Өркениет




Презентация қосу
Адам өзінің биологиялық және әлеуметтік дамуында ұзақ та, қиырлы жол
кешті. Адамзат тарихының үлкен кезеңі алғашқы қауымдық құрылыста өтті. Ол
көптеген мыңжылдықтарға созылды. Табиғаттың дайын өнімдерін
пайдалана отырып, бірте-бірте алғашқы еңбектің күрделі формаларына өтті. Аң
мен балық аулаумен қатар жер өңдеу, мал шаруашылығымен де айналыса
бастады.
Жануар кейпінен алшақтаған соң, адам табиғатты, өсімдік әлемі мен өз
психологиясын өзгерте бастады. Мәдениет осылай басталды. Өнімді
пайдаланумен қатар, адам жануарларды өсіріп," оны өзінін ауласына үйрете
бастады - сонымен Інжілде айтьшғандай құдайдың алты күнде "жарата
алмағанын" адам жүзеге асыра бастады. Сонымен катар табиғатқа иек аршай-ақ
табиғатта аяқталмай қалғандардың бәрі мәдениетті жасай бастады. Мәдениет -
өңдеу, тәрбие, білім деген мағына береді.
Мәдениетті игеру - биологиялық жолмен берілмейтін болғандықтан ол үйрену
арқылы іске асырылады. Әрбір ұрпақ оны ұдайы жетілдіріп, содан соң ұрпақтан
ұрпаққа береді. Егер үйрену, әлеуметтендіру процесі тоқтап қалса, бұл
мәдениеттің тоқырауына, алған білімнің жойылуына әкеліп соғады.
Мәдениет - адамның шыгармашылық жаңгырту өмір қызметінің биологиялық
формасынан айырмашылығы болып табылады.
Неолит пен қола дәуірінде көркемдік-қолданбалы өнердің - қыш, металл өңдеу
сияқты түрлері қалыптасты. Садақ жебелері, қыш құмыралар пайда бола
бастады.
Ежелгі Египет мәдениеті.
Египеттіктердің ойлауы мен түсінігі ежелгі құрылыстар мен нероглифтардан
көрініс тапты. Үндістан тәрізді египеттіктер де кастаға бөлінді, ал олардың
ұрпақтары ата-аналарының өнері мен айналысқан ісін одан әрі жалғастырды.
Ежелгі Египет мәдениетінің аса маңызды белгісі - олар "қалыпты емес" деп
санаған өлімге қарсылығы болды. Мәңгілік өмір сүруге деген құлшыныс
египеттіктердің бүкіл элемге деген көзқарасын анықтады, олардың дінге деген
ойларын оятып, ежелгі Египет мәдениетін қалыптастырды.
Египет пирамидаларының ішіндегі ең ежелгісі - Джосер фараоны пирамидасы 5
мың жыл бұрын тұрғызылған, аспанға қаланған баспалдақ тәрізді. Пирамида
тастарының бір-біріне мығым орналасқаны соншалық, арасынан ине өткізу мүмкін
емес.
Осы заманға дейін жеткен ең ежелгі Египет мәтіндері - қрайларға сыйыну және
шаруашылық жазбалары. Көркем әдебиеттің ең ежелгі ескерткіштері б.з.д. 2
мыңжылдыққа тән. Египет мэдениетінің көркем сурет және монументалды өнері
өздерінің храмдары алдына қойылатын иероглифтермен көмкерілген жалпы биік
әрі жіңішке тас ескерткіштерден көрінеді.
Ежелгі Египет ғылымы зор табысқа жетті. Әсіресе астрономия, медицина
белсенді дамыды, адам ағзасындағы мидың атқаратын қызметі анықталды.
Математика дамыды. Б.з.д. XXI ғ-дың аяғы мен XIX ғасырдың басында аумақтың
ауданы мен көлемін есептеу қалыптасты. Күн сағаттары пайда болды.
Б.з.д. 2 мыңжылдықтың аяғы мен 1 мыңжылдықтың басынан бастап Египет
мәдениетіне Крит пен Сирия мәдениеті жылдам ене бастады. Б.з.д. VI ғасырда
Египетгі парсылар басып алды, кейін оны гректер өз билігіне алып, Александр
Македонскийдің құрметіне Александрия қаласын тұрғызды.
Ежелгі Қытай мәдениеті. Ежелгі Қытай тұрғындары қызықты да
өзіндік қайталанбас бірегей заттай және рухани мәдениетті
қалыптастырды. Олар өмір сүру - элемдегі қозғалыста болатын және бір-
біріне қарама-қарсы ғарыштық күш - Жарық пен Түнектің өзара
соқтығысуы нәтижесінде үнемі өзгеріп отыратын құдіретті құбылыс деп
сенді. Осы кезеңде (б.з.д. 2 мыңжылдықта) қытайлықтар табиғатқа
табынды. Олар тау, жер, өзен, күн, ай, жаңбыр, жел және т.б. рухына
сыйынды.
Б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында Қытайда үш негізгі идеологиялық
бағыт пайда болды, кейіннен осының негізінде философиялық діни
жүйелер қалыптасты. Бұлар даосизм, Конфуций ілімі және ең алғаш
Үндістанда пайда болған буддизм.
МӘДЕНИЕТ
"Мәдениет" түсінігіне адам өмірінің шығармашылық қызметі мен оның биологиялық формасының
арасындағы айырмашылық жатады.
Б.з.д. У-ІУ ғасырларда философия пайда болды, б.з.д. III ғасырда этика, XVIII мыңжылдықта эстетика,
содан жүз жылдан соң әлеуметтану, XX ғасырдың ортасында мәдениеттану дамыды.
Философияның түп-тамыры "өмірге түсінікті" білдірсе, ал мәдениеттану бүл "мәдениетке түсінікті
білдіреді".
Әлеуметтік мәдениет адамдарға ортақ, белгілі бір түрде байланысты, әлеуметтік қабылданған, ұрпақтан
ұрпаққа беріліп отыратын және бүкіл қоғам немесе әлеуметтік топ шегінде алынған дағдыларын әлеуметтік
ретке келтіретін әлеуметтік мәні бар құндылықтар, мінез-құлық нормалары мен, ережелері, идея, сенім мен
әдет-ғұрыптары түсініктерінің жүйесі.
Мәдениеттану дегеніміз мәдениеттің жалпы даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Мәдениеттің дамуы
бүкіл әлем халықтарының рухани және материалдық қызметінің біріне-бірі сәйкес келетін шығармашылық
процесі.
Қазіргі заманғы ғылым мәдениетті шығармашылықтың нәтижесінде үнемі материалдық және рухани
құндылықтармен толықтырылып отыратын табиғат пен қогам дамуының қызметі деп қарастырады.
Әлемдік мәдениеттің жалпы тарихы - адамзаттың жабайылық пен тұрпайылықтан арылуы, қайтадан дамуы.
Жануар тектес адам қалпындағы тіршілік иесінен саналы, әділетті адам мен қоғам (әлеумет) жасауға тырысу.
Адамзат қарым-қатынасындағы ең негізгі өсиет әділеттік ұстанымында көрініс табады: "егер сізбен басқалар
қандай қарым-қатынаста болғанын қаласаңыз, сіз де олармен сондай қатынаста болыңыз".
Мәдениетті биологиялық жолмен бойға сіңіру мүмкін емес, сондықтан әрбір ұрпақ оны өзінше қабылдап,
келесі ұрпаққа жеткізеді. Осы процесс әлеуметтіліктің негізі болып табылады. Құндылық сенімге, нормаға,
ережелер мен қағидаларды игеру нәтижесінде жеке адам және оның мінез-құлқы қалыптасады. Егер де
әлеуметтену процесі жалпы көлемде тоқталып қалса, бұл мәдениеттің жойылуына әкеліп соғар еді.
Инфантильді немесе бақыланбайтын мінез-кұлықты "джунгли ұрпақтарының" адамдармен тілдеспей,
қарым-қатынасты мүлде үзгеніне байланысты, олардың әлеуметтендірусіз қалыпты өмір сүруі мүмкін емес
және тіл мен мәдениетке ие бола алмайды.
Табиғат пен мәдениет.
Табиғат ("натура"- лат.) бұл өзіндік
қасиеттері бар шексіз құбылыстарға толы
бізді қоршаған орта. Табиғат адамның
санасынан тыс объективті шынайылықты
білдіреді. Оның басы мен аяғы жоқ, уақыт
пен кеңістікте шексіз, кеңістікге үнемі
қозғалыста болады, әрі өзгеріп отырады.
Табиғат адамның пайда болуына жағдай
жасады. Табиғаттың объективті
заңдылықтарын тани отырып, оған
арнайы жасалған еңбек құралдарының
көмегімен әсер етіп, адамдар табиғаттың
күш-қуаты мен байлығын адамзатқа
қажетті құндылықтар алу үшін
пайдаланды. Сонымен, табиғи өмір сүру
ортасы жасанды "екінші табиғатпен"
толықтырылады. Оған табиғатта дайын
күйінде болмайтын, тек қоғамдық өндіріс
процесінде жасалатын заттар жиынтығы
жатады. Антикалық Грекиядағы Демокрит
мәдениетті "екінші табиғат" деп санаған.
Әрбір жеке тіршілік иесі табиғи қатынаста
тең емес. Адамға табиғаттың әр саласына
таралу мен әртүрлі жұмысқа бейімділік
тән. Қоғамдық қатынас арқылы табиғат
жетістіктері електен өткендей сүзіліп
қалады, ал қоғамдық өмірде сұранымға
не ие болса сол қалады.
Әртүрлі мәдениет арасында көптеген айырмашылықтар бар. Кейбір қоғамда соғысты
адамзаттың игі ісі деп санайды. Ал көпшілігі оны жек көреді, біреулерінің тіпті соғыс туралы
түсінігі де болмайды. Кейбір мәдениет нормасында әйел тек өзінің туысына ғана тұрмысқа шыға
алатын болса, келесі біреуінде бұған мүлдем тыйым салынады.
Мәдениетке жалпы ортақ қасиеттер - тіл, діни сенімдер, әдет-ғұрып, еңбек, еңбек
құралдарын жасау, ауа-райына ықпал жасауға тырысу, денені безендіру, билер, ағарту
шаралары, жерлеу рәсімдері, сыйлық тарту, қонақ күту, қан араластыруға тыйым салу, спорт
жэне т.б. мәдени эмбебап жүйелері тән.
Мәдени эмбебаптық биологиялық факторлар негізінде қалыптасады: тағамды және
жылуды қажетсіну, екі жыныстың болуы, адамдар арасындағы жас айырмашылық. Барлық
қоғамда кісі өлтіруге тыйым салынады, өтірік айту айыпталады, азап шегу мақұлданбайды.
Мәдениет физиологиялық, әлеуметтік және психологиялық қажеттілікті қанағаттандыруы тиіс.
Мәдениет дамуына жеке адамның ақыл-ойы ғана емес, халықтың, бүкіл адамзаттың ақыл-ойы
тәуелді. Мәдениет - рух мәдениеті, жалпы адамзат құндылығын тасымалдаушы. Мәдениет -
құдай табиғаттың антиподы.
Зиялылық – мәдениеттіліктің ең жоғарғы фазасы. Оның сипаты жоғары өнегеге негізделген,
адамның еңбек сүйгіштігі оның әлеуметтік мәдениеті болып табылады. Оның антиподы
қоғамды ірітіп-шірітетін мәдениетсіздік, өз басының қамын ойлау, арамтамақтық. Адам
мэдениетінің төмендігі бір-бірін сыйламауында, басқаның ойын бағаламауында, басқа адамның
жетістігін қызғануынан және т.б. көрінеді.

Ұқсас жұмыстар
АГРАРЛЫҚ ӨРКЕНИЕТ
Өркениетті зерттеуші ғалымдар
Мәдениет және өркениет ұтымдарынын жалпы аныктамасы
Тойнбидің мәдениеттану теориялары
Дінге сенбейтін немесе қатыссыз адамдардың саны қазіргі әлемде жаппай өсу үстіндеде
МӘДЕНИЕТ ЕРЕКШЕЛІГІ
Өркениет азаматтық қоғам, қалалық мәдениет
Өркениеттер шайқасы
Семинар жоспары
Материалдық және рухани мәдениет
Пәндер