АИВ ЖИТС


Slide 1

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

АИВ/ЖИТС

Slide 2

АИВ-инфекциясы адамзат тарихының ХХ ғасыр соңындағы ең ірі оқиғасының бірі, одан құрбан болғандар саны екі дүниежүзілік соғыстағыдан кем емес және адамзат қауымына орасан зор зиян келтіруде.

АИВ-инфекциясы туғызатын иммунды-жетіспеушілік синдромы - ЖИТС (СПИД) адам қоғамына кенеттен килікті және қудалауын тоқтатар емес. Қазіргі кезде Жер бетіндегі барлық елдер мен континенттерде тіркелуде. Соғыс қимылдарымен салыстырғанда бұл жұқпалы аурудың таралуы тез болғанымен елеусіз, жансыздардың (шпиондардың) әрекеті сияқты өтеді. Таралуы, жұғуы жасырын болғанымен салдары, азабы айдан анық - науқастар саны 80 млн. жетсе, одан өлгендер саны 30 млн. асты.

Slide 3

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының (ДДҰ) 2000 жылғы дерегі бойынша әлемде 110 миллиондай АИВ-инфекциялы адам тіркелген, әрине, қазір ол сан едәуір өсті. АИВ-инфекциясын жұқтырғандар тағдыры сұмдық - 5-10 жыл ішінде тек өліммен аяқталады! Вирусты жұқтыру мен өлімнің қатар тұруы әр адам үшін ауыр тағдыр. Оның үстіне отбасы қасіреті, жан қиналысы, табыстың азаюы, науқасты күтуге, емдеуге жұмсалатын шығындардың қосылуы - демографиялық дағдарысқа соқтырады (мысалға, кейбір Африка елдеріндегі апаттық жағдайды келтіруге болады) . АИВ-инфекциясынан ересек адамдардың өлуі, сөзсіз жетімдер саын көбейтеді. ДДҰ-ның бағалауы бойынша қазіргі кезде 5 млн-дай бала жетім қалды, алдағы 10 жылда олардың саны 30-40 млн-ға жетуі тиіс. АИВ-инфекциясы «құтырып» тұрған елдер тұрғындары оны адамзат үшін қауіпті апат ретінде санауы тегін емес.

Slide 4

Бұл тұжырым ғылыми тұрғыдан да дұрыс. Адамзат тарихында сұрапыл соғыстардағыдай із қалдырған оба, нағыз шешек, тырысқақ сияқты жұқпалы аурулар белгілі. Бірақ емшілер мен ғалымдар қауымы олардан құрықтаудың жолы мен амалдарын тапты. Нәтижесінде ең қауіпті саналған нағыз шешек жұқпалы ауру ретінде Жер бетінен аластатылды, бірқатарының адам өмірі үшін қауіптілігі күрт төмендеуде. АИВ-инфекциясына келсек, адамзат еш қорғаныссыз қалды, неге десеңіз бұл инфекция зұлымдығы жағынан бұрынғылардың бәрінен асып түсті. Ол өзінің жауыздығын іске асыру үшін адамдардың осалдығымен (нашақорлық, гомосексуализм, сексуальдық революцияны - әсіресе жастар арасында) қатар тағы бір эпидемия - ЖИТС-ке байланысты «қорқыныш эпидемиясы» кең таралуда.

Slide 5

АИВ-инфекциясының қатерлігіне орай көптеген ірі мемлекеттерде оның алдын алу, емдеу, пандемиялық таратылуын тоқтату турасындағы зерттеулер бірден қолға алынды. Бірақ осы уақытқа дейін ауыз толтыратындай нәтижеге қол жеткен жоқ - әзірге вакцина жоқ.

Сондықтан АИВ-инфекциясын жұқтырмаудың бірден-бір амалы және ең оңай жолы адамдардың қоғамдағы мінез-құлқы салауатты өмір сүру талаптарына сай келуі тиіс:

Slide 6

Негізгі шаралар:

Нашақорлықтан бойды аулақ ұстау, ешқашан онымен әуестенбеу.

Жыныстық қатынасқа түсуді реттеу (партнердің денсаулығы күдік туғызбайтын болуы тиіс) .

Жыныстық қатынаста презервативті пайдалану.

Жыныс жолымен жұғатын басқа ауруларлдан (мерез, гоноррея, т. б. ) толық жазылмай жыныстық қатынасқа түспеу.

Әртүрлі медициналық іс-әрекеттердің орындалуының тек бір реттік шприцпен жасалуын қадағалау, талап ету.

Slide 7

АИВ-инфекциясымен күдікті адаммен қатынаста болған жағдайда бірден ЖИТС-пен күресу және алдын алу Орталығына барып, мамандарға қаралу.

Дәрігерлер, мұғалімдер, басқа да қоғамдық ұйымдар өкілдері жүргізетін ЖИТС-ке қарсы шараларға, акцияларға белсенді қатысу, ұысыныстарын толық орындау.

Вирусқа әсер ететін дәрілер бар, бірақ олар ауруды аздап жеңілдетеді, толықтай жазбайды.

Жеке бас гигиенасын бұлжытпай сақтау.

Slide 8

Кейінірек ЖИТС деп аталған ауру алғаш рет АҚШ-та 1981 жылы жарияланды.

Осы аурудың қоздырғышы «адамның иммунды-тапшылық вирусы» - АИВ деп аталған вирусы 1983 жылы бөлінді.

АИВ вирусы маймылдың лимфа түйіндерін зақымдайтын вирустың эволюциялық даму нәтижесінде ХХ ғасырдың орта шенінде пайда болуы тиіс деген пікір бар.

АИВ вирусы маймылдың лимфа түйіндерін зақымдайтын вирустың эволюциялық даму нәтижесінде ХХ ғасырдың орта шенінде пайда болған болар деген пікір бар.

Slide 9

АИВ-пен зарарланған адамдарды - АИВ жұқтырған немесе АИВ вирусына оң нәтиже көрсетушілер (АИВ+) деп атайды.

АИВ-инфекциясының соңғы кезеңі - ЖИТС, иммунды жетіспеушіліктің табынды синдромы деп аталады.

Slide 10

Вирустар көлемі жөнінен инфекциялық агенттердің арасында ең ұсағы. Олар бактериялардан әлдеқайда кіші, тек электронды микроскоп арқылы көруге болады.

Вирустар құрамына көптеген белок молекулаларымен қоршалған ДНК немесе РНК нуклеин қышқылдары кіреді.

Нуклеин қышқылының типіне байланысты вирустар ДНК-лы не РНК-лы деп бөлінеді.

ДНК-лы вирустар зарарланған жасушалар екіге бөлінгенде дәл қайталанады, ал РНК-лы вирустарда РНК тектік (тұқым қуалаушылық) зат қана, сондықтан олардың көбеюі үшін ДНК-сы бар иелік жасуша қажет.

Slide 11

АИВ беріліс жолдары

Жыныстық (тікелей қорғаныссыз болатын сексуальдық контакт)

Қан арқылы

Анадан - балаға

Жыныстық жол:

Анальдық (тік ішек арқылы) секс - ең қатерлісі.

Қынаптық секс.

Ауыздық секс - қатері төмендеу.

Slide 12

Қан арқылы жұқтыру:

донор қаны не компоненттерін қан тамырларына құйғанда немесе жаңа ағзалар мен тіндерді ауыстырып қондыру кезінде

емдеу мекемелерінде стерилизациядан дұрыс өтпеген шприцтер, инелер, басқа да медициналық инструменттреді, аспап-құралдарды қолданғанда.

нашақорлар наркотиктерді енгізу үшін бір шприцті, не наркотикті дайындау үшін ортақ ыдысты, фильтрлерді пайдаланғанда.

Slide 13

Баласына анасынан жұғуы:

жүктілік кезінде

босану кезінде (ең қауіпті уақыт, кезең)

баланы емшекпен емізгенде

АИВ беріліс жолдары және жұқтыру қауіпі:

Вируспен зарарланған қан құю кезінде - 90-100%.

жүктілік, босану, емшекпен тамақтандыру кезінде АИВ+анадан - 13-18%.

наркотикті ортақ шприц және инемен енгізгенде - 30% дейін.


Ұқсас жұмыстар
Жұғу жолдары
АИВ инфекцияның берілу жолы
Иммундық жүйенің патофизиологиясы ЖИТС
АИВ ИНФЕКЦИЯСЫ
АИВ инфекция қоздырғышы
Инкубациялық кезең
ЖИТС және жүктілік
БАЛАСЫНА ЖҰҒУ ҚАУІПТІЛІГІН АЗАЙТУ ҮШІН ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕ АУРУ АНАНЫ ЕМДЕУ
Жүре пайда болған (ЖИТС, СПИД ағылш. AIDS) иммундық дефицитiнiң синдромы
ЖИТС туралы. Жүре пайда болған (ЖИТС, СПИД ағылш. AIDS) иммундық дефицитiнiң синдромы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz