Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық өнімін сапасын жақсарту проблемалары



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық өнімін сапасын жақсарту проблемалары
Орындаған: Бектасова А.
Тексерген: Жарылқасын Ж.

Ауыл шаруашылығының даму жылдары
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие.
Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметi мен тiршiлiк көзi ауылдық жер болып табылады, олардың көпшiлiгi үшiн жер - негізгi өндiрiс құралы. Аграрлық өндірiстiң тұрақтылығы - елдiң азық -түлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi. Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi - әлемдiк нарықта экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм көздерiнiң бiрi.
2006 жылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру басталады, оның негiзгi басымдықтары агроөнеркәсiптiк кешен салаларының өнiмдiлiгi мен кiрiстiлiгiн өсiру негiзiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық өнiмнiң ұлттық бәсекелiк артықшылықтарын дамыту болады.

Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметi мен тiршiлiк көзi ауылдық жер болып табылады, олардың көпшiлiгi үшiн жер - негізгi өндiрiс құралы. Аграрлық өндірiстiң тұрақтылығы - елдiң азық -түлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi.
Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi - әлемдiк нарықта экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм көздерiнiң бiрi. Аграрлық сектордағы өрлеу - экономиканың сабақтас салаларда өсуiнiң тетiгi. Тұтас алғанда, аграрлық сектордың дамуы мемлекет үшiн экономикалық және ең бастысы әлеуметтiк аспектiде стратегиялық жағынан маңызды.
Осы заманғы нарықтық экономикада мемлекет неғұрлым реттейтiн және қолдайтын секторлардың бiрi аграрлық сектор болып табылады.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң. артық қорлары сыртқы нарыққа шығарылады, мұның өзі осы өнiмдерге әлемдiк бағалардың төмендеуiне алып келедi.
Басым көпшiлiгi әлемдiк нарықтар конъюнктурасына тәуелдi болып отырған нашар дамыған елдер, iшкi өндiрiстiң. шектелуi, экспорттың азаюы және ұқсас тауарлар импортының өсуi түрiнде залал шегедi.

Табиғи биологиялық фактор өндірістің тиімділігін анықтауда, технологияны таңдауда ең басты факторы болып саналады. Мал мен өсімдіктер дамуының табиғи заңдылықтарын сақтамау басқа өндірістік экономикалық ресурстардың тиімділігінің төменділігіне әкеліп соқтыратын болғандықтан техника, еңбек ұйымдастыру жүйесі аталмыш факторға қарай ыңғайланады. Осы жерден келіп, әміршіл-әкімшіл экономика кезеңінде өсімі төмен мал өсіру мен нашар жем-шөп базасы жағдайында ірі мал шаруашылығы кешендеріне, қарапайым агротехникалық талаптарды сақтамаған жағдайда жерді мелиорациялауға жұмсалған орасан шығын ауыл шаруашылығының өнімдері мен шикіізатын жоғалтуға алып келді.
Ең жетілдірілген техника, озық технология және өндірісті білікті ұйымдастырудың өзі де өнім өндіруді белгілі бір "биіктіктен" асыруға мүмкіндік бермейтін мал мен өсімдіктің табиғи-генетикалық потенциялы сияқты ауыл шаруашылығының осындай биологиялық факторын жеңе алмайды.
Ауыл шаруашылығының маусымдық қасиеті оның табиғи ерекшеліктері болып табылады. Мұның өзі өндіріс кезеңі мен жұмыс кезеңінің тура келмеуін тудырып, жыл бойы жұмысшы күші мен материалдық-техникалық ресурстардың тепе-тең пайдалануына қолбайлау жасап, табыстың түсуін де ала-құла қылады. Салыстырмалы түрде аз ғана уақыт жұмыс істейтін техниканы пайдаланудың қажеттілігі, сондай-ақ өндірістің қуат көздерін көп керек ететіндігі тұрақты капиталдың жоғары үлесін қажет етеді. Өндіріс жалға алған жерде жүргізілетін жағдайда тұрақты шығынның деңгейі сонымен бірге жалға төленетін ақы есебінен де өсіп отырады.

Ауыл шаруашылығын дамыту саясаты
Жоғарыда аталып өткендей, алдымызда елiмiздегi агробизнестiң бәсекелестiк жүйесiн қалыптастыруды шешудiң мiндетi тұр. Ол үшiн заң актiлерiнiң, бiрiншi кезекте, Жер, Су және Орман кодекстерiнiң қалтқысыз орындалуын қамтамасыз ету қажет. Дәндi дақылдар нарығын реттеу жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тиiмдiлiгiн арттыру қажет. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеудi және өнiм сапасын арттыруды жаңғыртуға ерекше назар аударылғаны жөн. Қазiргi заманғы аграрлық ғылымды дамытуды да естен шығаруға болмайды.


Ауылдық жерлердегi кедейшiлiктi жою үшiн шағын несиелер беру жұмысын кеңiнен өрiстету қажет, оның үстiне ол өзiнiң өмiршеңдiгiн көрсете де бiлдi. Осы жылдан бастап ауылдық аумақтарды дамытуға арналған мемлекеттiк аграрлық саясат бағдарламасы iске қосыла бастады. Мен перспективасыз аумақтарға мемлекеттiк инвестициялар тоқтатылатынын естерiңiзге салғым келедi. Аталған бағдарламаларды тиiмдi жүзеге асыру мақсаттарында Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан ауылдық аумақтар iстерi жөнiндегi комитет құру қажет.
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие. Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайлары қоңыржай жылы белдікте барлық дерлік дақылдарды өсіруге және мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қуатты саясатының арқасында ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқынды дамуы қамтамасыз етіліп, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізу мүмкін болды.


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz