БАСТАУЫШ СЫНЫПТА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ


Slide 1

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

САБАҒЫ АРҚЫЛЫ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ

ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Slide 2

Тақырыптың көкейкестілігі: Дәл қазіргі кезге білімнің кең көлемді қоры жиылған бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.

Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықылы сының, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады.

Slide 3

Зерттеудің объектісі. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетін білім мазмұны арқылы арттыру. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін табысты шешу үшін танымдық іс-әрекет элементтерін пайдалану.

Зерттеу пәні. Бейнелеу өнері сабағы арқылы танымдық іс-әрекет қалыптастыру.

Зерттеудің мақсаты - Бастауыш мектеп оқушыларын педагогикалық процеске қатыстыруда өзара әрекеттестірудің маңызды құралы ретінде танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың қажеттілігін негіздеу, әдістемелік ұсыныстар жасау.

Slide 4

Зерттеудің міндеттері:

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетіне арналған әдебиеттерге талдау жасау.

- танымдық іс-әрекеттердің мәнін ашып көрсету.

- жұмыстың негізгі түрлеріне, танымдық іс-әрекеттердің элементтеріне сипаттама беру.

- мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамыту үшін мұғалімнің ұжымдық-танымдық іс-әрекеті және оның технологиясы жөніндегі білімді меңгерулерінің маңыздылығын дәлелдеу және педагогикалық процестің жетілдіру жолдарын көрсету.

Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Slide 5

Оқушылардың танымдық шығармашылығының дамуына бейнелеу өнері сабағының ықпал ететін үлкен мүмкіндігі бар. Бейнелеу өнері сабағы бір жағынан, белсенділік, өзбетгілік, қиял, оймен жұмыс істеу сияқты шығармашылық іс-әрекетті талап етсе, екінші жағынан, эстетикалық бағыт-бейнелеу өнері сабағына тән қасиет.

Мектеп жасындағы балалардың танымдық-шығармашылық белсенділігін тәрбиелеу, ең алдымен, олардың әлемді тану қажеттілігімен және алған білімін өз шығармаларында пайдалануын дамытумен тығыз байланысты.

Slide 6

Бейнелеу өнерін оқыту барысында балалардың өзбетгілігі және белсенділігі жақсы дамуы үшін бірнеше талаптарды ескеру керек.

Мұндай талаптардың бірі - сурет салуды шебер түсіндіру, суреттің салыну кезеңдерін айқын көрсету. Оқушылар салынатын нұсқауға өз бетінше талдау жасап, оның ерекшеліктерін анықтайды.

Әсіресе, кіші мектеп жасындағы балалар сәндік композиция мен тақырыптық суреттерді өзбетінше шешкені маңызды. Балалардың зейінін сурет салудың мұндай түріне тарту, олардың шығармашылық ойын белсендіруге алдын ала жасалатын жұмыстарға жұмылдыру пәрмеңді ықпал жасайды. Мысалы, нобайлар, бақылау, эскиздер т. б.

Балаларға еркін тақырыпта сурет салуға тапсырма көбірек беру керек. Бұл тапсырма оқушыларда шығармашылықты, қайсарлықты, тұрақтылықты дамытуға жағдай жасайды. Балалардың бойында алға қойған мақсатқа қол жеткізе білу, соған жету үшін кездескен қиындықтарды жеңе білу сияқты қасиетгерді тәрбиелейді. Бұл жерде өзбеттілік, шыдамдылық және қайсарлық әрқашан бірге жүреді.

Slide 7

Бейнелеу өнерінің өзіне тән ерекшелігі - үнемі шыдамдылық пен сурет салу процесі кезіндегі белсенділікті талап етеді. Баланың танымдық-шығармашылық белсенділігі оның бақылауына негізделген. Сонымен қатар бақылау - тұлғаның қоршаған әлемді тануының белсенді формасы екендігі белгілі. Белгілі психолокгар Л. С. Выготский мсн СЛ. Рубинштейннің ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбие мен оқыту барысында жетіледі. Оқыту жеке адамның таным қабілетін, дүниетануын мақсатқа сәйкес дамыта және тәрбиелей отырып жетілдіреді.

Slide 8

Бейнелеу өнері пәнін оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекетінің кейбір сипаттарына тоқталайық.

Бастауыш сынып оқушыларының сурет салу кезінде мұғалім оларға жазу үйреткен сияқты, қолынан ұстап, суретгің контур сызықтарын сызуға көмектесіп жатады. Бұл көмек қол саусақтарының қимыл-қозғалысына біршама серпін берсе де, баланың өз бетінше жұмыс жасауына кері әсерін тигізуі мүмкін. Әсіресе оймен жасалатын танымдық іс-әрекет барысына теріс ықпал жасайды, себебі бала сурет салудың кезеңдерін, ережелерін толық ұқпайынша, оған қағаз бетіне сол суретті бейнелеу өте қиынға соғады. Бейнелеу өнері материалдарын игеріп, үйренуде сол материалдарды түсіндірмей, сөйтіп, балалардың санасыз әбден сіңірмей тұрып, оларды бейнелеуге көшіру немесе сурет салуға кірістіру - үлкен қателік.

Slide 9

Мәселен, бала заттарды көруге, олардың пішіні, түсі, өлшемдік қатынасына көңіл бөлсе болды, ал сол заттарды бейнелеу немесе суретін салу оқушылардың жеке қабілетгеріне қарай реттеледі. Себебі, бұл жағдайда педагогикалық процесс біржақты әрі шала болып шығады. Бұл кезде оқушыларда заттарды қабылдауды дамыту ғана алға басады да, суретті қабылдау өспей қалады. Яғни даму, танымдық іс-әрекет тоқырап қалады. Еліктеу арқылы салынған алғашқы суретгі түсіну шараларын жасауға да болады, бұған дайын репродукциялар, суреттер көрсетумен, оны мұқият түсіндірумен қатар сыныптағы жақсы сурет салатын балалардың суреттері де көмек көрсете алады. Бұл тәсілдерді қолдану кезінде суретті көрсету, түзетуді қалай жасаудың жемісті, табысты жолдарын таңдап алған жөн. Заттың суретін салудағы, мысалы, оньщ формасының дұрыс еместігін оқушы өзі түсініп түземесе немесе мұғалім өзі түзетіп берсе, онда оқудың, бейнелеу өнері материалдарын меңгертудің пәрменділігі мен нәтижелілігі азаяды. Бұл мәселені шешіп алмай тұрып, шығармашылық және танымдық іс-әрекетті дамыту өте қиынға соғады, тіпті көпшілігінде мүмкін емес. Сондықтан натураға қарап сурет салғызудың, ондағы заттардың форма, жарық пен көлеңке, сызықтарды түсіру, бояу түстерін таңдау, оларды реңімен пайдалану реті мен техникасын игеру сияқты іс-әрекеттерді дамытудың маңызы ерекше.

Slide 10

Бастауыш сыныптарда салынатын суреттердің дені табиғатқа, ондағы құбылыстарға бағытталады, себебі өзін қоршаған ортаның бала сезіміне әсер етпеуі мүмкін емес. Бастауыш мектептің 1-2-сынып оқушыларының сурет дәптерлерінде тау, өзен, ағаш, аспан, күн, бұлт, көбелек, гүл т. б. міңдетті түрде кездеседі.

Солардың ішінде таулардың салынған суретін алатын болсақ, кейбір жағдайда олардың формалары тік үшбұрышты, өте үшкір әрі контур сызықтары түзу болып салынады. Бұл неліктен? Себебі, таулардың неғұрлым үлкен репродукциялық суреттері өте аз көрсетілген, екіншіден, пән мұғалімі өзі сол таулардың бөлшектерін салуды көрнекі етіп тақтаға салып көрсетпеген, үшіншіден, табиғи тау мен суреттегі балалардың салған тауларының пішіндеріне, түстеріне салыстыру жұмыстары жүргізілмеген.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп математикасында алгебралық ұғымдардың оқыту әдістемесі
Сынып Оқушылар Жоғары деңгей Орта деңгей Төмен деңгей саны
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру
Бастауыш сыныпта етістікті оқыту тәсілдері
Бейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері
Музыканы тыңдау әдістемесі
Бастауыш мектеп
Дүниетану теориясы мен әдістемесі
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
Бастауыш мектептегі музыка сабағының типтік бағдарламасы мен әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz