Темір тапшылықты анемия


Slide 1

Темір тапшылықты анемия

Slide 2

Пікір

М. Жұмабаев атындағы орта мектебінің Валеология пәнінің мұғалімі Қанжігіт Айман 8. 02. 07күні 9а, 6 сыныптар арасында "Темір тапшылықты анемия"атты дәстүрлі емес сабақ өтті.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-210жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының "Салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу " тармағын басшылыққа ала отырып, "Қаназдық" оның жиі кездесетін түрі "Темір тапшылықты анемия" туралы ой өрбітті.

Мектеп дәрігері Сүлейменова Кенже, Төрткүл аумақтық емханасының аға лаборанты Бибайша апайдың қатысуымен өтілген бұл сабақты ғылыми инновациялық сабақ деуге болады.

Сабақта Ф. Я Вассерманның "Биоинформатика және Сенергетика" технологиясының элементтері "Сын тұрғысынан ойлау" стратегиясының "Ой толғаныс, " Миға шабуыл" бөлімдері қолданылды.

Оқушылар " Білемін, білгім келеді " кестесін толтыруда күнделікті өмірде керекті мағлұматтар ала отырып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап таба біліп, пікір алмасты.

"Жаратылыстану" пән бірлестігінің отырысында Қанжігіт Айманның баяндамасы құнды деп табылып, аймақтық пед. оқуға ұсынылды.

Пән бірлестігінің жетекшісі: Әлжанова Ж.

Slide 3

Кіріспе.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-201 Ожылдарға арналған

Мемлекеттік бағдарламасы Салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу" тармағында - Денсаулықты сақтау үшін азаматтар мен мемлекеттік ынтымақтасқан жауапкершілік принципін іске асыру профилактикалық іс-шараларды жүргізу және салауатты өмір салтын қалыптастыру, халықты кейіннен серпінді түрде қадағалай және сауықтыра отырып, кезеңдік алдын алу медициналық тексерулермен қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылатын болады.

Қазақстан Республикасы дамуының негізгі басымдықтарының бірі медииналық демографиялық жағдайды жақсарту болып табылады, ол бірінші кезекте, ана мен бала денсаулығын қорғауға байланысты делінген. Қазіргі таңда "Қаназдық -қазақ әйелінің тақсіреті" десек қателеспейміз. Ал ертеңгі дені сау ұрпақты дүниеге әкелетін, бүгінгі қыздарымыз бен ұлдарымыз. Салауаттану сабағында дәстүрлі емес түрінде "Темір тапшылықты анемия "атты сабақты өтуімдегі басты мақсатым қаназдықтың алдын алу, дені сау арманшыл, ойлау қабілеті жақсы дамыған тұлға тәрбиелеу.

Slide 4

Бұл сабақта мен Өзбекстан психологтары ассоциациясының мүшесі, "МедЭкс" фирмасының директоры Ф. Я. Васерманның Биоинформатика және синергетика технологиясының, сын тұрғысынан ойлау стратегиасын пайдаландым. Қабілетін дамытуда оқушы қол көтеріп, жауап берудің орнына "Шапалақ қағу"арқылы өз білгенін білдіреді.

Биоинформациялық технологияның білім берудегі ең басты міндеті-орталық нерв жүйесінің дұрыс дамуы, оқытудағы және Ми жарты шарларының күрделі инормацияны қабылдап қорытқан кезде адам денсаулығы, психикасы мен рухани дамуына кесірін тигізбейтіндей жұмысын қамтамасыз ету.

Бұл үшін мұғалім сыныптың психологиялық жағдайына байланысты түрлі психологиялық сергіту түрлерін тікелей сабақ үстінде пайдалану керек.

Мысалы: Аутогенді жаттығулар. ( Босаңсыту жаттығуларысынып шаршап, жұмысқа қабілеті төмендеген кезде пайдаланады. Сабақты қызықты әрі қазіргі заман талабына сай етіп, өту үшін сабаққа кіріктірілген түрде, мектеп дәрігерімен, емхана лаборантын қатыстырдым. Шығыстың "Маған айтып берсең- ұмытып қалармын, Көрсетіп берсең- есте сақтармын, Өзіме жасатсаң- үйреніп аламын" нақылын сабақтың негізгі мақсатына қойдым. Сабақты "Темір тапшылықты анемиядан қорғану" жарнамасымен көрініс түрінде қорытындыладым.

Slide 5

Сабақ жоспары.

Кіріспе бөлім:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. "Ой толғаныс"Кім тез?

З. Мен бұны білемін.

(Тірек сызба, сурет бойынша жұмыс. )

4. Аутотренинг жаттығу.

Негізгі белім.

Жаңа сабақ.

Ой қозғау

Мағынаны тану

Ой шарлау

Ой дамыту

ББК кестесін толтыру.

Қорытынды.

Бес жолды өлең стратегиясы.

Жарнама.

Оқушыларды бағалау.

Дәстүрлі емес сабақ

Slide 6

Сабақтың тақырыбы:

Темір тапшылықты анемия.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының денсаулық

сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-201 Ожылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының "Салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу. " тармағын басшылыққа ала отырып, Қаназдық (анемия), оның жиі кездесетін түрт Темір тапшылық анемиясы туралы ой дамыту алдын алу шараларын түсіндіру.

Сабақтың танымдылығы: Темір тапшылықты анемиясының туындау

себептерін анықтау. Темірдің қандай тағамдарда көпмөлшерде кездесетіні туралы ой өрбіту.

Сабақтың дамытушылығы: Оқушыларға білім деңгейіне сай

жұмыстар ұйымдастыру. 8-сыныпта өтілген "Қанның құрамы мен қызметі "Тақырыбын қайталай отырып жаңа сабақты өмірмен байланыстырып, негізгі мақсатқа жету. Эстетикалық, санитарлы гигиеналық ережелердің сақталуын қадағалау.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушыларға ғылыми тәрбие беру,

дені сау, сымбатты, өмірге деген сүйіспеншілігі мол, түлға тәрбиелеу.

Сабақтың өтілу әдісі: 1. Түсіндіру әдісімен сабақтың негізгі

мақсатын анықтау. 2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының "Миға шабуыл", "Ой толғаныс стратегиялары". 3. Жорға сайысы бойынша оқушыларға уақытты тиімді пайдалануды дағдыландыру.

4. Тірек сызбаны түсіндіру арқылы сабақтың жаңалығы мен ғылыми байланысын өмірмен байланыстыру. 5. Аутотренинг жаттығулар. 6. Сабақты бекіту қорытындылау. 7. Үйге тапсырма.

Slide 7

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

1. Төрткүл аумақтық емханасының дәрігер лабаранты: Бибайша апай Қанның құрамына сараптама жасап, қаназдықты анықтайды.

2. Мектеп мейірбикесі Сүлейменова Кенже оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Кан кысымын сабак соңында өлшейді.

Сабақтың көрнекілігі: 1. Тірек сызбалар. Қанатты сөздер.

Микроскоп. Реактивтер. Темір көп кездесетін тағамдар: кепкен өрік, қызыл және ақ бүршақ, қарақұмық жармасы, темірмен байытылған үннан пісірілген нан өнімдері.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабақ үстіндегі көңіл күйіне назар аудару. Түгелдеу. Сынып тазалығына көңіл бөлу. Оқу құралдарын түгелдеу. "Сын" тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың аурулардың алдын алу, адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін одан әрі дамыту, топтық жұмыс істеу мақсатында білімдерін жинақтау, тексеруде "Миға шабуыл " бөлімінде сұрақтар бердім.

1. Валеология ғылымы нені зерттейді?

2. П. К. Ивановтың системасы бойынша шынығу әдісіне мысал келтіріңдер.

3. Қорқыныш күйден қалай құтылуға болады?

4. Инфекцияның таралу жолдарының негізгі себептері қандай?

5. Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары қандай?

Slide 8

Аутотренинг жаттығу.

(Босаңсыту жаттығулары)

Жаңа сабақ.

Кіріспе бөлім.

"Ой толғаныс" "Кім тез? " сайысы. 8сыныпта өтілген "Қанның құрамы,

қан жасушалары. Қызметі тақырыбы бойынша, оқушылардың есте сақтау

қабілетін дамыту мақсатында білімдерін тексеріп, бағалау.

1. Микробтарды ерітетін обыр жасушалар. (Фагоцидтер)

2. Қанның түссіз бөлімі. (Ұлпа сүйықтығы) .

З. Оттекпен қосылған гемоглобин (Оксигемоглобин)

4. Лимфада болатын лейкоцит жасушасының атауы. (Лимфоциттер)

б. Дене температурасын тұрақты сақтайтын сүйықтық (Қан)

б. Жарақаттанған жерден аққан қанның ұю ұзақтығы. (4-5мин)

7. Қанды қабылдайтын адам. (Реципиент. )

8. Адамдағы қан мөлшері (4, 5-5л)

9. Егу арқылы қалыптасатын иммунитет. Жасанды иммунитет.

10. Лейкоциттердің қызметін зерттеген ғалым( И. И. Мечников.

И. Қанның түссіз жасушалары. (Лейкоциттер)

12. Плазмада қанның ұюына қатысатын нәруыз. (Фибриноген)

ІЗ. Қан ұйымайтын ауру. (Гемофилия)

14. Макака -резус маймылының қанында болатын нәруыз.

(Резус- фактор. )

Slide 9

Негізгі бөлім

1. Қан жасушалары: Жарып көрсетілген қылтамырлар(капиллярлар) №54-55 -56-суреттер бойынша оқушылар баяндайды.

2. Фагоцитоз құбылысы: № 57сурет

3. № 1-тірек сызба "Қанның құрамы". №2-тірек сызба "Қанның қызметі"

1. Жаңалығы өмірмен байланысы.

Темір тапшылық анемиясы деген не?

Ежелгі уақыттардан бері адамзат қанды өмір күшімен және денсаулық

көзімен байланыстырған.

Қанның жоғалуы немесе қанқұрамындағы қандайда бір өзгерістер адамның өмір сүру қабілеттігін, әр түрлі сырқаттардың бар-жоқтығын анықтайтын фактор түрінде қарастырылған.

Сондай-ақ, қан ағзаны зақымдардан, сырқаттардан және қартаюдан сақтауға қабілетті күш ретінде сипатталатын болған. Қанның жоғалуы, төменгі өнімділік немесе эритроциттер мен гемоглобиннің дұрыс қызмет атқармауынан туындайтын ағза жағдайы -анемия немесе халық арасында қанның аздығы деп аталады.

Анемиялар арасында темір тапшылық анемиясы жиі кездеседі. Ол ағзаға тағам мен түсетін темір жеткіліксіздігімен немесе оның төменгі сіңімділігімен (биотиімділігімен ) байланысты.

Анемия -қызыл қан жасушаларындағы гемоглобиннің төменгі концентрациясымен және ағзада олардың төменгі мөлшерімен сипатталатын жағдай.

Slide 10

Темір қызыл қан жасушалары гемоглобинінің түзілуі үшін қажет сүйек миында темір жетіспеушілігі жағдайында өндірілген эритроциттермөлшері мен саны азаяды. Темір көптеген тағам өнімдерінің құрамында бар. Солай болса да темір жеткіліксіздігі денсаулық сақтау және тағамтану саласында ең жиі кездесетін мәселелердің бірі. Темір жеткіліксіздігінен туындайтын анемия -анемиялар арасында ең кең таралған түрі. Теміртапшылық анемиясына әлемнің екі миллиардтан астам адамы тап болып, жершарындағы халықтың 30 пайызы анемиядан зардап шегетіндігі анықталған. Егер адам тағаммен алатын темірді жоғалтса, ағзадағы темір қоры азайып, гемоглобин деңгейі біршама төмендейді, ал бұл қызыл қан жасушаларының өз ішінде оттегін тасымалдау қабілеттерінің нашарлауынан әкеп соғады. Осы себепті ағзаның барлық тіндерінің тыныс алуы төмендейді.

2. Ғылыми байланысы:

Анемияның негізгі себептері.

1. Үлесіне темір тапшылық анемиясы жағдайларының жартысынан

астамға жуығы тиетін тағам өнімдерімен темірдің ағзаға

жеткіліксіз түсуі.

2. Қанның кетуі, малярия, туберкүлез жұқпалардың әсерінен

эритроциттердің жоғалуы немесе бұзылуы немесе ішек

құрттардың болуы.

3. Эритроциттердің генетикалық кемшіліктері.

Slide 11

Анемияның клиникалық белгілері- жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, ентігу, денеге салмақ түскен жағдайлардағы жүректің соғуы, бастың айналуы, құлақтың шулауы, көздің қарауытуы түріндегі көру қабілеттерінің бұзылуы, көру жүйкелері тамақтануының көру өткірлігінің төмендеуі, оттегі жетіспеу (гипоксия) нәтижесінде бастың ауруы ұйқысыздық.

Организмнің қалыпты іс-әрекеті үшін оттектің үзілмей келуі және энергияның туындауы, сонымен қатар газ тасымалдаушы жүйелердің (тыныс алу, қан айналу) және биологиялық тотығу жүйелерінің үзіліссіз жүру қызметтері қажет. Осы жүйелердің қызметтері бұзылған жағдайда, эндогенді гипоксия пайда болады.

Гемдік гипоксия- қанның оттек сиымдылығы азаюынан, оттекті тасымалдаушы эритроциттердің жетіспеуінен, қандағы гемоглобиндердің санының азаюынан қасиеттерінің бұзылуынан, иіс тигеннен немесе радиациялық әсерлерден пайда болады.

Гемоглобин- күрделі органикалық қоспа. Ол белок глобин мен қанның бояғыш заты гемнен тұрады. Ал гемннің құрамына темір ионы кіреді. Темірдің оттегі мен қосылысы қанға қызыл түс береді Қан өкпеге келгенде, темір ионы оттегімен тұрақсыз қосылыс ( ҒеО) түзеді, яғни гемоглобин оттегіге қанығады. Сондықтан өкпеге оттегімен қаныққан қан алқызыл түсті болады. Оны қызыл тамыр қаны деп атайды.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Қан аурулары кезінде ауыз қуысы кілегей қабатының өзгерістері. Клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы дигностикасы, емі
Анемия анықтамасы
В12-тапшылықты анемия
2017 жыл жасы
Фоли қышқылы
ДӘРУМЕНІ ПАТОГЕНЕЗ
Балалар анемиясының топтастырылуы
Теміртапшылықты анемия
Дәрумендер жайлы
Қан плазмасының ақуыздары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz