Ауа, құрамы, өсімдіктер үшін маңызы


Slide 1

Орындаған: Тұрмаханова Т. ПА-105 қабылдаған: Ержанова К. М.

Ауа, құрамы, өсімдіктер үшін маңызы

Slide 2

Атмосфераның құрамы және маңызы

Атмосфера - Жер шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты ғаламшармен бірге айналып, қозғалысқа түседі. Жалпы массасы 5-1015 т шамасында болатын атмосфера түрлі газдардан, су тамшылары мен шаң-тозаңнан тұрады. Атмосфераның төменгі бөлігі Жер бетімен шектесіп жатыр. Ал жоғары шекарасы ретінде соңғы ғылыми деректер бойынша 1000 км биіктік алынады, бұдан әрі қарай ауа өте сиреген күйде болады.

Шамамен 100 км-ге дейінгі биіктік аралығында ауа құрамы мынадай газдардан: азот - 78%, оттек - 21%, инертті газдар - 1%-ға жуық (оның 0, 93%-ы аргон), көмірқышқыл газынан - 0, 03%-ы тұрады. Ауа құрамындағы криптон, ксенон, неон, гелий және сутек газдары] өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмірқышқыл газының үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар да кездеседі. Шамамен 200-1000 км биіктікте ауа құрамында оттек басым, ол ультра- күлгін сәулелер әсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 1000 км-ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутектен турады, сутек зарядталған атомдар күйінде таралған.

Slide 3

Атмосфера құрамындағы өрбір газдың атқаратын қызметі бар. Азот нәруызды (белок) заттар мен нуклеин қышқылдарының құрамына енеді, ал оның қосылыстары өсімдіктерді Минepaлды қорекпен қамтамасыз етеді. Оттексіз тірі организмдердің тыныс алуы мүмкін емес, сондай-ақ жану мен тотығу процестері де жүрмейді. Жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газын пайдаланып, органикалық заттар түзеді. Атмосфера газдары тау жыныстарының химиялық үгілуіне қатысады. Ал шамамен 25-30 км биіктіктегі озон қабаты Күннен келетін ультра-күлгін сәулелерді ұстап қалу арқылы тірі организмдерді бұл сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. Ауа құрамындағы жай көзге көрінбейтін су булары белгілі жағдайда су тамшылары түрінде бөлініп шығып (конденсациялану), олардың тұтасуынан бұлттар қалыптасады. Атмосфераның құрылысы. Биіктеген сайын ауаның физикалық қасиеттері (температурасы, тығыздығы, қысымы және т. б. ) өзгереді, сондықтан атмосфераны тропосфера, стратосфера, жзосфера, термосфера, экзосфера деп аталатын қабаттарға бөледі.

Slide 4

Ауа туралы түсінік

Ауа. Әуелде жер ғаламшарының газ қабығы, яғни газды қауырсыны болмаған. Ауаның пайда болуы - жанартаулардың тынымсыз атқылап, жер кідігінен азот пен көміртектің қос тотығы шығарылуы салдарынан жүрген геологиялық, геохимиялық әрекеттесулер нәтижесі. Жер үстінде өмір іздері пайда болғанға дейінгі кезеңде ауа метан мен аммиактан және су буынан тұрған. Шамамен 1, 8 млрд. жыл бұрын бактериялардың тіршілік әрекеттері, онан соң өсімдіктердің өсуі нәтижесінде ауа құрамы өзгеріп, ондағы еркін күйдегі оттек мөлшері арта бастады. Оттек қорының артуы әуе құрамының бірте-бірте азотты оттектікке ауысуына алып келді. Сөтіп тотығу әрекеттері тән «екіншілік» ауа пайда болды.

Slide 5

Жердің ауа қабығының салмағы астрономиялық санмен есептелінеді және ол 5, 2*10, 15 т. Әринежер қабығының аса мол көлемі және оның газдық құраушының табиғи айналым арқасында үнемі теңгеріліп, орны толтырылып отыруы жайына байланысты әуеде ешқашан таусылмайтын болып көрінуі мүмкін. Алайда, мәселеге оның табиғаттағы бастапқы қалпы сақталып, құрамының өзгеруі тез арада сейіліп шыға келеді. Ауа қабаты бес қабаттан тұрады. Олар тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера және экосфера деп аталады. Ауның негізгі (90 % дейін) бөлігі жермен жанасып тұрған және 8-18 шақырымға дейін биіктікке созылатын тропосфера қабатының аумағында тараған.

Slide 6

Ауа химиялық қосылыс емес, өзін құраушы газдардың жай араласып жүрген қоспасы болып табылады және оның теңіз деңгейіндегі орташа құрамы 78, 08% азоттан, 20, 95% оттектен, 0, 03% көмірқышқыл газынан, барлығы бірігіп 0, 94% құрайтын енжар газдардан, озоннан, радонна, сутектің асқын тотығынан, аммиактан және йодтан тұрады. Жер әесінің көбірегі азот пен оттектен тұруы - оның басқа ғаламшарлар әуесінен басты айырмашылығы болып табылады.

Slide 7

Ауаның өсімдіктер үшін маңызы

Ауа үнемі қозғалыс үстінде болады және бұл оның ең маңызды физикалық қасиеті болып табылады. Ол жерге тік және қапталдас бағыттарда қозғалады. Бұл қозғалыстардың бәрі де ауаның әр тұсындағы қызу айналыстан туады. Ау адамның және бүкіл жер үстіндегі жан-жануарлары мен өсімдіктерінің өмір сүру ортасын құрайды. Олардың ауасыз тіршілік етуі мүмкін болмас еді. Ауаның басым бөлігін құраушы азот - жер үстінде тіршіліктің пайда болып, дамуының негізі болып табылатынбасқада тіршілік туғзушы қосылыстар құрамындағы басты элемент. Сондықтан азотты қазақша өміртегі немесе тіршіліктегі деп атаса болады.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
АТМОСФЕРА ҚҰРАМЫ
Ауа құрамы өсімдік үшін маңызы
Өсімдіктердің ауру түрлері мен топтары
Көгалдандыру. Кішігірім саябақ тұрғызуды жобалау
Топырақтың жылулық қасиеттері мен құбылымдары
Көгалдандыру жұмыстарын пайдалана отырып, саябақтар тұрғызуды жобалау
Топырақты ластаушы көздер
Биотикалық факторлар
Диффузияның түрлері
Өсімдіктің химиялық құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz