Өмірбаянның анықтамасы, түрлері және құрылымы


Slide 1

Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжат Өмірбаян

Slide 2

Өмірбаян - жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т. б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.

Slide 3

Өмірбаянның түрлері:

Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни акын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы.

Өмірбаянның бірінші түрі -адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы.

Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады.

Өмірбаянның түрлері

Slide 4

Өмірбаянның бірінші түрі

Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.

Slide 5

Өмірбаянның екінші түрі

Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ. Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқұлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.

Slide 6

Өмірбаянның үшінші түрі

Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С. Мұқанов - «Аққан жүлдыз», М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.

Slide 7

Өмірбаянның құрылымы:

1 Құжаттың аты (өмірбаян) ;

2 Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері;

3 Ұлты;

4 Білімі, оқыған оқу орындары;

5 Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет;

6 Қазіргі жұмысы, мекен-жайы.


Ұқсас жұмыстар
Қызметтік хаттар: анықтамасы, түрлері және құрылымы
Экскурсия: анықтамасы, құрылымы және түрлері
Эксперттік жүйелердің анықтамасы, құрылымы және түрлері
Бухгалтерлік баланс: анықтамасы, түрлері және актив-пассив құрылымы
Билік: анықтамасы, құрылымы, генезисі және қызметі
Өмірбаян: түрлері, құрылымы және жазу үлгісі
Популяция: анықтамасы, құрылымы және динамикасы
Микроскоптың анықтамасы, тарихы және құрылымы
Экожүйе: анықтамасы, жіктелуі, құрылымы және өнімділігі
Кәсіби этика: анықтамасы, функциялары, құрылымы және принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz