Жұмыртқа және жұмыртқа тағамдары


Slide 1

Жұмыртқа және жұмыртқа тағамдары

Ол майлар мен белоктарға, көмір сулар мен минералды заттарға ғана емес, сонымен бірге витаминдерге (А, В, Д, Е т. б. ) де бай. Жұмыртқа емдемдік тағамдар қатарына жатады. Сары уызы жеңіл сіңеді. Шикі жұмыртқа белогы ұзақ қорытылады, тек пісірілген кезде оның сіңуі артады. Жұмыртқа көптеген тағамның құрамына енеді, Жұмыртқа құнарлылығы жағынан қондылығы орташа сиыр етіне теңеседі. Тамаққа негізінен тауық, бөдене жұмыртқалары пайдаланылады. Жұмыртқа өнімдеріне меланж және жұмыртқа ұнтағы жатады. Жұмыртқаның құрамында 12, 7 % белок, 11, 5% май, 0, 7% көмір су, 1, 0% күл бар. Энергетикалық құндылығы 157 ккал. Тауық жұмыртқалары емдемдік және асханалық болып бөлінеді. [2]

Жұмыртқа - құнды тағамдық өнім. Қабығы аршылған тауық жұмыртқасының химиялық құрамы 73, 6% судан, 12, 8% белоктан, майлардан, көмір сулардан, минералдық заттардан тұрады. Жұмыртқада адам организміне қажетті, тіршілік үшін маңызы зор амин қышқылдарының бүкіл жиынтығы бар. Жұмыртқа құнды бөлігінің бірі - сары уызы.

Slide 2

Жұмыртқа тағамдары - дайындалу технологиясы жеңіл әрі қарапайым тағамдар тобына жататын тағам. Жұмыртқа тағамдарына - пісірілген, қуырылған, дәмдік қоспалар салы- нып бұлғанған жұмыртқалар, омлеттер, бисквиттер жатады. Жұмыртқа тағамдарының ішінде әр түрлі қоспалар салыну арқылы жасалатын көптеген аспаздық тағамдар бар: пор- тугаль, швед, полыиа, украин, беларусь, Россини жұмыртқалары, а-ля ройяль және т. б. Қоспа ретіне көбіне қызанақ, зөйтүн, сыр, шүжық, пияз, саңырауқұлақ қолданылады. Жұмыртқа тағамдарын ойлап табу оңай. Мысалы, Россини (композитор) жұмыртқасын қуырылған жұмыртқаның сарысын ойьш алып, үстін піскен қаз бауырының кесегімен жауып, мадерадан дайындалған соус қүйып береді. Бірақ жұмыртқаны күнделікті жеудің зияны да бар. Артық салмағы бар адамдардың организміндегі зат алмасу процесінің түзелуін тежейді[1]

Slide 3

Энергосусындардың орнына жұмыртқаны пайдаланыңыз

Кембридж универ­си­тетінің соңғы зерттеулеріне қара­ған­да, тауық жұмырт­қасы ақуы­зынан алынған протеиндер ағзаға сергектік сыйлап, адам­ның зейінін арттырады екен. Ғалымдар түрлі тағамдардың бас-ми жасушаларына қалай әсер ететінін зерттеген болатын. Зерттеу нәтижесінде жұ­мырт­қаның ағзадағы орек­син табиғи ынталандыр­ғышын белсенді ететіні анықталды. Ақуыз протеиндері ағзаның калорияны тез жойып жіберуіне септігін тигізіп, сергектікке жол ашады. Бұл ғылыми жаңалық жұмыртқаның басқа да қасиеттерін ашуға және бой сергітетін жаңа қоспалар жасауға мүмкіндік бермек.

Ағзаны тауық жұмыртқасынан артық қуаттандыратын ешқандай өнім жоқ. Ағылшын диетологтары жұмыртқа ақуызының кофе, шоколад пен энергетикалық сусындардан әлдеқайда күштірек, әрі пайдалырақ екенін дәлелдеді.

Slide 4

Бөдене жұмыртқасы өте бағалы диетикалық өнім. Әрдайым 4-5 жұмыртқа жеп отырсаңыз: бұлшық ет жүйесі мен сүйектер қатаяды; қан қысымы төмендейді; жүрек, бүйрек, өкпе, асқазан ауруларын емдеуге көмектеседі; ағзадағы радионуклейдті тұздар мен ауыр металдарды шығарады.

Ерте кезден-ақ адам баласы құс, тасбақа, бауырымен жорғалаушылардың жұмыртқасын ас еткен. Бірінші орын, әрине, тауық жұмыртқасына беріледі. Дана Ибн Синаның (930-1037) өзі тауық жұмыртқасының сарысының нәрлі, емдік қасиеттері туралы айтып өткен. Ондай тұжырымды ол ешқандай ғылыми зеттеулерсіз жасаса, қазіргі уақытта жұмыртқа неден тұратындығы, кім үшін несімен пайдалы екендігі барлығына белгілі шындық.

Соңғы жылдардың санақ мәліметтері бойынша Қазақстанда татарлардың әдеуір тобы (229 мыңға жуық адам) тұрады. Сонау 19 ғасырдың басынан көшіп келген татарлар қазақ ас үйіне ықпал епеуі мүмкін еместі. Бәліштің небір түрлері мен тәтті тоқаштары қазақтың асқазанына сай түрленіп көп ұзамай қазақ ұлттық тағамдар қатарына қосылып та үлгерді.

Slide 5

Бөдене - тауықтәрізділер отряды, қырғауыл тұқымдастарына жататын құс. Қазақстанда шөл дала мен биіктігі үш мың метрден жоғары таулардан басқа жерлердің бәрінде ұялайды, бірқатары республикамыздың қиыр оңтүстігінде қыстап та қалады. Дене тұрқы 20 см-дей, салмағы 80 - 150 г шамасында. Ақшыл жолақты кішкене сұр құс. Мекиенінің тамағы ақ, жемсауы мен көкірегі теңбіл болады.

Бөдене - жыл құсы, соның ішінде түнде қоныс аударатын жалғыз бір түрі. Бөдене ұялайтын жеріне көктемде ұшып келеді де, қыстау үшін Оңтүстік Азия мен Африкаға ұшып кетеді. Далада, шабындықта, егістікте жерді шұңқырлап, құрғақ шөп төсейді де, жетіден жиырмаға дейін шұбар жұмыртқа салады, оны мекиені он бестен он жеті күнге дейін басады. Бөдене өсімдік тұқымымен және өркенімен кейде жәндіктермен қоректенеді. Әуесқой аңшылық мақсатта көп ауланады, сондай-ақ үйде де ұсталады.

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
Балық өндірісі
Қазақтың дастарқаны
Жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы, денсаулыққа зиян тағамдар және арттық салмақтың зияндылығы туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту
Дұрыс тамақтануға және денсаулығын сақтай білуге тәрбиелеу
БАЛАЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Макарон өнімдерін сенсорлық бағалау
Аурудың қоздырғышы - сальмонелла туысына жататын таяқшалы бактериялар
Тағам құрамындағы қоректік заттар
Бүйрек аурулары
Копенгаген қаласы болса, Geranium бесінші орында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz