Күріш жайлы




Презентация қосу
Пәні: Өсімдік шаруашылығы
Тақырыбы: Күріш

Дайындаған: ПА-304 тобы студенті
Жанибекова Е.Ж.
Қабылдаған: Оразбаев С.

Алматы 2011
Күріш тарихы

Күріш(Oryza) – астық тұқымдасына жататын бір немесе көп
жылдық өсімдік. Дүние жүзінде Күріштің 20-дан астам түрі негізінен
Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Америка, Австралияның тропиктік және
субтропиктік аймақтарында өсіріледі. Күріш қолдан б.з.б. 2000 – 3000
жылдары егіле бастаған. Ал Орта Азияда ертеде күріш өсірілгендігі
жөнінде алғашқы жазба деректер ежелгі грек географы Страбон мен
тарихшы Геродот еңбектерінде айтылған. Б.з.б. 1-ғасырда қалыптасқан
Қытайдан басталатын атақты Ұлы Жібек жолы Қазақстандағы
Сырдарияның жағасындағы ірі мәдениет және сауда орталығы – Отырар
қаласынан басып өтетін. Ол кезде Отырар қаласы маңындағы халық
егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі. Бұл деректер
күріштің Сыр бойына өте ертеде келгеніне дәлел бола алады.
Оңтүстік Қазақстан облысында өсірілетін
күріштің биологиялық сипаттамасы
Оңтүстік Қазақстан облысында аса маңызды азық-
түліктік дақыл – екпе күріш (Oryza satіva) егіледі.
Оның биіктігі 60 – 150 см, бір жылдық өсімдік.
Шашақты тамыры болады (70 – 80 см тереңд.
дейін кетеді). Осы тамырларында ауа жинап
өткізуші ұлпалар – аэренхима дамиды. Сабақтың
жоғары буын аралығының іші қуыс, төменгі буын
аралығының ішінде паренхималық ұлпалар бар.
Жапырақ саны сабақ буындары санына сәйкес
келеді, бұл күріштің сорттық қасиетін көрсетеді.
Гүлшоғыры – сыпыртқы тәрізді, масағы бір гүлді.
Гүлдері екі қабат – жоғары жағында аналық,
төменгі жағында аталық гүл орналасады. Күріш
өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сортына
байланысты вегетациялық кезеңі 90 – 130 күн,
жылуды, суды көп қажет етеді. Күрішті егуден 5 –
6 күн бұрын тұқымын күнге қыздырып, 2 тәулік
жылы суда жібітеді, тұқымды себу алдында
кептіреді.
Сыртқы ортаның факторларына
қойылатын талаптар.
Күріш жылықты сүйетін дақыл. Оның өсуіне
қолайлы температура 11-12С, ал 14-15C
жылулықта ол тез және тегіс өсіп шығады.
Күріштің өсу кезеңіндегі қолайлы температура
-25-30 шамасында. Оның жаңа шыққан көгі
үшін -0,5С салқынның өзі қауіпті.Барлық ауыл
шаруашылық дақылдарының ішінде суды көп
пайдаланылатын осы күріш. Оның орташа
алғандағы коэффиценті 500-600-ге тең
болады.
Күріш сорттары
Күрішті кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия
елдерінде (Қытай, Жапония, Вьетнам)
көшеттен өсіреді. Күріштің бірнеше
сорттары бар. Қазақстанда көбірек
таралғаны – Алакөл және Үштөбе
сорттары. Оларды Қазақ егіншілік
ғылыми-зерттеу институтының
ғалымдары шығарған, негізінен
Қаратал өзені бойында өсіріледі.
Маржан сортын – Қазақ күріш
ғылыми-зерттеу институты шығарған.
Алтынай сорты – Қазақстан ҒА-ның
Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы
және биоинженериясы институтында
шығарылған.
Қазақстанда күріштің дамуы
Қазақстанда аса маңызды азық-түліктік дақыл – екпе Күріш (satіva) – Қызылорда,
Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарындағы Сырдария, Іле және Қаратал өзендерінің
аңғарында егіледі. Оның биіктігі 60 – 150 см, бір жылдық өсімдік. Шашақты тамыры
болады (70 – 80 см тереңдікке дейін кетеді). Осы тамырларында ауа жинап өткізуші
ұлпалар – аэренхима дамиды. Сабақтың жоғарғы буын аралығының іші қуыс, төменгі
буын аралығының ішінде паренхималық ұлпалар бар. Жапырақ саны сабақ буындары
санына сәйкес келеді, бұл Күріштің сорттық қасиетін көрсетеді. Гүлшоғыры –
сыпыртқы тәрізді, масағы бір гүлді. Гүлдері екі қабат – жоғарғы жағында аналық,
төменгі жағында аталық гүл орналасады. Күріш өздігінен, кейде айқас тозаңданады.
Сортына байланысты вегетация кезеңі 90 – 130 күн, жылуды, суды көп қажет етеді.
Күрішті егуден 5 – 6 күн бұрын тұқымын күнге қыздырып, 2 тәулік жылы суда жібітеді,
тұқымды себу алдында кептіреді. Қызылорда облысының күріш егісінің 65 – 70%-ын
осы сорт алады. Алтынай сорты – Қазақстан Ғылым Академиясының Өсімдіктер
физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институтында шығарылған. Бұл сорт
Алматы облысында аудандастырылған, негізінен, Іле өзені бойындағы Ақдала
аймағында өсіріледі. Күріш – негізгі азықтық дақылдардың бірі. Күріш дәнінен спирт,
крахмал алынады, сыра дайындалады, сабанынан қағаз жасалады. Кебегі – мал азығы,
одан жоғары сапалы май алуға болады.
Күріш плантациялары
Өсірудің интенсивтік
технологиясы
Алғы дақыл. Күрішті бір жерге екі, әрі кетсе
жылдан артық себуге болмайды. Өйткені
топырақ батпақтанып және сортаңданып
кетеді.Мұнымен қатар топырақтың ауа режимі
бұзылады, анаэробты процесс жүріп,
алюминий, темір металдарының шала
тотықтары пайда болады, сөйтіп күріштің
өсуіне зиян келтіреді. Күріш ауыспалы егісінде
екпе немесе таза пар енгізген дұрыс,одан
кейін күрішті бір екі жыл егуге болады.
Тыңайту

Ылғи суда тұрып өсетін күріш егісіне
минералдық және органикалық тыңайтқыштар
енгізу аса тиімді. Тыңайтқыштарды қолдану
жердің мелиорациялық жағдайына,
топырақтың құнарлығына, алынатын өнімнің
мөлшеріне тікелей байланысты. Мысалы
гектардан тонна дән және сол шамалас сабан
алынғанда жыл сайын күріш топырақтан
25азот, 15фосфор және 30 калий
пайдаланылады
Топырақты өңдеу
Көбіне алғы дақылдарңға байланысты,
көп жылдық шөптерден кейін оның
қыртысын сәуір- мамыр айларында 7-8 см
тереңдікте БДТ-2,8, БДТ-4,0 ауыр дискілі
тырмалармен өңдейді, содан кейін ПН-4-35
түренді плугымен см тереңдікте жыртады.
Мамыр айында топырақты см тереңдікте
БДТ-3, БДТ-7 дискілі құралдармен екінші
рет өңдейді. Содан кейін ПА-ЗА Д-20Б
құралдарымен танапты тегістейді.
Егісті кутіп баптау
Күріш бүкіл өсу кезеңі бойында танапта
судың көлкіп тұруын тілейді. Тұқым себіліп
бітісінмен 2-3 күннің ішінде атызға 3-5см
деңгейде су койлады, Күріш түптенгеннен
кейін су деңгейі 12-15см деңгейге
көтеріледі.Арамшөптерге қарсы 5,6-8,3л
мөлшерінде 72 проценттік ордрам 6Е
гербицидін қолданылады.
Күрішті жинау
Күрішті ору қыркүйек қазан
айларында жүргізіледі. Шабу
кезінде жер толық құрғақ
болу үшін күріштің дәні
қамырланғанда атыздарға су
қою тоқтатылады. Ең
алдымен ЖНУ-4, ЖРК -5
жаткаларымен шашақ
бастағы дәнінің 85-90
проценті толық піскенде
күріш дестеге салынады, сo-
дан 3-5 күннен кейін СКД-5,
СКПР-6, СКГД-6
комбайндарымен жинап
бастырылады.
Күріш түрлері
Егіс аландары

Күріш егіс аланың АҚШ ұзындәнді күріші
Күріш жинау

«Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми- Кезінде кластерлік жүйеге байланысты
зерттеу институты» ЖШС директоры күріш қалдығынан брикет жасау
Пайдаланылған әдебиеттер

Алешин Е.П. и др. Рис, М., 1993;
Жайлыбай К.Н., Күріш өсірудің сорттық технологиясы және
агроэкологиялық негіздері, Қ.-о., 2001.
Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ
энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Ұқсас жұмыстар
Құдайы қонақ
Кү ріш масасы
Күріш дақылының шаруашылықтық маңызы
Күріш тұқым шаруашылығы
КҮРІШ ӨСІМДІГІ
Күріш
Күріш өсіру ерекшелігі. Ирригациялық жүйелермен суды үнемдеу шаралары
Қызылорда қаласына 200 жыл
Күріш туралы
Құс саңғырығы
Пәндер