Онкогенетика


Slide 1

Онкогенетика

Slide 2

Дәріс мақсаты:

Қатерлі ісіктердің пайда болу себептері мен механизмдерін білу.

Slide 3

Жоспары

1. Ісіктердің биологиялық ерекшеліктері.

2. Ісіктердің пайда болу механизмдері.

3. Канцерогенездің механизмі: а) онкогендер, б) протоонкогендер, в) антионкогендер, г) хромосомалық абберациялар.

4. Канцерогенездің кезеңдері.

Slide 4

Әдебиеттер

1. Мушкамбаров Н. Н. Кузнецов С. Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003, с. 501-520.

2. Генетика/ Под ред. В. И. Иванова, М. ИКЦ Академкнига, 2006, с. 557-568.

3. Введение в молекулярную медицину. /Под. ред. М. А. Пальцева, М. Медицина, 2004

4. Васильев Ю. М. Социальное поведение нормальных клеток и антисоциальное поведение опухолевых клеток. I. Сигнальные молекулы, вызывающие размножение и гибель клеток // Соросовский Образовательный Журнал. 1997. № 4. С. 17-22.

5. Васильев Ю. М. Социальное поведение нормальных клеток и антисоциальное поведение опухолевых клеток. II. Клетки строят ткань // Там же. № 5. С. 20-25.

6. Агол В. И. Генетически запрограммированная смерть клеток // Там же. 1996. № 6. С. 20-24.

Slide 5

Жыл сайын ісік аурумен 6 млн. адам қайтыс болады.

Соңғы жылдары ісік ауруларының саны жылдан жылға көбейіп келеді.

Ісік аурулары таралуы бойынша қан тамырлар жүйесінің ауруларынан кейін екінші орында алады.

Қазақстанда ең көп тараған ісік аурулары: өкпе ісігі, асқазан ісігі, сүт безінің ісігі

Slide 6

Канцерогенез

Ісіктік трансформация - қалыпты жасушаның ісік жасушасына айналу процессі.

Канцерогенез (онкогенез) - ісіктік процестің дамуы, бұл көпсатылы күрделі процесс.

Slide 7

Қатерсіз ісік

Ағзада белгі бір аймақта орналасқан, арнайы қызмет атқаратын, шығу тегі бір жасушалар ұлпаны құрайды.

Ұлпадағы жасушалар саны салыстырмалы тұрақты.

Әр ұлпаның өз аймағы болады, егер бұл аймақтан шығып кететін болса, бірақ көршіліс ұлпаға ене өспесе бұл ісік - қатерсіз ісік.

Қатерсіз ісік өз аймағынан шықпайды, яғни инвазивті өсу мен метастаз беру тән емес.

Slide 8

Қатерсіз ісікті түзетін клон жасушалары- полип, жылдам өсіп өсінді бергенмен, эпителий астындағы дәнекер ұлпаға енбейді.

Қатерлі ісік жасушалары дәнекер ұлпаның базальды мембранасына еніп (инвазия) өседі.

Slide 9

Қатерлі ісіктің негізгі белгілері:

Автономдылығы

Метастаз беруі

Моноклональдығы

Тіршілігін жоймауы

Slide 10

Автономдылығы- жасушаладың ағзадағы бөлінуі келесі жасушамен жанасқанда шектеледі, бұл құбылысты контактілік тежелу дейді. Тек кейбір жасушалар (эмриональды, сүйек кемігінің жасушалары, ішек эпителийлері) және ісік жасушалары шектеусіз көбейеді.

Шектеусіз көбею (неконтролируемая пролиферация) - ісік жасушаларының басты белгісі.

Slide 11

Автономды өсумен қатар ісік жасушаларына инвазивті өсу тән. Қоршаған қалыпты жасушаларға ене өседі, белгілі шекарасы болмайды.

Метастаз беруі - ісік жасушалары

бір бірінен ажырап, қан тамырлары бойымен басқа мүшелерге таралады.

Slide 12

Ісік жасушаларының метастаз беруі

Slide 13

Моноклональдығы - ісік жасушалары генетикалық зақымдалған бір жасушадан дамиды, яғни бір генетикалық біртекті жасушалар, бір жасушаның клоны болып табылады.

Slide 14

Тіршілігін жоймауы - қалыпты жасушалардың тіршілік циклі бағдарламаланған өлім - апоптозбен аяқталады, егер қалыпты жасушаларды белгілі ортада өсірсе бірнеше рет бөлінуден соң олар тіршілігін жояды.

Ал ісік жасушалары ағзада да ағзадан тыс та тіршілігін жоймайды.

Slide 15

Канцерогенез себептері

Ісіктің дамуын туғазатын факторлар канцерогендік факторлар деп аталады.

Мутагендік әсер көрсететін заттардың барлығы бір мізгілде канцерогендік әсер көрсетеді.

Канцерогендік факторлар:

Физикалық - иондаушы сәулелер

Биологиялық - онкогенді вирустар

Химиялық - химиялық заттар

Slide 16

Канцерогенездің молекулалық механизмдері

А) Ісік тудыршы факторлардың бірі- бұл онкогенді вирустар.

Оларға ДНК-лы вирустар: герпес вирусы, сарысулық гепатит вирусы және РНҚ-лы вирустар: ретровирустардың үлкен тобы (лейкоздар, саркомалар, дәнекер ұлпа ісіктерін тудыратын вирустар) жатады.

Онкогенді вирустардың ерекшелігі олардың геномы жасуша геномына енуге ерекше қабілеттілігі.

Slide 17

Канцерогенездің молекулалық механизмдері

Онкогенді вирустардың геномының құрамындағы онкогендер жасуша геномына еніп, жасушаның трансформациясына алып келеді.

ДНК -лы вирустар жасушаның зромосоалық ДНҚ-на оңай еніп, бірге қызмет атқара береді.

Ал РНҚ-лы вирустарда (ретровирустар) алдымен ревертаза не кері транскриптаза ферментінің көмегімен РНҚ-дан ДНҚ-ға көшіріледі, содан соң барып, жасуша геномына енеді.

Slide 18

Канцерогенездің молекулалық механизмдері

Барлық қалыпты жасушаларда құрылысы бойынша вирустық онкогендерге ұқсас гендер болады. Оларды протонкогендер деп атайды.

Б) Адам ағзасында жасушалардың қалыпты бөліну процесі протоонкогендермен реттеледі. Протоонкогендердің қызметі басқа гендердің қатаң бақылауында болады.

Slide 19

Канцерогенездің молекулалық механизмдері

Протоонкогендердің мутацияға ұшырауы оларды басқа гендердің бақылауынан шығып өз бетімен автономды жұмыс істеуіне алып келеді.

Бұл жасушалардың бақылаусыз өсуіне алып келеді.

Slide 20

Канцерогенездің молекулалық механизмдері

Кейбер ісіктік вирустар геномында онкогендері болмауы мүмкін, алайда олардың геномы протоонкогеннің жанына еніп, оны активтендіруі мүмкін.

Канцерогендік заттар мен сәулелер әртүрлі гендердің мутациясын соымен бірге протоонкогендердің мутациясын тудыруы мүмкін, онда олар бақылаудан шығып қалады.

Сонымен, ісіктің дамуында басты звено бұл жасуша геномына вирустық онкогеннің енуі не мутация нәтижесінде протоонкогеннің онкогенге айналуы.

Slide 21

Канцерогенездің молекулалық механизмдері

В) Антионкогендер - ағзадағы онкогендердің активтілігін басып тастайтын - супрессор- гендер тобы анықталған. Олардың саны 150-ден асады.

Бұл гендердің ең басты өкілі - р53 белогының синтезін бақылатын ген. Бұл белок протоонкогендердің активтілігін бақылайды, жасушаның тек белгілі уақытта бөлінуін қамтамасыз етеді.

Slide 22

Канцерогенездің молекулалық механизмдері

Р53 гені сонымен бірге апоптоз, жасушаның бағдарламаланған өлімін бақылайды, егер жасушаның генетикалық аппараты- ДНҚ зақымдалса, оның тіршілігін жоюына бағыттайды.

Осылай жасушаларда зиянды мутациялардың, сонымен бірге ісіктік мутациялардың пайда болуын алдын алады.

Slide 23

Канцерогенездің молекулалық механизмдері

Кейбір вирустардың онкогені р53 активсіздендіріп, протоонкогендерді бақылаудан босатады және апоптозды тоқтатып, жасушалардың автономды көбеюіне жағдай жасайды, бұл қатерлі ісіктің дамуына алып келеді.

Тағы бір ген - супрессор Rb, оның активтізденуі ретинобластома ісігінің дамуына алып келеді.

Slide 24

Канцерогенездің молекулалық механизмдері

Бұл геннің мутациясы бойынша гетерозиготтар ритинобластомаға генетикалық бейім болады. Егер осы локус сомалық мутацияға ұшыраса, онда бұл жасуша осы мутация бойынша гомизиготалы болады да ісік дами бастайды.

Сонымен, ретинобластома екісоққылық механизммен дамиды: бір мутация генеративті жасушаларда болса, екіншісі - сомалық жасушаларда

Slide 25

Канцерогенездің молекулалық механизмдері

Г) Хромосомалық абберациялар - сомалық жасушалардың бөліну процесінде хромосомалық қайтақұрылымдар кездесіу мүмкін, бұл да канцерогенезге алып келуі мүмкін.

Адамның барлық ісік жасушаларында әртүрлі хромосомалық аномалиялар, транслокациялар, делециялар және дупликациялар кездеседі.

Slide 26

Канцерогенездің молекулалық механизмдері


Ұқсас жұмыстар
Фармогенетика және экогенетика
Экогенетика және фармакогентика негіздері
Адам генетикасы
Факторлардың экогенетикалық әсері
Экогенетика және фармогенетика негіздері
МУТАЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРГІШТІК
Экогенетикалық ауруларға себеп болатын факторлар және туындайтын аурулар
Қазақстанның экологиялық қолайыз аймақтрындағы тұрғындарының денсаулығы
Қазақстанның экологиялық қолайcыз аймақтарындағы тұрғындардың денсаулығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz