Қақырық түсіретін заттар
Презентация қосу
С. Ж. Асфендияров атындағы
Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті
Кафедра: Фармакология
СӨЖ
Тақырыбы: Қақырық түсіретін заттар
Қабылдаған: Сағындықова З.Р.
Орындаған: Умирзаков Е.
Факультет: ЖМ
Курс: ІІІ
Топ: 018
Алматы 2010ж
Жоспар.
I. Кіріспе.
Қақырық түсіретін заттар.
II. Негізгі бөлім:
Рефлекторлы әсер ететін заттар.
Тікелей әсер ететін заттар.
Муколитикалық әсері бар заттар.
III. Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.
Қазіргі кезде қақырық түсіретін заттарды екі топқа бөледі:
Секретомоторлы
Бронхосекретолитикалық
Қақырық түсіретін заттардың әсер ету механизміне байланысты
екі түрі бар:
рефлекторлы әсер ететін
тікелей әсер ететін.
Рефлекторлы әсер ететін заттар.
Рефлекторлы әсер ететіндер ипекакуана препараттары және
термопсис шөбінің препараттары (сығынды). Олардың
құрамындағы алкалоидтар (ал термопсистегі сапониндер де)
ішке енгізгенде асқазан рецепторларының тітіркенуін шақырады.
Осы кезде бронхиалды бездердің секрециясы рефлекторлы түрде
артады, кірпікшелі эпителийдің белсенділігі жоғарылайды,
бронх бұлшық еттерінің жиырылуы күшейеді. Қақырық
көбейеді, тұтқырлығы азаяды және оның жөтелмен бөлінуі
жеңілдейді.
Аталған препараттар үлкен мөлшерде рефлекторлы түрде құсу
шақырады, бірақ олар бұл мақсатта қолданылмайды.
Тікелей әсер ететін заттар.
Тікелей әсер ететін қақырық түсіруші заттарға секретті
сұйылтатын (муколитикалық заттар) жатады.
Ацетилцистеин (бронхолизин, мукосольвин) белсенді
муколитикалық зат. әсері молекуласында протеогликандардың
дисульфидті байланыстарын үзіп, қақырықтың
деполимеризациясын шақыратын және тұтқырлығын
төмендететін бос сульфгидрилді топтың болуына байланысты.
Қақырықтың сұйылуы және көлемінің көбеюі оның бөлінуін
жеңілдетеді. Ацетилцистеинді ингаляциялық жолмен, кейде
парентералды қолданады. Ішке енгізуге арналған әсері
ұзартылған препараттар да алынған. Ацетилцистеин ішектен
толық сіңіріледі, бірақ оның биожеткіліктігі төмен, себебі,
препараттың үлкен бөлігі бауырдан біріншілік өткенде
метаболизмге ұшырайды. Құрылысы және әсері бойынша ұқсас
препарат карбоцистеин (бронхокод, мукодин) болып табылады.
Муколитикалық әсері бар заттар.
Тиімді муколитикалық және қақырық түсіретін заттарға химиялық
құрылысы үқсас амброксол (амбробене) және бромгексин жатады.
Препараттардың муколитикалық әсері қақырықтың сұйылуына
әкелетін, оның мукопротеиндері мен мукополисахаридтерінің
деполимеризациясына байланысты. Екі препараттың
фармакотерапиялық әсері альвеолярлық жасушаларда түзілетін, эндогенді беткейлік белсенді зат
(сурфактанттың) өндірілуінің ынталануына байланысты деп те есептейді. Бұл кезде бронхиалды
бездердің секрециясы қалыпқа келеді, қақырықтың реологиялық қасиеті жақсарады, оның
тұтқырлығы азаяды, бронхтардан қақырықтың бөлінуі жеңілдейді. Әсері 30 минуттан кейін
басталады және 10-12 сағат сақталады. Препараттарды ішке енгізеді. Жанама әсерлерінен кейде
лоқсу, құсу, аллергиялық реакциялар байқалады.
Бұл топқа протеолитикалық ферменттердің препараттары да -кристалдық трипсин, кристалдық
химотрипсин, дезоксирибонуклеаза жатады. Рекомбинантты α-ДНКаза препараты пульмозим деген
атпен шығарылады. Муколитик ретінде муковисцидозда қолданылады. Ингаляциялық жолмен
енгізеді. Бронхтың шырышты қабатының бездеріне тікелей әсер көрсететін және олардың
секрециясын күшейтетін препараттар да қолданылады, мысалы, калий йодиді.
Натрий гидрокарбонаты да қақырықты сұйылтады, брохиалды секрецияны біршама жоғарылатуы да
мүмкін. Калий йодиді мен натрий гидрокарбонатын ішке және ингаляциялық жолмен, ал
кристалдық трипсин, кристалдық химотрипсин ерітінділерін, ДНКазаны ингаляциялық жолмен
(аәрозоль түрінде) тағайындайды.
Қақырық түсіретін заттарға құлқайыр (алтей) тамырының, имтод тамырының, қызыл мия
тамырының (солодка) препараттары, терпингидрат, натрий бензоаты жатады.
Қақырық түсіретін заттар.
Қақырық - әр түрлі тыныс жолдарының ауруларының арқасында дамиды. Мысалға:
бронхоспазм, бронхит, пневмония, тыныс жетіспеушілігі, дисстрес синдром және тағы да басқа
ауруларда дамиды.
Пневмония - Инфекция өкпеге 3 түрлі жолмен енеді: - Бронх арқылы;
- Қанмен;
- Лимфамен;
- 1-лік пневмонияда инфекциялық агент бронх арқылы түсіп, бронхтарда немесе
бронхиололарда көбейіп, кейіннен өкпеге өтеді.
- 2- лік пневмониялар гематогенді жолмен түсіп дамиды.
- Көкірек жарақаттанса бактериялар лимфа жолымен де түседі.
- Жүректің созылмалы ауруларының нәтижесінде өкпе қан
тамырларында қан іркіліп қалып, микробтар өсіп өнеді.
(гипостаздық пневмония).
- Аспирациялық пневмония ауыр операциялардан кейін асқазаннан немесе асқорыту
жолдарынан бөгде заттар түсіп кетіп қабыну дамиды.
Клиникалық көріністері: қақырық, жалпы әлсіздік, дене температурасының көтерілуі, жөтелу
тағы басқалар.
Осы ауруларда тыныс алу жолдарындағы қақырықтың бөлінуін жақсартатын заттар қазіргі
заманғы медицинада ең маңызды рөлді атқарады. Бұл заттардың тобы бронхиалды бездермен
өндірілетін шырыштың (қақырықтың) бөлінуін жеңілдеті үшін белгіленген.
Термопсис шөбі.
Латынша аталуы: Herba Thermapsis Lanceolata
Әсер ету механизмі: қақырық түсіретін, бронх бұлшық
еттерін жиырылтады.
Фармакологиялық әсері: вегетативті ганглийге әсерін
тигізеді, тынысты ынталандырады.
Дәрілік формасы: ұнтақ, тұндырма, таблетка, құрғақ
экстракт.
Қолданылуы: қақырық түсіретін, жөтелге қарсы, бронх
демікпесі, пневмония, плеврит, тонзиллит.
Жанама әсерлері: көп қолданған жағдайда құсу
орталығын ынталандырып, құсу шақыраду.
Дозалануы: Ересектерге ұнтақ түрінде тәулігіне 2-3
реттен 0,01-0,05 г. Тұндырмасын 1 ас қасық тәулігіне 3-4
рет. Балаларға екі жасқа дейін тұндырма түрінде 1 шай
қасығының жартысын қолдануға тағайындалады.
Алтей тамыры.
Латыншы аталуы: Radicies Althaeae.
Әсер ету механизмі: қабынуға қарсы,
қақырықты түсіретін, тынысты
ынталандыратын.
Фармакологиялык, әсері: вегетативті ганглийге
әсерін тигізеді, тынысты ынталандырады.
Қолдану көрсеткіштері: бронхиальды астма,
бронхоспазм, пневмония, плеврит, бронхиттің
жедел және созылмалы түрлерінде
қолданылады.
Қорытынды.
Қақырық түсіретін заттардың балалардағы ерекшеліктері.
Бронхтық-өкпелік аппараттың инфекцияларын емдеуде антибиотиктердің
маңызы зор. 60 жасқа дейінгі науқастарда пневмонияны емдеуде негізгі
препараттарға амоксициллин немесе макролидтер II ұрпағы жатады, ал
альтернативті препарат ретінде доксициклин қолданылуы мүмкін. Қосалқы
патологиялармен жүретін жағдайларда таңдамалы препаратқа амоксициллин
жатады. Көбіне бензилпенициллиннің натрий және калий тұздары 500 000 -
1000 000 ӘБ, ет ішіне, тәулігіне 4-6 рет қолданылады. Бұл көбіне
пневмококкты (крупозды) пневмонияда тиімді. Соңғы жылдары пневмонияны
емдеу үшін әсер ету спектрі кең, негізінен респираторлық инфекцияларда
тиімді «респираторлық» фторхинолондар (левофлоксацин) кең қолданылады.
Жаңа туған балаларда арнайы патологиялық жағдайлар дамиды: тыныс алу
бұзылыстарының синдромы, периодты тыныс алу және идиотиялық апноэ,
жедел қайтыс болу синдромы.
Үлкен кісілерде, кішкентай және ересек балаларда дистресс-синдромды емдеу
үшін құрамында сурфактант-ассоцияланған белогы
бар (табиғи немесе синтетикалық - гендік-инженерлік) жоғары нативті
сурфактант препараттары қолданылады. Сонымен қатар,
сурфактанттың синтезін жоғарылататын стимуляторлар:
глюкокортикоидтар, этимизол және эуфиллин, тироксин және
трийодтиронин, бензиламидтер амброксол және бромгексин
қолданылады.
Әдебиеттер тізімі.
1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник.
Москва. Изд. дом
«ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 с.
2. Машковский М.Д. Лекарственные средства.
Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007.
т. 1-2. - 601 с.
3. Қалимұрзина. "Ішкі аурулар" Алматы, 2005ж.
4. Н.Айтмамбет "Ішкі аурулар пропедевтикасы"
Алматы, 2007 ж.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz