Күріш тұқым шаруашылығы: тұқым өндіру жүйесі, егіс агротехникасы және бастапқы өңдеу мен сақтау


Slide 1

Күріш тұқым шаруашылығы

Бастапқы тұқым шаруашылығы

Өндірістік тұқым шаруашылығы

Тұқымдық егістіктер агротехникасы

Күріш тұқымын бастыру, алғашқы өңдеу, сақтау.

Slide 2

Күріш. 1, 2-түптену және сүтте-ніп пісу кезеңіндегі өсімдіктер; 3-масақша;

4-аналық гүл; 5- ауа өткізгіш ткань (аэренхима) ; 6- қытай-жапондық топтың сепсебасы, масақшасы және дәні; 7-үнді тобының сепсебасы, масақшасы және дәні.

Slide 3

Күріштің бастапқы тұқым шаруашылығын оригинаторлар және аттесатталған тұқым шаруашылықтары жүргізеді. Олар жоғары репродукциялы және элита тұқымдарын өсіріп белгілі бір аймаққа сатады және күріш өндіретін шаруашылықтарға консалтингтік көмек көрсетеді.

Масақты дақылдардың бастапқы тұқым шаруашылығы жүйесі толығымен қайталанады.

Қазақстанда аудандастырылған күріш сорттары: Авангард, Алтынай, Арал 202, Златый, Қарақалпақстан, Кубань-3, Краснодарский 424, Лазурный, Лиман, Мадина, Маржан, Опытное, Пак-Ли, Солнечный, Уз Рос 7-13, Уз РОС 59, Уш-Тобинский.

Slide 4

Өндірістік тұқым шаруашылығы аттестатталған тұқым шаруашылықтарында жүргізіледі. Олардың міндеттері: күріштің жоспарлы егістік көлеміне жеткілікті, сорттық және егістік көрсеткіштері жоғары тұқым өндіру.

Жоғары сапалы тұқым өндіру жүйесі:

сұрыптау питомниктері;

тұқымдық питомниктер;

алдын ала көбейту питомниктері;

суперэлита, элита питомниктері;

бірінші, екінші және үшінші репродукция егістіктері.

Slide 5

Өсіріп баптау технологиясы. А л ғ ы д а қ ы л. Күрішті бір орынға екі, әрі кетсе үш жылдан артық егуге болмайды, өйткені топырақ батпақтанып және сортаңданып кетеді. Сондықтан күрішті суда өспейтін жақсы алғы дақылдардан кейін орналастырудың үлкен маңызы бар. Сонымен қатар, топырақтың ауа режимі бұзылады, анаэробты процесс жүріп, алюминий, темір металдарының шала тотықтары пайда болады, сөйтіп, күріштің өсуіне зиян келтіріледі. Ғылыми-зерттеу мекемелері мен алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың тәжірибесі күріштің ең жақсы алғы дақылы жоңышқа екенін дәлелдеді. Одан кейінгі алғы дақыл жоңышқа қыртысының аударылған алқабы. Күріш ауыспалы егісіне екпе немесе таза сүрі жер енгізген дұрыс, одан кейін күрішті бір-екі жыл егуге болады. Сүрі жерлерге екпе ретінде ас бұршақ, үрме бұршақ немесе беде егіледі

Slide 6

Т ы ң а й т қ ы ш қ о л д а н у. Суармалы жерлерде егілетін астық дақылдарының ішінде күріш қоректік заттарға ерекше талап қояды. Тыңайтқыш колдану басқа дакылдардан гөрі күріштің өнімінің артуына көбірек әсерін тигізеді.

Бір тонна астығы мен сәйкес мөлшерде сабан өнімін түзу үшін күріш 22-25 кг азот, 10-15 кг фосфор және 30-35 кг калий пайдаланады. .

Slide 7

Топырақ өңдеу. Күріш өсіруді механикаландыру үшін инженерлік суару жүйесін жасау керек. Суару жүйесінің басты элементі - атыз. Оның көлемі 2-3 гектар. Суды танапта ұстап тұру үшін танапты айнала топырақ үйіндісімен қоршайды. Танаптың негізгі бөгеттері биіктеу болып бірнеше жылға жасалады, көлденең бөгеттері аласалау, биіктігі 30-40 см, бұлар әр күз сайын жаңартылып отырады. Жал аралығындағы жерді «атыз» деп атайды

Күріш танаптарының топырағын өңдеу көбінесе алғы дақылдарға байланысты. Көп жылдық шөптер ұлтанын өңдеуді, көктемде бірінші орымнан кейін немесе өсімдік биіктігі 8-10 см-ге жеткен кезде, күрішті себер алдында 7-8 см тереңдікке дискілі БДТ-2, 8, БДТ-4, 0 ауыр тырмаларымен бастаған қолайлы. Топырақ құнарлығын көп жыл бойы тиімді пайдалану мақсатында жерді таяз жыртудан, бірте-бірте тереңдетіп жыртуға көшу керек. Ол үшін екінші және үшінші жылдары күріш егісін жиып алысымен тиісінше 22-24 және 23-27 см тереңдіктерге аудара жыртады.

Slide 8

Күрішті жинау - ең жауапты кезең. Оны ору қыркүйек - қазан айларында жүргізіледі. Дестеге түсіру кезінде жер толық құрғақ болуы үшін күріштің дәні қамырлана бастағанда су беру тоқтатылады. Яғни, күріш толық піскен кезде атыздардағы су тартылап, жер құрғайды. Күріш негізінен екі фазалы бөлектеп ору әдісімен бастырылады.

Ең алдымен ЖНУ-4, ЖРК-5 дестелегіштерімен шашақ бастағы дәннің 85-90% толық піскенде күріш дестеге салынады, содан 3-5 күннен кейін СҚД-5Р, СКПР-6, СКГД-б комбайндарымен жинап, бастырылады.

Тұқымдық егістіктерде бастыру екі рет жүргізіледі. Біріншісі жұмсақ (барабандардың минутына айналымы 550-750 . . . 780), екіншісі екпінді режимде.

Slide 9

Күріш тұқымын бастырылғаннан кейін алғашқы өңдеу және сақтау.


Ұқсас жұмыстар
Баялдының агротехникасы, тұқым шаруашылығы және кептіру арқылы өңдеу технологиялары
Күріш тұқым шаруашылығы: ұйымдастыру сызбасы, сапа нормалары және жалға егу технологиясы
Қауынды егіс ұйымдастыруы және агротехникасы
Күріш (Oryza): биологиясы, егіс технологиясы және Қазақстандағы тәжірибелік аспектілері
Тұқым себу мөлшерін анықтау және тұқым сапасының негізгі көрсеткіштері
Күнбағыс будандарын өндіру және тұқым сапасын анықтау: сорттар, технология және құжаттандыру
Орман тұқым ісі: тұқым биологиясы, сапасын бағалау және тұқымдық аудандастыру
Тұқым қуалайтын аурулар: хромосомалық, гендік және мультифакторлық типтері, тұқым қуалау мен емдеу аспектілері
Қазақстандағы ауыл шаруашылық кәсіпкерлігінің құқықтық реттеуі: салалық нормалар, селекция мен тұқым шаруашылығы, мал мен өсімдік қорғау, нарықтық және мемлекеттік механизмдер
Белгілердің тұқым қуалауы: генетика негіздері, тұқым қуалау типтері мен шежірелік әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz