойынша алдыңғы
орындардың бірінде. Ит балық аулау ертеден жолға
қойылған.
Ескекаяктылар отряды, итбалық тұқымдасына жататын аң. Оны
қазақ тілінде т ү л е н деп те атайды. Дене тұрқы 125 -160 см, салм.
65 — 80 кг. Суда тіршілік етуіне байланысты дене құрылымында
сол ортаға бейімделуі басым. Мойны денесімен түтасып біткен,
соңдықтан басы айқын бөлектеніп көрінбейді; құлақ қалқаны
болмайды, аяқтары ескек төрізді, башайларының арасында қалың
тері жарғақтары болады.
Еділ мен Жайық өзендерінің төменгі ағыстарында сирек те болса,
кездесіп калады. Әсіресе, Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі
аралдарда қыс айларында көбірек ұшырасады. Тіршілігі-нің көбі
суда өтеді.
Каспий итбалығының терісі мен майы өте бағалы болғандықтан
көсіптік маңызы бар аң. Ересек түлен күзге қарай бойына 40 — 70
кг-дай май жинайды. Ол медицинада және парфюмерияда кеңінен
қолданылады. Каспий теңізінде шамамен 400 — 450 мындай
Каспий итбалығы мекендейді.
Каспий теңізінде мұнай-газ
өндіру жөне мұнай еңдеу
кешендерінің дамуына
байланысты
Казақстанның батыс
өңірінде қалыптасқан
табиғат, әлеуметтік,
экономикалық жөне
экологиялық жағдай.
Каспий теңізі — әлемдегі
шаруа-шылық маңызы зор
ең ірі тұйык, су алабы.
Каспий проблемасы бүгінгі таңда күрделі аймақтык экологиялық
проблемаға айналды. Каспий мұнайын игеру жоғары қарқынмен
жүргізіліп, ұзақ жылдарға жоспарлануда. Бұл проблема тек Қазақстан
ғана емес Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан және Иран
республикаларына да тән ортақ іс. Ең бастысы Каспий теңізінің
фаунасы мен флорасының әр түрлілігін сақтап қалу. Каспий
проблемасы бұл деңгейінде көтерілуде. Соның бірі 1999 жылы
Көкшетау қаласында "Каспий теңізінің биокөптүрлігін сақтаудың
белсенділігін бағалау" тақырыбында өткен бірінші аймақтық семинар
болды. Мемлекетаралық деңгейде өткен кеңестік мақсаты - Каспий
жағалауларындағы мемлекеттермен біріге отырып, Каспий теңізінің
экологиялық проблемаларын шешудің ең тиімді жолдарын қарастыру.
Теңіз эко-жүйесінде туындап отырған проблемаларды саралап және
баға бере отырып, экологиялық аппараттарға жол бермеуге және оны
тез арада шешуге мақсат койылды. Бұл игі істер адам баласының
дүние-жүзілік маңызы бар Каспий сияқты су айдынын сақтап қалу
шараларының бастамасы.
1. Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т.Есполов, Ж. Шілдебаев
Экология және табиғатты тиімді пайдалану, Алматы.-
2004,328 бет.
2. Қазақстанның балықтары, 3-том.- Алматы,1988ж.
3. А. Г Қасымов Каспий теңізі.- Л, 1987 ж.
4. Каспий экологиялық программасы, Информациялық
бюллетень, 2001,№2.-61 бет.

Ұқсас жұмыстар
Жанартаулық көлдер
Каспий көлінің көріністері
Атлант мұхиты
АРАЛ АПАТЫНА СЕБЕП БОЛҒАН ФАКТОРЛАР
Каспий теңізінің табиғи су қоймасына жалпы сипаттама
Арал теңізі туралы
Каспий теңізі экологиялық проблемалары
Каспий экологиясы туралы
Экологиялық аймақтар
Каспий теңізі
Пәндер