Қазақстан экологиясы


Slide 1

Қазақстан

экологиясы

Тексерген:Рүстемова М Т

Орындаған:Тілебалдиева ж

Slide 2

Қала экологиясын қорғау

Мысалы, Алматы 1 -ЖЭО, 2 -ЖЭО,

сол секілді ГРэс, бұдан басқа 140-

тан аса ірілі - ұсақты қазандықтар

бар екен. Осылардың жиынтығы,

бағдарламаның екінші факторы

болып табылады.

Қаладғы тұрғын үйлерден, жылу орталықтарынан

бөлінетін тұрмыстық қалдықтар мәселесі.

Негізінен қаладан бөлінген күл - қоқыстар

Қаскелең бағытына кететін жолдың бойындағы

арнайы жерлерге апарып төгіледі. Кейінгі кездері

қоқыс таситын көнергеніне байланысты, тағы

басқа себептер бар, осы жағынан біраз

қиындықтар туындауда.

Slide 3

Солтүстік Қазақстан бойынша құнарлы жерлердің

25-30 % жарамсызданса, Батыс Қазақстанда мұнай-газ

өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 100 мың га,

жерді, техногенді ластану 2, 5 млн. га жайылымдардың

деградацияға ұшырауы 3 млн-га жерді қамтып отыр.

Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып

отырған 1, 4 млн. га жер радиактивті қалдыққа көміліп отыр.

Солтүстік Қазақстан

Slide 4

Ал, Каспий теңізінің 268 млн. га жағалауы су астында қалып мұнай өнімдерімен ластану одан әрі етек алуда.

Батыс Қазақстандағы мұнай өңдеуге

Негізделген өндіріс кешенінің жұмыс істеуі

Облыстық қалалардың ауа тазалығына

айтарлықтай нұқсан келтірілді.

Каспий суының табиғи

құрамы өзгеріске

ұшырады. Мұндай жагдай

табиғаттың баска да

компоненттерінің сапасына

қауіп төндіруде.

Slide 5

Ірі өнеркәсіп орындары шоғырланған, ірі көлік торабы бар облыс

орталықтарының көбінде-ак экологиялық жағдай нашар.

2000 жылы республиканың 19 қаласында жүргізілген атмосфераның

ластану мөлшерін анықтайтын мониторинг қорытындысы бойынша

Өскемен (атмосфераның ластану индексі - 17, 8), Риддер, Шымкент,

Ақтөбе (10, 0), Алматы (9, 9) қалаларының ауасы өте лас болды,

Республика қалалары бойынша атмосферадағы зиянды шаңдардың

жиынтығы зиянды заттардың шектеулі мөлшерінен орта есеппен

1, 2 есе көп. Ауаның шаңдануының ең көп мөлшері (3-5 РЗШ) Жсзказғанда,

Шымкентте, Ақтауда байқалған. Атырау, Алматы, Балқаш, Семей,

Теміртау қалаларында бұл көрсеткіш 1, 3-2- РЗШ-ні құрайды. Ауадағы

адам организміне аса қауіпті улы газдардың мөлшері 1328, 2 тонна

күкіртсутегінен, 7732, 7 тонна аммиактан,

4621, 4 тонна қорғасыннан, 1606, 6 тонна

мышьяктан, 335, 6 тонна күкірт кышқылынан

құралады. Бір Қарағанды облысының өндіріс

орындары ауаға 1108, 1 тонна улы газды

таратады екен.

Slide 6

Күрделі экологиялық шиеленістер Орталық Қазақстанды да қамтуда.

Онда - техногендік, өндірістік ластану, топырақтың құнарсыздануы,

жайылымдардың тозуы, металдармен ластануы, радиактивті және

ракета-космос қалдықтармен (Бетпақдала) ластану жоғары

деңгейге жетуде.

Орталық Қазақстан

Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық жағдайлар Арал өңіріне тән Әмудария мен

Сырдария бассейнінің 2 млн. га жерін шөлге айналдырды. Сорға, тақырға айналған

жерлер мен Арал табанындағы тұздар экожүйелерді қайтымсыз бүлдіруде.

Осы өңірдегі қара сексеуіл орындарының 300 млн. га құрып кетуі өкінішті жағдай.

Slide 7

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.

Slide 8

Ерекше қорға алатын

аймақтарға

автокөліктерді аз жіберу.

Ал егер жанар - жағар май станцияларының жағдайын айтсақ, қала әкімі бұл жағына да қатты көңіл бөліп отыр.

1998 жылдың қазан экология мәселесімен айналысатын кешендік комиссия құрылған. Бұл комиссия сондай-ақ жанар - жағар май сапасымен де айналысады. Қазір қалада 400-ге жуық контейнерлі жанар май станциялары бар. Енді солардың санын ары кеткенде 140-қа дейін қысқартып, дүниежүзілік талапқа сәйкестендірілген “Texaco”, “Chevron”, “Mobil” секілді тұрақты станцияларға айналдыру жөнінде жұмыстар атқарылуда.

Slide 9

Экологиялық жағдайдың нашарлауына

жаңа жобалар мен бағдарламаларды

экологиялық сараптау және модельдеудің сапасының төмендігі қосалқы әсер етуде.

Керекті зерттеулерді жобалардың жүзеге

асуына мүдделі салалардың мамандары жүргізетіні кері әсерін тигізуде.

Slide 10

Қорытынды

Ғылыми-техникалық прогрестің (ҒТП) дамуы - табиғи ресурстар қорының азаюымен

қатар олардың тозуы, ластануы, экологиялық жағдайдың шиеленісуімен қатар жүруде.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан қалаларының экологиясы
Химиялық ластану
Табиғат Экологиясы мен адамдар Арасындағы екіжақты қарым-қатынас
Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар
Экологиялық пирамидалар
Шымкент қаласының экологиясы
Популяциялар экологиясы. Популяциялар гомеостазы, оның жалпы қағидалары және динамикасы
Оқушыларға экологиялық білім беру жүйесіндегі аймақтық компонентті пайдалану
Жануарлар экологиясы
Экологияның даму кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz