Өлім,өлімнен кейінгі өзгерістер


Slide 1

Студенттің өзіндік жұмысы

Дайындаған:

Жалпы медицина факультеті

2-ші курс, 038-топ студенттері:

Ысқақова М

Қабылдаған:

Серикбай М. К

Slide 2

Өлім, өлімнен кейінгі өзгерістер

Slide 3

Жоспары:

Өлімнің анықтамасы;

Өлім түрлері;

Өлім кезеңдері;

Өлім белгілері;

Реанимация;

Реанимация ұстанымдары және нәтижесі;

Креоника;

Қорытынды.

Slide 4

Өлім- организмдегі тіршіліктің толық тоқтауы.

Slide 5

Өлім түрлері:

ТАБИҒИ

ӨЛІМ

ПАТОЛОГИЯЛЫҚ

(дерттік)

ӨЛІМ

Slide 6

Өлім кезеңдері:

Жанталасалды (преагония)

Ақтық үзіліс (терминалды жағдай)

Жанталас (агония)

Клиникалық өлім

Биологиялық өлім

Slide 7

Клиникалық өлімнің белгілері:

Ұйқы артериясында тамыр соғуының болмауы;

Көз қарашығының кеңеюі;

Тыныс алудың тоқтауы;

Терінің қоңыр-сұр түске енуі.

Slide 8

Реанимация

Организмді тірілту (латынша re- қайта,

animation- жандандыру) - адамның

организмін

арнайы шаралар қолдану арқылы

клиникалық (қайтымды)

өлім жағдайынан шығару.

Slide 9

Реанимация ұстанымдары:

1. Жүрек қызметін қалпына келтіру;

2. Тыныс алуды қалпына келтіру;

3. Бұзылған гомеостазды қалпына келтіру.

Slide 10

Реанимация нәтижесі:

Ұйқы артериясы соғады;

Көз қарашығы жарыққа тарылады;

Терінің түсі жақсарады;

Тыныс алу пайда болады;

Аяқ-қолдар өздігінен қозғалысқа келеді.

Қабырғалардың сынуы;

Төстің сынуы;

Бауырдың, өкпенің, жүректің жыртылуы.

Дұрыс жасалғанда:

Бұрыс болғандағы асқынулар:

Slide 11

Биологиялық өлімнің белгілері:

Көздің мөлдір қабығының бұлдырлауы, көз алмасының жұмсаруы;

Мәйіттің сууы;

Мәйіттің сіресіп қалуы;

Мәйіттің кебуі;

Мәйіт дақтары.

Slide 12

Мәйіттің сууы.

Өлгеннен кейін организмдегі зат алмасу

үрдісінің тоқтауына байланысты дене жылуы

бірте-бірте азайып, айналадағы

температурадан

0, 5-1 градустан төмен дәрежеге дейін түседі.

Slide 13

Мәйіттің сіресіп қалуы- дене бұлшықеттерінің қатайып, тартылып қалуына байланысты.

Тірі организмдегі бұлшықеттердің белгілі бір тонуста тұруы АҮФ (аденозинүшфосфат) қышқылының бұлшықеттермен байланыста болуымен түсіндіріледі. Өлгеннен кейін АҮФ бұлшықеттерден бөлініп шығып, бірте-бірте жойыла бастайды. АҮФ бөлініп шыққан жерлерде сүт қышқылы, кальций жиналып қалады. Артынан бұлшықеттердің тартылып, сіресіп қалуы байқалады. Тартылып-сіресу жақ, бет, мойын бұлшықеттерінен басталып, бүкіл денеге тарайды. Бір тәуліктен кейін бұлшықеттер қайтадан босай бастайды.

Slide 14

Өлгеннен кейін денедегі сұйықтықтар буланып, дене құрғай бастайды. Тері, шырышты қабықтар кеуіп қалады. Көздің мөлдір қабығы күңгірттеніп, ақшыл қабығы өзінің реңін жоғалтып, сарғыш-сұр түске енеді. Еріннің шырышты қабығы, терінің жұқа жерлері қатып, бүрісіп, қоңыр-қызыл түске ауысады.

Мәйіттің кебуі

Slide 15

Мәйіт дақтары

Өлгеннен кейін 2- 4 сағаттан кейін пайда болады. Олар мәйіттің төменгі бөліктерінде көкала- қызыл немесе қоңыр- күлгін түсте көрінеді. Қолмен басқанда олардың реңі ақтаңдақтанып барып аз ғана уақыттан соң өз реңіне қайта кіреді. Бұл белгі мәйіт дақтарын тірі кезінде қанталаулардан ажыратуға жәрдем береді. Мәйіт дақтарының келіп- шығуы қанның қайта бөліну механизмімен түсіндіріледі. Қан өз ауырлық күшімен дененің төменгі жатқан бөліктеріне жиналады. Жалпы мәйіт дақтарының орны- аурудың өлер алдында қалай жатқанына байланысты.

Slide 16

Өлімнен кейінгі белгілер

Аутолиз үрдісі -

гидролиздеуші ферменттердің

белсенділігінің күшеюімен

сипатталады. Бұл үрдіс-ұйқы

безінде, бауырда басымырақ

жүреді.

Мәйіттің шіруі- аутолиз үрдісінің күшеюімен және оған шірітуші бактериялардың әсерінің қосылуымен түсіндіріледі. Шіру үрдісінің жылдамдығы қоршаған ортаның температурасына байланысты. Өлгеннен соң шірітуші бактериялар тез көбейіп, өздерінен гидролиздеуші ферменттерді бөліп шығаруы нәтижесінде органикалық заттар ыдырай бастайды. Тіндерде жағымсыз иіс пайда болып, олар сарғыш-жасыл түске енеді.

Slide 17

XX ғасырда орыс ғалымы П. И. Бахметьев кейбір жануарлардың қысты тамақсыз, ұйықтап өткізетінін зерттеп, бақылаған. Сөйтсе, ұйқыдағы организмде қоректік заттар өте үнемді пайдаланылады екен. Осы тәжірибеге сүйеніп ғалым- наркоздық ұйқыдағы жануарды өте салқын бөлмеге жатқызып, мұздатты. Мұндай жағдайда температура 4-10 градусқа салқындайды. Бірақ қан жүрісі баяу болса да, жануар тірі жатты. Ал, сол мұздаған дене қайтадан жылытылғанда жануарға жан бітіп тірілді. Сөйтіп мұздату медицинада емдік құрал ретінде кеңінен қолданыс тапты. Қазіргі таңда бұл мұздату- креоника деген атпен белгілі. Ол грекше криос- мұздату, суық деген мағына береді.

Slide 18

Науқас ауруханада жатқанда қайтыс болса, онда науқасқа ашу жасалынады. Ашуды- патологоанатом жүргізеді. Ашып- көрудің мақсаты: клиникалық диагноз бен емнің дұрыс немесе қате жасалғандығын анықтау. Дәрігер жіберген қате клиникалық- анатомиялық конференцияларда талқыланады.

Slide 19 Slide 20 Slide 21 Slide 22

Қорытынды

Табиғаттағы тірі жан-жануарлардың бәрі де өз тіршілігін өліммен аяқтайды. Ф. Энгельс: “Өмір сүру- өлу деген сөз”, -деп бекер айтпаған. Адам жасынан дұрыс тәрбиеленіп өссе, оның мүшелері де өзімен бірдей өсіп-жетіледі, сөйтіп берілген өмірді сүріп, бір кезде өледі. Мұндай адамға өлім қорқынышты емес. Шаршағанда адамға тынығу, ұйқы қандай қажет болса, өлім де сондай қажет болады.

Slide 23

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ә. Нұрмағамбетұлы: “Патологиялық физиология”.

2. Ж. Ахметов: “Патологиялық анатомия”.

3. Е. Оразақов: “Дәрігерлік кеңес”.

4. Н. Биназаров: “Клиникаға кіріспе”.

5. www. alkor. org.


Ұқсас жұмыстар
Өлім. Өлімнен кейінгі белгілер
Өлім және өлімнен кейінгі өзгерістер
Мәйітте табылған жарақаттардың тірі кезде алынғанын анықтау
Егуден кейінгі асқынулар
Жалпы танатология
Діни қызметкерлер
Ежелгі Египет мәдениеті
ПЛАТОН ФИЛОСОФИЯСЫ
Постреанимациялық ауру кезеңдері
Жүрек астындағы бүкіл денеде қан айналымын кем дегенде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz