ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА АУАНЫҢ ЛАСТАНУЫ




Презентация қосу
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ПРОБЛЕМА
АУАНЫҢ ЛАСТАНУЫ
АТМОСФЕРАЛЫҚ АУА
Атмосфералық ауа – бұл ғаламшардың (планета)өмірі, жердің азоттан, көмір
қышқыл газынан, озоннан, гелиден тұратын газ қабаты.
Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы өте зор, ал көмірқышқыл газы
фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай
өмір сүре алмайды, себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі. Ол 2 – 3
минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң, ауа келмегендіктен
адам организмінде орнына келмейтін процесс басталады, ми қабаты жұмысын
тоқтатады, биологиялық өлім келеді.
Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар
органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады.
Мысалы, түрлі түсті металлургияның кәсіпорындарының ауаға жіберетін
зиянды заттары жүрек – тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына,
қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты
кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады.
Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, без және
жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді.
АУАНЫ ЛАСТАНУЫ
Атмосферада табиғи және антропогендік

көздерден қосылатын әр түрлі қосындылыр әр
кездерде де болады. Ондай табиғи
қосындыларға шаңдар жатады, олар, негізінен,
өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға
ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан
тұрады және өрт түтіндері, газдар да жатады.
Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі
антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп
орындарының кейбір салалары, автокөлік,
және жылу энергетикасы жатады.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының
көздерінен атмосфераға жыл сайын зиянды заттар
шығады атмосфераға кететін зиянды қосындылардың
жартысына жуығын энергетика, ал түсті металдар –
22,7%, қара металдар – 15,7% береді.
Атмосфераға зиянды заттарды шығаруда

автокөліктер үлкен орын алады.
Қазақстанның үлкен қалаларында автокөліктердің

зиянды заттарды шығарудағы үлесі 60 – 80 пайыз
құрайды. Ал Алматы қаласында — 90 пайыз.
Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу
басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Батырбаев
мәлімдегендей, осы жылдың соңғы сегіз айының
қорытындысы бойынша Алматыда атмосфералық ауаның
ластану индексі 11,2 бірлікті құрады. 2013 жылы ауа
ластануының индексі 11,5 шаманы көрсеткен еді. Сегіз ай
ішінде көрсеткіш бар болғаны 0,3 бірлікке ғана
төмендеген.
«Бұл Алматыда ластану көрсеткішінің төмендеуі оң
үрдіспен жүріп жатқанын көрсетеді. Бұған қала әкімдігінің
атқарып жатқан жұмысы септігін тигізді. Атап айтсақ,
тұрғын үйлерді газбен қамту, автокөліктерді газға көшіру,
ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар желісі бойынша қыруар
жұмыс атқарылды»
АУАНЫҢ ЛАСТАНУЫНЫҢ
АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ
Кәсіпорында жыл сайын табиғат ресурстарын қорғау және оңтайлы пайдалану
бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленеді және орындалады.
Барлық табиғатты қорғау іс-шаралары:
атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын төмендетуге;
жер асты суларын ластанудан қорғауға;
ағынды сулардың нормадан тыс ағуының алдын алуға;
өндіріс қалдықтары жиналған кезде қоршаған ортаны қорғауға бағытталды.

«ПМХЗ» ЖШС-те Отын-энергетикалық ресурстарды төмендету жөніндегі 2010-
2015 жылдарға арналған бағдарлама әзірленді және қолданысқа енгізілді.
Бағдарламада келесі іс-шаралар көзделді:
пештердегі отын үрлектерін ауыстыру;
пештердің шегендіктерін күрделі жөндеу;
ғимаратты жылытуды будан жылытылған суға ауыстыру;
тұрмыстық үй-жайлардағы қыздыру шамдарын энергия сақтаушы шамдарға

ауыстыру.
КЕСЕКТЕЛГЕН КҮКІРТТІҢ ЖИНАЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ МАҚСАТЫНДА
КӘСІПОРЫНДА КҮКІРТТІ ТҮЙІРШІКТЕУ ҚОНДЫРҒЫСЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ.
ТҮЙІРШІКТЕЛГЕН КҮКІРТ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАМАЙДЫ, ОНЫ
ТАСЫМАЛДАУ ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ ЫҢҒАЙЛЫ БОЛЫП КЕЛЕДІ. ҚОНДЫРҒЫ 2014
ЖЫЛЫ 20,45 МЫҢ ТОННА КҮКІРТТІ ӨҢДЕУГЕ МҮМКІНДІК БЕРДІ.
«ПМХЗ» ЖШС-ТЕ ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫН АЗАЙТУ МАҚСАТЫНДА
МҰНАЙҚОҚЫРЛАРЫН ӨҢДЕЙТІН FLOTTWEG НЕМІС ФИРМАСЫНЫҢ ТРИКАНТЕР
ҚОНДЫРҒЫСЫ ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
МҰНАЙҚОҚЫРЛАРЫН ӨҢДЕУ ҚОНДЫРҒЫСЫН ПАЙДАЛАНУ КӘСІПОРЫНҒА:
ОЛАРДЫ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЖИНАМАУҒА;
ҚАЛҚЫП АЛЫНАТЫН МҰНАЙДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСКЕ ҚАЙТАРУҒА;
АТМОСФЕРА АУАСЫНА ШЫҒАРЫЛАТЫН ТАСТАЛЫНДАР ҮШІН ТӨЛЕМДІ ЖӘНЕ
ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАДА ОРНАЛАСУЫН ҚЫСҚАРТУҒА;
АТМОСФЕРА АУАСЫНА КӨМІРСУТЕКТЕРДІҢ ШЫҒАРЫЛУЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ;
ТЕРЕҢДЕТІЛГЕН ҚОҚЫРЖИНАУЫШТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ЖЕР АСТЫ
СУЛАРЫ МЕН ТОПЫРАҚТЫҢ ЛАСТАНУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУГЕ МҮМКІНДІК БЕРДІ.
СКРУББЕР (. АҒЫЛШЫН ENG «СКРУББЕР», СКРАБ -.
«ҚЫРЫП АЛЫҢЫЗ»,ТАЗА) - ӘР ТҮРЛІ ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ӨНЕРКӘСІПТІК ПРОЦЕСТЕРДІ ҚОСПАЛАРДАН ҚАТТЫ
НЕМЕСЕ ГАЗ ТӘРІЗДЕС БАҚ-ТАЗАЛАУ ҮШІН
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ҚҰРЫЛҒЫ.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Ғаламдық проблемалар
БРЕСТ ОБЛЫСЫ
Қышқылдық жаңбырлар
Атмосфералық ауаның ластануының гигиеналық маңызы
Жел эрозиясы
Жоғарғы атмосфераның антропогендік ластануы
Қышқылдық жаңбыр
Топырақтың экологиялық проблемалары
Алматы облысының экологиялық жағдайы
Пәндер