Алматы қаласының автотранспорттардың шығарылатын қалдық заттардың


Slide 1

Алматы қаласының автотранспорттардың шығарылатын қалдық заттардың зияны

Slide 2

Атмосфера ауасы өмір-тіршілік үшін аса маңызды, тіршілікке нәр береді. Сондықтан атмосфераны, ауаны ластанудан қорғау әр адамның мақсаты, міндеті болуы тиіс. Атмосфераны ластаушы көздердің түрі де, ластаушылардың түрі де көп-ақ. Соның бірі - автокөлік екені белгілі. Бүгінгі таңда автокөлік санының күнен күнге артуы атмосфера ауасының ластануын жоғарылатып отыр. Атмосфераның тағы бір атқаратын қызметі - ылғалды Жер шарына тарату. Күн сәулесі қуатының арқасында мұхит пен теңіздерден, өзен мен көлдерден, тағы басқа су жинақтарынан судың ауаға бу болып көтерілетіні белгілі. Міне сол суды атмосфера Жер шарының түрлі аудандарына жеткізіп, жаңбыр немесе қар күйінде жерге түсуін қамтамасыз ететін көліктің қызметін атқарады.

Slide 3

Бүгінгі таңда автокөлік көптеген қалаларда бірінші орындағы ластаушы көзге жатады. Көптеген мәлеметтерге қарағанда бензин қозғалтқышынан тасталатын жанусыз қалған көмірсутектердің толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері дизель қозғалтқышыныкінен анағұрлым жоғары екені анықталған.

Машина газының құрамында альдегидтер бар. Бұл заттардың өткір иісі болады. Бұдан басқа да газ құрамында азот тотығы, ажырамаған көмірсутектері - гексан, пентан болады. Бір литр бензинде бір грамм тетроэтил-қорғасын болады. Бұл затты АҚШ 1923 жылдан бері бензинге қосады. Содан бері қоршаған ортада қорғасын қалдығы көбейіп келеді.

Slide 4

Автокөлік адамның еңбегін оңайлатып, қимылын тездететін жақсы жағымен бірге, уланатын зиянды жағы тағы бар. Бір жеңіл машина жылына төрт тонна оттегін сіңіріп, бөліп шығаратын газымен бірге шамамен 800 кг көміртегінің тотығын, 40 кг азот тотығын және 200 кг әр түрлі көмірсутектерін бөліп шығарады.

Қазақстан Республикасының көп қалаларының ауа бассейні автокөліктерден шығарылған зиянды заттармен ластанып отыр. Мәселен, автокөліктерден бөлінетін қоқыс заттар қалалар бойынша мынандай көрсеткішке жеткен: Қостанай - 119, 4 мың т, Оңтүстік Қазақстан - 87, 3 мың т, Алматы - 53, 6 мың т.

Соңғы жылдардың мәліметтері бойынша Өскемен қаласының ауасында күкірт қостотығы және фенол, формальдегид, азот қос тотығы қалыпты деңгейден 1-4 ШРК-ға жеткен. Сол сияқты ауаның ластануы Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз қалаларында байқалады. Ауадағы аммиак пен фенолдың мөлшері Теміртауда - 2, 3 ШРК, Петропавлда - 3 ШРК, Астанада фторлы сутегі 4 ШРК мөлшерін көрсетуде.

Slide 5

Автомобильдің қоршаған ортаға әсері

Жағымды әсерлер

Сауданың, саяси, мәдени байланыстардың дамуы

Ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру, жұмыс орындарын беру

Тұтынушы үшін әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуге қол жетімділік

Жеке тұлғаның тіршілік кеңістігінің кеңеюі

Тауарлардың кең түрлеріне, өнімдерге дәл дайын болған кезінде қол жеткізуді қанағаттандыру

Жағымсыз әсерлер

Атмосферадағы газ және энергетикалық тепе-теңдіктің бұзылуы

Атмосфераның, пайдалы қазбалардың, тұщы су қорларының сарқылуы

Биологиялық қорлардың, соның ішінде өсімдік, жануар және адамның улануы

Қала құрылыстары мен ауылдық ландшафттар үйлесімінің бұзылуы

Автокөліктер байланысты салықтар мен шығынның өсуі

Slide 6

Көлік пен байланыс тәуелсіз Қазақстанның тыныс-тіршілігінде аса маңызды рөл атқарады. Бір жағынан бұл еліміздің орасан үлкен аумағымен/2725мың км2/, оның халқының сирек орналасуымен/орта есеппен /6адам/км2/, шикізат және өндіріс ресурстарының шашыраңқылығымен сабақтасады. Ондай ахуалда көлік-коммуникациялар кешені (ККК) еліміздің экономикалық кана емес, бірге саяси тұрғыдан да қамтамасыз етеді.

Slide 7

ККК проблемалары Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев халыққа арнаған жолдауында мақұлданған ж/е <Қазақстан-2030>ұзақ мерзімді стратегиясында экономикалық дамуындағы басымдық ретінде белгіленеді. Қазақстандағы атмосфералық ластанулардың жыл сайынғы көлемі-5-7млн. т. шамасында ауытқып тұрады. Солардың 1/3көлік секторы ешілейді. Ұлттық табиғат қорғау органдарының деректері бойынша КСРО ыдыраған кезге дейін республикадағы барлық облвыс ж/е ірі өнеркәсіп орталықтарында атмосфералық ауа жоғары деңгейде ластанған еді.

Slide 8

Алматы, Тараз, Шымкент қалаларында атмосфераның ластану индексі нормативтік көрсеткіштерден ұдайы асып отырады, 80-ші ж. бастап Алматы, Тараз, Шымкент қалаларында атмосфераның ластану индексі нормативтік көрсеткіштерден 3 еседен астам жоғары болуы үйреншікті жағдайға айналған.

Slide 9

Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен. Ол негізінен ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі. Бұл қаладағы жүздеген мың машинаның қала әуе аймағын улы түтінмен ластауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады. Қалада әсіресі желсіз күндері демалу қиын, мұндай қиыншылықтармен күресу қазір қала билігінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Сонымен қатар қалада көптеген өндіріс орындарымен жылу қазандықтары да жағдайды қиындата түсуде. Осындай жағдайларды ескере отырып жақында бірқатар шаралар белгіленді.

Алматыға тоқталсақ. . .

Slide 10

Алматы дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне енді

"Бұл қала - арман қала, жап-жасыл орман қала" - деп әнге қосқан, апортымен әлемге әйгілі оңтүстік астанамыз бұл күндері лас ауасыменде танымал бола бастағандай. Тіптен осы лас ауа қаламыздың брендіне айналды десек артық айтқандық емес.

Slide 11

Әрине, бұған көп қөп үлес қосып жатқан қаламыздағы арлы-бері ағылған жарты милионға жуық көлік екені кім-кімгеде түсінікті.

Алматы қаласы орналасқан тау беткейінің климат жағдайларының өте қолайлы екендігіне қарамастан қала атмосферасының өздігінен тазару қасиеті төменгі дәрежеде, бұнымен қатар атмосфераны ластаушы стационарлы, қозғалмалы көздердің артуына байланысты қала атмосферасының ластану деңгейі халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырғаны аса маңызды экологиялық проблемаға айналып отыр.

Қоршаған орта ауасының тазалығы бойынша үнемі мониторинг жүргізу арқылы, антропогенді әсерден болатын ластаушылардың күйін, мөлшерін, шығу көздерін білуге болады.

Алматы қаласы 2011 жылғы Казгидрометтің бақылау нәтижелерінің қорытындысы бойынша, Қазақстан қалаларының ішіндегі ауа ластануының жоғары деңгейін көрсетіп, бірінші орынға шыққан. Бүгінгі күнде Алматы дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне еніп отыр.

Slide 12

Негізгі талқыланған мәселе - Алматы қаласы атмосфералық ауасының залалдануынтөмендету. Жыл сайын ТЭЦ-2 мен автомобильдерден шыққан залалды заттар ауаны ластайды. Залалды заттың ауаға түсуі 237 мың тонна.

Slide 13

Алматы қаласы атмосфералық ауасының залалдануынтөмендету. Жыл сайын ТЭЦ-2 мен автомобильдерден шыққан залалды заттар ауаны ластайды. Залалды заттың ауаға түсуі 237 мың тонна.

Slide 14

Табиғат пайдаланудың теориялық мәселелерi. Қоғамньң дамуындағы табиғи жағдай мен ресурстардың теориялык және практикалық маңызы. Табиғатты өндiрiстің материалдық іс-әрекеті ретiнде карастыру. Табиғат ресурстарының түрлерi және олардың нарық қатынастары жағдайындағы рөлi. Табиғат ресурстарының шығу тегi және пайдалану сипатына карай қарастыру.

Табиғат ресурстарын пайдаланудың қазiргi тенденциясы Қазақстан Республикасының табиғи ресурстық потенциалы. Экология мәселелерi. Табиғат және қоршаған ортаны қорғау. Отын-энергетикалық және минералдық шикiзат ресурстары. ҚР отын энергетика және минералдык -шикiзат ресурстарының жалпы сипаттамасы. ҚР жер, су, биологиялық ресурстарыньң жалпы сипаттамасы.

ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫ

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Амортизация әдістері
Әлемнің экологиялық проблемалары
Жезқазған қаласының қазіргі экологиялық жағдайын талдау
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ АУА БАССЕЙНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ЛАСТАУШЫ ЗАТТАР КОНЦЕНТРАЦИЯСЫНЫҢ ЖЫЛ МАУСЫМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗГЕРУІ
Құрама азық негізі
Өнеркәсіптің дамуынан қоршаған ортаның ластануы
Өсімдік майларын тазалау қондырғысы
АСТАНАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Қ. Р-ның техногенезді даму проблемалары
Қоршаған ортаның антропогенді әсер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz