АБЫЛАЙ ХАН ТУРАЛЫ
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Тақырыбы:
АБЫЛАЙ ХАН
АЛМАТЫ 2011
ЖОСПАР
Кіріспе
XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан
Негізгі бөлім
1. Абылай ханның Өмірбаяны
2. Абылай ханның ішкі саясатты.
3. Абылай ханның сыртқы саясаты
4. Абылай хан: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін.
Жер біздікі!»
5. Абылай хан мирасқорлары билік еткен кезеңдегі Орта жүз аумағындағы
саяси жағдай. ( XVIII ғ. аяғы- XIX ғасырдың басы).
6. Уәли хан билік еткен жылдардағы Орта жүз.
Қорытынды
Тарихи жыр
Пайдаланылған әдебиеттер;
XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан.
XVIII ғасырдың ортасында Орталық Азияда маңызды өзгерістер болып
өтті. Жоңғарлардың қазақтарға қарсы жауластық әрекеттері 1745 жылы
Калдан-Церен қайтыс болғаннан кейін Жоңғар хандығының өз ішінде
орын алған оқиғаларға байланысты әлсірей түсті. Жоңғарияның
әлсіреуімен оның қазақ жерлерін жаулап алу қауіпі жойылды. 1748 жылы
Әбілқайыр ханды Барақ султанның өлтіруі Россия өкіметін мазаламай
қалмады. Әбілқайыр тұсында қалыптасқан саясатты жалғастыруға
мүдделі Петербург сарайы Россияға бейімделушілік бағытын устаған
феодалдық топтарға үміт артты. 1749 жылы Нуралы Кіші жүздің ханы
болып тағайындалды. Алайда патша үкіметінің отарлау бағытындағы
саясатының күшеюі жүздегі старшиндардың ханға бағынбауының
әртүрлі формасында көрінген ішкі саяси жағдайы шиеленістіріп жіберді.
Бұл Орал мағайын ашық отарлау жолына түскен Орынбор әкімшілігіне
және Россияның саясатын қолдаған Нуралы ханға қарсы күрес еді.
1756 жылы қазақтардың қысқы уақыттарында малдарын Жайықтың
оң жағалауына өткізуіне тыйым салған патша (Елизавета Петровна)
жарлығы шықты. Жайық қазақтарының мүддесі үшін қабылданған
үкімет шешімі оған қарсы көңіл-күйді күшейте түсті. Орыс
селендерін көшпелілер шапқыншылығынан қорғауға бағыштап, патша
үкіметі әсіресе Жаық өзені бойымен жылдамдата салған бекіністер
мен басқада әскери құрылыстар қазақ жерлерін отарлау
орталықтарына айналды.
Қазақ мемлекеттілігінің қалдықтарымен күресудің келесі кезеңі Кіші
жүзде хан билігінің жойылуына әкеп соғатын Россиялық басқарудың
жаңа жүйесін енгізу әрекеттері болды. Алайда, Орынбор губернаторы
барон Игельстромның әуел баста II Екатирина мақұлдаған бұл
реформасының жобасы сәтсіздікке ұшырап, іске аспай қалды. Көп
кешікпей Россия саясатын жүргізуді қамтамасыз етпеген және батыр
Сырым Датұлы көтерілісінің қыспағында ұшыраған Нуралы хан
биліктен шеттетілді. Шығысында Цан империясымен тікелей
жанасатын, сондықтан Россия империясы билеуші топтарының
ерекше қам жасауын тұғызған Орта жүздегі жағдай бұдан біршама
басқаша қалыптасты. Көбінесе Жоңғарияның циндер жаулап алған
иеліктерін құрайтын жерлерден Циньцзян имперлік уәлилігінің
құрылуы қазақ-орыс және қазақ- қытай қарым – қатынастарына
көптеген өзгерістер енгізді. Сөйтіп, патша өкіметінің осы аймақта
әскери - әкімшілік әрекеттер жүргізуін едәуір дәрежеде тездете түсті.
Орта жүзде әскери желілер салу қазақ жерлерін күрделі саяси жағдайда
отарлаудың тірек базасына айналды. Шекаралық желі үш бөлімнен тұрды:
Оңтүстік – батыс жағынан - Сібір далалық бекінісінен Омск бекінісіне дейін
ұзындығы 553 шақырым Горькая желісі, Омск бекінісінен Ертістің оң
жағалауымен Малонарымск дала бекінісіне дейін, жалпы ұзындығы 1684
шақырым Өскемен бекінісінен Алтай тауларының батыс беткейімен
Колывандық тау-кен заводтарының арасы арқылы Кузнецк бекінісі бағытында
(Колыванск желісі), ұзындығы 723 шақырым.
Бекіністердің құрылымы қазақтардың дәстүрлі қоныстарын тарылтты. Сібір
әкімшілігі мен қазақ султандары арасында шиелініс тудырды. Аймақта патша
өкіметі әскери әрекеттерінің күшеюі, циндік әскерлердің Қазақстан жеріне
басып кіру қаупі Абылай бастаған ықпалды султандардың Россия бодандығын
сақтай отырып, Цин богдыханның сюзерендік жоғарғы өкімет билігін
қабылдауына түркі болды
Абылай хан
Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781) - қазақ ханы, ұлы мемлекет
қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі
бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей
бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші
ұрпағы.
Жәңгір қайтыс болып таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа
өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады.
Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ
келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан
Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып
Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып,
үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп
кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін
бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Шоқан
Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек
(онда Абылайдың 1710 жылы туған деуге негіз бар).
Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор
ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына
жинаған баба ақылы мен парасатына, ел билеу
қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы
біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың
санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген
жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел
өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар,
Үмбетей жыраулардың т.б. ауыз әдебиетінің ірі
өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай 20
жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың
Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын
тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының
дәлелі. Қай жылы туса да, 1730-1733 жылдары
аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт
Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас
батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы
(кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.
Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат
қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің
сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді
әміршілердің біріне айналды. Бұдан соңғы жерде
Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанды.
Абылайдың 20 жасы қай жылға сәйкес келуіне
байланысты, қай шайқасқа қатысқаны туралы
болжам айтуға болады. Бұл, әрине Абылай қатысқан
алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар
Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында
жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды.
Аңырақай шайқасына қатыспады дегеннің өзінде де,
Абылайдың 1730-1733 жылдары болған бір ірі шайқасқа
қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта
жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1930-1931
жылдары бірнеше үлкен ұрыс болғаны белгілі
. 1732жылы жоңғардың 7 мыңнан астам әскері
Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына
шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап
болады. Абылайды 20 жасы 1733 жылға сәйкес
келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында
үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап
көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі,
қолбасылық қабілеті 1730-1740 жылдардағы
шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан
алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар
жырау «Қалданменен ұрысып, жеті күндей
сүрісіп...» деп суреттейді. Ол соғысқа
Абылайдың қанды көйлек жолдастары
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай,
Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек,
Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақтың белгілі
батырлары тізе қоса қатысады
Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының
басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып
табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-
Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан
өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың
ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған
Әбілмәмбет ақылшы аға болып, кеңесші хан
дәрежесімен шектеледі.
18 ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында
Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда
Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс
тарихшысы А.Левшин: «1739 жылы Орта
жүзде Сәмеке (Орта жүздің батысындағы аз
санды руларды биледі) ханның орнына хан
сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі
бірдей хандық билік жүргізген» - деп жазды.
Шоқан Уалиханов та осы пікірді қолдайды.
1738-1741 жылдары Абылай хан бастаған қазақ қолы
жоңғар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы берді.
1742 жылы Абылай хан тұтқиылдан шабуыл жасаған
жоңғарлардың қолына тұтқынға түсті. Сол кездегі
ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді
ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың
жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық
туғызып, оны босатып алу үлкен саяси мәселеге айналды.
Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би
мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды
тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасады.
Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор
генерал-губернаторы И.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара
жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш
жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші барып, келіссөз
жүргізіп, 1743 жылы қыркүйектің 5-інде Абылайды
тұтқыннан шығарып алды. Бұл жөнінде И.Неплюевтің
Сыртқы істер алқасына жазған хатында қазақтар мен
қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те
білдірді.
Абылай билігінің күшейе түсуінің жаңа кезеңі 1744 жылы
Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды.
Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса
ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін
дипломатиялық жолдарды да тиімді пайдаланды. 1740 жылы
тамызда Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120
старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына»
кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының
тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым-
қатынасын суытпады. Петербор мен Бейжіңге елшіліктер
аттандырды (1757-1777 жылдары Бейжіңге 10 елшілік жіберген).
Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын
қазақ хандығы мүддесін пайдаланып отырды. Абылай 1745 жылы
Қалдан Серен дүние салғаннан кейін Жоңғарияның билеуші
топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан
айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс
Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде
қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық
қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай
қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен
аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті.
1745 жылы Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ
сұлтандар қатар аталса 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай
мүлдем өзгерді. 1749 жылы тамыз айында Неплюевпен кездесуінде
Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған,
бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан
қалған. Барақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз
Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр», - деп көрсетті.
Жазба деректерде Абылайдың шет ел басқыншыларына қарсы
табанды соғыс жүргізгендегі айқын көрсетіледі. 1752 жылы ол
бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойрат қолының
шабуылына тойтарыс берді. 1753 жылы желтоқсанда Абылай 5
мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай
қазақ жерін азат етті. 1754 жылы сәуірде Абылай бастаған 1700
қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың
шілде - тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап,
3000 қалмақты тұтқынға түсірді. 1756 жылы Абылайдың
бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен
күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде
жеңіске жетті. 1757 жылы Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың
40 мың әскерімен шайқасқаннан кейін, қытайлар Абылайдан бітім
сұрады.
1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай
Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы-жазы үзбестен
қатысты. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде
Дабашыны (Давациды) шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне
паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді.
Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген
дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы
қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай
әскері 1771 жылы Мойынты өзенінің бойында болған
қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті.
Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің
бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді.
1754-1755 және 1764 жылдары қырғыздар Жетісуда біраз
ауылдарда шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ және Шынқожа
батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында
талқандайды. Осы себепті Абылай 1755-1765 жылдары Қырғыз
ұлысына жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын
тазартады, қазақ пен қырғыздардың Нарынқолдан Қордайға
тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын
анықтайды.
Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы
тынымсыз күрес жүргізді. 1765-1767 жылдары Абылай
қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының
нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары
қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп
тұратын болды.
Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар
шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы
алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен
белгілі. Бұл 1771 жылы Еділ қалмақтарының жоңғарға қазақ
жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс
әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы берді.
Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың
қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ
басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел-
жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жіберді.
Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери
кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген
жауды қырып-жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге
тырысты
Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым
құрыса олардың жоңғарға еркін өтіп кетуіне
мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің
аржағында шығыстағы ұлы көршімен
болашақтағы қарым-қатынасты ойлау
жатты. Жоңғардан азат етілген шығыстағы
жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті
қоныстандыру да Абылай саясатының
тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді.
Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының
бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын
сақтауға бағытталды. Билікке таласқан Барақ
сұлтан Әбілқайыр ханды өлтіргенде де Абылай
ел бірлігін ойлап қынжылып, Төле бимен тізе
қоса қимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту
жағында болды.
Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе әскер
ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған
жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары,
ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты
болды. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан
еш тайынбады және көбіне үстем шығып отырды. Ол қазақ
хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты
мемлекетке айналдырды.
1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не
Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға
тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың,
Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда
Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің
ғана емес, бүкіл қазақ ордасының ұлы ханы болды. Тарихи
деректер, аңыз-жырлар да Абылайдың үш жүздің әміршісі ретінде
ардақталғанын көрсетеді. Қытай императоры, Жоңғария
хандығы, Орта Азия мемлекеттері Абылайды бүкіл қазақ ханы деп
ресми түрде танығанымен оның беделінің өсіп бара жатқанынан
сескенген Ресей патшасы Екатерина ΙΙ Абылайға Орта жүз ханы
ретінде ғана сый-сыяпат көрсетті. Бұл бір жағынан «бөліп алда,
билей бер» саясатының көрінісі еді. И.Неплюевтің: «Қырғыз
халқында бас ханның болуы пайдалы болмайтыны былай тұрсын,
зиянды да болу мүмкін» деген пікірі мұны аяғақтай түседі.
Ш.Уәлиханов Абылайдай шексіз билікке ие болған бір де
бір қазақ ханының болмағанын, оның мемлекет билігін
орталықтандырып, нығайту бағытындағы
әрекеттерін, «ханның билігін алқалы кеңес арқылы
шектеп отыратын рубасылар мен сұлтандардың
өркөкірек үстемдігін» тыйғандығын жазды. Шоқан:
«Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша
қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып
саналады. Абылай дәуірі, қазақтардың ерлігі мен
серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және
батырларының көзсіз ерлігі мен қаһармандығы жыр-
дастандардың арқауына айналған», - деп атап
көрсетті.
Бүкіл өмірін Абылайдың оң тізесін баса отырып, оған
ақыл-кеңес айтумен өткізген Бұқар жырау
Қалқаманұлының ханға «Алтын тақтың үстінде, Үш
жүздің басын құрадың» деуінің негізінде тарихи
шындық жатыр.
Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында
орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген
саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып,
Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде
мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған
шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға
елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас
жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын
тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық
белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында
Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев
соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі»
(«Горькая линия») бойындағы орыс бекіністерін
шапты. Ш.Уәлиханов: «1771 жылы хан сайланғанда да,
ол орыс шекарасына барып, ант бергісі келмеді. Сөйтіп
ол өзін халық қалап, баяғыда-ақ бұл дәрежеге лайықты
қойғанын, Көктің ұлының және өкілеттік қағазы
барын желеу етті», - деп жазды. 1779 жылы қазанның
4-інде Орынбор әкімшілігіне жолданған патша
жарлығында: «Ордадағы Абылай ықпалын әлсірету
мақсатында, онымен тайталасқа түсе алатын адам
табу» шаралары да қарастырылды.
Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының
рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші
ретінде де белгілі. Ол - «Ақ толқын», «Алабайрақ»,
«Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы»,
«Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржыңқақпай»,
«Майда жел», «Садаққаққан», «Сары бура», «Шаңды
жарық», т.б. күйлердің авторы.
Абылай өмір жолын ат үстінде жорықтарды өткізіп,
Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан
қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің ішінде
Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген.
Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қыз қалды.
Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемлекет
қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат
ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік
символына, жауынгерлік ұранға айналды.
Азаттық күрестің жалынды басшысы Абылай ханның
асқақ тұлғасы, ақыл-парасаты Бұқар, Үмбетей, Шәді
төре Жәңгірұлы жырларында, ақындар
К.Жамантайұлы, М.Айтбаевтың дастандарында,
І.Есенберлиннің, Ә.Кекілбаевтың Қ.Жұмаділовтың, т.б.
ақын-жазушылардың туындыларында сомдалды. Оның
ұлағаты өмірі мен ішкі, сыртқы саясаты отандық
және шет ел ғалымдарының назарын аударып келеді.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін 1991 жылы
Алматының басты даңғылдарының біріне Абылай есімі
беріліп, темір жол вокзалының алдына ат үстіндегі
ескерткіші орнатылды. Хан ескерткіші Жезқазған,
Павлодар қалаларында да бар. Қазақстанның 1993
жылғы ең бірінші төл теңгесінде бейнесі бедерленді.
2005 жылы Абылайдың өмір жолына арналған
«Көшенділер» фильмі түсірілді. 2008 жылы Елбасы
Н.Назарбаевтың қатысуымен Петропавлда «Абылай
хан ордасы» кешені ашылып, алдына ескерткіші
орнатылды. Оның есімі Алматыдағы Қазақ
халықаралық қатынастар және әлем тілдері
университетіне берілген
Абылай ханның ішкі саясатты
1771 жылы Абылайды жалпы қазақ ханы етіп сайлау үшін жағдай
жасалды. 1771 жылдың күзінде ұзақ уақыт бойы ақылдасқаннан кейін
барлық үш жүздің өкілдері жаңа ханды сайлау үшін хандықтың ежелгі
астанасы Түркістан қаласына келді. Абылайға ықпалды жырау Бұқар
Қалқаманұлы, Әбілпейіз және Болат султандар, Нуралы ханды
қоспағанда, Кіші жүз қазақтарының билеушілері, Орта жүз бен Ұлы
жүздің өкілдері сөзсіз қолдау көрсетті. Халық көп жиналған кезде
қазақ дәстүрі бойынша Абылай ақ киізге көтеріліп, үш жүздің ханы
болып жарияланды. Абылай қазақ хандығының бірлігін қалпына
келтіре алды. Бүкілхалықтық мойындауға және үш жүздің ханы
атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз билік болған жоқ.
Султандардың едәуір бөлігі әсіресе Барақ султан мен Әбілмамбет
ханның ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп санады. Хан
билігіне наразы болған кейбір ру басылар оны тіпті әскери күшпен
құлатуға да тырысты
Дағдылы құқықпен шектеулі Абылай, Ш.Уәлихановтың айтуынша,
султандар мен рубасылардың бетімен кетуін ауыздықтауға ұмтылды.
Абылайдың орасан зор беделі қазақтарды ханға бағынышты ұстамды.
Абылай өзгерген сыртқы саяси жағдайда аман келу үшін қазақ хандығының
саяси жүйесін көбірек орталықтану жағына қарай өзгерту қажет екенін өте
жақсы тусінді. Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта әрекет жасады.
Біріншіден, Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды.
XVIII ғасырдың бірінші ширегінде әрбір ру бірлестігі іс жүзінде
автономиялы болды және оларды өздерінің билері, рубасылар басқарды. Бұл
жүйе жағдайында хан көп жағынан билердің еркіне тәуелді болды және
оның жекелеген рулар деңгейінде шешім қабылдауға ықпал етуге үлкен
мүмкіндіктері болмады. XVIII ғасырдың 20-30 жылдарыңда бұл жүйе өзгере
бастады, султандардың рөлі арта түсті. Абылай хан 3 жүзді өзінің туыстары,
балалары арқылы билей бастады. 1774 жылы Әділ султан Ұлы жүздің бір
бөлігінің билеушісі болып тағайындайды, Солтүстік – шығыс Жетісуді оның
басқа бір баласы Сүйік, орталық Қазақстанды Қасым билік етті. Орта жүз
бен Ұлы жүздің барлық дерлік жері ханның балалары арасында бөлінді. Тек,
Кіші жүзде және Орта жүзден батыс бөлігінде Қайып ұрпақтары, Орталық
Қазақстанның кейбір аудандарынды -Барақтың ұрпақтары, ал Қытаймен
шекара өңіріне таяу жерлерде және Сырдарияда Әбілмамбеттің ұрпақтары-
султандар билік етті.
Абылай хан әскери істерді де қайта кұруға жан-тәнін
жұмсады. Көшпелілердің Шыңғыс хан заманынан бері
сүйекке сіңген соғыс машығын (тактикасын) кеңінен
қолдану мен қатар, жаңа жағдайға байланысты жаңа әдіс-
тәсілдер шығарып отырды. Жеке жауынгерлердің
белсенділігін арттырумен қатар, бір-екі жылға емес ұзаққа
созылуы мүмкін үлкен соғыстың стратегиялық жоспарын
жасайды. Абылай хан қазақ елінің шаруашылық
құрылымына өзгерістер енгізуге тырысты. Ертіс пен Еділ
бойында, Көкшетау, Тарбағатай өңірлерінде егін
шаруашылығының дамуына зор мән беріп, барынша
қолдап отырды. 1761 жылы императрица Елизавета
Петровнаға жолдаған хатында ағаштан үй түрғызу үшін
бірнеше ұстаны және 200-300 пұт астық жіберуді сұраған.
1772 жылы вице-канцлер М.Л.Воронцовтың жарлығымен
Абылай ханға арналған Есіл өзеніне таяу Жаңғызтау деген
жерде ағаштан үй салынды. Абылай хан қазақ халқының
мәдениетін дамытуға белгілі көңіл бөлді.
Оның төңірегіне аса белгілі жыраулар мен күйшілер,
шешендер, қазақ даласына белгілі суырып салма ақындар
топтасты. Олар: Тәтіқара ақын, Үмбетай, Бұхар
жыраулар... ханның кеңесшісі, әрі қазақ хандығы
дербестігігің жыршысы Бұхар жырау ішкі және сыртқы
саясатта мейлінше ықпал еткен адам болды. Алайда
дағдылы құқықтың дәстүрлі болуы және басқарудың
нақты тұтқалардағы кемшіліқ Абылай хандықтың саяси
жүйесіне реформаны ақырына дейін жүргізуге мүмкіндік
бермеді. Хан билігін бұрынғысынша билер мен султандар
едәуір дәрежеде шектеп отырды. Мемлекеттіқ машинаның
орнықтылығы түгелдей және толығымен ханның өз
беделіне, оның күрделі саяси проблемаларды шешу
кезінде ымыраластық таба білуіне байланысты болды.
Абылай ханның сыртқы саясаты.
Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымыршылдығымен
сипатталды. Оның Россия мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен
қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір
айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы
ұғынған хан, бір жағынан Россия протекторатын танудан бас тартпай, екінші
жағынан өз иеліктеріңде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей,
олармен қатынастарда барынша икемділіккөрсетуге тырысты. Бір жағынан,
Абылай Қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып
отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Россия сарайына әлдеқайда
ынталықпен..., ал Қытай ханымен хат жазуды бір нәрсе үшін, оған
бағынышты қырғыз-қайсақтарға Қытайлардың реніш көрсетіп, қысым
жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз
иеліктерін агресияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай,
жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Мәселен, 1772 жылы ол Россиядан
өзінің сыртқы және ішкі жауларына қарсы күресу үшін тағы да әскер сұрады.
Шынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Россия да, Қытай да оған
әскер бөлуден бас тартты.
Россияның өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде
ұстауға ұмтылды, сондықтан да 1777 жылы хан жазбаша өтініш
жасаған жағдайда оның хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде
хабарлады. Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси
аренадағы беделін нығайта түсетіннің түсінген Абылай Петербургке
өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік жіберді. 1778 жылы ғана II
Екатерина оны хан деп және Орта жүздің ханы деп бекіту туралы
грамотаға қол қойып, оның Кіші жүз бен Ұлы жүзге биліг танығысы
келмеді. Бұған ызаланған Абылай Орынборда Троицкіде, тіпті
Петронпавлда да ант беруден бас тартты. Ол 70-жылдардың аяғына
қарай Абылай Россиямен қандай да болмасын қатынастарының бәрін
мүлде үзді.
Әскери бекіністер мен шептердің салынуы
XVIIІ ғасырдың басында патшалық Россия қазақ даласында әскери
бекіністерді салу арқылы өзінің әскери – отаршылдық әрекеттерін
бастады. Қазақ даласы Россияны шығыс мемлекеттерімен
жалғастыратын көпір іспетті еді. Қазақ даласы арқылы Европа
елдерінен шығыстағы едердерге және одан кері қарай құрлықпен және
сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Россиядан
Орта Азияға, Ауғанистанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және
басқа Шығыс елдеріне баруға болатын еді.
Орыс патшасы I Петр бұл елдермен экономикалық және саяси
байланыс орнатып, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта
Азия елдерін Россияға қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта
қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді.
Швед флотымен теңізге шайқасқа әзірленіп жатқан корабльдермен
Кронштадта жүрген I Петр 1714 жылғы 22 мамырда «Святая Наталья»
галерасында Иван Дмитриевич басқаруындағы
Абылайдың оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды.
Оның күш салуы арқасында қайтадан қазақ аймағына айналған
Жетісуда қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді және Абылай
оларға қарсы ара– ура жорықтар жасап тұрды. 1774 және 1779
жылдырдағы жорықтар қырғыз руларының бір бөлігінің қазақ
хандығына бағынуына жеткізді. Ташкентпен және Ходжентпен
соғыста Сайрам, Шымкент, Созақ, Ташкент қазақтарға қайтарылды.
Сонымен Абылай ханныңXVIII ғасырдың 70 жылдарындағы сыртқы
саяси қызметі қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге,
оның халықаралық аренадағы жағдайының нығайюына жеткізді.
Абылайға дейін де, одан кейін бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз
билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдыреттілік
сипатына байланысты еді. Көреген саясатшы және шебер дипломат
Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және қарсыластарының
құрметіне лайық бола білді. Бұған ханның жеке қасиеттері де едәуір
дережеде себепші болды. Абылай мұсылманша жақсы сауатты болды,
оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, қолбасшысы және
дипломат болды. Дегенме де, ол тарих көшінөзгерте де, көшпелі
өркениеттің бұрынғы күш – қуатын қайтадан келтіре де алмады. Ол
қайта түлеткен біртұтас Қазақ хандығы ханның өзі қанша өмір сүрсе,
сонша өмір сүрді. 1781 жылы шамамен 70 жасында Абылай
Ташкенттен Түркестанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет
Иасауи кесенесіне жерленді.
Абылай хан: «Ешқандай Барабы татарларын
естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі!»
Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды.
Әбілмәмбет ханның тірі кезінде қазақ халқы оны өзінің
қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің
губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін,
бостандығын қорғай білді.
Әрине, бір мақаланың көлемінде Абылай ханның қазақ
халқына сіңірген еңбегін толық қамту мүмкін емес.
Дегенмен де нақты құжаттарға сүйене отырып, біраз өмір
жолына шолу жасап көрелік.
Абылай сұлтан өзінің ақылды, сабырлы мінезі мен
адамгершілігінің арқасында тек бір орда емес, үш орданың
сыйлы ханы атанды. Әрине, біраз тарихшылар,
жазушылар Абылай сұлтанды Әбілмәмбеттің тірі кезінде
хан болды дейді. Олай емес. Әбілмәмбет 1765 жылы
қайтыс болды. Ол Түркістанның (Қалдан Сереннің қол
астында 1743 жылдан), әрі Орта Орданың ханы болып
есептелді
. Ол өлгеннен кейін оның ұлын сайлады. Шындығында
басқару тізгінін Абылайға берді. Қытай жазбаларында оны
1742 жылдан хан болды деуі осыдан. Олар ешқандай
құжатқа сүйеніп хан болды деп жүрген жоқ. Халық
арасындағы әңгімеге сүйенді.
Ресеймен одақтасудан кейін көп кешікпей Абылай елдің
ішкі сыртқы жұмысынан екі жылдай қол үзді. Ол туралы
Мәскеу мұрағатынан табылған (қор 122, тізім 1, іс 2) хатқа
жүгінейік.
Бұл хатта Абылай сұлтанның Қалдан Сереннің
тұтқынында екені жазылыпты. Бірақ қалай қолға түскені
жазылмаған. Халықтың айтуы бойынша, жоңғарлардың
қолына түсу себебін екі түрлі түсіндіреді. Біріншісі,
Қалдан Серен тұтқиылдан Абылайдың ауылына шабуыл
жасап, батырларымен қапылыста қолға түсірді десе,
екіншісінде, Абылай сұлтан нөкерлерімен аң аулап
жүргенде тұтқындалды дейді.
Ал оның тұтқыннан шығуы туралы да екі түрлі
жорамал айтады. Біріншісі, Ресейдің елшісі майор
Мюллердің Қалдан Серенге апарып берген
генерал-губернатор Неплюевтің хатынан кейін
босатты десе, екіншілері қазақтың би-батырлары
талап етіп босатып алды дейді.
Мен танысқан хаттарға сүйеніп, Абылай ханның
тұтқыннан босап шығуына үш түрлі себеп болды
деймін. Ең бастысы, Абылайдың өзінің
ақылдылығы, тапқырлығы, дипломаттығы. Оны
халқының сыйлайтындығы Қалдан Серенді
ойландырды. Екінші себеп - шын мәнінде оған
арашашы болған беделді би-старшындар.
Үшіншісі, Мюллердің де әкелген хаты әсер етті.
1742 жылы 18 мамырдағы Гладышевтің хабарында былай делініпті:
«Қырғыз-қайсақтар әңгімелерінде Ақшораның жоңғарларға келгенін
айтып отырды. Қырғыз-қайсақтың иесі Абылай сұлтанды
жоңғарлардың қожасы Қалдан Серен тұтқында ұстап, оның аяқ-
қолына кісен салыпты. Ақшора келген соң кісендерді алып,
Ақшораның адамдарын кісендепті. Ақшора кеткеннен кейін
Абылайдың аяқ қолындағы кісендерді алып тастап, Абылайдың інісін
қырғыз-қайсақ еліне қайтарды. Ақшораны қалмақтың үш адамымен
жіберді. Егер де 10 отбасын және Қарасақалды әкеліп берсе, сонда
ғана жоңғарлықтар тұтқындарды қайтарамыз» дейді. Ақшора және үш
қалмақ қырғыз-қайсақтардан әлі қайтып келмеді».
1744 жылғы 23 қаңтардағы Кирилловтың хатында:
«...Абылай сұлтан Қалдан Серенде екі жылдай тұтқында болды.
Онымен бірге Жолбарыс сұлтан отырды. Ол Қалдан Серенмен тіл
табысты. Осы жылғы күзде оларды (30 қыркүйекте) өз елдеріне
жіберді. Тұтқында 35 адам болды. Барлығы да қайтарылды. Өз
ұлыстарына аман-есен жетті. Олар тұтқында болған кезде сол жазда
қоңтайшыларда көп адамдар шешек ауруымен ауырып, қайтыс болды.
Қалдан Серен қайсақтармен бейбітшілікте».
Жоңғарлардың тұтқынынан келгеннен соң Абылайдың абыройы тіпті
жоғары дәрежеге көтерілді. Енді үш орданың хандары, билері де
онымен санасты. Ол Ресейден қол үзген жоқ. Бірақ губернаторларға
бас иген емес. Оларды өзінен ара қашықтықта ұстады.
Абылай хан Орынборға 1740 жылы барғаннан кейін
губернаторлардың оған өздеріне келіп кетуін сұраған бірнеше
шақыруларын қабылдамады. Кейбір тарихшылар Абылайдың
тұтқыннан келуі оны Ресейге байлады, оған міндетті болды дегендей
ой білдіреді. Жоқ. Олай емес. Ресейге тәуелді болған жоқ.
Міне, осындай хаттың бірін 1745 жылы 16 сәуірде Орынбордан
губернатор, құпия кеңесші Иван Неплюев Абылай сұлтанға жіберіпті:
«...Біз сізден көптен хабар ала алған жоқпыз, көп уақыт өткендігі
себепті сізден өткен кездер туралы хабарларды естігеніміз дұрыс
болар еді. Сіздің және қол астыңыздағылардың бір белгісі болсын.
Егер мүмкіндігіңіз болса, уақыт тауып, сіз маған келсеңіз, маған
ұнаған болар еді. Мен осы алдағы күзге дейін басқа жаққа баруыма
байланысты орнымда болмауым мүмкін. Екеуміз кездесіп, бетпе-бет
әңгімелесіп көп жағдайларға кеңескеніміз дұрыс болар еді.
...Сіздің қойған талабыңызға байланысты Сібір жағында ұсталған адамдарыңыз бен
малдарыңыздың біразы қайтарылды. Басқасына ол генерал күш салып көмектесемін деп
сенім білдірді», депті.
1745 жылы 7 мамырда жүзбасы Яков Ерофеев арқылы полковник Павлуцкийге Абылай
хан мынадай хат жіберіпті:
«Сіздің маған жіберген хатыңыздан естіп отырмын: «Бізге денсаушылық тілей отырып,
біздің қол астымызда жаулап алды деген жылқылар және тұтқындар бар депсіз». Ондай
жағдай болған жоқ. Тұтқында ешкім жоқ. Егер ондай болса, онда қандай одақтастық
болады. Өткен жылы сіздің адамдар 42 адамды тұтқынға алды. 24 адам, 1300 жылқыны,
13 байдың үй-мүліктерінен 382 жылқыны бізге қайтарды. Енді 918-і сіздерде қалды».
Бұл хаттағы: «Онда қандай одақтастық болады», деген сөзге көңіл бөлу керек. Ол -
Абылай Ресейге берген сертін одақтастық деп түсінетіні.
1760 жылы 16 сәуірде Орынбор губерниясының кеңсесінен құпия экспедиция арқылы
Орынбор гарнизонының жаяу әскер полкының поручигі, князь Иван Ораков, тілмаш
Яков Гуляев Абылайды іздеп, бес күн жүріп старшын Байжігіттің ауылына келеді.
Абылай осы жерден 3-4 шақырым жерде қоныстанған екен. Көкшетауға, Әулие Петр
қамалына жазда бармақшы.
Ораков пен Гуляев әдептілік, сыпайылық көрсетіп, Абылай сұлтанды тағы да
Орынборға, тіпті болмаса Троицкіге келуді қиылып сұрайды. Оған Абылай: «Қашқария
қырғыздары Айходжа және Күнходжа Жаркент қалаларына шабуыл дайындап жатыр.
Бұл жердегі халықтар Ташкент, Түркістан, Бұқараға көпестер және таможнялықтармен
еріп көшіп жатыр. Ол жерге көмек көрсетуіміз қажет. Сол себепті Орынборға баруға
уақытым жоқ», деп жауап беріпті.
Абылай осылайша үш (Ресей, Жоңғар, Қытай) алып
мемлекеттердің ортасында дипломатиялық шеберлікпен
Қазақ елінің бостандығын сақтай білді.
1759 жылы (қор 122, «Қырғыз-қайсақ ісі», тізім 1, іс 3)
Орынбордың губернаторы, құпия кеңесші Давыдовқа және
генерал-майор Тевкелевке, Сібір губернаторындағы әскери
қолбасшы Брегадир Фрауендорфқа император ханымның
канцлері граф Воронцовтың жолдаған хатында Абылай
ханның өміріндегі тағы бір қырлар ашып беріліпті.
Онда Абылай ханның Ресейдің губернаторларына, тіпті
ханымға, канцлерге де бас имейтіні хабарланған. Бірнеше
рет өздеріне келіп жолығуын 1743 жылдан бері сұраса да
бармағанын, оның үстіне олардың алдына өзінің
талаптарын табанды түрде қойып, оның орындалуын
міндеттегеніне көз жеткіземіз.
Хаттың 74-бетінде былай депті:
«...Сіз биылғы жылғы 15 наурыздағы хабарламаңызда тағы да ұсыныс
жазыпсыз. Онда Абылай сұлтанды жақсырақ өзімізге тарту мақсатымен
еркелетуді және Орынборда көбірек марапаттауды талап етіпсіз. Мұндай
жалақы үшін ол одан әрі беріліп қызмет етуге міндетті. Оны жоғалтпас үшін,
біздің жағымызды қолдауы үшін, тіпті болмаса ашық қарсы шықпаса да
бүгінгі қытайлықтардың тырысып отырғанына беріліп кетпей, өз жағымызға
шығару керек. Біздің жақтан да оны еркелетуіміз қажет. Онымен жеке хат
жазысып тұрыңыздар. Ол өте пайдалы. Абылай сұлтанға император -
ақ патша ханымның атынан биылғы 1759 жылдың басынан бастап жалақы
төлеуі дұрыс. Орынбордың шет ел шығыны есебінен қырғыз-қайсақтардың
Кіші Ордасының Нұралы ханының жалақысын азайтып, әрқайсысына 600
рубльден жалақы берілсін. Оларда реніш болмау үшін жылына 300 рубльден
тағайындау керек. Оның үстіне 100 рубль басқа қырғыздарға берілмей,
Абылай сұлтанны
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz