Жеміс-жидек дақылдарының биологиялық және өндірістік сипаттамалары



тақырыбы
Жеміс-жидек дақылдарының биологиялық және өндірістік сипаттамалары
Орындаған:Біржанова А ЛР-102
Тексерген:Мажитова Р. С

Жеміс-жидек дақылдары шығу тектеріне, жемісінің құрылысына, биологиялық және өндірістік ерекшеліктеріне қарай 6 топқа бөлінеді.
1. Шекілдеуіктілер
2. Сүйектілер
3. Жидекті
4. Жаңғақ жемістілер
5. Субтропикалық
6. Тропикалық

Шекілдеуіктілер тобы
Бұл топқа жататын дақылдар алма, алмұрт, беке, долана. Бұлар жалпы жеміс-жидек өсімдіктерінің 70% құрайды. Кең тарағандары алма мен алмұрт.

Алма
Қазақстанда өсімдіктер арасында алма ең көп тараған дақыл. Оның жаздық, күздік, қыстық сорттары болады. Себінді телутішілерде 30-50жылға дейін, ал клонды телутішілерде 15-25жылға дейін тіршілік етеді. өнімді отырғызғаннан кейін 3-15 жылда өнім береді. биіктігі 2-12м дейін өседі. Қаз-да 40тан астам сорты тараған. Оңт. Қаз-да, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Алтайда, Ақмола, Оралда өседі.

АЛМҰРТ
Қаз-да кең тараған түрлері кәдімгі және жидекжапырақты алмұрт. Ағашы қысқа төзімсіз, жылылықты көбірек қажет етеді. Неғізгі тараған аудандары-Молдова, Оңт. Украина, Армения, Әзірбайжан. Қаз-да оңтүстік, оңт-шығыс облыстарда өсіріледі. Ағашы биік 12-15м, өмір сүру кезеңі телітушіге, сортына байланысты 30-100жыл, ал өнім ьеру кезеңі 15-20жыл аралығында. отырғызылғаннан кейін 3-8 жылда өнім береді. Дүние жүзінде 10мыңға жуық, ал Қаз-да 10сорты тараған.

Сүйектілер тобы
Сүйекті дақылдарға шие, алхоры, шабдалы, алша, өрік, шомырт жатады. Орталық аймақта негізінен шие мен алхоры, ал оңт аймақта өрік, шабдалы, өрік өседі. Бұл дақылдарды біріктіретін негізгі белгі-жемісінде сүйек-шырынды қабатының болуы. Барлық сүйекті дақылдар раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Өнімді ертерек береді, аздау өмір сүреді. Қазақстанда негізінен шие, алхоры, өрік, шабдалы өседі.

шие
Шие өте кең таралған өсімдік, басқа сүйекті дақылдар ішінде суыққа ең төзімді дақыл. ТМД елдерінде негізгі өндірістік өнім беретін аймақтар:Украина, Беларусия, Солтүстік Казказ, орталық Азия, Ресей. Қазақстанда шие бардлық аймақтарда өсіріледі, бірақ өндірістік түрлері аз таралған. Шие жыл сайын өнім беретін болғандықтан, көбірек қолданылады. Ол жаңа піскен күінде де, қайта өңделген күйінде де өте бағалы. Қаз-да өндірістік шиенің 5-10сорты өсіріледі. Бір жылдық тікпе көшеттермен отырғызылған бұта тектес шиелер отырғызғаннан кейін 3-4жылда жеміс бере бастайды. 15-20жыл тіршілік етеді. Ал ағаш тәріздес шие жемісті 4-5жылда бере бастайды. Тіршілік етуі 20-30жыл.

АЛХОРЫ
Алхоры тегіне 30жуық түр кіреді. Олардың ішінде маңыздылары:кәдімгі алхоры, шомырт, алша және Канада алхорысы т. б. Алхорының өндірістік аймақтары-Молдова, Өзбекстан, солт. Кавказ, Украина, Беларусия, Грузия, Армения, Қазқстан. Қазақстан бойынша 15тен астам сорты аудандастырылған, көлемі 2580гектар. алхоры ағаштарының биіктігі 6-12м, отырғызғаннан кейін 3-5жылда жеміс бере бастайды. Әр гектардан орташа 250-300ц өнім алынады. Жемісті жыл сайын салады. ағаштарының тіршілік енту ұзақтығы 20-60жылға созылады.

өрік
Өрік өндірістік дақыл ретінде орта Азияда, Арменияда, Молдавада, оңт. Кавказда және Украинаның оңт аудандарында аудандастырылған. Қаз-да өрік оңтүстік Қазақстан облысында кеңінен орын алған дақыл, басқа аймақтарда өндірістік жеміс ретіне өте аз пайдаланылады.
Өрік ағаштары биік 5-8м, өте биік 10-15 м болып өседі. Өнімді ерте, яғни отырғызылғаннан кейін 4-7жылда бере бастайды. Өнім беру ұзақтығы20-30жыл. Жалпы 40-80жыл тіршілік етеді. Орта есеппен әр гектардан 100-120ц өнім береді. Өрік жарық пен жылусүйгіш өсімдік. және көктемде басқа жеміс ағаштарына қарағанда ерте гүлдейді. Қуаңшылыққа төзімді. Қаз-да өріктің 6 сорты аудандастылылған. Оның 3-уі орта Азиялық. Жабайы өрік Қаз-ның оңт-к, оңт-шығысында таулы аймақтарда көп өседі.

Жаңғақ жемістілер
Жаңғақ өсімдіктері негізінен бұта тектес немесе үлкен ағаш түрінде өседі. Бұл дақылдардың басқа жеміс жидек өсімдіктеріне айырмашылығы-жеуге дәні пайдаланылады. Жаңғақтар май мен белокқа өте бай. Олардың дәндерінде, тұқымдарында А, В, Е, Р витаминдері сондай-ақ дәні піспеген жаңғақта С витамині өте көп болады. Жаңғақ жемістілер ішінде өндірістік маңызы барлары:грек, орман жаңғағы, бадам. Бұл өсімдіктер негізінен оңтүстік аймақтарда өсіріледі. Жыл сайын орта есеппен 50-60мың т жиналады. Бірақ бұл өте аз, себебі жаңғаққа деген қажеттілік 600-700мың т.

ГРЕК ЖАҢҒАҒЫ
Өте биік 25-30м өсетін ағаш. Діңінің аумағы 1. 5-2м дейін, бөрік бастары аумақты болып келеді. Тамырлары өте тереңге 4м кетеді, аумағы 10-15м. Оның мәдени сорттары отырғызылғаннан кейін 4-6жылда, ал жабайылары 8-10жылда өнім бере бастайды. 20-30жылға дейін өте жақсы, мол өнім алынады. Орта есеппен әр ағаштан 100-150кг, ал кейбіруінен 300-500кг дейін өнім алуға болады. Өнімді жыл сайын береді. Жаңғақ ағаштары көп жыл өмір сүреді, Кең тараған сорттары-Бостандыкский, Идеал, Дисертный, Юбилейный т. б.

Субтропикалық дақылдар
Бұл топқа әр түрлі ботаникалық тұқымдастарға жататын өсімдіктер кіреді. Олар суыққа төзімсіз, жылусүйгіш және даму кезеңі ұзақ 6-7 ай, Кең тарағандары-лимон, апельсин, мандарин, грейпфрут т. б. Олар цитрус тегіне, аңызды тұқымдасына жатады. Олар мәңгі жасыл болып өсетін ағаш немесе бұта.
Цитрус жемістерінде лимон қышқылы, пектин, А, В, С және басқада витаминдер, органикалық, минералдық заттар көп болады. Цитрус жемістері көбіне жаз айларында пайдаланады. Олардан компот, сукат, сироп даярлайды және эфир майы, лимон қышқылы алынады. Цитрус өсімдіктерінің отаны-Қытай, Италия, Испания, Мексика, Бразилия және т. б көп өсіріледі.

лимон
Ағашының биіктігі 3-4м, бөрік басы кең, ашық, өркендері тікенекті болып келеді. Жабайы түрі белгісіз. жемісінде 5% дейін лимон қышқылы бар, хош иісті, орташа салмағы 40-400гр. Қара теңіз жағалауында ағаштары қысқа қарай жабылмай өсіріледі. Ұластыру арқылы өсірілген мәдени көшеттері отырғызылғаннан кейін 3-4жылда өнім бере бастайды. Ағаштары суыққа төзімсіз келеді, Қаз-да, Өзбекстанда негізінен жасыл қалемшелерімен көбейту тәсілоі қолданылады.

мандарин
Субтропикалық өсімдіктердің ішінде жеміс өте ерте өсетін және өнімді жыл сайын беретін дақыл. Суыққа төзімді. Ағаштары отырғызылғаннан кейін 2-3жылда өнім бере бастайды. Орта есеппен жемісінің салмағы 50-100гр болады. Көне заманнан бері Жапонияда, Индонезия, Бирма, Үндістан мемлекеттерінде өсіріліп келеді.

грейпфрут
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz