Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы
Презентация қосу
Балқаш көлінің
қазіргі
экологиялық
жағдайы
Орындаған:
Серікбаева Азиза
Бүгін Қазақстан ғалымдары тағы бір экологиялық
апат қаупін болжамдайды. Олардың айтуынша,
Балқаш көлінің құрғап кету қаупі бар.
Балқаш көлемі бойынша Орталық Азияда төртінші
көл болып табылады. Көлдің 3 миллион жергілікті
халқының тұрмысы және аймақтағы экономикасы
үшін орасан зор мәні бар.
Би-Би-Си тілшісі Джил МакГиверинг Балқаш көлінің
солтүстік жағалауына барып, сондағы жағдайды
зерттеп көрген.
Көл жағасында тұратын жергілікті тұрғындардың кейбірі
көлдегі су деңгейінің соңғы 30-40 жылдың ішінде
айтарлықтай азайғанын айтады. Көбі 3 миллион
халықтың тұрмысына қажетті суды қамтамасыз етіп,
аймақтың қантамыры қызметін атқарып келетін Балқаш
көлі құрғап кетпей ма деп қорқады.
Джил кездестірген Егор есімді орыс жігіті көлдің
өзгергені туралы былай деп айтып берді:
"1968-69 жылдармен салыстырсақ, Балқаштың су деңгейі
күрт төмендеді. Қазір өзіміз тұрған жерімізде бұрын су
болатын. Анау тұрған мұнарадан жұрт парашютпен суға
секіретін. Кафелер тұрған жерде де су болатын бұрын", -
дейді Егор.
Балқаш көлі
Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты
жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып
келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем
көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.
ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы
жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан
жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын
секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді.
Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері
түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып
бакландармен бірге үлкен сап түзеп көлде жүзіп жүреді.
Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы шабындықтар мен
батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға
ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз,
мия, түйетікен және сасыр. Сонымен қатар талды ормандары
тораңғы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады.
Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жөке, құрақтар өседі. Осы ну
тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың,
балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өңірінде сасыр,
жусандар мен араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы
ерекше сәнге бөлеп тұрады. Осы көріністерге асқақтықпен 1000
метрлік биіктіктен қарап Бектауата тау алабы созылып жатыр.
Балқаш көлі – Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді және
ағынсыз су қоймасы. Көлдің ұзындығы – 614 шықырым, ені – 3,5-нан 44
шақырымға дейін жетеді. Ең терең жері 26 метрге дейін барады.
Айдын көлдің аумағы 18200 шаршы шақырым болса, тоғандарының
ауданы – 413300 шақырым.
Балқаш көлінің ерекшелігі – оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан
батыс пен шығыс бөліктерінің минералдарының екі түрлі болып
келетіндігінде. Батыс бассейні бұрын суы көп болған Іліден
толығатындықтан су тұщы болады да, шығыс бөлігі – ащы. Қазір
көлге Іле, Қартал және Лепсі өзендері құяды. Кей жылдары қатты
тасыса Аягөз өзенінің суы жетеді. Бұл көл төрт облысты – Алматы,
Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын
тоғыстырып тұр. Батысында ең сусыз және тіршілік иелері аз
кездесетін Бетпақдала жерімен шектеседі.
Балқаштың табиғаты өте таңғаларлық және оның қарама-
қайшылықтары да өте көп. Климаты – күрт континентальды.
Жазғы және көктемгі, күзгі маусымдарда ағып құйылған су түгелге
жуық буланып кетеді де, көлдің деңгейі 12 текше километрден 200
текше километрге дейін ауытқып отырады.
• Іле – Балқаш бассейнің биологиялық тіршіліктің түр-
түрін, бағалы балықтарды өсіру сияқты балық
шаруашылығы тұрғысынан алып қарағанда да
маңызды су қоймаларының бірі болып табылады.
Ихтиофаунаға жататындар ішінде сазан, Амур
балығы, шабақ балық, каяз балығы, шұбаржон балық,
ақбалық, ақмарқа, табан, жайын және басқаларын
атауға болады. Көлден жыл сайын 8-10 мың тонна
балық ауланады. Балқаш ақбалығы мен оның
алабұғасы Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.
Аралда өліп қалған шабақ балықтар мен Арал каязы
тек осында ғана сақталған. Оңтүстік Балқаш
жағасындағы қамыс тоғай арасында, өзен
жағалауларында жыл сайын мыңдағын түрлі құстар
мекендейді. Солардың арасында Қазақстанның Қызыл
кітабына жазылған жиырмадан астам құс түрі бар.
Бұл жерде қабандар мен ондатралар, киіктер көптеп
саналады.
Көлдің солтүстік жағалауында отандық
өндірістің алыбы, әлемдік кәсіпорынның
алдыңғыларының бірі – "Балқашмыс" АҚ орын
тепкен. Көлдің оңтүстік жағалауын құнарлы
жайлымдар мен егістік алқаптар алып
жатыр.
Балқаш көлі демалыс пен саяхат үшін аса
бірегей орын. Мұнда жыл сайын еліміздің әр
түкпірінен мыңдаған адам келіп демалады.
Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі көлдердің
бірі. Ертеректе Балқаш бойының
тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл
деп екі түрлі атап келген.
Балқаш көлі Арал теңізінің
кебін киюі мүмкін
Қазақстандық су мамандары «егер шұғыл шара қолданылмыса
жақын жылдары Балқаш көлі Арал қасіретін тартады» деген
болжам айтып отыр. Ол шаралардың ішінде Қазақстан
көршілес мемлекеттермен шекаралас өзендер мәселесін реттеп,
шаруашылықта суды үнемдеп пайдалану мәдениетін
қалыптастыру аталады.
Мамандардың есебі бойынша, Қазақстандағы 100 текше
километр жер беті су қорының тек 55 пайыздан асатын
бөлігі Қазақстан территориясында пайда болып, қалған суды
Қазақстан көршілес республикалардан алады екен. Тағы бір
көрсеткіш - ТМД елдерінің ішіндегі суға ең тапшы мемлекет
те осы Қазақстан екен. Сонда да, су мәселесін реттеуде
Қазақстанның көрші елдермен келісімі айтарлықтай келіспей
отыруының салдарынан жылда Сырдария арнасынан асып,
талай елді мекен су астында қалып, қыруар шығын көріп келе
жатыр.
«Қазір дүние жүзінде ауа райының жылуы салдарынан
біздің таулардағы мұздар қатты еріп жатыр. Соның
салдарынан әзірге Балқаш суалмай тұр, әйтпесе Балқаш
баяғыда-ақ екінші Арал болар еді. Бірақ таудағы
мұздардың еруі де алда қауіпті мәселе, себебі екі жарым
мың километр жердегі Аралдан ұшқан тұздар тау
мұздықтарына шөгіп оны тез ерітіп жатқанын ғалым
мамандар тексеріп айтып отыр. Балқаш бес жүз
шақырым жерде ғана. Біз өткен ғасырдың елуінші
жылдарымен салыстырғанда тау мұздықтарының
үштен бірін жоғалтыппыз. Бұдан әрі мұздықтар одан да
тез ериді деген болжам бар. Егер мұздықтар еріп кетсе,
Балқаш батпаққа айналып, бұл маңайда шөл болады.
Халық көше бастайды», - дейді Елеусізов.
Ғалым маманның айтуынша, егер Қытай «Қара Ертіс –
Қарамай» каналын жобадағы қуатымен пайдаланса,
Қазақстанға келетін, одан әрі Ресей арқылыда өтетін
Ертістің суы да екі есеге азаймақ. Бұл алдағы уақытта
Ертістің тағдырын қиындатпақ.
Бірақ ресейліктер Қазақстан мен Қытай арасындағы
шекаралық өзендер туралы келісімде жоқ көрінеді.
Тұрсыновтың айтуынша, су тапшылығына Қазақстандағы
ысырапшылық та себебін тигізіп отырған көрінеді.
«Мысалы, - дейді Абай Тұрсынов, – Қазақстанда Арал
өңірінде бір гектар суармалы жерді біз 16 мың текше метр
сумен суарамыз, ал қытайлықтар өздерінде үш, екі жарым
мың текше метр сумен суарады».
Сөйтіп, Қазақстанның су қауіпсіздігіне арнап кітап
жазған ғалым Абай Тұрсынов «шенеуніктер бұл
мәселемен басын қатырып жатпайды-ау» деп қынжылыс
білдіреді.
«Мен жақында «Су қауіпсіздігі» деген үлкен бір еңбегімді
бітіріп, сол жерде көп нәрсені көрсеттім. Ол кітап
баспадан 2009 жылы шығады, бірақ оны оқып, керек қып
жатқан кім бар?! Мамандардың сөзіне құлақ аспайды.
Үкімет не қылса, соны істей береді. Мысалы, мынау
Көксарай су реттегіші ешбір керек емес нәрсе. Бірақ
бастығымыз Көксарайды саламыз деп кесіп айтты, ал
біз «бастықтардың бұйрығы талқыланбайды, ол
орындалуы керек» деген тәрбиені көрген ескіліктің
адамдарымыз ғой, сол үшін аузымызды жаптық та
қалдық».
Назар салып
тыңдағандарыңызға
көп рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz