Бала тәрбиесі бесіктен




Презентация қосу
тақырыбы:

“Бала тәрбиесі
бесіктен”
Адамзат қоғамы жаратылғаннан бастап бала тәрбиесіне ерекше мән
берген. Жас ұрпақ өздерінің абзал ісін алға апарушы, өміріміздің өркені,
жалғасы, болашағымыздың жасампаз күші екенін жақсы білген.
Сондықтан да баланың ыстық-суығына сүйінбейтін күйінбейтін ата-ана,
отбасы жоқ. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол ұл әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз
ертеңгі ана, ол шешесіне қарап бой түзейді. Тәлімді тәрбиені үйрену,
дұрыс жүру, ата-ананың үмітін ақтау ұл мен қыздың борышы. Ал, ата-
ана балаларына үлгілі өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсірулері
екіталай. Өйткені бала ересектерге, әсіресе ата-анасына өте еліктегіш
келеді, жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді, көргенін
қайталайды. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, бала да жас
кезінде үйреткенді қабылдауға өте бейім келеді. Сондықтан болар бала
тәрбиесі нәресте дүниеге келген күннен бастап, адамдық қасиеттері
қалыптасқанша үздіксіз жүргізіле беріледі. Жастайынан берілген тәрбие
жемісті болатыны жайында қазақтың дауылпаз, ұлы ақыны
І.Жансүгіров:
«Жаста білген, басқа сіңген тәлімің,
Өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас», - деп бүлдіршіндерге жастайынан
берілген тәрбиенің жемісті екенін айтады. «Ауру қалса да, әдет
қалмайды», «Не ексең соны орасың» деген халық мақалы да осы ойды
меңзейді. [2]
Жас балаға өз әке-шешесі қуатты зор күш. Сондықтан да олар
болмашы нәрсеге өкпелеп немесе ренжіп қалса, «апама
айтамын», «әкеме айтамын» деп шағынады. Әке-шешенің
аузынан шыққан сөз бала үшін шын, әділ, тіпті заң болыпта
есептелінеді. Бала өте сезімтал, байқағыш тек онда тәжірибе
жеткіліксіз. Сәби бойында «анау не?», «мынау не?» деп табиғи
қасиеттің болатыны белгілі. Оларға ерінбей дұрыс жауап беру,
түсіндіру, ойын дамыту, туралы жолға бағыттау ата-ананың,
отбасы мүшелерінің парызы. Тәрбие осы арадан басталады.
Балалармен ақылдаса, пікірлесе жұмыс істегеннің тәрбиелік мәні
зор. Мысалы, бірге қыдыру, бірге кино, театрларға бару,
бірлесіп кітап, газет-журналдар оқу, радио теледидардан
берілген хабарларды ортаға салып пікірлесу сияқты жұмыстар
сыйластықта дүниетанымды, көзқарасты тереңдете, кеңейте
түседі. [1]
Балалар мектепке бала-бақшада, отбасынан алған бастапқы
тәрбиесімен келеді. Мектепке дейінгі тәрбиенің әр қилығы балалардың
даму деңгейінен байқалып тұрады. Әсіресе бірден көзге түсетін нәрсе
бала-бақшада тәрбие алған балалардың таным, өре жағынан үйден
келген балалардан аса ерекшелігі. Бала-бақшаға бармаған балалардың
дамуы көбінесе өз бетімен өрбиді. Бұл дамудың деңгейі көбіне көп
баланың тәрбиесіне және оның таным қабілетінің дамуына ата-ананың
көзқарасымен анықталады. Кейбір отбасыларында балаларға кітап оқып
береді, ертегілер мен әңгімелер айтады, олардың жалпы өсіп жетілуіне
арнайы көңіл бөлінеді. Ал, енді біреулері баланың денсаулығына (кейде
әкесі тәрбиесіне анасы денсаулығына) көбірек қамқорлық жасайды, ал
қалған рухани тәрбиесі мен жандүниесінің өсіп жетілуі оның өз еркіне
берілген. Үшінші бір шаңырақта балаларды бақылау, күтіп тәрбиелеу
істері жеткіліксіз болып жатады. Бастапқы кезде бүкіл оқу-тәрбие
процесін біртұтас арнаға салып бағыттау үшін өте көп жұмыс істеуге
тура келеді. Осыған байланысты неғұрлым жас болған сайын, сол
тәрбиешіден педагогтік білім соғұрлым көп талап етіледі және баланың
жасы өскен сайын бұл талап артпайды, қайта кеми түседі деген
педагогтік ұлағатты пікір еске түседі. Сөйтіп бала неғұрлым кіші болған
сайын соғұрлым күрделі тәрбие қажет етеді. Өйткені, бастапқы балалық
әсер адамның бүкіл өмірбойына із қалдырады. [2]
Бала тәрбиесі болашақ алдындағы отбасының жауапкершілігі.
«Адам тәрбиелеу, өзінің туған ұлы мен қызын тәрбиелеу
адамзаттың ең бірінші, аса маңызды қоғамдық қызметі, оның
борышы». Әр пендені өзім деп қарасаңыз өмірдің байлығы бала
емес пе? Десек те немқұрайлы қарап күнделікті күйбең тіршілік
қамымен жүріп, бала тәрбиесіне мән бермейтін немесе жауапсыз
қарайтын ата-аналар да ауылда жоқ емес. Қоғам талабына сай
алдымызға келген әр оқушының ата-анасымен байланыста болу
барысында көптеген келеңсіздіктерді байқаймыз. Бала қай кезде
де балалық жасайды. Ал оған дер кезінде дұрыс бағыт беру үшін
ата-анасымен бірлесіп жұмыс жасаймыз. [3]
Баланы жастан деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі,
есейіп кеткен соң баласының теріс мінезін, қалыптасқан қате
көзқарасын өзгерту өте қиын. Отбасы адамзат бесігін тербеткен
ұя болса, баланың басты ұстазы ата-ана. Балаға ата-анадан
жақын ешкім жоқ. Ал осы отбасындағы қыр-сырына үңілсек,
баланың келешегімен байланысты болмақ. Ал, бала тәрбиесіне
немқұрайлы қарау, жауапсыздық болашағымыздың
қараңғылығы. Ендеше, отбасындағы тәрбиенің мақсаты –
адамгершілігі мол, еңбексүйгіш, қоғамға лайықты бала
дайындау. [1]
Дана халқымыз балалардың жас
ерекшеліктеріне қарай тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыруға ерекше мән берген:
-баланы бес жасқа дейін мырза патшаңдай көр
(зекімеуді, еркелетуді, қол жұмсамауды меңзеген);
-он бес жастан кейін құрдасыңдай көр (әрбір
мәселені балаңмен ақылдаса, кеңесе отырып істеуге
нұсқаған) деп кеңес берген.
Бала сезімі – нәзік, ұшқыр сезім. Онымен тіл
тауып сөйлесу, мінезіне қарай жас ерекшелігімен
санаса отырып қатынас жасау ата-ана, тәрбиешілер
және жалпы ересек адамдардың борышы. [2]
Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық
өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Қазір қоғам
жан-жақты үйлесімді, жетілген, жаңа адамды тәрбиелеуді талап
етіп отыр. Қоғам талабы – заман талабы, өйткені «Әр адам – өз
заманының баласы». Сол себептен адамды заман билейді,
заманына сай Заңы туындайды. Қай заманда да тәрбие жөнінде
талай ойшыл педагогтар адам бойындағы теріс қылықтар мен
жаман мінез-құлықтар әлеуметтік құрылыстың кемшіліктерінен
туады, халықтың экономикалық тұрмыс жағдайларын, тіршілік-
күйін өзгерту керек, сонда адамның өзі де өзгереді, - деп
тұжырымдаған. Сондықтан «Туа жаман жоқ, жүре жаман бар»,
«Заман түзелсе, жаман түзеледі», - деп халық педагогикасы
тәрбиенің заманға, қоғамға, оның материалдық рухани
байлығына тәуелді екенін дөп басып жеткізген. [4]
Жас адамды есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық
тәрбиеде орындарының бірден-бір парызы. Өйткені «Ес түзелмей, ел
түзелмейді», олай болса, егеменді еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен
басталып, оқу-тәрбие орында-рында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.
Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты – баланың жасын, жеке
ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген
ұрпақты тәрбиелеу. Аталған нысанаға жету үшін отбасындағы тәрбие
төмендегі міндеттерді шешеді.
Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау,
нығайту, бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптастыру.
Еңбек сүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу, баланың күнделікті өмірін
мәнді ұйымдастыру, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке
құлшынысын арттыру, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.
Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін,
бірін-бірі тыңдап ата-ананы, туған-туыстарын, жас үлкендерді сыйлап,
құрмет тұтуға үйрету.
Оқудың, білім алудың , мәдени мінез-құлықтың әдет-дағдыларын
қалыптастыру.
Әдебиетке, өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу. Уақытын
тиімді пайдалануды ұйымдастыру.
Баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы талапты
орындауға дайын болуға үйрету.
Тәртіптілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке,
естілікке, т.б. баулу. [2]
Отбасы – шағын қоғам. Отбасының белгілі тұратын мекен-жайы, өзінің
табысына лайық шаруасы болады. Отбасы сыйластық, жарастық, орнаған
орда, береке, бірлік, сүйіспеншілік болса, онда босағасы берік, шаңырағы биік
отбасына айналары сөзсіз.
Отбасылық тәрбиеде «Мақтау», «жазалау» тәсілдерінің маңызы зор. Егер
ата-ана әрқашан баласын мадақтап отырса, ол бала жауапты кезеңдерде кез
келген кедергіден өте аламын деп өзін-өзі сендіре алады. Ал балаға ұрсу,
балағаттау бала бойынан кек алу, өшпенділік қасиеттерді оятады. Сонымен
бала тәрбие-сіндегі отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай
саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының мақсаты баланы өмірге
келтіру ғана емес оған ата-бабасының салт-дәстүрін, ақыл-тәрбиесін беру,
бүгінгі өмірдің құнды-лықтарын қабылдату, ата-анасына, қоғамға, еліне
қамқор болар ұл-қыз тәрбие-леу. Ал оны тәрбиелі ата-ана ғана баласына бере
алады.
Қатты тәртіп көрсе бала күнде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан –
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер-білім берем десең басынан
Бер оқуға балаларды жасынан
Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған.
Отбасы халық тәрбиесінен үнемі нәр алып отырады. Халық тәрбиесі –
отбасы тәрбиесінің негізгі бастауы. Ғасырлар бойы ата-аналар сол тәрбиеден
үлгі алып, бала бойына сіңіруде. [1]
Бала отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі.
Сондықтан халқымыз «Бесіксіз үйде береке жоқ», - деп түйеді.
Қазақ халқының «Бір баласы бардың, шығар-шықпас
жаны бар, көп баласы бардың үйінде жанған шамы бар», «Бала
адамның бауыр еті», «Балалы үй базар, баласыз үй - қу мазар», -
деуі баланы бақыт санағандай. «Білім адалдыққа, тәрбие
адамгершілікке жетелейді», «Бала тәрбиесі бесіктен», «Ата көрген
– оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Ұяда не көрсең, ұшқанда
соны ілесің» - дейді қазақ. Осы сөздердің бәрі дана халықтан
шыққан. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері
бар отбасы – бақытты отбасы. Бұндай отбасынан жақсы да,
тәртіпті, тәрбиелі, дені сау, жан дүниесі бай, өмірге құштар, ой-
өрісі кең, білімді ұл-қыз өседі. [2]
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. «Валеология» республикалық педагогикалық-
әдістемелік журнал. №5 2007.
2. «Бала тәрбиесі» республикалық педагогикалық-
психологиялық журнал. №5 2007.
3. «Бастауыш мектеп» . №9 2003
4. «Бастауыш мектеп» . №4 2006
5. «Жаңақорған тынысы».

Ұқсас жұмыстар
Бесік жыры – балаға берілетін алғашқы тәрбие
Тә рбие-ана құ рсағ ынан
Отбасы –тәрбие бастауы
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар:бала тәрбиесінде нақыл, қанатты,шешендік сөздер қолдану;халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері
Отбасы - бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар .(Отбасындағы бала тәрбиесі)
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар,қанатты сөздер
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар. (Бесік тәрбиесі)
Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата - ананың тәрбиесі
Халық тық педагогиканың тә рбиелік мә ні
Пәндер