КОМПЛЕКСТІ ТЫҢАЙТҚЫШТАР
Презентация қосу
КОМПЛЕКСТІ
ТЫҢАЙТҚЫШТАР
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
Комплексті тыңайтқыш туралы түсінік және жіктелуі
Күрделі тыңайтқыштар
Күрделі-аралас тыңайтқыштар
Сұйық комплексті тыңайтқыштар
Комплексті тыңайтқыштарды қолдану ерекшеліктері және
тиімділігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ Комплексті тыңайтқыштарға құрамында екі немесе одан
көп негізгі қоректік элементтері бар минералдық тыңайтқыштар
жатады. Оларды қоректік элемент санына қарай екі жақты (азотты-
фосфорлы, азотты-калийлі, фосфорльі-калийлі) және үшжақты
(азотты - фосфорлы -калий) деп бөледі.
Өндіру тәсіліне байланысты:
күрделі,
күрделі-аралас,
аралас,
ал агрегаттық күйі жағынан: сұйық,
қатты
Негізгі(алғашқы) компоненттерді (бөліктерді)
өзара химиялық жолмен әрекеттестіру арқылы
алынған тыңайтқыштарды күрделі
тыңайтқыштар дейді. Комплексті
тыңайтқыштарды негізгі ауьл шаруашылығы
дақылдарына аймақтар бойынша зерттеу
нәтижесінде, олардың әсерінің географиялық
зандылыктары анықталады.
Күрделі-аралас тыңайтқыштарды бірегей
технологиялық процесс жағдайында аммиак, азот,
фосфор, күкірт қышқылдарын, фосфорит немесе
апатитті, калий тұздарын және тағы баска
химиялық заттарды өзара араластыру арқылы
өндіреді.
Аралас тыңайтқыштар жай минералдық
тыңайтқыштарды механикалық жолмен бір-
бірімен араластыру арқылы алынады.
Тыңайткыштар құрамында фосфордың немесе
фосфор мен калийдің үлесі басымырақ болса,
оларды фосфор мен калийдің жылжымалы
түрлері аз топырақтарға күздік, жаздық астық
дақылдарына, картопка, көпжылдық бұршақ
тұқымдас шөптерге қолданады. Ал механикалық
қүрамы жеңіл калий аздау топарыққа егілетін
тамыр жемістілерге, қант қызылшасына,
сүрлемдік жүгеріге калий пайдаланады.
Комплексті тыңайткыштар өздерінің көптеген ар-
тықшылыктарымен ерекшеленеді:
1. Біржакты тыңайтқыштарға қарағанда олардың құрамында
қоректік заттардың мөлшері анағұрлым жоғары.
2. Қоректік заттардың арақатынасы өсімдікке кажетті дәреже-де
болуы комплексті тыңайтқыштардың тиімділігін артты-рады.
3. Комплексті тыңайтқыштар құрамындағы қоректік
элементтердің барлығы өсімдікке сіңімді түрде болады.
4. Комплексті тьщайткыштарды топыраққа енгізуде топырақ
айтарлықтай деңгейде тығыздалмайды. Өйткені құрамында
жалғыз қоректік элементі болатын тыңайтқыштарды егістікке 2-3
рет, ал комплексті тыңайтқьішты бір рет қана енгізеді.
5. Комплексті тыңайтқыштарды тасымалдауда, сактауда топы
ракка енгізуде жұмсалатын қаржы біршама аз болады.
6. Комплексті тыңайтқыштар құрамында өсімдік қоректенуіне
зиянды есер ететін бөгде қоспалардың кездеспеуі, олардың өнім
сапасын жоғарлатуына ықпал ,етеді
Комплексті тыңайтқыштарды негізгі ауьш шаруашылығы
дақылдарына аймақтар бойынша зерттеу нәтижесінде, олардың
әсерінің географиялық зандылыктары анықталады. Жекелеген
табиғи аймақтар бойынша комплексті тыңайтқыштардың 5-10
түрі жиі қолданылады. Олардың ішінде қоректік заттарының
арақатынасы теңестірілген (1:1:1) түрлері жетекші рөл
аткарады. Бұған нитрофоска, нитроаммофоска, карбоаммофоска
жатады. Бұл тыңайтқьштар азот, фосфор, калий элементтерінің
тиімділігі жоғары қара топырақты емес аймақтарда кеңінен
қолданылады. Құм, құмайт топыракты жерлерге қоректік
заттардың арақатынасы 1:1:1 болатын тыңайтқыштарды, дәнді
дақылдарға, картопқа, қант қызылшасына, біржылдық шөпке
көктемде тұқымды себер алдьнда, ал саз, саздақ топырақтарда
күзде сүдігер жыртар алдында қолданады.
Комплексті тыңайткыштар құрамында азотқа карағанда,
фосфордың немесе фосфор мен калийдің (1:1,5:1 және 1:1,5:1,5)
үлесі басымырақ болса, оларды фосфор мен калийдің
жылжымалы түрлері аз топырақтарға күздік, жаздық астық
дақылдарына, картопка, көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерге
қолданады. Ал механикалық құрамы жеңіл калий аздау
топарыққа егілетін тамыр жемістілерге, қант қызылшасына,
сүрлемдік жүгеріге калий басымырақ (1:1:1,5) тыңайтқыштарды
пайдаланады. Алмаспалы калийі жоғары және калийді шамалы
мөлшерде пайдаланатын дакылдарға қоректік элементтердің
арақатынасы 1:1:0,5 тыңайтқыштарын береді.
Сол сиякты 1:4:0 типтес комплексті тыңайтқыштарды астық
дақылдарының тұқымымен бірге және оңтүстік аудандарда күзде
сүдігер жыртар алдында қолданады. Сондай-ақ оларды ылғалы
жеткілікті және алмаспалы калиймен жақсы камтамасыз етілген
егістік жерлерге де қолдануға болады. Өсімдікке сіңімді азот
мөлшері жоғары топырақтарға егілетін дақылдарға, әсіресе,
астықты дақылдарға, 0:1:1 типтес тыңайтқышты пайдалану керек.
Сонымен бірге фосфорлы-калийлі комплексті тыңайтқыштарды
күздік дақылдар егілетін пар танабына және біржылдық немесе
көпжыдцық бұршақ түқымдас шөптер егілетін алкаптарға
сіңіреді.
КҮРДЕЛІ ТЫҢАЙТҚЫШТАР
Аммофос құрамында 11-12 % азот, 46-60 %
фосфор бар, аммиакты фосфор
қышқылымен бейтараптау арқылы алады:
NH3 + Н3Р04 = NH4H2P04
Түйіршікті, ақшыл-сұр түсті, суда жақсы
еритін тыңайтқыш. Барлық топырактарға
қолданады. Біздің республикамызда астық
дақылдарына тұқыммен бірге, ал қара
қоңыр, боз өсімдіктеріне топыракты
суармалы егісте техникалық, көкөніс пен
жеміс дақылдарына күзде және үстеп
қоректендіруде пайдаланады.
Аммофоста азот пен фосфордың
арақатынасының алшақ (1:4) болуы оны
қолдануды шектеуі мүмкін.
Диаммофос тыңайтқышын фосфор қышқылын аммиакпен
қанықтыру арқылы өндіреді.
2NH3 + Н3РО4 =(NH4)2HP04
Құрамында 18% азот, 50% фосфор бар, акшыл-сұр түсті,
түйіршікті, суда жақсы еритін тыңайтқыш. Бүл
тыңайтқышты аммофос сияқты қолданады.
Калий селитрасы калий хлоридін натрий нитратымен
ыдырату арқылы алады:
КС1 + NaN03 = KN03 + NaCl
Құрамында 42-45% калий және 13% азот бар, сарғыштау-сұр
түсті, ұсақ кристаллы, суда жақсы еритін тыңайтқыш. Калий
се-литрасын хлорға сезімтал дақылдарға (жүзім, темекі)
қолданған жөн. Сонымен бірге оның құрамында азот
нитратты күйде болғандықтан үстеп қоректендіру кезінде
пайдаланады.
Фосфоаммомагнезия немесе магний-аммоний фосфаты құрамында
8% азот және 40% фосфор болатын суда нашар еритін тыңайтқьшын
күзде сүдігер жыртар алдында береді.
Полифосфаттарды (жалпы формуласы Нп+2Рп03п+1), полифосфор
қышқылдарының негізінде өндіреді. Полифосфор қышқылдарының
түзілу процесі:
вакуум
2Н3Р04 Н4Р207 + Н20
қыздыру
вакуум
Н3РО4 + н4р2о7-+ Н5Р3О10 + н2о
қыз дыру
вакуум
Н5Р3ОЮ -+ ЗНР03 + Н20 тт.
қыздыру
Мұнда, полифосфор қышқылдарын ортофосфор қышқылының
молекуласын конденсациялау арқылы алады. Полифосфор
қышқылының құрамына НР03-метафосфор, Н4Р207 пирофосфор,
Н5Р3О10-ушполифосфор, Н6Р4013-тетраполифосфор тағы баска
қышқылдар енеді.
Аммоний полифосфатын полифосфор қышқылдарын аммиакпен
әрекеттестіру аркылы алады. Құрамында 15% азот, 60% фосфор
бар, түйіршікті, суда нашар еритін тыңайтқыш.
Калий полифосфатын полифосфор қышқылдарын калий хлори-
дімен әрекеттестіру арқылы өндіреді. Құрамында 48% фосфор, 26%
калий бар.
Калий метафосфатын Калий гидрооксидін метафосфор
қышқылына қосу арқылы алады. Құрамында 60,13% фосфор жэ-не
39,87% калий бар.
Аммоний метафосфатын аммиакты метафосфор қышқыльша қосу
арқылы алады. Оның құрамында 17% азот, 80% фосфор болады.
Полифосфаттарды барлық дақылдарға күзде сүдігер жыртар
аддында қолданады. Топыраққа ендіргенде полифосфаттар мына
схема бойынша гидролизденеді:
2НР03 + Н20 = Н4Р207;
Н4Р207+ Н20=2Н3Р04 Н5Р3О10 + 2Н20 = ЗН3Р04
Гидролиз процесінің жұруіне ең қолайлы температура 30-35°С. Ал
температура 7-12°С төмендесе гидролиз баяулайды.Сондай-ақ,
гидролиз процесінің карқыны топырақтың биологиялық
белсенділігіне, топырақ реакциясы мен оның минералогиялық
құрамына байланысты болады
КҮРДЕЛІ-АРАЛАС ТЫҢАЙТКЬІШТАР
Нитрофоскалар. Бұл тыңайтқыштарды өндіру
фосфоритті азот қышқылының көмегімен ыдыратуға
негізделген:
Са3(Р04)2 . CaF2 + 8HNO3 = 4Ca(N03)2 + 2Н3Р04 + 2НҒ
Реакция барысында гигроскопиялығы жоғары кальций
нитраты пайда болады. Бұл тұз тыңайтқыштың
физикалық касиетінің нашарлауына әсер етеді.
Сондыктан реакция нәтижесінде түзілген қоспаны одан
әрі өңдейді.
1. Ыстық күйінде қоспаға аммиак пен күкірт қышқыльгн және калий
хлоридін қосады. Сонда реакция мынадай бағытта жүреді:
4Ca(N03)2+2H3P04+8NH3+4H2S04+12Н20=
=8NH4N03+4CaS04+2CaHP04 «Н20
NH4N03+KC1=NH4C1+KN03
Пайда болтан тыңайтқышты күкірт қьпдқылды нитрофоска дейді.
Оның әрбір түйіршігінде CaHP04 «2Н20, NH4N03, NH4C1, KN03, KC1, CaS04
түздары болады. Құрамында 13% азот, 10% фосфор жэне 13% калий бар.
2. Сульфатты нитрофосканы фосфориті азот қышқылымен өндеу арқылы
түзілген қоспаға күкірт қышқьлы аммоний тұзын ендіру арқылы алады:
Ca(N03)2+(NH4)2S04=NH4N03+CaS04
NH4N03 + KC1 = NH4C1 + KN03
Сульфатты нитрофоска құрамында 12% азот, 12% фосфор жене 12% калий
бар, түйіршікті тыңайтқыш.
3. Фосфорқышқылды нитрофосканы ыстық қоспаға аммиак пен фосфор
қышқылын қосып алады:
4Ca(N03)2+5H3P04+9NH3+8H20= 8NH4N03+4CaHP04.2H20+NH4H2P04
NH4N03+KC1=NH4C1+KN03
Құрамында 16% азот, 16% фосфор, 16% калий бар. Жалпы фосфордың 80
проценті суда жақсы ериді.
4. Карбонатты нитрофоска тыңайтқышын бастапқы қоспаға көмір
қышқылын, аммиакты және калий хлоридін қосып алады.
Ca(N03)2+2NH3+H2C03+H3P04+2H20=2NH4N03+CaHP04.2H20
+СаС03
NH4N03+KC1=KN03+NH4C1
Құрамында 35-37% қоректік заттар (азот, фосфор, калий) бар.
Негізгі тыңайтқышты күзде сүдігер жыртар алдында береді.
5. Бастапқы қоспаны - 5° С температурада мұздатады да оған
фосфор қышқылын және аммиак қосады. Сонда аммоний фосфаты,
кальций дифосфаты және аммоний нитраты түзіледі:
Ca(N03)2+H3P04+NH3 =NH4H2P04+CaHP04 +NH4N03
Сонан соң оның үстіне калий хлоридін қосады:
NH4N03+ KC1=NH4C1+KN03
Бүл нитрофоскада 40-50% қоректік заттар болады.
Нитрофос табиғи фосфатты азот қышқылымен
немесе азот, фосфор қышқылдарының
қоспасымен ыдырату арқылы өңдіреді.
Құрамында 20% азот және 20% фосфор болатын,
түйіршікті тыңайтқыш. Күзде, тұқыммен бірге
және үстеп қоректендіру үшін қолданады.
Нитроаммофос азот және фосфор
қышқылдарының қоспасын аммиакпен
бейтараптау арқылы өндіреді. Құрамында 24%
азот, 24% суда еритін фосфор бар, ақшыл-сұр
түсті, түйіршік күйінде шығарлады.
Нитроаммофоска нитроаммофос тыңайтқышына
калий хло-ридін қосып алады. Құрамында 47-52%
қоректік заттар болады, түйіршікті, қызғылт түсті,
суда жақсы еритін тыңайтқыш.
Диаммонийфосфат негізінде алынатын
тыңайтқыштарды диа-монийнитрофос және
диаммонийнитрафоска деп атайды.
Карбоаммофоска тыңайтқышын мочевина , фосфор
қышқылы, аммиак және калий тұздарын әрекеттестіру
арқылы алады. Оның құрамында 60% қоректік заттар ( 20%
азот,20% фосфор,20 % калий) бар, түйіршікті тыңайтқыш.
Мочевина фосфаты тыңайтқыштын фосфор қышқылын
мочевинамен әрекеттестіру арқылы өндіреді. Құрамында
27% азот және 27% фосфор бар. Суда жақсы ериді.
СҰЙЫҚ КОМПЛЕКСТІ
ТЫҢАЙТҚЫШТАР
Құрамында екі немесе көп негізгі қоректік элементтері бар тұздардың
судағы ерітіндісін сүйық комплексті тыңайтқыш дейді. Сұйық
комплексті тыңайтқышты бастапқы компоненттерді ыстық және суық
күйінде өзара араластыру арқылы алады.
Ыстық күйінде дайындау үшін ортофосфор және полифосфор
қышқылдарын аммиак газы мен аммиактың судағы ерітіндісін
бейтараптайды. Осылай дайындалған қоспада баска компонен-терді
ерітеді. Азоттың көзі ретінде аммоний нитратын, мочеви-наны
немесе олардың қосындысын, ал калий ушін калий хлоридін
пайдаланады.
Сұйық комплексті тыңайтқыш алу үшін көбінесе полифосфор
қышқылын қолданады. Өйткені полифосфор қышқылының негізінде
алынған сүйық комплексті тыңайтқыш құрамында қоректік
заттардың мөлшері 40 проценттен жоғары болады. Ал ортофосфор
қышқылының катысында алынатын тыңайтқышта не бәрі 20-30%
қоректік зат болады. Сұйық комплексті тыңайтқыштар құрамында
аммиак бос куйіңде болмайды.
КЕЙБІР СҰЙЫҚ КОМПЛЕКСТІ
ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ КАСИЕТІ
Тыңайтқыш Қоректік Меншікті Бір м3
маркасы заттардың массасы, г/см^ ерітіндіге
мелшері, % қоректік
заттар
мөлшері, кг
9:9:9 27 1,24 335
10:34:0 44 1,35 594
11:37:0 48 1,40 672
12:12:12 36 1,35 486
Сондықтан оларды егістікке шашып артынан топырақ өндеуші
кұралдардың (тырма, культиватор, сока) көмегімен топыракка
сіңіруге болады. Сұйық комплексті тыңайткъішты пайдалану
жұмыстарын (тиеу, тасымалдау, егістікке шашу, топырақка ен-
гізу, сақтау) толық механизмдер көмегімен атқаруға болады.
Сұйық комплексті тыңайтқыштарды белгілі терендікке беруге,
таспалап, бүркіп тағы баска тәсілдермен қолдануға болады.
Қажет болған жағдайда олардың құрамына тиісті
микроэлеметтерді ендіреді.
ТЫҢАЙТҚЫШТАР БЕРУ КЕЗІНДЕГІ
ЖӘНЕ ОДАН КЕЙІНГІ ӨҢДЕУ
ЖҰМЫСТАРЫ
КОМПЛЕКСТІ ТЫҢАЙТКЬІШТАРДЫ ҚОЛДАНУ
ЕРЕКШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІ
1. Топырақ құнарлылығы төмен болса комплексті тыңайтқыштар
құрамындағы фосфордың киын еритін формаға ауысуы жылдамырақ өтеді.
2. Саз, саздақ топырақтарға енгізілген комплексті тыңайтқыштар олардың
кұрамындағы жылжымалы фосфор мөлшерін жоғарлатады.
3. Егісті суару, комплексті тыңайтқыштар фосфорының топы-
ракта химиялық жолмен сіңірілуінің баяу жүруіне эсер етеді.
4. Комплексті тыңайтқыштардың өзгеріске үшырауынатүйіршік көлемі
де эсер етеді. Түйіршік көлемі 1-4мм комплексті
тыңайтқыштарды топыракка енгізгенде өсімдік үшін ең қолайлы фосфор
режимі пайда болады.
5. Комплексті тыңайтқыштардьщ өзгеруіне олардың химиялық
кұрамы эсер етеді. Мүнда, құрамында суда еритін фосфоры көп
тыңайтқыш беру топырақтағы жылжымалы фосфор мөлшерін
арттырады.
6. Комплексті тыңайтқыштардың өзгеруі топырақтың генетикалық
ерекшіліктерінеде байланысты боладЫ.
Жалпы комплексті тыңайтқыштардың ауыл шаруашылығы
дақылдарына әсерін, олардың құрамындагы суда еритін
фосфор мөлшері, дақылдың түрі мен биологиялық
ерекшіліктері, ай-мактың топырақ-климат жағдайлары,
тыңайтқыш қолданудың агрономиялық технологиясы
(мөлшері, мерзімі, әдісі), тыңайтқыш кұрамындағы қоректік
заттардың аракатынасы мен формасы, агротехникалық
шаралар айқындайды. Бұл аталған факторлар бір-бірімен
тығыз байланысты.
ҚОРЫТЫНДЫ
Комплексті тыңайтқыштар құрамында азотқа қарағанда, фосфордың немесе
фосфор мен калийдің (1:1,5:1 және 1:1,5:1,5) үлесі басымырақ болса, оларды
фосфор мен калийдің жылжымалы түрлері аз топырақтарға күздік, жаздық астық
дақылдарына, картопка, көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерге қолданады. Ал
механикалық құрамы жеңіл калий аздау топарыққа егілетін тамыр жемістілерге,
қант қызылшасына, сүрлемдік жүгеріге калийі басымырақ (1:1:1,5)
тыңайтқыштарды пайдаланады.
Комплексті тыңайтқыштарға құрамында екі немесе одан көп негізгі қоректік
элементтері бар минералдық тыңайтқыштар жатады. Оларды қоректік элемент
санына қарай екі жақты (азотты-фосфорлы, азотты-калийлі, фосфорлы-калийлі)
және үшжақты (азотты - фосфорлы -калий) деп бөледі. Өндіру тәсіліне байланы-
сты күрделі, күрделі-аралас, аралас, ал агрегаттық күйі жағынан сұйық, катты
болып бөлінеді.
Олардың ішінде қоректік заттарының арақатынасы теңестірілген (1:1:1) түрлері
жетекші рөл аткарады. Бұған нитрофоска, нитроаммофоска, карбоаммофоска
жатады. Күрделі-аралас тыңайтқыштарды бірегей технологиялық процесс
жағдайында аммиак, азот, фосфор, күкірт қышқылдарын, фосфорит немесе
апатитті, калий тұздарын және тағы баска химиялық заттарды өзара араластыру
арқылы өндіреді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Елешев Р.Е, Бекмағанбетов А. Агрохимия.
Алматы,1989ж.
2. Елешев Р.Е, Смагулов Т.С Агрохимия. Алматы,
1997ж.
3. Минеев Г.В Агрохимия. Москва, 1990ж.
4. Елешев Р., Смағұлов Т., Бәсібеков Б., Балғабаев Ә.
Агрохимия практикумы, Алматы 1995ж.
5. Елешев Р., Смағұлов Т.,Балғабаев Ә. Агрохимия
және тыңайтқыш қолдану жүйесі, Алматы
2000ж
6. www.google.kz
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz