Қалыпты және потологиялық жағдайдағы клетка органоидының құрылысы мен қызметі
Презентация қосу
Қалыпты және потологиялық
жағдайдағы клетка органоидының
құрылысы мен қызметі
• Клетка органеллалары цитоплазмада
мембраналы және мембранасыз компонент-
• тер кездеседі. Мембранасыз компоненттерге
микротүтікшелер құрамында микротүтік
• шелер кездесетін органоидтар, микрофила-
• менттер және микрофибрилдер жатады.Мем-
• браналы органеллалар эндоплазмалық тор-
• лар , лизосомдар, Гольджи комплексі және
екі мембраналы митохондриялар мен
пластидтер жатады.
• Жасуша органоидтары - жасушалардың
тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі
тек органоидтардың көмегімен ғана
орындалады.
Гольджи комплексі
• Итальян ғалымы К. Гольджи 1898
жылы ауыр металдардың
ерітінділерімен нерв клетка-
• ларын бояғанда оның цитоплазма
• сында тор тәрізді қара материалдың
бар екенін бірінші болып тапты.Оны
ішкі тор тәрізді аппарат деп атады.
Кейін бояу әдістерін жетілдіру
арқылы ГА- ның барлық эукариотты
клеткаларында болатынын толық
анықтады.
• Электронды микроскоп Гольджи
аппаратының мембрананалар
қосындыларынан тұратын кішірек
аймақ екенін көрсетті.Бұл аппаратта
белоктар, майлар, көмірсулар
синтезделеді. Және Гольджи
апппаратының секрет шығару қызметі
қарын ферменттер
• ден тұрады. Сонымен қатар зат
алмасу процесіне және клеткадан
шығаруға қатысады.
Эндоплазмалық тор
• 1.Эндоплазмалық тор (ЭПТ) -
(гр. эндо - ішкі, гр. плазма -
жапсырылған) - жасушаның
ішін түгелдей бірімен-бірі
тығыз байланысқан
түтікшелермен торлап жататын
2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы
жарғақшаларына рибосомалар
бекінсе - түйіршікті ЭПТ,
бекінбесе, тегіс жарғақшалы
ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы
ЭПТ майлар мен
полисахаридтердің алмасуына
қатысады. Түйіршікті
жарғақшалы ЭПТ
рибосомаларында нәруыздар
синтезделеді. ЭПТ торланған
түтікшелері жасуша ішіндегі
басқа органоидтардың қатынас
жасауына көмектеседі.
Лизосома
• Мұндай түрінің пайда болуы (Гольджи
аппаратынан), 2-экзогенді заттардың еруі
(лизис). Құрамында гидролаза
ферменттер бар лизосоманың бірінші түрі
мен пиноцитоз және фагоцитоз
көпіршіктерінің қосылуының нәтижесінде
лизозосоманың екінші түрінің пайда
болуы, 3 — эндогеміді заттардың еруі
(лизис) Аутофагоцитоз вакуолінің пайда
болуы, 4— қорытылмаған заттардың
жиналуы - "қалдықты денешіктер",5 -
экзоцитоз жолымен қорытылмаған
заттардың шығуы болады.|400px]]
• Мембраналы органоид, оны 1955 жылы
биохимик Де Дюв ашты. Бұл органоидтың
кұрамында гидролаза ферменттері көп
мөлшерде кездеседі. Лизосомаларды
липопротеидтерден тұратын мембрана
қоршап жатады. Осы мембрана бұзылған
жағдайда ғана лизосомадағы ферменттер
сыртқы ортаға әсер етеді.
• Лизосоманың құрамындағы гидролаза ферменттері белоктарды, нуклеин қышқылдарын,
полисахаридтерді ыдыратады. Қазіргі уақытта лизосоманың құрамында 60-ка жуық гидролаза
ферменттерінің болатыны анықталды. Лизосомалардың құрамындағы ферменттерді гистохимиялық
әдістер арқылы да байқауға болады. Ол үшін қышқылды фосфомоноэстера ферментін таңба ретінде
қолданып, гистохимиялық әдіспен жарық және электронды микроскоптарды пайдаланса
жеткілікті. Лизосома фракциясының кұрамында әр түрлі көпіршіктер болады, олардың көлемі 0,2—
0,4 мкм (бауыр клеткаларында) және олар бір кабатты мембранамен капталған (қалыңдығы 7 пм).
Лизосомдарды электронды микроскоптың көмегімен, биохимиялық , цитологиялық тәсілдермен
зерттегенде олардың құрылысы да құрамы да әр түрлі және өзгермелі болатыны анықталды.
Лизосомдарды құрылысына қарай лизосомның бірінші түрі, лизосомның екініші түрі,
аутофагосомдар және қалдықты денешіктер деп 4 түрге бөлуге 13-сурет. Лизосомалардың қызметін
көрсететін үлгі: Бұлардың төртеуі де клетка ішіндегі қорытылу процестеріне қатысады да ас сіңіру
вакуолясын түзеді (13-сурет). Лизосоманың бірінші түрі ГА-ының көпіршіктерінен бөлініп шығады.
Мембраналы көпіршіктердің, көлемі 100 нм шамасындай болғандықтан, ол құрылымсыз заттармен
толып, онын құрамында көп мөлшерде қышқылды фосфатаза кездеседі. Бірінші лизосоманың пайда
болуы клеткадағы секреттердің түзілу жолына ұқсайды. Біріншілизосома түйіршікті эндоплазмалық
торда синтезделіп, ГА-ының түтікшелеріне келіп түседі, одан кішірек вакуольдар түрінде бөлініп
шығады. Бірінші лизосомалар клеткаға сырттан келіп түскен түйіршіктермен немесе сүйық
заттармен қосылып, лизосоманың екінші түрін түзеді. Клеткаға сырттан келген түйіршік заттарды (
фагоцитоз), сүйық заттарды (пиноцитоз) ыдыратуда осы лизосоманың екінші түрінің, рөлі күшті.
Сонымен лизосоманың екінші түрі озінің құрамындағы ферменттердің (гидролаза) көмегімен
келген заттарды қоршап алып оларды ыдыратады (полимерді мономерлерге дейін). Ыдыраған
заттар гиалоплазмаға түседі де әр түрлі зат алмасу процестеріне қатысады. Кей жагдайларда
екінші лизосомалар биогенді материалдарды толық ыдырата алмайды, мұндай жағдайда
қорытылмай қалып қояды, сондықтан екінші ліпосом телолизосомға немесе қалдық денеге
ауысады. Қалдық денешіктерде ферменттердің саны екінші лизосомдарға карағанда аз болып
келеді, кей жағдайларда қалдықты денешіктерде қорытылмаған заттар тығыздалып, өзінің
бұрынғы құрылысын өзгертеді. Қалдықты денешіктер клеткадан экзоцитоз жолымен шығады
немесе клеткада қалып кояды (липофусцин). Адам қартайғанда организмдердің кұрамында,
әсіресе, ми клеткаларында, бауырда және Бұлшық ет талшықтарының телолизосомдарында
липофусцин пигменті көп болады. Бұл пигментті «картаю пигменті» деп те атайды, өйткені бұл
пигмент организмде өлгенге дейін сақталады.
Митохондрия
• .Митохондрия (гр. mitos - жіпше, гр. chondrion -
дәнек) - барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні
таяқша, жіпше, дәнек тәрізді түзіліс. Жасушада
ондаған, мыңдаған митохондриялар кездеседі.
Сыртын 2 қабатты жарғақша қаптайды. Сыртқы
жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы.
Митохондриялар - май қышқылдарьш синтездеп,
жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін
энергия жинақтаушы құрылым. ішкі
жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен
аминқышқылдарды ыдыратып, май қышқылдарын
тотықтырады.
Жасуша орталығы
• .Жасуша орталығы -
центриоль (лат. centrum -
орталық нүкте, орталық)
Гольджи жиынтығына
жақын орналасқан
цилиндр пішінді 2
денешік. Жасуша
бөлінуінің алғашқы
кезеңінде 2 центриоль
бірінен-бірі екі полюске
карай ажырайды.
Ортасында ұршықша
жіпшелер пайда болады.
Жасушалардың бөлінуіне
қатысады.
Жасушаның құрылысы
• Адам ағзасы (организмі) - миллиардтаған жасушалардан құралған, өзддгінен реттеліп,
жаңарып тұратын біртұтас күрделі жүйе. Ағзанын даму үдерісінде жасушалар мен
жасушааралық заттар - ұлпаларға, мүшелерге, мүшелер жүйесіне және біртұтас ағзаға
бірігеді.
• Жасуша - тіршіліктің негізгі бірлік өлшемі. Барлық тірі ағзалардың денесі (вирустан басқасы)
жасушадан тұратыны сендерге мәлім. Жасушаның құрылысы электронды микроскоптың
көмегімен терең зерттелді. Электронды микроскоппен жасуша құрылымдарының өте ұсақ
бөлшектеріне дейін анық көруге болады. Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін
ғылымды цитология (гр. kytos - жасуша, гр. logos - ғылым) дейді. Жасушалар құрылысы,
қызметі, пішіні, мөлшері жағынан әр түрлі болады.
• Адам денесі жасушаларының пішіні - домалақ, ұзынша, жалпақ, төртқырлы, көпқырлы,
призма төрізді және т. б. Жасуша мөлшері мен пішінінің әр түрлі болып келуі аткаратын
қызметіне байланысты. Мысалы, канның эритроцит жасушалары сұйық ортада болғандықтан
домалақ; тері жасушалары көпқырлы; бұлшықет жасушалары ұзын; жүйке жасушалары көп
өсінділі (жұлдыз тәрізді) және т. б. Жасушалардың мөлшері де түрліше: адам ағзасындағы ең
ірі жасушалар - жұмыртқажасушасы мен жүйке жасушасы. Қан мен лимфада болатын ең
кішкене жасушалар - лимфоциттер.
• Жасуша плазмалық жарғақша, цитоплазма, ядро және органоидтардан (эндоплазмалық тор,
рибосома, митохондрия, лизосома, Гольджи жиынтығы, жасуша орталығынан) тұрады.
• Плазмалық жарғақша (лат. membrano - жарғақ, қабық) жасушаның сыртын қаптайды,
май мен нәруызды заттардан түзілген. Өсімдіктердің плазмалық жарғақшасының сыртында
цитоплазмадан бөлінген өлі заттан түзілетін жасунықты (целлюлозалы) қалың қабықшасы
болады. Мұндай қабықша жануарлар мен адамның жасушаларында болмайды. Олардың
жасушалары тек плазмалық жарғақшамен ғана қапталады.
• Жарғақшаның қызметі:
• Жасушаның ішіндегі барлық қоректік заттар мен кажетсіз өнімдер жарғақша арқылы өтеді.
Плазмалық жарғақшаның өте жұқарған жерінде жұқалтырлы ұсақ тесікшелер - шұрықтар
болады. Заттардың барлығы осы шұрықтар арқылы өтеді.
• Плазмалық жарғақша жасушаның ішіне қажетті заттарды оңай өткізіп, зиянды заттарды
өткізбейді;
• Жарғақша арқылы жасуша қоршаған ортамен қатынас жасайды. Әр түрлі заттар тек
жасушаның ішіне ғана өтпей, көршілес жасушаларға да өтеді. Қатар жатқан екі
жасушаның цитоплазмалары саңылау арқылы бір-біріне өтеді.
• Цитоплазма (гр. kytos - жасуша, гр. plasma - іркілдек сұйықтық) - жасушаның ішін
толтырып тұратын іркілдек сүйықтық. Жасуша мен сыртқы орта арасында жүретін зат
алмасуды қамтамасыз ететін жасушаның қажетті бөлімі. Цитоплазма жасушаның ішінде
үздіксіз қозғалыста болады. Егер қоршаған ортаның температурасы көтерілсе
(жоғарыласа), цитоплазманың козғалысы да күшейеді, төмендесе - баяулайды. Жоғары
температурада цитоплазмада зат алмасу үдерісі (қоректену, тынысалу) жылдамдайды.
• Ядро - жасушаның реттеуші орталығы. Пішіні - домалақ, таяқша, үрмебұршақ тәрізді, екі
жағы қысыңқы және т. б. эритроциттер (қан жасушасы) мен тромбоциттерде (қанның
пластинкасы) ядро болмайды. Ядроның сыртын цитоплазмадан бөліп тұратын екі қабат
жарғақша қаптайды. Ядроның ішінде толтырып тұратын іркілдек ядро шырыны болады.
Ядро қабықшасында да өте ұсақ тесіктер - шұрықтар бар. Ядро солар арқылы
цитоплазмамен байланысады. Ядро цитоплазмамен тығыз байланысып, жасушаның
барлық тіршілік әрекеттеріне (өсу, көбею, зат алмасу) қатысады. Ядро кабықшасы
(жарғақшасы) заттардың козғалысын (ядроға енуі, ядродан шығуы) реттейді. Ядро
шырынында хромосомалар мен ядрошықтар болады.
• Хромосома (гр. chroma - түсі, гр. soma - тән, тез боялатын дене) - тұқымқуалау қасиетін
сақтайтын жіл, таяқша тәрізді түзіліс. Адамның дене жасушаларында хромосомалардың
саны тұрақты - 46, жыныс жасушаларында 23. Хромосоманың бөліктерін - «ген» (грекше
гр. genos - туыс, тегі бір) дейді. Гендер хромосоманың ұзындығына қарай түзу сызық
бойымен орналасқан. Олар тұқымқуалау белгілерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады.
• Ядрошықтар - кейбір жасушаларда пішіні мен құрылымын өзгертіп тұратын тығыз
түзіліс (денешік). Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде ядрошық жойылып, басқа
кезеңінде қайта түзіледі. Ядрошық нуклеин қышқылының синтезіне қатысады
Жануарлар мен өсімдік
жасушаларынын,
айырмашылығы
• 1. Жануарлар жасушасында центриоль болады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жасушаларында
центриоль болмайды.
• 2.Жануарлар жасушасында пластидтер
болмайды, дайын ағзалық заттармен
қоректенеді. Өсімдіктер пластидтері арқылы
ағзалық зат түзеді.
• 3.Қалың, тығыз, жасунықты (целлюлозалы)
қабықша тек өсімдік жасушасында болады. Ол
өсімдіктің пішінін өзгертуге кедергі жасайды.
Жануарлар жасушасындағы жарғақша
(қабықша) өте жұқа цитоплазма қабатының
тығыздалуынан пайда болтан. Сондықтан
жануарлар пішінін өзгертіп, қозғалады.
Жасушаның химиялық
құрамы
• Жасушаның құрамында 80-нен астам химиялық элементтер кездеседі. Олар
жасушадағы зат алмасу процестеріне қатысады. Әрбір жасушаның құрамы агзалық
жәнес буейагзалық қосылыстардан тұрады. Ағзалық қосылыстарға: нәруыздар
(белок), майлар, көмірсулар және нуклеин қышқылдары жатады. Бейағзалық
қосылыстар: су және минералды тұздар. Ағзалық қосылыстар жасуша құрамының 20-
30% үлесіне тең.
• 1. Нәруыздар - көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және т. б. элементтерден
тұратын күрделі ағзалық заттар. Нәруыздар 45°-80° С-да ұйиды. Олардың құрамы 20
аминқышқылынан тұрады.
• 2. Майлар үш элементтен құралған, олар: көміртегі, сутегі, оттегі. Майлар судан
жеңіл, суда ерімейді. Май глицерин мен май қышқылынан тұрады.
• 3. Көмірсулар - майларға ұқсас, көміртегі, сутегі, оттегіден тұрады. Көмірсу деп
аталу себебі, сутегі мен оттегінің арақатынасы сумен бірдей. Демек, сутегі атомы
оттегі атомынан 2 есе көп деген сөз. Көмірсуларға әр түрлі суда тез еритін тәтті
(кристаллы) қанттар жатады. Бұлардың ішінде көбірек таралғандары - глюкоза
(жүзім қанты) мен гликоген (жануарлар крахмалы). Гликоген бауыр мен
бұлшықеттер жасушаларында кездеседі.
• Нәруыздар, майлар және көмірсулар - жасуша цитоплазмасының, ядросының және
органоидтарының негізгі құрылыс материалдары болып саналады. Нәруыздардың
молекулалары жасушадағы химиялық реакцияларды тездетуге қатысады. Нәруыздар
мен көмірсулар ыдырағанда энергия бөлінеді. Майлар жасуша жарғақшасының
құрамында көп болады, әрі энергия көзінің негізгі қоры болып табылады.
• Жасушаның бейағзалық заттары - су мен минералды тұздар.
Жасуша цитоплазмасында су мөлшері аздау болады. Сондықтан
цитоплазма - қоймалжың, жартылай созылмалы сұйықтық. Су жасушаға
еріткіш ретінде өте қажет. Себебі жасушадағы түрлі химиялық
реакциялар тек еріген заттардың арасында жүреді. Қорек заттары
жасушаға тек сұйық (еріген) күйінде қабылданады. Жасушаның 80%-ы су.
Оңдагы кажетсіз өнімдер мен зиянды заттар су арқылы сыртка
шығарылады.
• Жасуша цитоплазмасында тұздардан көбірек кездесетіндері:
хлорлы натрий, хлорлы калийден баска натрий, калий, кальций,
магнийлердің фосфорлы және көмірқышқылды тұздары. Минералды
тұздар судың жасушалар мен жасушааралық заттардың арасында теңдей
бөлінуін қамтамасыз етеді.
• Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus - ядро) жасуша ядросында
түзілетіндіктен осылай аталған. Нуклеин қышқылдарының құрамында
көміртегі, оттегі, сутегі және фосфор болады. Нуклеин қышқылдары 2
топка бөлінеді:
• Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ);
• Рибонуклеин қышқылы (РНҚ).
• ДНҚ - жасуша хромосомасында (ядрода) болады, ол тұқымқуалау
белгілерін ата-аналарынан ұрпақка берілуін кадағалайды. Жасушадағы
нәруыздардың құрамын анықтайды. РНҚ - жасушаның цитоплазмасында
болады. РНҚ әр жасушаның өзіне ғана тән нәруыздардың түзілуіне
қатысады.
Жасушаның негізгі тіршілік
қасиеттері
• Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттеріне жататындар: зат алмасу,
тітіркенгіштігі, көбею, өсу мен даму және т. б.
• Зат алмасу. Жасуша мен қоршаған орта арасында тынысалу,
қоректену, қажетсіз өнімдерді шығару арқылы үздіксіз зат алмасады.
Жасушадан сыртқы ортаға тотығу өнімдері шығарылып, корек заттар
мен оттек қабылданады. Көпжасушалы ағзалардың жасушалары
ағзаның ішкі ортасында тіршілік етеді. Ағзаның ішкі ортасына қан,
лимфа, ұлпа сүйықтығы жатады. Осы ортадан жасушаның
жарғақшалары арқылы су, тұздар, витаминдер, гормондар, оттек өтеді.
Бұлар - жасушаны түзетін құрылыс материалдары. Оттек нәруыздарды,
майларды, көмірсуларды тотықтырып, энергия бөлінеді. Энергия
жасушаның барлық тіршілік әрекеттерін жүзеге асырады. Оттектің
жасушаның құрамды бөліктерімен қосылуы - жасушалық тынысалу деп
аталады. Бұл кезде ағзада қажетсіз заттар (көмірқышқыл газ, тұздар)
түзіліп, қан ағынымен зәр шығару мүшелері арқылы сыртқа
шығарылады. Зат алмасу - тірі ағзаларды өлі табиғаттан ажырататын
негізгі белгі.
• Тітіркенгіштігі. Жасушалар сыртқы ортаның түрлі
тітіркендіргіштерінің әсерінен қозады. Қозғыштық - барлық тірі
ағзаға тән қасиет. Мысалы, суықтын, ыстықтың, жанасудың,
химиялық заттардың барлығы тітіркендіргіштер.
• Көбею жасушалардың бөлінуі арқылы жүзеге асады. Алдымен
ядро, содан соң цитоплазма екіге бөлінеді. Әрбір бөлінудің
алдында ядродағы хромосомалар ұзынынан екі еселенеді де,
бірінен-бірі ажырап, жас жасушаларға бөлінеді.
• Өсу мен даму зат алмасудың нәтижесінде жасушадағы жай
заттардан күрделі ағзалық заттар (нәруыздар, майлар,
көмірсулар) түзіледі. Цитоплазма, ядро осы заттардан түзіліп,
жасуша өседі. Цитоплазма мен ядро өзгеріп дамиды. Ересек
жасушалардың жаңа пайда болған жасушалардан көптеген
айырмашылықтары бар екені байқалады.
• Көбею - тіршіліктің қалыпты сақталуын, ал өсу мен даму
жасушалар санының көбеюін қамтамасыз етеді. Даму -
көбеюмен аяқталады.
• Жасушалар мен жасушааралық заттар ағзаның даму
барысында ұлпаларға, мүшелерге, мүшелер жүйесіне және
тұтас ағзаға бірігеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz