Қарқынды егіншілікте туралы түсінік. Тыңайтқыш - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн арттырудың басты факторы



Қарқынды егіншілікте туралы түсінік. Тыңайтқыш - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн арттырудың басты факторы

Жоспар:
1. Қарқынды егіншілікте тыңайтқыш қолдану, оның мақсаты және міндеттері.
2. Тыңайтқыш - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн арттырудың басты факторы

Қарқынды егіншілікте тыңайтқыш қолдану пәнінің негізгі МАҚСАТЫ минералдық және органикалық тыңайтқыштарды ауыспалы егістіктерде және жеке өсірілетін қарқынды дақылдарға беру агротехникасын (мерзімдері, тәсілдері және мөлшерін) зерттеу.

МІНДЕТТЕРІ:
минералдық және органикалық тыңайтқыштардың қасиеттерін және құрамын білу;
ауыл шаруашылық дақылдарға минералдық және органикалық тыңайтқыштардың беру мерзімдерін, тәсілдерін және мөлшерлерін білу;
өсімдіктердің химиялық құрамын анықтау
және ауыл шаруашылық дақылдардың органикалық затарын жинау мөлшерін анықтау;
ауыспалы егістерде минералдық және органикалық тыңайтқыштардың қолданудың экономикалық және биоэнергетикалық тиімділігін анықтау.

Бұл пәнді оқу үшін:
өсімдік қоректену физиологиясының негіздерін,
ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі өсіп дамуының фазаларын,
егіншілік негізі заңдарын,
ғылыми-негізделген ауыспалы егістерді жасау
минералдық және органикалық тыңайтқыштардың жіктелуін,
қасиеттерін және құрамын білу керек.

Егіншіліктің қарқынды жүйесі 18 ғасырдың басында Англияда пайда болды.
Бұл жүйе бойынша ауыспалы егістер қолданылды және оған органикалық-минералды тыңайтқыштар кеңінен қолданылды.
Егіншіліктің қарқынды жүйесінде жерді неғұрлым тиімді пайдалану үшін ғылымға негізделген көптеген шаралар қолданылады, барлық жұмыс әр гектардан мүмкіндігінше мол өнім алуға бағытталады.
Ол үшін танаптарға барлық қажетті тыңайтқыштар беріледі, ауыл шаруашылық дақылдарын аурулардан, зиянкестерден қорғау үшін әртүрлі химиялық улы заттар қолданылады. Өнімді көбірек алуға бағытталған әр гектарға жұмсалатын шығын арта түседі.

Егіншіліктің қарқынды жүйесінде пар болмайды, ауыспалы егістің құрамында қант қызылшасы, картоп сияқты тыңайтқыштарды көп қажет ететін дақылдар болады.
Мал шаруашылығының өркендеуі ауыспалы егістегі танаптарға, бұршақ тұқымдас дақылдарды және тамыр жемісті өсімдіктерді егуді талап етті.
Мал шаруашылығы өркендеген сайын танаптарға берілетін органикалық тыңайтқыштардың да мөлшері арта түседі.

Жылда танапқа биологиялық жағынан әртүрлі, өсіру технологиясы да бір-бірінен өзгеше дақылдарды егу топырақтың құнарлылығын арттырып, алынатын өнім мөлшерін арттыра туседі.
Сөйтіп егіншіліктің қарқынды жүйесіндегі дақылдарды өсіру үшін жұмсалатын қаржы көбейіп сонымен қатар алынатын өнім де арта түседі.

Егіншіліктін екі түрі бар:
қарқынды
экстенсивті
Экстенсивті егіншілік - әрбір өлшем (гектар) жерге қосымша еңбек пен қаржы жұмсамай, егістің көлемін өсурі арқылы өндіретін өнімді көбейту.

Қарқынды егіншілік - ауыл шаруашылығынды пайдаланатын жердің әр өлшемінен (гектарынан) алынатын өнімнің мөлшерін қосымша еңбек пен қаржы жұмсау арқылы тұрақты түрде көбейтіп отыру.

Қарқынды егіншіліктін жүйелері:
жоғары ғылыми-техникалық деңгеймен,
тиімді ауыспалы егістерді кең қолданумен,
мол өнімді дақылдар,
дақылдардың сорттармен,
топырақ өңдеудің,
тыңайтқыш қолданудың,
арамшөп күресу,
өсімдік ауруларымен күресу,
зиянкестерімен күресу,
топырақты және қоршаған ортаны қорғаудың
алдыңғы қатарлы әдістерімен қолданумен.
Барлық дерлік өнделетін жерде дақылдар егіледі. Топырақ құнарлылығын арттыруда өнеркәсіп беретін заттардың маңызы зор болады.

Экстенсивті егіншілік жүйесі - өнделетін жердің жартысынан көбіне әртүрлі дақылдар-астықты, көп жылдық шөптер егілетін, таза парда әдеуір жерді алып жататын, топырақ құнарлылығын арттыру негізінен табиғи процестерге байланысты болып келетін егіншілік жүйесі (парлы, көп танапты - шөпті егіншілік жүйелері) .

2 Тыңайтқыш - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн арттырудың
басты факторы
Тыңайтқыштарға, құрамында өсімдікке қажетті қоректік элементтері болатын және топырақ қасиеті мен құнарлылығын жақсарту үшін пайдаланылатын заттар жатады

Мамандардың есептеуі бойынша, өнімнің өсуінің:
тыңайтқыштар - 41%,
гербицидтер - 13-20%,
Қолайлы ауа-райы жағдайлары - 15%,
гибридты тұқым - 8%,
ирригация - 5%,
басқа факторлар - 11-18%.
Неміс ғалымдары 50% өнімнің өсуінің тыңайтқыштарға бөледі, ал француз ғалымдары - 70% дейін.

Күздік бидай өнімділігіне азот тыңайтқыштарының мерзімі мен енгізу тәсілдерінің әсері
Варианттар
Өнім, ц/га
Қосымша өнім
Тыңайтқышсыз
35, 2
-
Р60 К40- фон
40, 1
4, 9
N60 себу алдында
44, 6
9, 4
N90 себу алдында
46, 1
10, 9
N120 себу алдында
45, 6
10, 4
N60 көктемде
43, 2
8, 0
N90 көктемде
44, 6
9, 4
N120 көктемде
44, 0
8, 8

Қара топырақтарда өсірілген қант қызылшасы өнімділігіне тыңайтқыштардың әсері, ц/га
Тыңайтқыштар
Воронеж облысы
Тамбов облысы
сілтісізденген қара топырақ
кәдімгі қара топырақ
сілтісізденген қара топырақ
кәдімгі қара топырақ
Тыңайтқышсыз
265
292
201
244
N45Р60К45
343
370
258
282
N90Р120К90
377
390
313
305
N135Р180К135
395
404
330
299

Азот тыңайтқыштарының мөлшері мен мерзімінің күздік бидайдың өнім мөлшеріне және сапасына әсері
Тыңайтқыштар
Өнім, ц/га
Әйнектілігі, %
Шикі протеин, %
Шикі клейковина, %
Ұн қуаттылығые. а.
Р40 К40 жер жыртқанда - фон
29, 1
63
12, 3
23, 4
272
N30 көктемде
31, 9
69
13, 3
25, 2
311
N90 көктемде
34, 1
74
13, 8
26, 8
326
N120 көктемде
33, 7
65
13, 8
26, 8
318
N30 көктемде + N30 масақтануда
31, 7
75
14, 1
28, 2
326
N90 көктемде + N30 масақтануда
34, 2
79
15
29
345
N90 көктемде + N60 масақтануда
33, 2
82
15, 3
30
346

Органикалық тыңайтқыштар топырақтың агрономиялық қасиеттеріне жан-жақты әсер етеді және дақылдардың өнімін арттыруда маңызды рөл атқарады.
Органикалық тыңайтқыштар құрамында өсімдіктің қоректенуіне қажетті барлық элементтер кездеседі.
Органикалық тыңайтқыштарды ЕНГІЗУ-ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ БАСТЫ
ТӘСІЛІ.

Жартылай шіріген көңнің және көң садырасының жүгері дәнінің өнімділігіне әсері, ц/га
Жартылай шіріген көң
Көң садырасы
мөлшері, т/га
өнімділігі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz